Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет120/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   168

СƏДІРМЕК з а т. с ө й л. Қарапайым, 

қайғысыз  адам;  көптің  бірі.  Сəйдəліні 

партия  баулыған  бастық  де се,  бірі 

тақырқолтықтан  шыққан  с  ə  д  і  р  м  е  к 

дейді (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 8). 



СƏЙ з а т. ж е р г. Көгөніс. Ол үйдегі 

дөңгелек столдың үстіне əдемілеп кесілген 



501

Байынқол Қалиев

əр  түрлі  с  ə  й  қойып,  шай  құя  бастады 

(Қ.Жұмаділов, Тағдыр, 180). 

СƏЙГЕЛДЕ...  Əкейдің  астындағы 

қызыл  өгіз  с  ə  й  г  е  л  д  е  п  ауылға  келді 

(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 17). 

СƏЙКІЛІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Кербездік, 

сылқымдық,  серілік  (Б.Адамбаев,  Ақбө-

кен, 7, 21). 



СƏКƏКҮЛ  з  а  т.  Көз  тартар,  жал-

тырақ  заттардан  əдемілеп,  шоқтап 

жасалған сəнді зат; əшекей. Асатаяқтың 

түрлі  түсті  моншақтардан  шоқ  түзіп 

тізбектелген  с  ə  к  ə  к  ү  л  і,  домалақ 

дүңкілдегіштері,  сыздықты  өрнектер 

жүргізіліп əшекейленген əлеміштері болған 

(Қаз. əдеб., 05. 04. 1985, 11). 



СƏКƏКҮЛДЕ е т. Сəкəкүлмен сəндеу, 

əдемілеу, əшекейлеу. Күмбездің ұшар басын 

əдемі құстардың қанатымен с ə к ə к ү л д е 



й д і (Қаз. əдеб., 14.10.1983, 10). 

СƏКƏКҮЛДЕУ  Сəкəкүлде  етістігі-

нің қимыл атауы. 

СƏКƏКҮЛДІ  с  ы  н.  Сəнді,  əдемі; 

жылтырақ. Кейінірек с ə к ə к і л д і асыл 

тастардан шоқ жасап қою да болған (Қаз. 

əдеб., 14. 10. 1983, 10). 

СƏКПАЯШ з а т. с ө й л. Ішіне оны-

мұны салатын сөмке; саквояж. Мен оны 

шешем киімдерімді сап əкеп берген, сұр ке-

неппен тысталған с ə к п а я ш т ы ң түбіне 

салып тастадым (С.Мұқанов, Мөлдір., 357). 



СƏКІЛІ с ы н. Сəкісі бар, сəкі қойылған 

(Ж.Бектұров, Жол жоралғысы, 12). 



СƏЛГЕРЕЙ з а т. б о т. Қолдан өсіріліп, 

азық  ретінде  пайдаланатын  көкөніс; 

балдыркөк  (сельдерей).  Əне  біреулерін

с ə л г е р е й, петірешка деседі (Ə.Асқаров, 

Өр Алтай., 32). 



СƏЛДЕКЕНДЕЙ с ы н. ж е р г. Азғантай 

ғана, сəл ғана. Қойбағардың қабағында с ə л 

д е к е н д е й реніш болсашы (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 31). 



СƏЛДЕЛЕП  ү  с  т.  Сəлде  оранғандай 

болып.  Шыңғыстаудың  өркеш-өркеш 

шыңдарын с ə л д е л е п жатқан жабағы 

бұлт үріккен қойдай ыдырап жөңкіп барады 

(Ж.Кəрменов, Ғашық., 12). 



СƏЛДЕП  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Нашарлап, 

əлсіреп, əлі құрып. Апаң тоққа түсіп с ə л д 

е п жатыр (Таң нұры, 74. 

СƏЛЕК з а т. с ө й л. Сəлеске. 

СƏЛЕКТІ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Сəлегі  бар, 

сəлек жасалынған. Екі күрең төбелді пара-

байлатып, жалпақ с ə л е к т і, күймелі ша-

намен Аламан ауылына келгенде ел пысық-

тары  қалтырап  кетті  (Ж.Молдағалиев, 

Самал., 154). 

СƏЛЕМ: Сəлемші бол. – Ассалаума-

ғалайкем, ата! – С ə л е м ш і  б о л, қарағым, 

өзің жаурап кетіпсің ғой, тісің-тісіңе тимей 

тұр (С.Сейтхазин, Хадиша, 111).



СƏЛЕСКЕ  з  а  т.  Шананың  бір  басы 

қайқы  екі  табан  қаңқасы.  Сойыл  барып 

шананың  с  ə  л  е  с  к  е  с  і  н  е  сарт  етті. 

Тықыршып  тұрған  аттар  ала  жөнелді 

(С.Ақтаев, Дала тур., 12). 



СƏЛІНГІРДЕЙ с ы н. ж е р г. Еңгезердей, 

дəу, үлкен, зор. С ə л і н г і р д е й үш адам 

бірінен кейін бірі дүрс-дүрс етіп кіріп келді 

(М.Қаназов, Ақ тайлағ., 69). 

СƏМБІ...  Шал  көп  терді.  С  ə  м  б  і 

күркенің алдында қауын кəдімгідей үйіліп 

қалды (Т.Əлімқұлов, Күрең өзен, 40). 

Сəмбі  талдай  майысты.  Бұралды, 

майысты  (Əдетте  белі  жіңішке  қыздар 

туралы айтылады). Мейлі, ол с ə м б і  т а 

л д а й  м а й ы с ы п құдықтан су тартпай-ақ 

қойсын... (Н.Ораз, Сиқырлы., 99). 



Сəмбі  талды.  Сəмбі  тал  өскен,  сəмбі 

талы көп. Іле жақ ойпаңда қалың қамысты, 

ну қоғалы, көк құрақты, сөгетілі, с ə м б і



т а л д ы келетін ұсақ көлдер мен көлшік-

тер көп (Ж.Тұрлыбаев, Тамыз таңы, 79). 



СƏМБІДЕЙ с ы н. Сəмбі тəрізді, сəмбі 

сияқты. Ол жалғыз қайтпай қасына серік 

қып, сазға біткен с ə м б і д е й бір сым-

батты  қызды  ілестіре  келді  (Е.Тұрысов, 

Ақбақай, 13). 



СƏМСІРЕ е т. ж е р г. Мөндім-мөндім 

болу, мөлию; сенделу. Ол мода да бір кезде 

əйелін, бала-шағасын тастап кеткен еркек 

сияқты бір күні с ə м с і р е п қайта оралады 

(Қаз. əдеб., 04. 03 1988, 16). 



СƏМСІРЕК  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Ойсыз, 

санасыз;  мəнсіз,  мағынасыз.  Бірдеңе  деп 

міңгірлейді. Бірақ не деп жүргенін өзі де 

білмейді,  əйтеуір  с  ə  м  с  і  р  е  к  қарекет 

(С.Оспанов, Сопы., 134). 



СƏМСІРЕКТЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Не  істе-

рін білмей дағдару, сенделу. Əуез Сердəлі 

үйтамына  ат  тұмсығын  тақап  тоқтады

да, ер үстінен қарғып түсіп, с ə м с і р е к 

т  е  п  тұрып  қалды  (А.Мекебаев,  Алапат, 

396). 


СƏМСІРЕКТЕУ  Сəмсіректе  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

502

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

СƏНДІП  з  а  т.  ж  е  р  г.  Сəтен  (мата 

аты). Көк с ə н д і п көйлектің етегін кəріқыз 

тікен тұтып қалған екен. Нұрперзент соны 

теріп алып тастаған болады (Ш.Мұртазаев, 

Мылтықсыз., 71). 



СƏҢКЕ з а т. ж е р г. Ақ бидай, ақ бидай 

ұны.  Кепкенде  аппақ  ұн  болып  шығады. 

Құдды с ə ң к е н і ң ұны! (Қаз. əдеб., 24. 

09. 1976, 2). Аппақ  с  ə  ң  к  е  ұннан  иісі 

бұрқыраған  ақ  нан  пісірілетін  ақ  бидай 

да  жерден  өніп  шығады  (Ө.Қанахин,  Өз 

ауылымен, 92). 



СƏҢКЕДЕЙ  с  ы  н.  Ақ  бидайдың  ұн-

ындай.  С  ə  ң  к  е  д  е  й  май  топырақ  қой-

дың  омырауынан  асқанда  булығып, 

тұншығып өлетін күйде (Білім жəне еңбек, 

1986, №7, 25). 



СƏҢІРЕЙ е т. Шүмегі кетік, əңірейіп 

тұрған.  Бүйенмен  желімдеген  сынық 

кесені, танауы с ə ң і р е й г е н пұшық ақ 

құманын  əкеліп,  столға  қойды  (Қ.Ысқақ, 

Таңд., 3, 44). 



СƏҢІРЕЮ Сəңірей етістігінің қимыл 

атауы. 

СƏПЕЛЕК з а т. э к с п р. Жас балаға 

қарата айтылатын жаратпаушылық сөз. 

– Сонымен, сары с ə п е л е к, атың кім?

– Мен сары с ə п е л е к емеспін! (О.Сəрсенбай, 

Шеңбер, 39). 



СƏРГЕР  з  а  т.  ж  е  р  г.  Шатыр.  Ел-

жұрттан аулақ иенге шығып, қос, жадағай 

қос, с ə р г е р тігіп, айлап жатып, аң аулай-

ды (Ж.Бабалықов.., Қырандар, 13). 



СƏРКІСТЕЙ с ы н. ж е р г. Арса-арса, 

сояудай.  Содан  бері  ол  суырдың  айғы-

рындай шəңкілдеп, с ə р к і с т е й тісін ыр-

ситып келеді (К.Мұқажанұлы, Ортеке, 168). 

СƏРІ...  Дəрігерлік  өлшемдерде  бір 

мысқал – үш грамға, бір с ə р і – 30 грамға 

тең болады (Денсаулық, 1990, №5, 21). 

СƏРІНЖІ з а т. Мата аты. Жуан қысқа 

мойынды, зор денелі, сыртында с ə р і н ж 



і сары шапаны бар біреу отыр (С.Мұқанов, 

Мөлдір мах., 139). Оқыды, тəрбие алды – 

бір жағы жібек, екінші жағы с ə р і н ж і 

баламның  қадірін  білермісің,  əй  қайдам 

(Қазақст. əйелдері, 1986, №7, 25). 

СƏУЕК з а т. Ұн салатын үлкен қалақ. 

Атам  сақалы  мен  самай  шашы  ұн  тозаң 

болып, с ə у е к п е н ақ ұнды қаптап жатады 

(Жалын, 1977, №3, 35). 



СƏУКІЛДЕП ү с т. ж е р г. Салақтап, 

босқа. Күйме жалғыз емес, соңында с ə у 

к і л д е п желіп келе жатқан 4-5 салт атты 

бар (Қ.Жұмаділов, Тағдыр, 497). 



СƏУРІКТЕН е т. с ө й л. Сəурік болу, 

сəуріктік  ету.  Бірақ  биыл  қыстан  семіз 

шығып, көктемгі көк уағында с ə у р і к т 



е н і п жүргенінде жылқы ішінен көріп еді 

(Жалын, 1973, №4, 105). 



СƏУРІКТЕНУ Сəуріктен етістігінің 

қимыл атауы. 

СƏУІР...  Апрельдің  бесі – с  ə  у  і  р 

жұлдызының  басы,  сəуір  бұлты  боларда 

бір  жұмадай  жел  немесе  суық  болады 

(М.Əуезов: Соц. Қаз., 23. 09. 1987, 3). 



СЕБІЛТОН з а т. Оқ өткізбейтін ме-

талдан  жасалған  кеудеше;  бронежилет. 

Сөз  мəніне  сергек  қарайтын  қаламгерлер 

үйекті «экватор», дойырды – «дубинка», с е 

б і л т о н сөзін «бронежилет» мағынасында 

жұмсап,  ескі  сөзді  жаңаның  қазығы  етіп 

алған (Ана тілі, 20. 09. 1990, 6). 

СЕГІЗАЯҚ... С е г і з а я қ т а р су түбінде 

тіршілік етіп, сегіз қармауыштарымен баяу 

жылжи  алады  (Су  асты.  тіршілік, 26). 

Қиыр  Шығыстағы  мұхит  жағалауының 

тұрғындары с е г і з а я қ т ы ұстап алудың 

өте  тапқыр  əдісін  қолданады  (Ертіс, 21. 

09. 1963). 

СЕДЕП з а т. 1. Малюскелердің аппақ, 

жылтыр  қауашағы.  С  е  д  е  п  əшекей 

бұйымдар жасағанда кеңінен қолданылатын 

шикізат.  С  е  д  е  п  т  е  н  дəстүрлі  ортада 

түйме, таналардың қымбат бағалы түрлерін 

жасаған (Қаз. этнография., 2, 602). Сырым, 

сізден  басқамен  ісіміз  не-ай?  Жаманға 

көрсетпесін түсімізді-ай! Теңізден шығып 

тұрған  сіз  бір  с  е  д  е  п,  Дүр  тамар  қай 

бұлттан  етіңізге-ай  (Жеті  ғасыр., 2, 146). 

2. с ы н. а у ы с. Аппақ, жылтыр. Жұқа-

лаң  əдемі  еріндерінің  арасынан  əппақ

с е д е п тістері сығалайды (М.Сқақбаев, Ұят

тур., 138). 



СЕЗДІРГЕНСУ Сездіргенсі етістігінің 

қимыл атауы. 

СЕЗДІРГЕНСІ  е  т.  Сездірген  болу, 

байқағансу,  аңғарту.  Арасында  өзінің 

партияшылдығын с е з д і р г е н с і п, - ол 

Ленин  партиясы  бастаған  Кеңес  Одағы 

халқының қолында, - деді (Т.Отарбектегі, 

Зауал, 149).

  СЕЗІКТЕГЕНСУ  Сезіктегенсі  етіс-



тігінің қимыл атауы. 

СЕЗІКТЕНГЕНСІ  е  т.  Сезіктенген 

болу, күдіктенгенсу. Ол қу далаға шашылып 

503

Байынқол Қалиев

кететіндей с е з і к т е н г е н с і п, үнсіз 

отырады (Т.Отарбектегі, Зауал, 118). 

СЕЗІКТЕНУШІ  з  а  т.  Сезіктенген 

адам. 

СЕЗІКТЕНУШІЛІК  з  а  т.  Сезік-

тенгендік, күдік туғызушылық. Оның жа-

нарына  шоғырлана  түскен  үреймен  қоса, 

əлденеден с е з і к т е н у ш і л і к анық 

байқалып тұр (С.Ғаббасов, Қандауыр, 46). 



СЕЗІМСІЗДЕУ с ы н. Сезім қабілеті 

нашарлау,  түйсіксіздеу.  Ол  өзі  дөрекілеу,

с е з і м с і з д е у адам болғанымен, та-

биғатты ұнатады (Н.Ақыш, Бейуақта., 28). 



СЕЗІНІС з а т. с ө й л. Сезу, сезіну іс-

əрекеті.  Абылға  бұл  сөз  ұнады.  Осыны 

с  е  з  і  н  і  с  і  м  е  н  келбетіне  қан  жүгірді 

(Д.Амантай, Əңгім., 59). 



СЕЙДІНДЕ е т. Аяғын ылдым-жылдым, 

ширақ,  тез  басу.  Неге  Сейдін?  Мүмкін, 

сейілден шыққан шығар. Мүмкін, аттың с е 



й д і н д е п жүрісінен туған шығар. Немесе 

басқа бір ікімəті бар болар (Т.Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 216). 

СЕЙДІНДЕУ  Сейдінде  етістігінің 

қимыл атауы. 

СЕЙПІЛ... Осы қашқан бетімен с е й п 

і л д е г і ханның ордасына кірді (Қ.Макин, 

Əруақты аталар, 131). 



СЕЙІЛ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Зеңгі  бабаны 

дəріптейтін ойын-сауық, той. «Зеңгі баба-

ны» қызықтау үшін жыл сайын сəуір айын-

да оған арнап той жасап, ол тойды «с е й і л» 

деп атайтын болған. Сырдарияның бойын 

қоныстайтын  халық  «с  е  й  і  л  д  і»  соңғы 

кезге дейін жасап келген (Б.Төтенаев, Қаз. 

ұлт. ойын., 24). 

СЕЙІНКЕ з а т. ж е р г. Сəңке. Тіпті, 

Балайымға  деп  бір  қап  с  е  й  і  н  к  е  н  і  ң 

ұнын салып жібергені... (Ж.Молдағалиев, 

Самал, 19). 



СЕЙІТ  з  а  т.  а  р.  Мұсылман  дінінің 

қызметкері.  Нағашылық  жағын  былай 

қойғанда,  Абақ,  Тəукелер  осы  өңірдегі 

қожа, с е й і т, шайхы, суфийлерден дəріс 

алып жүрген (А.Сатаев, Бəрі де., 77). 



СЕКЕКУ  с  ы  н.  Секеңдеп,  селтеңдеп 

қалған,  жеңілтек.  Өзі  де  с  е  к  е  к  у

күлегеш қыз еді. Үлкен кісілер жеңілтек деп 

ұнатпайтын (М.Мағауин, Екі томд., 2, 256). 

СЕКЕМАЛ... Сымбатты, с е к е м а л 

адам емеспін (Өркен, 29. 07. 1989, 8). 



СЕКЕУ...  Осы  жиынға  аймақ  болып 

қауымдасқан жұрттың тайлы-тұяғына дейін 



с е к е у қалмай қара нөпір болып жиналса 

керек (Қаз. əдеб., 21. 04. 1972, 4). 



СЕКСЕК з а т. Ылғи алдында жүретін 

қой,  бастаушы.  Мысалы,  қойдың  пірі – 

Шопан ата деп, ал қойдың көсемі – С е к



с е к деп білген (Ел аузынан, 297). 

СЕКСЕУІЛДІК  з  а  т.  Сексеуіл  өскен 

жер. Қарақұйрықтар с е к с е у і л д і к пен 

құмдақтарды  жақсы  көреді,  ұзақ  уақыт 

сортаңдарда демалады (Балқаш өңірі, 146). 

СЕКУ-СЕКУ  ү  с  т.  Мезгіл-мезгіл, 

əрегідік. Қайсы десең бұл ісі, Мейман келсе 

тырқылдап,  Күлегеш  болар  жырқылдап, 

Сыбыр-сыбыр күбірлер, С е к у-с е к у тың 

тыңдап (Ө.Ақжолұлы, Үриятнама, 59).



СЕЛБЕЛЕС  е  т.  с  ө  й  л.  Селбес.  Көк 

жуадай  өспірім  қыз  тіршілік  ызғарына 

қарсы күресіп, с е л б е л е с і п өмір сүріпті 

(Д.Досжанов, Жолбарыс, 64). 



СЕЛБЕУ... Дəлізден Абзал кемпірдің с 

е л б е у і м е н ештеңеге соқтықпай шаққа 

өтті (Ə.Сарай, Атырау, 14). 



СЕЛЕБЕ  з  а  т.  Өрімі  сегіз  таспалы 

қамшы.  Қамшы  өрімінің  санына  қарай: 

«төрт  таспа  шыбыртқы», «алты  таспа 

бұзаутіс», «сегіз таспа с е л е б е», «он екі 

таспа дырау» деп аталады (Қаз. əдеб., 29. 

05. 1981, 12).

СЕЛЕКТОРЛЫҚ  с  ы  н.  Селекторға 

қатысты,  селекторға  тəн. – Қазына 

Ғафаровна, бүкіл с е л е к т о р л ы қ тəжі-

рибе жұмыстарыңызды өзіңізбен бірге ала 

жүресіз (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 253). 



СЕЛЕН... Сондай-ақ, құрамында оттегі, 

күкірт, с е л е н, азот, фосфор, мышьяк, крем-

ний, германий, сүрме, қалайы, қорғасын т.б. 

