Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет164/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

Буын  оңай  болу  үшін  əуелі  бір  дыбысты  буын,  содан 
соң  екі  дыбысты  ашық  буын  (та,  ма...  сыйақты  дауысты 
дыбысқа  тынатын  буын)  алыу  керек.  мысал:  а-ла,  е-не... 
сыйақты. Бұлардан əуелі дауысты дыбыстар айрылады, со-
дан  соң  бірте-бірте  дауыссыз  дыбыстар  айрылады.  Мұнан 
соң екі дыбысты бітеу буындары (дауыссыз дыбысқа тына-
тын) алынады. Мысалы: ақ, ем, ат сыйақты. Бұлардан соң 
үш дыбысты буындар алынады. Үш дыбысты буындардың 
екі жағы дауыссыз, ортасы дауысты дыбыс болсын. Мысал: 
қат, ас-тық, мақ-та. Мұнан соң көп дыбысты буын алына-
ды. Мысал: қарт, бұлт.
Дыбыс оңай болу үшін мынаны ескеру керек. Дауыссыз 
дыбыстан дауысты дыбыс жеңіл. Сондықтан əуелі дауысты 
дыбыстар айырылады, үйретіледі. Бірақ дауысты дыбыстар 
қиындығы да əртүрлі. Сондықтан əуелі оңай дауысты дыбы-
стар үйретіледі. Оңайынан қиынына көшсек дауысты дыбы-
стар мына ірет пен үйретілуі керек. Ө, ə, и, у, ы, і, онан соң 
и,  у,  ы,  і,  сыйақты  дауысты  дыбыстар  үйренуге  дауыссыз 
дыбыстан жеңіл емес. Сондықтан бұлар бірқатар дауыссыз 
дыбыстардан соң үйретіледі. 
Дауыссыз дыбыстарды жеңіл үйрету үшін кейбіреулерін 
ашық, кейбіреулерін бітеу буыннан айыру керек. Бітеу бу-
ыннан айырылатын дауыссыздар  мыналар: ш, к,  п, қ, с ,т. 
Ашық буыннан айырылатындар: б, ж, д, г, ғ. Қай буыннан 
болса да айыруға оңайырақ: и, м, н, ң, р, з. 
Айрылған дыбысқа жаттықтыру үшін, буынның басында 
да, айағында да, ортасында да келіп отыруы керек. Мысал: 
ат, а-та, арт. 
Жеңілден ауырлату үшін, əуелі сөздің, сөйлемнің мазмұ-
нында сөздің дыбысы мен буындары да қысқа, жеңіл болып 
отырып, артынан бірте-бірте ауырлауы керек. 
Бірден  екі  қиындық  берілмесін  дегініміз  мынау:  қат 
танымаған адамға бір сабақ үстіне екі үш дыбыс пен екі үш 
əріп қабаттап асығыс үйретілмесін. 
Енді сабақ беру əдісіне келелік.
Мəдениет аттанысы кезінде ересектерді тез сауаттандыру 
керек. Оқутушы жай əдісті жақсы білсе соны мен тез сауат-
тандырады. Сондықтан оқытушы жақсы білсе дыбыс əдісін 
ұстасада, бүтін сөз əдісін ұстаса да ерікті.
Бірақ қай əдіс пен оқытса да сауат аштыру жұмысы бы-
лай басталады: 


422
423
1. Сабақ мазмұнын пырағрамға келтіріп 3 – 4 мүйнеттік 
қысқа  əңгіме  болады.  Əңгіме  тазалық  жайында  болсын. 
Əңгіме  ішінде  «таза  бол»  деген  сөйлем  кездеседі.  Осы 
сөйлемді  бөліп,  онда  неше  сөз  барлығын  білдіреді,  мұнда 
екі сөз болды. Сөйтіп, екі-үш күн сөйлемнен сөз тапқызып 
дағдыландырады.  Сөз  үлкендігі  мен  қиындығы  жоғарғы 
сөзге қойған шарттарға үйлесуі керек. 
Сөз  айыратын  күндердегі  уақыт  босқа  кетпес  үшін, 
оқушылардың  қолын  қарындаш  ұштап  жазып  сызуға 
дағдыландыра беру керек. Оның үшін еркінше əркім тілеген 
сүретін  сала  берсін.  Баудағы,  шидегі,  кілемдегі,  сандық 
қаптағы  оюлардың  сүретін  салсын.  Жапрақ,  ағаш,  шөп-
желек, құрық сийақтылардың сүіретін салып, қолын жазуға 
жаттықтыра берсін. Қағазды бүктеуге, лійнейкемен сызуға, 
тігу тағы сондайларға дағдылана берсін. 
2.  Сөзді  айыруға  дағдыланған  соң  буын  айыруға 
дағдыландыру  керек;  та-за,  екі  буын  болды,  буынға 
қойылатын шарттар жоғарыда айтылған. 
3.  Буыннан  соң  дыбыс  айыруға  дағдыландырады.  Бірақ 
сөздегі  барлық  дыбыстар  таныс,  біреуі  ғана  жат  болсын. 
Əуелі  таныс  дыбыстарды  айырған  соң,  жат  дыбыс  бөлініп 
қалады. Мысал, таза деген сөзде жалғыз «з» жат. Басқасы 
таныс  болса,  оқушылар  таныс  т,  а,  а  дыбыстарын  айырып 
алған  соң  з  бөлініп  қалады.  Дыбысқа  қойлатын  шарттарда 
жоғарыда көрсетілген. 
4. Енді жаңа дыбысты оқушылардың атынан, нəрсе аты-
нан өздеріне тапсыру керек. 
5.  Мұнан  соң  жаңа  дыбыстың  таңбасы  кеспе  əліппеден 
көрсетіледі. Кітабынан да таптырылады.
6.  Енді  кеспе  əліппеден  дыбысты  қосып  сөз  құрап 
тақтаға жазылады. Оны құраушы оқушылардың өзі болады, 
оқытушы тек басқарып тұрады. 
7. Мұнан соң құралған оқылады; оқылған сөзді оқытушы 
тақтаға  ірі  қылып  жазады.  Бұл  жазылған  сөзді  оқушылар 
дептеріне  тақтадан  көшіреді.  Осылай  кітабынан  оқылатын 
бірнеше сөз тақтаға құралып, оқылып, жазылып болған соң 
оқу кітаптан оқылады. Енді кітаптан оқу қиын болмайды. 
8.Сабақ аяғында ғана үйретілген əріп керегеге ілінеді. 
9.Оқылған  мақаланың  бəрі  иə,  бір  қатары  кітаптан 
дəптерге көшіріледі. 
Күндегі сабақ іреті осылай жүреді. Алынған сөзді деректі 
көз  бен  көрерлік,  қол  мен  ұстарлық  сүйретін  саларлық 
болғаны дұрыс, сонда оқушылар нəрсенің сүйретін астына 
оқыған дыбыстарынан құрап нəрсенің атын жазып үйренеді. 
Үйренген бір дыбысы болса да кəдеге асатынын біліп, оқуға 
ынталы болады. Бірақ, ересектерге ылғи деректі сөзді тауып 
берем деп əуреленбей іретті жерінде ғана деректі алып от-
ырса болады. 
Онан  соң  оқылған  əріптерінен  құратып  оқушының  өз 
атын, əкеісінің, үй ішінің аттарын жаздырып отырыу керек. 
Оқыған əріптері атын тегіс жазуға келмей, тек бас буынын 
жазуға  жетсе,  сол  бас  буынын  жаздырып,  қалған  жеріне 
сызық қойылып, жаңадан білген соң сызық орнына соңынан 
əріп  қойыла  жатады.  Мəселен,  а,  т,  н  деген  үш  дыбыс 
қойылса, Атантай деген оқушының аты əзірге Атанта бо-
лып жазыла тұрсын. Оқушы қалған əріптерін қашан шығады 
деп күтіп оқуға ынталы болады.
Тағы бір ескеретін нəрсе тұрпаты ұқсастау г, ғ, қ сыйақты 
əріптердің бірі мен бірі шатаспауы. Онан соң айтылуы ұқсас-
тау и, у, ы, і дыбыстарын шатастырмасқа тырысыу керек.
Əліппені шығарып болған соң дауысты дыбыстың жуан 
жіңішкеге бөлінетінін білдіріу керек;  ол емлені дұрыс білу 
үшін керек; жаңа у, и, ы, і лерді бірімен шатастырмасқа ке-
рек. 
Мұнан  соң  дауыссыз  дыбыстардың  қатаң,  ұяң  болып 
бөлінетінін білдіріу керек. Бұл емлені жақсы біліу үшін  ке-
рек.  Үйткені:  түбір  сөздің  аяғы  қатаң  болса  жалғауы  ылғи 
қатаң дыбыстан басталады. Мысал: ат-ты, шек-пен, өт-ті 
түбір сөздің айағы ұяң дыбысқа тынса, жалғауы ылғи ұяңнан 
басталады. Мысал: қаз-ды, кез-дік, кел-ді. 
Онан  соң  бірге,  басқа,  жəнə  сызықшамен  жазылатын 
сөздерді білдіріу керек. Сөзді тасымалдау, ұлы тыңғы. Сұрау 
белгісі  қайда  қойылатынын  білдіру  керек.  Тіл  құралынан 
осыдан артық білім бермесе де болады. 


425
Əліппені  оқытып  келе  жатқанда  жолай  есепке  үйрету 
керек.  Есептен  төрт  амал  білсе  болады.  Бірақ  қолдан  кел-
се  көбейтіу  кестесін  жатқа  білгізген  дұрыс. ½, ¼,.. жазып, 
оқуын  білдіру  тұрмыста  керекті  нəрсе.  Онан  соң  шашқан 
егінді қалай өлшеуін жақсы үйрету керек. Үйткені ауылдық 
кеңестің төрағасына шейін бізде жер өлшеуін білмей шата-
сады. 
Əліппе біткен соң гəзеттегі ұсақ хабарларды газет бөлім-
дерінің басын оқытып дағдыландырыу керек. Гəзеттен қы-
зықты  əңгімелер  оқылсын. «Еңбекші  қазақта»  елдің  өте-
мөте сүйсініп оқитын бөлімдері: астана қабарлары, пелетон, 
салық жайы, ілім табысы сыйақтылар.
Көріс айағына таман оқушыларды сенім хат, күəлік сиақ-
ты қағаздар жазылу мен таныстырыу керек. Түрлі қол жазба-
ларды төселіп оқыуға дағдыландырыу дұрыс. 
Бұл күні ұсталып жүрген «сауаттан» мен «сауатты бол» 
екеуінің  қайсысымен  оқытса  да  жоғарғы  айтқан  əдістерді 
ұстауға болады. 
Бұрын арапша қат таныған адамды жаңа əліп пен қат таны-
ту қиын емес. Оларға дыбысты айыртқан соң күніне 2 – 3 – 4 
əріптен көрсетіп отырса, ауыр болмайды. Бірақ көп оқытып 
жазыуға көбірек дағдыладырыу керек.
Оқытушы оқушының қата жазғанын түзеймін деп əуре-
ленбей,  тақтадағы,  кітаптағы  дұрыс  жазыулардан  қатасыз 
көшіріуге тырыссын. 
Керек оқыу құралдары «сауаттан» 5 тыйын, «сауатты бол» 
18 тыйын, «қызыл əскер əліппесі» 90 тыйын. 
Шонан ұлы Т.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет