Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет115/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   248
БАҚЫУ СИЕЗІНІҢ 
ЛАТЫН ƏРПІ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫСЫ
Бақыу  шəрінде  болған  жалпы  түрік  сиезі  латын  əрпін 
қабыл  алды,  араб  əрпі  іске  аспайтұнын  білім  иесі  ыспат-
таб берді – деб мұндағы дүмше латыншыларымыз лепіртіб 
жүр. Істің анығына қаныу үшін, сійездің қаулысы емес, сол 
сійезде айтылған дəлелдерді тексеру керек.
Дəлелге тұтатұн болсақ: Бақыу сійезінде осы күнгі түрік 
əрібіндегі жазуы жағынан (жазудың жылдамдығы жағынан), 
жазылғанды  оқыу  жағынан  да,  үйрету  жағынан  да  латын 
əрібінен көш ілгері екені шексіз анықталды.


295
Татарлардың  жаңа  жобасы  қабылданса,  бұл  күнгі  əрібі-
міздің баспахана жағынан болыб отырған кемшілқуктері де 
жойылыб, бұл жағынан да латын əліббесіне қарағанда екі есе 
(кəтесіз дəл екі есе) жеңіл болмақшы. Бұл да шексіз ыспат-
талды.  Кəзіргі  түрік  əліббесінің  дəлелі  басым  болғанмен, 
оны сійездің қабыл алмағаны қалай деушілер болады ғой.
Латынды қабылдаб, қол көтерген сійез мүшелері, күрес-
шілдер  мен  емес,  сійездің  латыншыл  мүшелері,  сійезді 
шақырған  кəмійтеттің  мүшелері,  бір-екеуінен  басқасының 
бəрі  де  латыншыл  боған;  жаңа  сійезді  шақырғандағы  мақ-
сатының өзі де латынды қабылдау үшін болған. Сондықтан 
сійез мүшелерінің дені латыншыл болғаны кереметбен емес, 
амалсыздан болды.
Сійез  шақырған  кəмитет  сійезде  айтылған  баяндама  ай-
тыс  сөздерінде  де  қалдырмай  басыб  шығарамыз  деб  уəде 
беріб  қалған  сөзінде  тұрса,  сійез  сөзіндегі  бөлек  кітаб  бо-
лыб басылыб шығар, мұнда да келер, түрік əрпі мен латын 
əрпінің  дəлелдері  қандай  болғанын  хат  танитұн  азамат  өз 
көзімен оқыб көрер.
Бірақ латыншыл кəмитет ол сөзінде тұра алар ма, жоқ ба? 
О жағы күмəнді. Латынға қарсы дəлелдерді елге көрсетпеу 
үшін, ол кітаб басылмай қалуы да мүмкін.
Сійезге келген əкедемик, көбі бұл мəселе ғылыми жағы-
нан  тексерілетін  мəселе  емес,  сайасат  мəселесі  деп,  сөзге 
кіріспей қалған.
Біздің  латыншыларымыз  латынды  мақтағанда:  оқыту 
əдісі,  жазу,  оқу  жағынан  артық  деп  мақтайды.  Бірақ  оған 
жалғыз  ауыз  да  дəлел  жоқ, – оның  бекер  екеніне,  соқырға 
тайақ  ұстатқандай  дəлелдер  бар:  оны  сійезде  Ғалымжан 
Шəрап шексіз ыспаттаб шықты. Латыншылар оған жалғыз 
ауыз да жауап қайтарған жоқ.
 
Елдес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет