Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


ЛАТЫН ƏЛІППЕСІН АЛУДЫ НЕГЕ ТІЛЕЙМІЗ?



Pdf көрінісі
бет93/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   248
ЛАТЫН ƏЛІППЕСІН АЛУДЫ НЕГЕ ТІЛЕЙМІЗ?
Əліппе  мəдениеттің  ең  мықты  құралының  бірі.  Əліппе 
мен  тіл  мəселесін  шатастыру  керек  емес.  Басқалардан  да 
жақсы  əліппені  алу  бізге  оңайырақ.  Араб  əліппесі  түрік 
елдерінің, оның бер жағында қазақ тілін дұрыс суреттей ал-
майды. Араб əліппесі оңдауды көтермейді. Əліппе мəселе-
сі – əсіресе оқытушыларға керек мəселе.


224
225
Қай əліппе жақсы, қай əліппені аламыз деген мəселе екі-
үш  жылдан  бері  қазақтың  баспасөзінің  бетінде  майданға 
түсіп келеді.
Кей бір жолдастар: əліппенің мəдениетке қатысы жоқ, əліппе-
ні  мəдениетке  құрал  сияқты  қару – ойдың  жетіспегендігі 
деп қарайды, осындай ой араб əліппесін жақтаушы жолдас-
тардың кей біреулерінен шығады. Дəл осылай қылып «Ең-
бекші қазақта» өткен жылы екі-үш арабшыл жолдастар жаз-
ды.  Мұндай  адам  күлерлік  ойды  арапшыл  жолдастың  бəрі 
малданбайды,  бірақ  малданатұндары  да  болған  соң,  əліп-
пе – мəдениет құралы болғанда, ең мықты құралы екендігін 
қысқаша түсіндіріп кеткіміз келеді.
Түрлі ғылым-білімдер мəдениет сайманы екендігіне дау-
ласатұн кісі бола қоймас. Ғылым-білім деген баяғыдан бер-
ге  адам  баласының  тəжірибесінің  електен  өткен  қорытын-
дысының  қоры  екені  де  даулы  болмас.  Сол  қорға  қалай 
ие  боламыз?  Ол  қор  ұрпақтан  ұрпақты  қу  аламаса,  бізге 
сақталып қалмас еді. Ауыз екі сақталса, ғылым болмас еді, 
ертегі  болар  еді.  Біз  білімді  ақырында  кітап,  газет-жорнал 
сияқтылардан  аламыз  ғой,  білімді  де  баспасөз  арқылы  та-
ратамыз  ғой.  Тіпті  əдебиетіміз  болмаса,  кітап  баса  аларма 
едік, газет-жорнал шығара аларма едік? ұрпақ қуалап білім 
қорын төге аларма едік? Алыстағы адамға, кейінгі ұрпаққа 
білімімізді,  ойымызды  қалдыра  аларма  едік? – Əрине  жоқ, 
жаман да болса əліппеміз болмаса, осы күні əліппе іздемей 
отыра аларма едік? – Əрине жоқ. Олай болса, əліппе – мəде-
ниет  құралы  екендігіне  дауласушылар  мұны  иə  мəселеге 
түсінбегендігінен, иə жай даукестігі мен істейді.
«Баспасөз – алтыншы мемлекет» деген нақыл көптен бар. 
Бұл  ырыс  болса,  сол  алтыншы  мемлекеттің  алыстан  тиетұн 
зеңбірегі əліппе екені де рас. Əліппе жақсылығына көп нəрсе 
байлаулы… Бұл күнде жазу деген адамның нəрсе істеуіне де ара-
ласып кетті. Əліппесіз кесіп өркендеуі де мүмкін емес. Ғылым, 
əдебиет,  мектеп  бұлай  тұрсын,  өнерлі  кесіпті,  сауданы,  ақша 
жұмысын, əскер – кеме ісін барлық ірі кəсіп дүкендерін жүргізу 
үшін, – қысқасы бұл күнгі мəдениет үшін – əліппе жеті қырлы 
күшті құрал» –дейді латыншыл Ағамалыұлы Жолдас («Түрік 
елдерінің күтуге шыдамайтұн мəдениет мұқтаждары» 63 бет). 
Мұнан да гөрі Жолдас Əлімжан Шарап күштірек айтады. «Адам 
баласы ойы мен, ақылының табысы мен бір біріне жұғысатұн 
құралы – əліппе. Əліппе жердің алыстығын да, уақытты да же-
ңеді. Сондықтан əліппе адам баласы мəдениетінің ең қадырлі 
құралы. Əліппенің маңызы тілипаннан да, телгіреннен де, ра-
диоден  де, – тағы  сондай  алыстан  қатынасатын  құралдардан 
да  артық.  Үйткені  соңғы  құралдар  тек  жердің  алыстығын 
жеңеді; əліппе уақытты да жеңеді» – дейді бірінші түрікшілдер 
құрылғайына  арап  əліппесін  жақтап  жасаған  баяндамасында 
жолдас Əлімжан шарап сүйтіп, əліппе-мəдениеттің ең мықты 
құралының  бірі  екенінде  дау  жоқ.  Олай  болса,  жақсы  əліппе 
керектігінде де дау болмаса керек; əліппені сөз қылуда мықты 
мəселе болса керек.
Кей бір жолдастар тіл мен əліппе мəселесін шатастыра-
ды.  Бұлай  шатастыруға  тіпті  орын  жоқ.  Қазақ  осы  күнге 
шейін араб əліппесі мен жазып келді, бірақ қай қазақ арап 
тілін біледі? Тіл басқа, əліппе басқа. Қазақ тілінде кез кел-
ген əліппе мен жазуға болады. Бірақ бір əліппе қазақ тіліне 
оңтайлырақ,  бір  əліппе  бөлектірек  болуға  мүмкін.  Латын 
əліппесін  алса,  қазақ  тілі  құриды,  тілімізді  ұмытамыз  деу 
жаңылыс  ой;  иа  жаңылыс  түсіндірушілердің  ойы.  Əліппе 
бір  тіл  мен,  иə  оны  шығарған  ел  мен  кіндіктес  емес.  Ла-
тын елі əлде қашан жоқ болды, бірақ əліппесі əлі бар. Араб 
əліппесінің төркіні «Набетей» елі. Набетей елі, тілі жойыл-
сада, арап əліппесі əлі бар.
Əліппе – мəдениеттің  мықты  бір  құралы  болған  соң, 
əліппенің  кемшілігінен  мəдениеткеде  кемшіл  келетұны  өз 
өзінен  анық.  Олай  болса,  қай  ел  болсада  жақсы  əліппені 
алуға тырысу керек. Соқа мен жер жыртқаннан темір сабан 
мен жер жырту артықтығында дау болама? Бір қатар жолдас-
тар тұрып, арап əліппесінен, қай жағынан қарасақ та, латын 
əліппесі артық дейді. Мұнан латын əліппесін алалық деген 
нəтиже шығады. Мəселен латын əліппесінің артықшылығы 
көрініп  тұрса,  оны  алудың  керегі  жоқ,  иə  алуды  кешіктіре 
тұру керек, əуелі басқа кемшілігімізді бүтінделік деген жөн 
болама? – жөн болмайды. Оның себебі мынау: төңкерістен 


226
227
соң  қазақ  тілінде  мектептер  ашыла  бастады,  кітаптар  жа-
зыла  бастады.  Газет-жорнал  көбейе  бастады,  баспақаналар 
шықты, қазақ тілі кеңселерде жүре бастады. Бұлардың бəріне 
де əліппенің үлкен қатысы бар. Іс жүзінде араб əліппесінің 
үйренуге қиындығы, жазу-басу ісіне тиімсіздігі күнбе күн сезі-
ле бастады. Бір қатар азаматтар арап əліппесінің кемшілігі 
көп, дұрыс əліппе алалық деп, латын əліппесіне тоқтады. Бір 
қатар  азаматтар  арап  əліппесінің  жыртығын  жамап,  ұстай 
берелік десті. Кім біледі, мектеп, баспақана сықылдыларымыз 
көбеймесе, араб əліппесінің кемшілігі көпке шейін сезілмей 
жүре  берер  еді  де.  Бірақ,  тұрмыс  ағымы  айдап  келіп,  арап 
əліппесінің  кемшіліктерін  көрсетті.  Түбінде  арап  əліппесі 
тұлдырық болмаса, əрине, əдебиетіміз байымай тұрған кез-
де, елдің 2% – ғана арап əліппесі мен қат танып тұрған кезде 
жақсы əліппеге көшу оңай жəне осы күні əуелі бір кемшілікті 
армансыз  бітеп  алып  болып,  жайласып  екінші  кемшілікті 
дұрыстауға  кірісіп  отырған  ел  барма?  əліппе  кемшілігі  ба-
сты кемшіліктің бірі екенін жоғарыда көрдік.
Латын  əліппесінің  бір  зор  кемшілігі – əріпінің  саны 
аздығы.  Бірақ,  түрік  елдері  тілінің  дыбыс  таңбалауға  арап 
əліппесінен латын əліппесі оралымды. Арап əліппесінде:ﺍ ﺏ 
ﺕ ﺙ ﺝ ﺡ ﺥ ﺩ ﺫ ﺭ ﺯ ﺱ ﺵ ﺹ ﺽ ﻁ ﻅ ﻉ ﻍ ﻑ ﻕ ﻙ ﻝ ﻡ ﻥ ﻭ ﻩ ﻯ -деген 
28 əріп бар. Осы 28 дің: ﺙ ﺡ ﺫ ﺹ ﺽ ﻁ ﻅ ﻉ -деген 8 «əріптің 
түрік  тіліне  керегі  жоқ  (Қырым  ноғайлының  сөз  жүйесі 
«прапессұр Шобан – Зада). Сонда арап əліппесінің 20 əрібі 
ғана түрік тілінде кадеге асады, жетпеген əріпті жаннан ой-
лап шығару керек.
Қазақ тілі үшін арап əліппесінің: ﺙ ﺡ ﺥ ﺩ ﺹ ﺽ ﻁ ﻅ ﻍ ﻑ 
ﻫ -деген 11- əрібі артық; Бұл əріптерге сəйкес қазақ тілінде 
дыбыс жоқ (қазақ білімпаздар тобының қаулысын, Елдестің 
баяндамасын  қара).  Енді  қалған  араптың 17- əріпінің 3-еуі 
бізде  түрін  сақтап  қалған  мен,  дыбысын  өзгертіп  отыр. 
Олар: ﺝ ﻭ ﻯ (араб өзінде) ﺝ алдында болар-болмас «ﺪ» қылып 
айтылады). 17 ден  үшеуді  тағы  шығарсақ,  араптың  қазақ 
тілінде өзгермеген 14 – əрпі қалады. Араптың «ﺁ» сы түрін 
өзгертіп  əріпі  қалып  «ﺍ»  болып  отыр.  Сонда  бізде  араптың 
түрі  мен  дыбысы  өзгермеген 13-қана  əрпі  қалып  отыр (12 
болар еді, бірақ білімділер съезі چ орнына ﺵ ды қайта алды). 
Сөйтіп араптың түрін, дыбысын өзгерткенде 17-əріпті шаққа 
құрастырып  тауып  алып  отырмыз.  Қазақ  тілінде 24 дыбыс 
бар.  Қалған  жеті  дыбысымызға  əріпті  қолдан  жасап  алып  
отырмыз олар: ﻩ پ گ ۋ ﻙ ۉ ﻯ. Бұл жеті əріптің араб əліппесіне 
қатысы  орыс  əліппесіне  латынның «R» ның  қатысындай 
(мəселен, «ﻪ» латын əріпі болады деп біреу мойындаса, бізде 
сөзімізді  қайтып  алалық).  Сөйтіп,  өзгермесе  арап  əліппесі 
дыбысымыздың жарысын да таңбалай алмай тұр, өзгергенде 
7 дыбысқа əріп тауып бере алмай тұр.
Латын əліппесінде 24 əріп бар (қаралатын тіл құралын). 
Олардың 18-ы  түрінде,  дыбысында  өзгертпей  қазақ  тіліне 
жарайды. Ол 18 мыналар: A, B, D, E, G, J, K, L, M, N, O, P, 
R, S, T, U, Z, Y = 18.
Араптың ﻭ ﻯ лары сияқты енді үш əріп түрін бұзбай, тек 
сəл-ғана дыбысын өзгертіп барып жарайды. Бұлар: c, o, y енді 
қалған үш дыбысымызға тектес дыбыстар əріптерінің түрін 
өзгертіп алуға болады. Мəселен, арапта жоқ « پ « ны қолдан 
жасағанымыз сияқты. Бірақ арап əліппесіне 7 əріп жаңадан жа-
сап алып отырмыз, латынға үш əріп керек. Араб əліппесі таза 
күйінде 13 дыбысымызды таңбалап отыр, латындікі 18 дыбы-
сымызды таңбалап отыр. Сан тілін түсіндірудің керегі жоқ.
Ескерте  кетеміз:  түрік  елдерінің  ішінде  імлə  ең  дұрыс 
жолға  қойылғаны  қазақ.  Імла  мен  əліппені  шатастырмасқа 
керек. Дəйекші, үндестік заңына сүйеніп, əлденеше əріп ор-
нына тұр. Біздің ойымызша арап əліппесі белінің бүкірлігі 
сүт  пен  біткен,  сүйек  пен  кетеді  емдеуге  келмейді.  Мұны 
тəжірибе  көрсетіп  отыр.  Осы  араб  əліппесінің  құнысын 
түрік елдері емдегелі отыз шақты жыл болды. «Қатпа болған 
түйеге  ойсылқара»  дым  қыла  алмады.  Арапшыл  Əлімжан 
Шарап  айтуынша,  осы  күні  араб  əріпін  жөндеудің 5 жо-
басы  бар.  Бесеуі  де  іске  жарамайды.  Сол  бес  ағым  бірінің 
жобасын бірі жаратпайды. Біреуі тек бас əріпті аламыз деп 
ұсынады,  екіншісі  аяқ  əріпті  ғана  аламыз  деп  шегінеді, 
үшіншісі бір бас бір аяқты аламыз деп таласады, төртіншісі 
жеке  түрін  аламыз  деп  тартысады,  бесіншісі  орта  əріпті 
аламыз  деп  дауласады.  Біз  əріпті  қосып  жазып  жүрдік, 


229
бұрнағы  жылы  жеке  жазып,  құйрығын  кесіп  көрдік.  Был-
тыр  бір  қатар  əріпке  тағы  құйрық  қосып  жаза  бастадық. 
Енді, Құдай біледі, алпарыптың құйрығын кескен əріптерін 
аламыз  деп  тағы  дауласамыз.  Бұл  дау  бітер  ме?  Бітер  деу-
ге  əзір  дəлел  жоқ.  Əзір  көріп  отырғанымыз.  Тек  араптың 
оңайырағын қиындату. Араптың жылмағай « ﻭ» ның үстіне, 
басқа əріптерінің ноқаттары аздық қылғандай-ақ, бір нұқып 
шоқпар қондырып, ۇ  қылдық, ол бишараға бұл азабың да аз 
дегендей төбесінен үш түртіп ۋ қылдық. Араптың ﻙ сының 
соры да мұнан жеңіл болған жоқ: گ ﻙ қылу жазуды – басуды 
жеңілдету ден гөзі, ауырлату болатын шығар. Ноғайдікі тіпті 
сорақы: біздің ۇﻟﮨﻡдегенімізді арапты жамаушы ноғайлар ﮨۇﻟﮨﻡ 
деп жазатын шықты. Құран жазуына түсуге бұларға жарты 
адым  ғана  қалып  тұр. «ﺀ»  қойылмаса  іс  тамам.  Бұлардың 
бəрі  араб  əліппесінің  құнысын  емдегендігіміз.  Бірақ,  шы-
нында құныс сорлының белін бұрынғыдан бетер какырайту 
болады. Рас, мұндай жамаудан імла дұрысталар. Бірақ, жазу 
мен тасқа басу қиындалуында не дау бар?
Арапшылдар тынбай арап əліппесін өзгерте беруі, жылма-
жыл құбдана беруі, бірінің жобасына бірі дау соғуының өзі 
де  араб  əліппесінің  белі  құныштығын  көрсетпей  ме?  Араб 
əліппесі  оңды  болса,  араб  əліппесін  жақтаушылар  тəуір 
көретін  əліппесін  құбылтып  өзгерте  береме.  Бірақ,  араб 
əліппесі  белінің  какірі  түзелмес,  онан  да,  бос  азаптанбай, 
əзір тұрған ыңғайлы əліппені алу жөн емес пе?
Арап  əліппесінің  бұл  айтқандарымыздан  басқа  оқыту-
үйрену,  жазу,  тасқа  басу,  мəдениет  жағынан  үлкен-үлкен 
міндері  бар.  Оларын  ілгері  де  жазармыз.  Əзіргі  айтайын 
дегеніміз – мəдениет таратушы оқытушылар. Əліппе мəселесі 
басқадан  да  гөрі  оқытушыларға  жақынырақ.  Сондықтан 
əліппе  мəселесіне  оқытушылар  өте-мөте  зейін  салып,  сын 
көзі мен қарап, істің анығына жетуге тырысып, өз ақылына 
дүп келген əліппеге бет бұруы керек.
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет