442
443
мектептер жөнделмей тұрғанда оқуын ілгерілете алмайды,
осыны қатты ескеру керек (Орысқа қазақ тілін үйретуде де
жоғарыдағы айтылғандарды ескермесе болмайды). Орыс
тілін оқымаған, шала оқыған қазақ балаларына орыс тілін
жақсы оқытудың бір тетігі кітапта екендігін жоғарыда айт-
тық. Орыс тілінің не бір жақсы оқыту əдісі мен жазылған
тіл құралдары, оқу құралдары (қырстаматиалары) толып жа-
тыр. Солардың бірде бірі қазақ, қырғыз, өзбек… балаларына
оқытуға лайық емес. Өйткені бұл кітаптарда бəрі де орыс ба-
лаларына орыс тілін үйрету əдісі мен жазылған, бөтендерге
орыс тілін оқыту əдісі мен жазылмаған. Ондай кітаптар
қаншама жақсы жазылған мен орыс болмағандарды оқытуға
қолайсыз. Осы күндерде қазақ балаларының орыс тілінен
оқып жүрген кітаптары орыс балалары үшін жазылған
кітаптар. Сондықтан жығылған үстіне жұдырық болып,
оқушыларымыз мұғалімдері ойдағыдай болмай бір сорлап
жүрсе, орыс тілін үйрететін кітаптері қолайсыз болып екі
сорлап жүр. Жоғарыдағы айтылған кемшіліктерді жою үшін
мынандай шаралар қолданылсын:
1) Қазақ балаларына, ересектеріне лайықталып бөтен
тілді үйрететін оқыту əдісі мен орыс тілінің тіл құралдары,
оқу құралдары шығарылсын. Əзірше, оқу мекемелері қазақ
балаларының үйренулеріне жұғымды орыс тілін үйреткіш
кітаптердің тізімдерін жарияласын.
2) Қазақ балаларына, ересектеріне орыс тілін үйретудің
əдісін көрсететін кітаптар шығарылсын.
3) Орыс тілі мұғалімі мектепке алынғанда бөтен жұрттың
балаларын оқытудың əдісін білетін білмейтіндігі сыналып
алынсын. Орыс тілі мұғалімі екіге бөлініп орыс балаларына
орыс тілін оқытқыштар орыс мектептеріне, қазақ балалары-
на орыс тілін оқытқыштар қазақ мектептерінің дайындала-
тын болсын (екеуі-екі түлік.)
4) Қазақ балаларын орыс тіліне қазақ өшетілдері оқытқыш
келеді. Сондықтан алдымен орыс тілін қазақ балаларына
қазақ үйрететін болсын.
5) Мұғалімдер таярлайтын техникумдерде, институттер-
де, орыс мұғалімдерінің курсынде орыс тілін қазаққа үйрету
əдісі оқытылсын.
Басқарма: бұл мақала пікір алысып сөз ашылу үшін ба-
сылып отыр. қазақ сияқты елдерге арналып шыққан орыс
кітаптары бұрын болған. Бірақ бұл күнде жоқ. Ол кітап-
тар: Миқайып кітаптары. Шамғали Айтқан кітаптарды оқы-
тушылар ғана жаза алады. Солар жазуы керек. Миқайып
кітаптарының ескірмеген бір қатарлары қайта басылса дұрыс
болар еді.
Орыс тілін үйрету жайында əр кім ойын жазуын басқарма
өтінеді.
Сарыбай ұлы Шамғали
Достарыңызбен бөлісу: