Бұл мүшелердің атқаратын қызметтері бірдей не әртүрлі болуы мүмкін. Яғни гомологиялық мүшелер деп шығу тегі бірдей, құрылысы не атқаратын қызметі бірдей не әртүрлі болып келетін мүшелерді айтамыз. Бұған мысал ретінде омыртқалылардың алдыңғы аяқтарын жатқызуға болады. Гомологиялық ұқсастықтың негізгі себебі — тарихи туыстық болып саналады, яғни олар бір (ортақ) ата-тектен не оның мүшесінен пайда болған Гомологиялық мүшелер- шығу тегі, құрылысы, ағзадағы орналасуы бойынша ұқсас мүшелер. Барлық жер бетіндегі омыртқалылардың аяқ-қолдары гомологиялық, өйткені олар гомология критерийлеріне сәйкес келеді: олардың құрылымдық жоспары ортақ, басқа мүшелер арасында ұқсас орын алады және ұқсас эмбриондық рудименттерден онтогенезде дамиды. Гомологиялық тырнақтар,, тұяқтар. Жыландардың улы бездері сілекей бездерімен гомолог. Сүт бездері тер бездерінің гомологтары болып табылады. Бұршақ тарамдары, кактус инелері, бөріқарақат инелері гомологтар, олардың барлығы жапырақ модификациялары.
Гомологиялық мүшелердің құрылысы жағынан ұқсастық шығу тегінің ортақ болуының салдары. Гомологиялық құрылымдардың болуы гомологтық гендердің болуының салдары болып табылады. Айырмашылықтар эволюциялық факторлардың әсерінен осы гендердің қызмет етуінің өзгеруіне байланысты, сондай-ақ формалар мен функциялардың алшақтығына әкелетін эмбриогенездегі тежелулер, акселерациялар және басқа өзгерістерге байланысты туындайды.
Аналогиялық мүшелер-. Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді анологтік мүшелер дейді. Анологтік мүшелер гомологтік мүшелерге, керісінше сырттай қарағанда бір біріне ұқсас келетін мүшелер. Мысалы, көбелек пен құстың қанаттары ұшу қызметін атқарса да құрылысы бөлек. Барлық көп жасушалы жануарлар ұрықтанған бір жұмыртқа жасушасынан дамиды. Жеке даму (онтогенез) кезінде – бөлшектеу; 2-3 қабатты ұрықтың түзілуі; ұрық жапырақшаларынан мүшелер түзілу сатысынан өтеді. Жануарлардың ұрықтық даму сатысы шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді. Әр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму ұқсастығын орыс ғалымы Карл Максимович Бэр (1792-1876жж.) анықтады.
4)
Құрбақа, қан қызы, ара және бал арасына тән түстер қай типке жатады: