Жауаптары №1- тапсырма



бет21/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
3.Түрдің критерийлері
Түр критерийлері: Түрлер бір-бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады, ондай белгілер жиынтығын түрдің критерийлері дейді. Түр критерийлері 

  • морфологиялық,

  • генетикалық,

  • физиологиялық,

  • биохимиялық,

  • географиялық,

  • экологиялық және

  • этологиялық деп бөлінеді.

    1. Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді. Генетикалық критерий — әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды. Егер тұраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардан тіршілік етуге кабілетсіз гаметаларзиготаларұрықтар және ұрпақтар пайда болады. Физиологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің (зат алмасукөбеютітіркену және т.б.) ұқсастығын сипаттауға негізделген. Биохимиялық критерий — түрлердің сан алуан болуы нәруыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуына байланысты байқалады. Сондықтан биохимиялық критерий әр түрдің жеке топтарында олардың өзіне тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделуімен ерекшеленеді. Географиялық критерий — түрдің таралу аймағын анықтайды. Әрбір жеке түр белгілі бір кеңістікте тіршілік етеді. Кейбір түрлер көбірек көлемді жерлерге таралса, екінші бір түр шағын кеңістікте кездеседі. Түрдің таралу аймағы үлкен немесе кіші, тұтас немесе оқшау болуы мүмкін. Мысалы, мамонт ағашы мен мәңгі жасыл секвойя мезозой заманының бор кезеңінде пайда болған. Бұл көне замандық түрлер кайнозой заманының үштік кезеңінде Солтүстік жарты шарда кеңінен таралды. Ал казіргі кезде олар Солтүстік Америка, Калифорния жағалауларында жергілікті түр болып сақталып калды. Экологиялық критерий — әp түрдің нақты алып жатқан орнын (мекен ортасын) анықтайды. Мысалы, қоян туысының 3 түрі бар: орқоян — далалы аймақты, аққоян — орманды алқапты, ал құмқояны — шөлді, шөлейтті жерлерді мекендейді. Бір түрге жататын даралардың басқа түр дараларынан айырмашылығы қоректенуі мен мекен ететін ортасына байланысты ажыратылады. Бір түрге жатса да қасқырлардың тундрада және орманды дала аймағында мекендейтіндерінің тіршілік жағдайында айырмашылықтар бар. Сондықтан тек экологиялық критериймен түрлердің ерекшеліктерін анықтау жеткіліксіз. Этологиялық критерий — организмдердің бір-бірінен мінез- қылығының айырмашылығымен айқындалады. Жақын түрлердің мінез-қылығындагы айырмашылықтар, әсіресе жыныстық қатынаста бір-бірімен жақындасып жанасар кезінде байкалады. Мысалы, әр түрлі қимылдар жасап "күй ойнақ" салуы, сайрағыш құстардың сайрау кезінде дыбыстарын құбылтуы, т.б.

4



4. Эволюциялық процестің жолдарын анықтаңыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет