Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


ШЫҒАРУШЫ ДЕЙМІЗ БЕ, РЕДАКТҰР ДЕЙМІЗ БЕ?



Pdf көрінісі
бет157/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ШЫҒАРУШЫ ДЕЙМІЗ БЕ, РЕДАКТҰР ДЕЙМІЗ БЕ?
(ұсыныс ретінде)
Осы күнге шейін «редактұр» дейміз деген сөзді «шығару-
шы» деб келеміз. Осының өзі дұрыс емес сықылды. Шығару-
шы редатұр дегеннен гөрі «Іиздательге» үйлеседі. Мəселен, 
«Еңбекші қазақты» Ғаббас шығарды деуге болады, партійа 
каміитеті шығарды десек, одан да дұрысырақ болады. Бірақ 
каміитет редактұр емес, іиздатіл қой.
Ал енді «Еңбекші қазақты» шығарушы пəленше деб, «шы-
ғарушы»  деген  сөзді  газетбен  байланыстырыб,  айтқанда 
үйлесіңкірейді,  бірақ  нені  шығаратұнын  айтбай,  жалаң 
«шығарушы»  дегенді  айтсақ,  мəселен:  шығарушы  қайда, 
шығарушыға бар, біздің шығарушымыз келген жоқ… деген 
сықылды іреттерде түсініксіз де, ерсі де болыб қалады.
Редактұрдың орнына қазақша сөз аламыз десек, шығару-
шыдан  гөрі  «басқарушы»  дұрыс  болар  еді.  Редаксиені 
«басқарма»  дегеніміз  сықылды.  Редактұрды  басқарушы 
деуіміз керек еді. Редактұрды жалпылама орысқа түсінікті 
қылыб  айтқанда  Руководитель  газеты  дер  едік.  Мұнымыз 
«басқарушыға» дəл келеді. Бірақ «басқарушының» да қый-
сыны келмей қалыб отыр. Үйткені басқарушы деб осы кезде 
заведывающий  біткеннің  бəрін  айтамыз,  газеттің  өзінде  де 
бірнеше бөлім басқарушылар бар, редактұрды да басқарушы 
дейтүн  болсақ,  басқа  да  басқарушыдан  айақ  алып  жүруге 
болмай қалатұн көрінеді.
Енді қайттік?
Біздің  ойымызша,  орысшалаб  кеттік  деушілер  болмаса, 
редактұрды  «редактұр»  деб-ақ  жіберсек  дейміз.  Редактұр 
десек те өзге мағына ауыб кетпес еді. Редактұр газет-жорнал 


402
403
жұмысын басқаратұн адам екені өзінен-өзі түсінікті болыб 
тұрар еді. Кемесер, кемесійе деген сөздерде жалпы қазаққа 
түсінікті  болыб  кетті  ғой,  көб  болса, – соның  біріндей  бо-
лар еді. Шығарушы, иə басқарушы дегенде, нені шығарушы, 
нені басқарушы екенін қоса айтбасақ, болатұн емес.
Оқушылар бұған бөлім кеңесі не дер екен? «Редактұрың-
ақ жарайды» деб бізге батасын берер ме екен, иə өзге бізге 
батасын берер ме екен, иə өзге бір қолайлы сөз тауыб берер 
ме екен, осының жауабын күтеміз.
Газет қызметкері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет