Популяцияларқұрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтары және генетикалық ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын көрсетеді.
Популяция динамикасы -популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.
Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар:
Популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны;
Популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі даралардың орташа саны;
Популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа даралардың саны;
Популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген даралар саны;
Өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.
2.Филогенездің негізгі формалары :дивергенция;конвергенция;параллельділік Дивергенция, конвергеция, параллелизм - тірі организмдер топтарының эволюциялық формалары.
Дивергенця(лат. divergo - кері шегінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс. Бір аймақта қорек қорын біркелкі қабылдайтын ұқсас жануарлар болса, қорек таусылғанда олар қорегі мол басқа орындарға ауысады. Бір аймақта сыртқы ортаға талабы әртүрлі организмдер тіршілік етсе арасында бәсеке аз болады. Себебі әрқайсысы бір-біріне тәуелді емес, өзінің қажетіне лайықты қорегін тауып жейді. Ч.Дарвин табиғатта 1м2 жерде өсімдіктердің 8 тұқымдасқа. 18 туысқа жататын 20 түрін анықтаған. Бастапқы бір популяциядан дивергенция процесіне бірнеше ормалар таралады. Оған мысал ретінде бұғылардың 7 түрін алуға болады. Дивергенция мен жойылу процестері тығыз байланысты болғандықтан аталған түрлердің біразы өсіп-өсіп, артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастырады. Қалғандары тіршілігін сақтай алмай, жойылып кетеді. Дегенмен әртүрлі формалардың арасында бәсекке азырақ болса, басым көпшілігі тіршілігін сақтап қалады. Табиғи сұрыптау нәтижесінде пайда болған түр тармағы жаңа түрге айналады. Мұнда тұқым қуалау белілерінің айырмашылығының әсері күшті болады. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын Ч.Дарвин белгілерінің ажырауы немесе дивергенция деп атады.