Жауаптары №1- тапсырма


Жануарлардағы морфологиялық-физиологиялық регресс



бет40/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Жануарлардағы морфологиялық-физиологиялық регресс

Жануарлар морфологиясы — (грекше morphe-пішін) денесінің пішіні мен құрылысы, олардың жекеше және тарихи эвоюциялық дамуы туралы ғылым.Биология ғылымының үлкен де ең көне саласы. Морфологияғылымының даму тарихы адамзат қоғамдарының, олардағы ғылымдардың, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының даму тарихымен тікелей байланысты. Жануарлар организмі мүшелерінің, олардың құрылымдық бөліктерінің морфологиялық құрылысын зерттеу тарихын ғылыми тұрғыдан үш кезеңге бөледі:
1) макроморфологиялық кезең — жануарлар организмдерінің құрылысын ғылыми тұрғыдан зерттеудің басталғанына шамамен 2500 жылдай мерзім болды. Осы мерзім ішінде морфологиялық зерттеулермен шұғылданған ғалымдар ешқандай үлкейткіш аспаптарды пайдаланбай-ақ, тек макроморфологиялық зерттеулермен шектелген. Олар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында, жануарлар организмдерінің үлкейткіш аспаптармен қаруланбаған жай көзге көрінетін дене мүшелері мен олардың бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін, тек кескіш өткір құралдарды (пышақ, қандауыр т.б.) ғана пайдалана отырып, ғылыми деректер жинақтаған. Аталған мерзім ішінде ғылыми жұмыстармен шұғылданған ғалымдар, өздері жинаған ғылыми мәліметтерді өңдеп және жүйелеп, өз заманының ұлы ғылыми тұлғалары ретінде, сол заманға сай жануарлар организмдерінің құрылысы туралы макроморфологиялық заңдылықтар ашып, кейінгі кезеңдерде дами бастаған морфологияның жаңа салалары — цитология, эмбриология, гистология ілімдерінің іргетасын қалады. Қаруланбаған көзге көрінетін (макроскопиялық) дене мүшелерінің құрылысын зерттеумен және одан алынған ғылыми мәліметтер негізінде ғылыми түжырымдар жасаумен шектелген морфология ғылымының ұзақ даму кезеңін макроморфологиялық немесе макроскопиялық кезең деп те атайды;
2) микроскопиялық кезең — үлкейткіш линзалар жүйелерінен жасалған оптикалықмикроскоптың дүниеге келуі — морфологиялық зерттеулердің ауқымын кеңейтіп, жануарлар организмі мүшелерінің бұрын қаруланбаған көзге көрінбейтін тым майда жаңа құрылымдарының (ұлпалар мен жасушалардың) құрылысын анықтап, терең зерттеуге мүмкіндік берді. Морфологиялық зерттеулерде микроскопты бірін-ші болыл 1625 жылы Стеллутти қолданды;
3) электронды микроскопиялық кезеңэлектронды микроскопты, Германияда бірінші рет құрастырып, ал оның жетілдірілген моделін 1933 жылы шығарды. Солтүстік Америкадабірінші электронды микроскопты 1932 жылы Торонто университеті физика факультетінің оқымыстылары Пребус, Хилье және Бартон жасаған. 1930 жылдардың ішінде-ақ, электронды микроскоп көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланыла бастады. Биологиясаласында электронды микроскоп 1946 жылдан бері, ал гистологияда 1950 жылдан бастап кеңінен қолданылып, жануарлар организмі мүшелері мен ұлпалары жасушаларының тым ұсақ та нәзік (субмикроскопиялық) құрылысын зерттеуге толық мүмкіндік берді.
Регресс (лат. regresus — кері қозғалу) — дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогреске қарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивті дамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды. Қоғамдық дамуда Регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшылтоптар мен күштер уақытша (реакция кезінде, фашизм өріс алғанда) прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады.
2) Регресс (лат. regressus — кері кету, артқа қарай қозғалу), биологияда — 1925 ж. орыс ғалымы А.Н. Северцов (1866 — 1936) “Регресс” терминін биологияда екі түрлі мағынада қолдануды ұсынды: 

  • биологиялық Регресс — эвол. кері кету, яғни қоршаған ортаның өзгерістері едәуір қарқынды жүргендіктен организмдердіңбейімделіп үлгере алмауы немесе басқа топтармен бәсекеде төтеп бере алмауы; қандай да бір жүйелік топқа жататын таксондар санының азайып, олардың ареалдарының тарылуы, дарабастар санының үздіксіз азайып, біртіндеп жойылуы; биол. Регрессті жануарлар арасынан қосмекенділерден, жұпартышқаннан, ал өсімдіктерде гинкго ағашынан айқын көруге болады;

  • морфофизиологиялық Регресс — жалпы дегенерация, яғни организмдердің тіршілік қабілетінің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапайымдалуы. Мыс., саккулина шаянының крабтың денесінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты оларда ішекқуыстыларға тән дифференцияланған күрделі органдаржүйесінің жойылуы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет