436
437
6) Класта кітап оқыту сабақтың негізі болу керек.
7) Жат тілдің əдебиет тарихын толық оқытудың керегі жоқ.
8) Орта, жоғарғы кластарда үйден даярлап келуге сабақ
беріп отыру керек.
9) Жат тілде өлең-тақпақ айтуға үйрену керек.
10) Орта, жоғарғы кластарда жазуға жаттықтыру керек.
Осы күнде талдау əдісінің үш түрі бар:
Бір түрі – əр елдің əдісі: тіл құралының ережелері оқылған
сабақтан қорытылып шығарылады: бірақ бір тілден екінші
тілге аудару болып отырады.
Екінші түрі − көрнекті əдіс: мұнда шама келгенше ана
тілі қолданылмайды. Күндегі өмірде сөйленетін сөздерден
бастап, дыбыстар мен таныстарғаннан кейін тура əңгімеше
сияқты оқуға кіріседі. Тіл құралының ережелері оқылған
сабақтан қорытылады. Көрнекті əдіс Еуропада көп таралған.
Соңғы 15-20 жылдың ішінде Ресейге де жайылып келеді.
Үшінші түрі – жаратылыс əдісі: мұнда ана тілі деген,
аудару деген болмайды. Бала жаратылысында ана тіліне
қалай үйренсе, мұнда да жат тілге солай үйрету керек
дейді. Бұл əдіс Америкеде көп қолданылады. Əр ел əдісінің
қолайсыздығы: оқушы аударуға, жəне тіл құралына сүйеніп
кетеді; сөйлесуге орашолақ болады.
Жаратылыс əдісінің қолайсыздығы: ана тілді, тіл құралын
мүлде керексіз табады. Жат тілді үйретуді ана тілінің жолына
түсіріп, жаратылыс заңымен орындау еш уақытта мүмкін емес.
Технердің ойынша, ең дұрысы, қолайлысы – көрнекті əдіс.
Мəскеудегі: Центральный Гуманитарный Педагоги-
ческий Институт жанындағы комиссия ұластыру əдісін
молырақ қолдануды дұрыс табады.
Кемесие пікірінің мазмұны:
1) Мектепте жат тілді толық, мүлтіксіз үйрену мүмкін емес.
Сондықтан оқушылардың жаттығу жағын қарастыру керек.
2) Оқушылар ең кемі жат тілдегі кітапті оқи, түсіне білу
керек. Ауыз екі сөзге түсіне білу керек.
3) Жат елдің мəдениеті, əдебиеті мен біраз танысу керек.
4) Оқытушыларды жаттықтыру жолы: жат тілден үйретіл-
ген сөздердің мəнісіне түсіндіріп, тіл құралының ережелерін
ұғындыру.
5) Оқыту реттері; оқу, аудару, жаттығу жəне сөзді көбірек
жаттату.
6) ана тілдің тіл құралындағы сөйлем жүйесіндегі ереже-
лер мен жат тілдігін салыстырып отыру.
Достарыңызбен бөлісу: