Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет2/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
Орынай ЖҰБАЕВА,
филология ғылымдарының докторы
І. ЕМЛЕ, ФОНЕТИКА
Емле конференциясына
ЕМЛЕ ТУРАЛЫ
(қысқартылып басылды)
Емле негізі 4 түрлі: 1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ); 2) 
тарих  жүйелі  (негізі  дағды); 3) туыс  жүйелі  (негізі  тегіне 
қарай); 4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай). 
1.  Таңба  жүйелі  емле  арғынға  дөңгелек  таңба  алайық. 
Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» 
мынадай: «1» белгі, «екіге»  мынадай «2» белгі  алайық  де-
ген сияқты, не болмаса пəлен дыбысқа пəлен белгі алайық 
деп дыбыс басына əріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, 
тек  ынтымақпен  мына  сөзді  мынадай,  ана  сөзді  анадай 
етіп  жазайық  деумен  жасалатын  емле  жүйесі,  емленің  бұл 
жүйесін алу-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, үйткені жоға-
рыда емлеміз қалай жасалса да, негізгі тіл іліміне, тіл жүйе-
сіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 
2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасалған түрінде қол-
данып дағдыланғандықтан, тіл өзгерсе де өзгерместен əдет-
тенген бойынша қолданатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа 
арналған əріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, бірнеше 
дыбыстың ортасындағы ортақ таңба болуы мүмкін. Бір ды-
бысты  жазуға  бірнеше  əріп  жұмсалуы  мүмкін  немесе  тіпті 
дыбысы жоғалып кеткен əріптерді əлі күнге жоғалмастан сөз 
ішінде  жазылып  жүруі  мүмкін.  Емлеміз  бұл  жүйелі  болу-


8
9
болмауын тағы сөз қылмай  өтеміз, үйткені-дағдыланған ем-
леше жазамыз десек, емле мəселесі қозғалмас еді. 
3.  Туыс  жүйелі  емле – сөздің  ауыздан  шыққандай  ды-
быстарына  қарамай,  тегіне  қарап  отырып  жазатын  емле. 
Мəселен, ауыздан шыққанда «қорада бір қара ат тұр екен» 
дегенде «қара» деген «ат» деген сөздерді ауыздан шығуынша 
«қарат»  деп  жазбай,  «қара  ат»  деп  жазады.  Сол  секілді 
ауыздан  шыққанда,  «солай  болсигеді»  болып  естілсе  де, 
жазғанда «солай болса игі еді» деп, «болса», «игі», «еді» де-
ген сөздердің тегіне қарап жазады. Бірақ осы күнгі емлемізше 
жазу бар болғандықтан, емленің бұл  түрі сөз болуға тиіс. 
4. Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше 
жазатын емле. Сөздің ауыздан  шығуының өзі екі түрлі бо-
лады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне  жалғаса айтылғанда ау-
ыздан  бір  түрлі  болып  шығады,  əр  сөзді  оңаша  жеке  алып 
айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады. Оның мыса-
лын  айқын  түрде  «ақ», «көк»  деген  сөздердің  айтылуынан 
көруге болады. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыз-
дан айнымай шығады. Сол араға «өгіз» деген сөзді жалғас 
айтсақ, əлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші түрлі естіледі 
(Ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз). 
Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша 
жазу  түрін тілдік ілім-білім жүзінде қолданбаса, өнер-білім 
жүзінде  еш  жұртта  қолдану  жоқ.  Жеке  айтқандағы  ауыз-
дан  шығуынша  жазу  түрін  біздің  қазақ  қолданып  келеді. 
Сондықтан  емлемізді  туыс  жүйесіне  қатысқан  жүйелеріне 
қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік. 
Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс 
жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарда ғана туыс жүйелі 
(сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі 
емес  бе  еді?  Туыс  жүйесін  керексіз  орында  кірістіруші 
едік пе? Бұрынғы емлемізде дыбыс жүйелі екендігін, туыс 
жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда ай-
тып өттік. Олай болса, жаңа емлешілердің емле жобасының 
бұрынғыдан  басқалығы  қай  жерінде?  Басқалығы  мынадай: 
екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының  есті-
луінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде əр сөз жеке ай-
тылғандағы естілуінше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес 
болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын ды-
быстардың  тегі  тексерілмей  ауыздан  шығуынша  жазыл-
сын  дейді.  Бұрынғы  емлемізде  ондай  дыбыстар  ауыздан 
шығуына қарамай, тегіне қарап  жазылатын. Мысал үшін бұ-
рынғы емлеше жазу мен жаңа жобаша жазылу арасындағы 
айырымын  бірнеше  сөз  алып  көрсетіп  өтейік.  Алдыңғысы 
бұрынғыша,  соңғысы  жаңаша  жазылған  сөздер  болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет