Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет101/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   248
АРАБ ƏЛІППЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Араб  əліппесінің  міні  түйедей.  Бұл  мінді  арабтардың 
өзі  де,  басқа  мұсылмандардың  оқығандары  да  əлде  қашан 
түсінген. Бұл əліппеге қарсы, мұны жақсы əліппеге алмас-
тыру  үшін  əріптің  өзінің  жақсы  жорналдары  қырық  жыл-
дан бері жорық ашып келеді. Араибарда, түріктерде, қызыл 
бастарда  араб  əріптерінің  орнына  басқа  əріптерді  ұсынып 
келеді. Бірақ ол басқа əріптер əзір біз білуімізше орныға ал-
май келеді.
Мұның  арты  жақсылық  болар.  Үйткені  ұсынған  əріптер 
арабтыкінен  төменірек  болмаса,  артық  бола  алмады.  Сон-
дай жаман əріптер деп мұнан 25 жыл бұрын Ленингретте тұр-
ған қызыл бас елшісінің ұсынған əріптерін, Яқазан ноғайы Əб-
ділқади Мақсұтұлының ұсынған əріптерін көрсетуге болады.
Араб əліппесін жамаушылардың желі оңынан тұрмаған, 
ісінен  жемісі  шықпаған  себебі – араб  əрібі  орнына  басқа 
жаңа əріп алмай, əріпті өңдейміз дегендің. Ескіні ілмей жа-
маннан  өзгертпегеннен,  аударып  тістей  бергеннен  əзір 
тұрған бір жақсы əріптерді алудыңқай жағынан қарасада əрі 
жеңіл, əрі тиімді екенін жамаушылардың түсінігі келмейді. 
Ескі əліппені жамағаннан дыбысты дұрыс таңбалауға тиетұн 
пайдада болар. Бірақ, ол жамау қайта араб əліппесінің жазу-
ын қиындатып барады, ажарын бұзып барады, оқытуға ау-
ырландырып  барады.  Бұл  ойымызға  Қазан  мен  Ыстамбұл 
«жамаушыларының»  тəжірибесі  айғақ.  Ол  жамаушылар 
түрік  сөздерінің  бұрынғы  імласын  шатастырғаннан  басқа 
тапқаны жоқ.
Аурыпаның  шығыс  жақтағы  кей  бір  оқымыстары  мен 
Əзірбайжан  үкіметі  араб  орнына  латын  əліппесін  аламыз, 
дыбыс  заңына  үйлестіріп  аламыз  деп  отыр.  Негізгі  жұмыс 
деп осыны айтуға болады.
Біздің заманымызда, бүтін жер жүзіндегі əліппелердің ең 
жетілгені, ең сұлуы латын əліппесі екенін сөйлеудің керегі де 
боларма екен? Бұл жұрттың бəрінеде белгілі нəрсе, бұл жай-
ында талай жазылған. Мұны неміс пен орыс тəрізді мəдениет-
ті елдерде мойындайды. Орыс пен немістің əліппелері онша 
жаман болмасада латын əліппесін алғысы келіп жүр. Ескерте 
кетейін: мұнан бес жыл бұрын Мəскеудегі оқу кемесериетінің 
ұсынуы  бойынша,  барлық  өнберістенттерде  жана  ғылым 
академиесінде, орыс əліппесінің орнына латын əліппесін алу 
мəселесі тексерілген; латынды алу керек деген тоқтамға кел-
ген; мұны мақылдағандар жоққа нандық болған; бірақ іске 
асырып жіберуге ол күнде крежет кемістігіне жана текныике 
жағынан тоқталып қалған. Тағы бір нəрсені көрсете кетейін: 
бұл күнде неміс кітабының көбі бұрынғы готмике əрпі емес, 
латын əрпі мен басылады.
Олай  болса,  мұсылман  қалықтары  ажарсыз,  ыңғайсыз 
араб  əрібін  қолдайтұн  себебі  не?  Меніңше  бұған  екі  себеп 
бар. Ол себептер мыналар: 
1)  Қара  қалықтың  бой  күйездігі,  ескішілдігі;  қай  қалық 
болса да ескішіл келеді.
2) Мұсылман ой өрісінің саяздаған кезінде шыққан араб 
əліппесіне көз қарас бұл көз қарасты мұсылманнан басқаны 
сұуғаны сүймеген Ақмет Қамбалдың жолынан табуға болады. 
Бұл жолдағы адамдар құран осы күйінде мақан-бетке аспан-
нан  түскен  дейді.  Сондықтан  қамбалшылар,  қамбалшылар 
мен қосылып надан қара қалық тұрып айтады: Араи əріпі де 
аспаннан түскен, киелі, шарапатты нəрсе деп.
Бұл көз қарасқа қосылмайтұндар да араб жазуы жайынан 
ой жүгірте қалғанда бұл көз қарастың əсерінен құр емес. Араб 
əліппесінің  ысламға  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайтұнын, 
бұл əліппенің төмендегі қысқа тарықынан аңғаруға болады.
Өткен асырдың 70-жылдарына шейін араб əліппесі көпе 
жазуынан шыққан деп ойласып жүрді. Көпе жазуында ескі 
құрандар бар, ақшалар бар, тастардада көпе жазуы қалған. 
Бірақ онан соңғы табылған нəрселер араб əліппесі көпеден 
шықты  дегенді  жаңылысқа  шығарды.  Мысырда 512, 568 


252
жылдары жазылған жазулар табылды? Бұл жазулар арабтың 
Көпеден шықпағанын тасқа таңба басқандай қылып ыспат-
тады мұнан басқа табылған деректерде бар. Мұның бəрі жи-
ылып,  араб  əрпі  көпеден  емес,  набатей  əрпінен  шыққанын 
анықтады.  Тағатей  жазуы  Аиса  тұуған  шығуға  жөні  бар. 
Бұл  күнге  шейін  табылған  Набатей  жазулары  Айсадан  екі 
жүз жыл соң жазылған. Бұлар Сина деген жерде табылған. 
Бірақ, Набатай айтақты Əлсапа қаласы аршылып қазылғанда 
Медине  мен  сауда  қылғанда  жолда  тоқтайтұн  қалалары 
қазылғанда,  мұнан  да  көнерек  набатай  жазулары  табылар 
деп сенуге болады. Үйткені набатай сиақты саудегер қалық 
қаңқиған  сұре  жазуды  ертерек  саудаға  жарамды  қылып 
дөңгелектеп алуға орны бар.
Бұл  əріп  шынында  да  набатей  байтақтында  жасалып 
шыққан.  Сонан  саудегерлер  арқылы  немесе  қазық  пен  оң 
түстік  жаққа  тараған.  Ыслам  шықпастан  жүз  жыл  бұрын, 
онан да ертерек болмаса, Темір қазықтық арастанда, Меке-
мен Медейнеде набатей жазуы ұсталған.
Мақан-бет кезінде де, онан бұрын да арабтар құрманың 
жапырағы, ағаш, саз, тері сықылды нəрселерге жазып жүрген. 
Бұған қарағанда арабтар арасында жазу едеуір тараған деп 
ойлауға болады. Бірақ, ыслам діні шыққан соң ғана араб жа-
зуы көбірек тарап, мұсылмандар арасына сіңген.
Мұсылман  дініне  кірген  арабтан  мəдениеттірек  кей  бір 
елдерде өз жазуларын тастап, араб əліппесін алған. Ол кезге 
араб əліппесі ыңғайлы да, сұлуда еді. Бірақ, тұрмыс айдауы 
мен  жəна  дінге  жаға  кірген  мəдениетті  елдердің  əсері  мен 
арабтар жазуын түзете бастаған. Алды мен олар набетей жа-
зуына  аст,  үст,  отыр  сықылдыларды  қойған.  Бұл  астыңғы, 
үстіңгі  таңбалар  басқа  сұйенің  сондай  таңбаларына  ұсаған 
қысқа дауысты дыбысты көрсеткен. Тек мақан-бет Мекеден 
Мединеге  көшкеннен  жүзелу  жыл  соң  осы  күнгі  асқа,  іске 
қойылатұн тік таңбалар шыққан. Бұл таңбалар үзін жауысты 
дыбыстар орнына ұсталады.
Мұнан  біраз  соңырақ,  арабтар  тұрмыс  дөмпуі  мен,  жа-
на  ысламға  кірген  жат  елдер  араб  сөзін  бұзбас  үшін,  жат 
елдердің əсері мен араб тілі бұзылып бара жатқан соң араб 
өзі үшін де, тағы бір қатар көмекші таңбалар кіргізгер. Сол 
таңбалар  құранда  тұр.  Мұнан  соң  арабтар  набатей  жазуын 
өзгерткен жоқ. араб əрпін өңдеу керексе де, бірақ ХVІІ əсір 
аяғынан  XІX  əсірдің 70-ші  жылдарына  шейін  араб  əліппесі 
өзгермеді деуге сыйады. Тек жаңа да ғана араб əліппесіне екі 
дауысты  əріп  (о,  ы)  кіргізуге  шамалы  қам  қылынды.  Бірақ 
орындалмады. Бірақ, осы айтылған ұуақ өзгерістер іске пай-
дасын  дұрыс  тигізе  алмады.  Үйткені  іс  жүзінде  еш  кім  де 
əріпке аст, үст, үтір, нашит, секін қойып жатпайды. Қойылса 
Құранда, дін кітаптарында ғана қойылады. Жəй кітаптар, газет 
жорналдар барлық мұсылмандарда аст, үст, сегінсіз шығады.
Мұны түсінікті қылып айтсақ, барлық мұсылмандар да-
уысты  дыбыссыз,  ең  болмағанда  қысқа  дауысты  дыбыс-
сыз, жазады араб тілі дауысты дыбысқа бай болмасада, бұл 
жазу  арабқада  қиын.  Түрік  тілі  дауысты  дыбысқа  өте  бай. 
Сондықтан бұлар үшін əлгі кемшілік тіпті қиын соғады. Араб 
əліппесі араб тілінде жарамайды. Оған дəлел мынау: оқудың 
түбіне  жеттім  деген  араб  маманы  да  ғылым  кітаптарын 
кəтесіз оқып шыға алмайды. 
Əл-əз қара (Мысырдағы мұсылман акедемиесі) да 10 – 15 
жыл  оқыған  істұуденттер,  оқып  бқтірген  соң  де,  бұрынғы 
ақындар  мен  жазушылардың  кітаптарын  кате  оқиды.  Ша-
кірттердің қанша еңбек пен ұуақыты тек оқи білу үшін босқа 
кететұнын ойласақ, мұсылман қалықтарының мəдениет жа-
рысында артта қалған бір мықты себебін түсінеміз.
Бұған араб əліппесінің педагогике, денсаулық, сұлулық, 
тасқа басу жағынан зор кемшіліктері барлығын қоссақ, – бұл 
көнерген,  тастай  боп  қатып  қалған  əліппені  тезірек  тастау 
керектігі  анықталады;  ыңғайлырақ,  бұл  күнгі  мəдениетке 
құрал болуға жарақтырақ əліппені алу дұрыс екендігі айқын-
далады. Барлық қиыншылықтарды жеңіп, жаңа əліппені кір-
гізіп, оны барлық шығыс мұсылмандарының қолына ортақ 
құрал  қылып  берген  адам 200 мүлиеннен  асу  мұсылман 
қалқына аспаннан нұр жаудырғандай болар еді.
Прапесұр Жұузе 
Қазақшаға аударған: Телжан


254
255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет