Жауаптары №1- тапсырма+ Жауап
Оңғарбай Таңшолпан эволюция
Жауап Ескертуші түс ( сақтандырушы рең ) – жануарлардың ашық түсті реңі, организмнің жеуге жарамсыздығымен ұштасады.Сол себептен ашық түсті ажырата алатын жыртқыштарда жеуге жарамайтын немесе қауіпті деген шартты рефлекстер қалыптасып бұндай реңдегі жануарларды азық ретінде пайдаланбайды. Бұл реңдегі насекомдарға қызыл-қара контрастылы қан қызы,солдат кандала, бал ара, жабайы ара, құрбақаларды жатқызуға болады. № 11 – тапсырма 1.Эволюцияның элементарлы бірлігі – популяция . Популяция — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор. Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке даралардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады: 1) жалпы есебі (сан) - бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны;
Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады. жүктеу/скачать 1,93 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |