Түраралық күрес - бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. «Жыртқыш - олжа», яғни «қоян - қасқыр» немесе «мысық - тышқан» қарым-қатынастары үлгілі мысал бола алады. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Бұған «паразит - ие» қатынасы, сондай-ақ ұқсас жағдайларды қажет ететін (мысалы, саваннадағыкиіктердің әр алуан түрлері) жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда (мысалы, қарағай және қайың), ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар (мысалы, жоңышқа және жатаған бидайық) бәсекелеседі. Жақын туыстас түрлер немесе жыртқыштар және олжалар арасындағыдай ұқсас жағдайларға мұқтаж түрлер арасында тіршілік үшін күрес күштірек жүреді деп есептеу мақұлданған.
Абиоздық факторлармен - өлі табиғатпен күрес Тіршілік үшін күрестің бұл түрі күрделі және сан алуан ағзалардың өзін қоршаған өлі ортамен өзара қарым-қатынасын қамтиды. Бұл, мысалы, табиғи апатта (тасқын, ерте үсік жүру, қар жауудын, ұзаққа созылуы, жанартау газдарының шығуы және т. б.) тірі қалу үшін күрес; таулы аудандарда тәуліктік температураның шұғыл алмасуына бейімделу; маусымдық өзгерістерге (жапырақтардың түсуі, қысқы ұйқы немесе үлбір ауыстыру - түлеу) ұзақ бейімделу; топырақтың азуы (истощение) немесе қандай болса да бір элементтердің артық мөлшерде болуы; ылғалдылықтың артықтығы немесе жетімсіздігі және көптеген өзге өзгерістерге бейімделу.
Сонымен тіршілік үшін күрес барысында:
орта жағдайларына жақсы бейімделген дарақтар тірі қалады және ұрпақ қалдырады;
әсіресе түрішілік күрес күштірек өтеді, ал қалған екі форма көбінесе соны күшейте түседі.
қолайсыз белгілері бар дарақтардың барлығы мүлде жойылып кетпейді. Кездейсоқтықтың нәтижесінде олардың бір бөлігі бәрібір сақталып, саны аз ұрпақ қалдырады;