элементтер бар гетероциклдің ацетиленді 

күрделі түзілістерін зерттеу (Соц. Қаз., 01. 

06. 1972, 3). 



СЕЛЕУ... 2. а у ы с. Ақ түсті, селдір, 

сұйық.  Қалпе  екі  аяғының  басына  ғана 

қонақтап,  тізерлеп,  жүзін  төмен  са-

лып отыр. С е л е у сақалының ұшына қа-

рап  сөйлейді  (Ш.Мұртазаев,  Мылтық-

сыз., 96). 

СЕЛЕУІТ з а т. ж е р г. Сұлба. Он жыл-

дан бері тарамыс денелі Инелікке (Оспан-

қожа) хан көзі қанша үйренгенмен, мына 

алдында тұрған с е л е у і т т е н шошып 

кетті. Иə, бұл адам емес, адамның с е л е у 

і т і еді (І.Есенберлин, Алмас., 133). Енді 

аздан кейін жау қолының с е л е у і т і де 

көріне бастады (Бұл да, 237). 


504

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

СЕЛКІЛДЕП-ҚАЛТЫЛДАП  ү  с  т. 

Жасы жетіп, қартайып. С е л к і л д е п-

қ а л т ы л д а п жүрсе де, жан-жағына зəр 

шашуын  тияр  емес  (Д.Рамазан,  Жылап 

аққан., 95). 

СЕЛСЕБЕТ  з  а  т. 1. Ауылдың  кеңес 

мүшесінің үйі. ≈ С е л с е б е т к е барып 

келдім. 2. Ауылдық кеңестің төрағасы. – 

Рақметті маған айтпаңыз, Жолдас Байғоныс, 

- деді с е л с е б е т оған түсін сəл жылытып 

(Ə.Асқаров, Өр Алтай., 80). – Бажам – с е л 

с е б е т, қашан барсақ та алдырады оқуға 

(Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 3, 239).



СЕЛТЕҢБАЙ з а т. э к с п р. Селтеңдеп 

қалған берекесіз адам. Ағайынның екі с е л 

т е ң б а й ы н малын қарай тұруға бір ісек, 

жарты  жəшік  араққа  жалдап,  кемпірінің 

асын өткізді (Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 380). 

СЕМЕСУ з а т. ж е р г. Шалалық, кем-

шілік. Редакторлар егер авторға ізгі ниетті 

кеңесші болса, осындай с е м е с у кетер ме 

еді? (Қаз. əдеб., 23. 09. 1994, 4). 

СЕМСЕРЛЕСУ  з  а  т.  с  п  о  р  т.  Сем-

сермен  сайысып,  өнер  көрсететін  спорт

түрі  (рапира).  Ал  менің  қандай  спорт 

түрімен айналысқанымды білесің бе? С е 



м с е р л е с у (Қ.Олжай, Қанат байла., 178).

С е м с е р л е с у сынының қорытынды-

сында  бірінші  орын  москвалық  Михаил 

Руцевтің  үлесіне  тиді  (Лен.  жас, 22. 07. 

1974, 4). 



СЕМСЕРЛЕСУШІ  з  а  т.  Семсерле-

су  жарысына  қатысушы  спортшы.  Біз 

газетіміздің  өткен  санында  Тəжікстаннан 

келген ағайынды с е м с е р л е с у ш і л е р 

д і ң суреттерін жариялаған едік (Лен. жас, 

22. 07. 1974, 4). 



СЕМСЕРЛІ с ы н. Семсері бар, семсер-

мен қаруланған. – Қанжар емес, сапы. Біз 

қанжарлыны, с е м с е р л і н і, қылыштыны 

кісəпірге  балаймыз  (Т.Əлімқұлов,  Сырлы 

наз, 120). 



СЕМСЕРШІ  з  а  т.  Қолына  семсер 

(шпага) ұстап сайысушы спортшы. – Мен 

с е м с е р ш і боламын деп мүлде ойлаған 

емеспін.  Тіпті  қаперіме  енбеген-ді  (Лен. 

жас, 13. 12. 1974). Міне, сол үш жігіт жəне 

алматылық Р.Федоровский сынды жас с е м



с е р ш і бұл жолы да биіктіктен көріне білді 

(Лен. жас, 05. 11. 1983, 1). 



СЕНДЕЛЕКТЕ е т. ж е р г. Тəнтіректе. 

Сөзі  осы  жерге  келгенде  нағашы  атам 

отырған  орнынан  с  е  н  д  е  л  е  к  т  е  й 

тұрып, кеңк-кеңк етіп жылап жіберген еді 

(Т.Əлімқұлов,  Тірліктен., 50). Мастықтан 

есін білмей көшенің ортасында с е н д е л 



е к т е п жүрген қызды милиционерлердің 

мотоциклге  салып,  ес  жиғызатын  орынға 

алып кетуге мəжбүр болғанын баяндадым 

(Қаз. əдеб., 15. 12. 1972, 4). 



С Е Н Д Е Л Е К Т Е У   С е н д е л е к т е 

етістігінің қимыл атауы. 

СЕНДЕЛМЕ з а т. Сенделіп бос жүруші, 

текке сенделуші. Шикілі-пісілі, ыстықты-

суықты,  қоюлы-сұйықты  азығын  арқалап 

жүргендер – жолына, өзіне сенбейтін с е н 

д е л м е л е р (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 4). 

СЕҢГІРЛЕК  з  а  т.  б  о  т.  Ақ  таспа 

өсімдігі кей жерде осылай да аталынады. 

Кейде ақтаспаны с е ң г і р л е к деп те атай-

ды. Биікті 60-90 см. Құмды, құмды-сазды 

жазықтарда өседі. Мал күзде жақсы жейді 

(ҚСЭ, 1, 222). 

СЕПСЕ з а т. Суды жаңбырлатып ша-

шатын  ыдыс  (лейка).  Ол  суды  бөшкеден 

лейкаға (с е п с е г е) құйып алып, өніктерді 

қолдан  жаңбырлатып  суғарды  (Қазақс. 

ауыл шаруаш., 1968, №9, 30). 



СЕРБ з а т. Сербия, Черногория елдерінің 

жергілікті халқы. С е р б т е р – Оңтүстік 

славян тобына жататын ұлт (ҚҰЭ, 7, 661).



СЕРБЕК... 2. с ы н. Сербиген, ербиген, 

селтиген. Тіптен, сонау бір с е р б е к тас-

тан бастап, мына күлтелене құлпырған тал-

теректерге дейін қиялыңды сан-саққа жү-

гіртетін (А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 9). 



СЕРЕ з а т. к ə с і б. Балық аулайтын 

құрал, шанышқы (Қаз. этнография., 1, 410). 

С е р е бір не бірнеше салалы болады (Бұл 

да). С е р е н і қырлап темірден соғады да, 

ұзын ағаш сырыққа бекітеді. Ол бір кейде 

бірнеше салалы болады (Ана тілі, 04. 11. 

1993, 7). 

СЕРЕ:  Сере  қарыс.  Бармақ  пен 

саусақты  толық  кергендегі  қашықтық 

өлшем (Кирг. русс. сл-рь, 1903, 181). 

СЕРЕДЕК с ы н. ж е р г. Серек (ұзын, 

сыриған). Линколь қойының с е р е д е к 

бойы  мен  салалы  жүнін  алуға  тиіс  бола-

тын  (Қ.Жұмаділов,  Атамекен, 69). Мұны 

айтқаны,  кеше...  Сəлім  Еркенов  «сенің 

төлдеріңнен  гөрі  ана  Тұраштың  төлдері 

с е р е д е к-ау» деген (Соц. Қаз., 08. 08. 

1973, 2). 



СЕРЕКТЕН  е  т.  Сораю,  селтию; 

тікірею. Қамыс құлақ – екі құлағы с е р е 

505

Байынқол Қалиев

к т е н і п біткен жылқы (Ж.Бабалықұлы, 

Қаз. мал атау., 32). 



СЕРЕКТЕНУ  Серектен  етістігінің 

қимыл атауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет