Жауапты редакторлар


РУХСЫЗДАНУ Рухсыздан етістігінің  қимыл атауы.  С



Pdf көрінісі
бет116/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   168

РУХСЫЗДАНУ Рухсыздан етістігінің 

қимыл атауы. 

С

САБА

1

:  Саба  қарын.  Сабадай  үлкен 

қарын. Еркекті əйелден жерітетін нəрсенің 

бірі сол – с а б а  қ а р ы н болу (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 255). 

САБА

2

:  Сабар  көбейсін.  «Сабайтын 

жүн көп болсын» деген тілек. Жүн сабап 

жатқандар болса: «с а б а р  к ө б е й с і н» деу

керек (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік, 2, 39). 

САБАҚТАЛЫН Сабақтал етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Сөйтіп, алдыңғы 

сөйлем  соңғы  сөйлемді  толықтап  тұр, 

алдыңғы сөйлем соңғы сөйлемге с а б а қ 

т а л ы н ғ а н (Қазіргі қаз. тілі, 519). 

САБАҚТАЛЫНУ  Сабақталын  етіс-

тігінің қимыл атауы.

САБАҚТЫ:  Сабақты  сырға...  «Сал-

пыншақты сырға», «с а б а қ т ы  с ы р ғ а», 

«шашақты сырға» түрлі формадағы, кейде 

екі қатар болып келетін сəндік қозалары-

мен ерекшеленеді (Қазақст. əйел-рі, 1983, 

№9, 26). 



САБАЛ  Саба  етістігінен  жасалған 

ырықсыз етіс. Жүн с а б а л ы п болған соң, 

ақ шиге оны бірдей етіп, тегістеп төсейді 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 34). 

САБАЛАСУ...  Артымнан  сабалаған 

судың сартылдағанына қызығып кетіп, ша-

панымды с а б а л а с у ғ а өзім де қосылып 

кеттім (Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 28). 



САБАУТІС...  Бəйгі  аттарын  баптау 

үшін  атбегілер  (атпыраштар)  с  а  б  а  у  т 



і с п е н бүкіл денесін ерсілі-қарсылы та-

рап,  қан  айналу  жүйесін  реттеп  отырған 

(Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 297). С а б а у т 

і с – жылқының жал-құйрығып, тарау үшін 

қолданылатын құрал. Оны қатты ағаштан, 

мүйізден,  сүйектен  жасайды  (Білім  жəне 

еңбек, 1984, №9, 15). 



САБЫНДАЛ... С а б ы н д а л м а ғ а н,

əрі  шаштың  арасына  су  жақсы  жетпеген 

соң,  ұстара  қанша  өткір  болса  да,  басы-

ның  терісі  сыпырылып  жатқандай  жаны 

көзіне көріне бастаған (Н.Дəутайұлы, Аты 

жоқ., 377). 



САБЫНДАТ 2. а у ы с. Атын қатты 

терлету,  ақ  көбігін  шығару.  Орда  үстіне 

қолына қара жалау ұстап, атын с а б ы н д а 



т а шапқан шабарман: - Алтын Орда ханы 

Сартақ  бүгін  таң  ата  дүние  салды, - деді 

(І.Есенберлин, Алтын Орда, 1, 82). 

САБЫРШЫЛ с ы н. Сабыр ете білетін, 

сабыр сақтағыш. Өзінің тартыншақтығын 

ұстамдылығым деп санайтын қай-қайдағы 

иіс  алмас  жамандар  «с  а  б  ы  р  ш  ы  л» 

келетіні бар (Ж.Ахмади, Айтұмар, 169). 



САҒАҚБАУ з а т. Жүгеннің сағағында 

болатын  бау.  Құлагерден  қарғып  түстім 

де, жүгендегі с а ғ а қ б а у д ы ң орнына 

жүретін жіпті шешіп алып, атты тұсап қоя 

бердім (Қарақат тер., 153). 



САҒАҚСЫЗ  с  ы  н.  Сағағы  жоқ, 

сағақ  өспеген  жапырақ.  Түп  жағының 

жапырағы  үлкен,  ұзын  сағақты,  жоғарғы 

бөлігінің жапырағы с а ғ а қ с ы з келеді 

(Т.Əбдірайым, Алабұға, 166). С а ғ а қ с ы з 

жапырақ сабақты жапырақ алақаны арқылы 

бекиді.  Мұндай  жапырақты – отырмалы 

жапырақ дейді (Ботаника, 65). 


485

Байынқол Қалиев

САҒАЛАТ е т. Малды өзеннің сағасына 

жаю,  өзен  бойын  жағалату.  Алғашқы 

қар сірдеуіт боп, қатқақтана бастаған соң, 

қойды қуынды қылмай өзенді с а ғ а л а т а

жайды (Лен. жас, 07. 12. 1972, 1). 



САҒАЛДЫРЫҚСЫЗ  с  ы  н.  Сағал-

дырығы  жоқ,  сағалдырық  жасалмаған 

(жүген, ноқта). Тізгінсіз, с а ғ а л д ы р ы қ

с ы з, кеңсіріксіз, шаужайсыз жүген болуы 

мүмкін, бірақ ауыздықсыз жүген болмайды 

(Ата салты., 107). 

САҒАЛЫ...  Басына  бұлт  оралып, 

қиясына қыран жетпейтін биік таулы, сан-

сыз көл, с а ғ а л ы өзенге толы. Баянауыл 

малды аудандардың бірі (Ə.Нұршайықов, 

Ертіс жағасы., 91). 

САҒАН... Сонау құмшауытта с а ғ а н 

дейтін  шөп  бар.  Оны  дəл  піскен  күйінде 

ормасаң, желге ұшып кетеді (Т.Əлімқұлов, 

Көкек, 34). 



САҒАНА з а т. ж е р г. Кең жəне терең 

қазылған құдық. Біздің арғы аталарымызда 

с а ғ а н а дейтін болады екен, ол кең жəне 

терең ғып қазған құдық екен (С.Мұқанов, 

Мөлдір., 44). 

САҒАНАҚ  з  а  т.  Қазақ  үй  кереге 

желісінің  ең  қысқасы.  Керегенің  əрбір 

ағашы желі деп аталады. Оның ең ұзыны - 

ерісі, одан қысқалауы – балашық, ең кішісі 

– с а ғ а н а қ деп аталады (Қаз. тілі. жерг. 

ерекш., 187). Қанаттың  екі  шетінде  екеуі 

жоғары,  екеуі  төмен  тұратын  төрт  қысқа 

шыбықты с а ғ а н а қ деп атайды (Ана тілі, 

05. 12. 2012, 7). 



САҒАТҚАЛТА з а т. Сағат салып жү-

ру үшін арнайы жасалған кішірек қалта. 

САҒЫЗДЫ  с  ы  н.  Сағыз  өскен, 

сағызы көп. Ал біздің қыстаудан қозы көш 

жердегі  мешіттен  əрі  ассаң – шағырлы, 

баялышты, с а ғ ы з д ы, көкпекті, қияқты, 

жыңғылды,  тобылғылы,  изенді,  бетегелі, 

бұйырғынды  қалың  құмның  ортасына 

кіресің (Ө.Қанахин, Жер басып., 9). 



САҒЫНАЛЫ  с  ы  н.  Сағынасы  бар; 

сағана  жасалған.  Өмірімде  көзіме  жас 

алмағам... Əкемнің басына тұрғызған с а ғ 



ы н а л ы мазары құлап түскендей көңілім 

босап кетті (С.Бақбергенов, Кентау, 211). 



САДАҚБАУ з а т. Садақты денеге асы-

ну үшін арнаулы бау тағылып, ол садақбау 

деп аталған (Ата салты., 50). 

САДАП з а т. Теңіз түбінен алынатын 

асыл тастардың бір түрі. Асыл тастарға: 

дүр,  меруерт,  маржан,  с  а  д  а  п  (перла-

мутр)  жатады  (Б.Жұбатаева,  Қаз.  тіл. 

араб., 31). Теңіздің  тереңінде  с  а  д  а  п 

пен дүр, Тілімді ал, қанағат қыл, əдеппен 

жүр. Ғылым – дана, өмірде қор болмайсың, 

Жаманмен  жолдас  болма,  жақсымен 

жүр  (Əріп  Тəңірбергенов:  ХХ  ғас.  қаз. 

ақын., 80). 

САЗ...  Күндіз  ауруларды  қараса,  кеш-

ке  бəйіт  айтқызып,  с  а  з  тартқызады 

(Қ.Сəрсекеев, Қызыл жалау, 2, 113). 

САЗ: Саз құладыны. Құладының сазды 

жерлерде тіршілік ететін түрі. Жыртқыш 

құстардан көксары, кезқұйрық, с а з  қ ұ л а 



д ы н ы кездеседі (Қазақст. аң., 213). 

САЗГЕН з а т. м у з. Қазақтың қияқты 

аспаптарының бір түрі. Əйтсе де дудыға, 

тоқылдақ, шіңкілдек, бозаншы, егек, ауыз-

сырнай, уілдек, желбуаз секілді аспаптарды 

қалпына келтірген саз аспаптар музейі тағы 

да қоссаз бен с а з г е н д і қатарға қосты 

(Қаз.  əдеб., 09. 11. 1984, 15). Болмаса, 

асатаяқтың,  қылқобыздың,  дудығаның, 

сырнайдың,  тоқылдақтың,  дабылдың, 

шаңқобыздың, жетігеннің, шертердің, с а з 

г е н, шіңкілдек, тоңқылдақтың Құрманғазы 

атындағы  халық  аспаптар  оркестрінен 

көрінбей  келуі  жөн  бе? (О.Хаймолдин: 

Жұлдыз, 1974, №9, 184). 



САЗГЕР з а т. м у з. Əн шығарушы ма-

ман; композитор. – Сіз əнші ғана емес, с а з 

г е р де болдыңыз ғой (Айқын, 14. 05. 2009). 

САЗДАҚТЫ с ы н. Саздағы бар, құмды-

сазды  (жер).  Өзінің  субстраты  бойынша 

шөл – тастақты, с а з д а қ т ы (балшықты), 

сорлы жəне құмды болып төртке бөлінеді 

(Ор. - қаз. геогр. түсінд. сөзд., 148). 



САЗҚҰНДЫЗ з а т. з о о л. Сулы жерде 

тіршілік ететін, терісі бағалы кішірек аң; 

нутрий (Өркен, 24. 02. 1990, 12). 

САЗСЫРНАЙ... Сəуле қонақкəде деп, 

жетіген, с а з с ы р н а й, шаңқобызда күй 

тартып, əн салды (Қаз. əдеб., 01. 01. 1989, 

12).  Жақында  Алматыда  қазақтың  көне 

музыка  аспаптарынан  зерттеуші  профес-

сор  өткізген  дəріс  кезінде  тыңдаған  қол 

басындай ғана с а з с ы р н а й д ы ң əуезді 

үні құлақтан кетер емес (Лен. жас, 31. 04. 

1976, 4). 

САЗСЫРНАЙШЫ з а т. Сазсырнайда 

ойнаушы. Оған қобызшы Г.Тоқтыбаева, с а 

з с ы р н а й ш ы Г.Бекетова, месқобызшы 

С.Оразалиев, əнші М.Қазтуғанова сияқты 



486

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

шебер  орындаушылардың  аяқ  алысы  көз 

жеткізеді (Лен. жас, 17. 12. 1983, 4). 

САЗШЫ з а т. Сазгер, музыкант. – Сіз 

с а з ш ы ретінде осы ойға қалай қарайсыз? 

(Ана тілі, 03. 09. 1992, 5). 



САЙГЕЗ з а т. с ө й л. Сайгез оқ. С а й г е з,

бұлың, сұржебе, жезайыр, қалжуыр т.б. – 

бəрі де садаққа салынар жебе түрлері (Соц. 

Қаз., 29, 03. 1991, 4). Бірақ жоңғарлардың с а 



й г е з і мен жезайырларының ұшқырлығын 

естігеннен кейін қалың қолға өзі басшылық 

етуді  мақұл  көрген-ді  (Алм.  ақшамы, 21. 

06. 1991, 4). 



Сайгез оқ. к ө н е. Садақ оғының бір 

түрі. Садақ толған с а й г е з  о қ. Масағынан 

өткеріп,  Басын  қолға  жеткеріп,  Созып 

тартар күн қайда? (Доспанбет жырау: Нар

заман., 22). Сабының  жасалуына  байла-

нысты с а й г е з  о қ, қайың оқ деп атайды 

(Ата салты., 49). 



САЙГҮЛІКШЕ ү с т. Сайгүлік сияқты, 

сайгүлік тəрізді. Жалаңашталған сұрша ер-

тұрманын сыпырған с а й г ү л і к ш е сылаң 

қағады (Қ.Қазиев, Иманжапырақ, 72). 

САЙҒАҚАҒАШ  з  а  т.  қ.  Сайғақ. 

Моланың  басына  шанышқан  с  а  й  ғ  а 



қ  а  ғ  а  ш  күнге  оңып  үлгерген,  əппақ 

(Ж.Нəжімеденов, Ақ шағыл, 89). 



САЙҚАН:  Сайқан  желі.  Алакөл 

аймағында  батыстан  соғатын  желдің 

атауы. С а й қ а н  ж е л і батыстан соққан 

кезде мал күні-түні қорадан шыға алмайды 

(Коммунизм таңы, 26. 10. 1962, 3). 

САЙЛАУ  с  ы  н.  Аздап  сай,  сайлылау. 

Тарбағатай сілемдері с а й л а у, шұқанақ 

ойпаттарына  ең  қымбаттысын  жасырып 

тастағандай (О.Бөкеев, Өз атыңды., 17). 



САЙРАҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Орманды, 

тоғайлы жерлерде тіршілік ететін, дене 

пішімі торғайдай, салмағы 60-90 г., бүйірі 

сары, əнші құс. С а й р а қ Қазақстан жеріне 

сəуірде ұшып келіп, тамызда ұшып кетеді 

(Қазақст.,  жануар., 30). Көл  жағасында 

бір  топ  с  а  й  р  а  қ  торғай  шиқылдайды 

(Ə.Асқаров, Таңд., 296). 

САРАУЛЫ с ы н. Ұдайы сайрап жүрген, 

сайраған. Құры тілмен зорланып с а й р а 

у л ы м ы н. Қол-аяғым бос емес, байлау-

лымын. Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр, 

Ыза қысып тісімді қайраулымын (Шəкəрім, 

Шығ., 96). 



САЙРАУЫҚ...  Сəуірдің  соңында  қар 

еріп,  қайың  бүршіктері  ісініп,  бірақ  көк 

шөп  шықпай  тұрып,  іңірде  орман  жолда-

рынан  с  а  й  р  а  у  ы  қ  т  ы  ң  үні  естіледі 

(Құстар, 89). 

САЙТАН: Сайтан алғыр. с ө й л. Шай-

тан алғыр. 

САЙТАНДАНУ Сайтандан етістігінің 

қимыл атауы. 

САЙХЫН: Сайхын шай. ж е р г. Ішіне 

сары май, қант, қалампыр, түйенің сүті, 

біраз  қуырылған  ұн  қосып  қайнатқан 

қалмақ шайы (А.Жүнісов, Өмір ізі, 28). 

САЙЫН: Сайын дала. Кең дала, мидай 

жазық жер. Мынау с а й ы н  д а л а ғ а ре-

волюция дүмпуі жеткеніне он жылдан асты 

(О.Бөкеев, Өз отыңды., 17). Сырқаттығына 

байланысты демалысқа шыққан Шоқанның 

ендігі өмірі с а й ы н  д а л а д а өтпекші 

(Қаз. əдеб., 23. 06. 1972, 2). 



САЙЫПҚЫРАНДЫҚ  з  а  т.  Сайып-

қыран  болғандық,  алғырлық. – С  а  й  ы  п

қ ы р а н д ы қ қолдан келсе... – Шаруадан 

босай  алсам  жақсы  ғой  (І.Есенберлин, 

Алмас., 164). 

САҚ з а т. к ə с і б. Қазадан балық сүзіп 

алатын құрал. Қазаны қарап үлгермейсің. 

Балықты  с  а  қ  п  е  н  сүзіп  алуға  мұршаң 

келмейді (Ғ.Мүсірепов, Шығ. жин., 1, 154). 

САҚАЛҚЫРҒЫШ з а т. Тоққа қосып, 

сақал қыратын электрлік құрал (прибор). 

Электр с а қ а л қ ы р ғ ы ш ы н нүктеге 

қосып,  ұзақ  қырынды  (С.Сматаев,  Бұлақ, 

120). 


САҚАЛСЫЗ  с  ы  н.  Сақалы  жоқ, 

сақал қоймаған. Дайыр шағын денелі, кең 

маңдайлы адам болатын. Күнге тотыққан 

қоңыр  жүзі  с  а  қ  а  л  с  ы  з,  мұртсыз 

(З.Иманбаев, Қос қайың, 384). 



САҚАР :  Сақардан  шыққандай. 

Аппақ, құп-қу, боп-боз. С а қ а р д а н  ш ы қ

қ а н д а й боп-боз жүдеу жүзінде білінер-

білінбес сəл ғана қызыл шырай жүгіргендей 

болды (Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 250). 

САҚЕТЕР з а т. к ө н е. Соғыс құралының 

аты (босмойын, садақ оғы, қылыш). С а қ 

е  т  е  р  тиді  саныма,  Сақсырым  толды 

қаныма. Жара бір қатты, жан тəтті, Жара 

аузына қан қатты (Доспанбет жырау: Нар 

заман., 19). 



САҚИНА: Сақина салмақ. э т н. с ө й 

л. Сақинатастау. «Хан қалай?», «орамал 

тастамақ», «с а қ и н а  с а л м а қ» ... Қойшы, 

«тізкиім байламақтан» өзгесі тегіс ойналды 

(М.Мағауин,  Қиянда., 92). Жастар  жағы 


487

Байынқол Қалиев

шамасы «көрші» не «с а қ и н а с а л м а қ» 

ойынына кірісті (Т.Əбдіков, Өліара, 320). 

Сақина  салу.  з  а  т.  о  й  ы  н.  Ортаға 

бір  қыз,  бір  жігіт  шығып,  қаз  қатар 

отырғандардың  бірінің  алақанына  қыз 

білдірмей  сақина  салып  кетеді,  ал  жігіт 

сол  сақинаны  табуға  тиісті.  С  а  қ  и  н  а 

с а л у ойынында бір қыз, бір жігіт ортаға 

шығарылады,  басқалары  екі  алақанын 

бір-біріне беттестіріп, қолдарын уыстаған 

күйі  тізелерінің  үстіне  қойып  отырады 

(Қ.Толыбаев,  Бабадан., 115). Одан  əрі  «с 

а қ и н а  с а л у», «серік-серік», «ұшты-

ұшты», ақсүйек сияқты ұлттық ойындарға 

ұласатын (Қаз. əдеб., 28. 11. 1975, 2). 

САҚИНАЛАН  е  т.  Сақина  салыну. 

Қазіргі уақытта дүние жүзінде жыл сайын 

4 млн. құс с а қ и н а л а н д ы (Туған жер., 

27).  Сол  уақыттан  бері  республикамызда 

615 мыңнан астам құстар с а қ и н а л а н

д ы (Қ.Аймағамбетова.., Табиғат., 34). 

САҚИНАЛАНУ Сақиналан етістігінің 

қимыл атауы. 

САҚИНАЛАУ...  Біздің  елімізде  құс-

тарды с а қ и н а л а у жұмысы 1899 жыл-

дан  басталды  (Қ.Аймағамбетова.,  Табиғ. 

тану., 34). 



САҚМАНШЫЛЫҚ  з  а  т.  Қой  қоз-

датумен айналысушылық, сақманшы бол-

ғандық. – Бізге с а қ м а н ш ы л ы қ қ а кім-

нің келгенін білесің бе? – деді ол жаныма 

тақау келіп (Ə.Дүйсенбек, Көкжиек, 114). 

САҚПАН з а т. м у з. Жалпақ қайыстан 

жасалып, «сақ»  еткен  қатты  дыбыс 

шығаруға  арналған  фольклорлық  саз 

аспабы.  Көбіне  этнографиялық  орта-

да  кездесетін  тұяқтас,  керней,  адырна, 

шартылдауық, с а қ п а н сияқты аспаптарды 

фольклорлық музыка аспаптары деп қарау 

керек (Қаз. əдеб., 06. 01. 1984, 14). Халық 

арасына бұрыннан белгілі музыка аспапта-

ры: адырна, желбуаз, сазген, шертер, дабыл, 

даңғыра,  дауылпаз,  дұдыға,  шыңдауыл, 

кепшік, тоқылдақ, с а қ п а н, қоңырау, саз-

сырнай, қылқобыз, асатаяқ, шартылдауық, 

шіңкілдек т.б. (Қаз. əдеб., 29. 05. 1981, 15). 

САҚПАН:  Сақпанның  тасындай. 

Өте  тез,  жылдам.  Сол  сəтте  сарт  етіп 

есік ашылған. С а қ п а н н ы ң  т а с ы н 



д а й атылып, ішке сілеусін көз əйел кірді 

(Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 150). 



САҚПАНША ү с т. Сақпан тəрізді, сар-

тылдатып. Ақын егінді торғайдан қорғап, 

қайыс белдігін с а қ п а н ш а сартылдатып 

тұрған (Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 52). 

САҚПАНШЫЛЫҚ... Ол с а қ п а н ш ы 

л ы қ т ы ң не екенін жақсы біледі (Жұлдыз, 

1969, №2, 92). 



САҚСЫР з а т. к ө н е. Ұзын қонышты 

саптама етік. Сақетер тиді саныма, С а қ

с ы р ы м толды қаныма. Жара бір қатты, 

жан тəтті, Жара аузына қан қатты (Доспам-

бет жырау: Бес ғ. жырл., 1, 32). 

САҚТАН  е  т.  Сақ  болу,  саққа  айналу; 

жармалану. Зағипа əлгі қос уыс бидайды 

келіге  сап  түйе  бастап  еді,  жасып  қапты, 

жақсы уатылмай, жаншылып, с а қ т а н а 

берді (М.Сқақбаев, Қырық қыз, 165). 



САҚТАНУ Сақтан етістігінің қимыл 

атауы. 

САҚТАНДЫРЫЛУШЫ з а т. э к о н.

Өмірі,  денсаулығы  сақтандыру  қорға-

нысының  нысаны  болған  жеке  тұлға. 

Сақтандыру  шарты  жасалған  жеке  тұлға



с а қ т а н д ы р ы л у ш ы болып табылады 

(Терминол. анықт., 8, 89). 



САҚТИЯНДЫ с ы н. Сақтияннан ті-

гілген. Басында қазақтың тымағы, аяғында 

жаңа былғарыдан тіккен жарма қоныш, с а қ



т и я н д ы етік (Б.Майлин, Таңд., 215). 

САЛ: Сал қамшы. Салдар ұстайтын 

сəнді  қамшы.  Екіншісі  елік  сапты 

өрімі  шашақтала  біткен  с  а  л    қ  а  м  ш  ы 

(Э.Төреханов, Таудан түс., 97). 

Сал сойыл. ж е р г. Əпербақан, ұр да

жық (адам). – Қаражан деген с а л  с о й ы л

адам  екен, - деді қарт (Қаз. əйелдері, 1983, 

№11, 13).

САЛАЛАСТЫР е т. л и н г в. Бір жай 

сөйлемді екінші жай сөйлеммен жарысты-

ра байланыстыру. 

САЛАЛАСТЫРУ  с  ы  н.  Екі  жай 

сөйлемді  бір-бірімен  салаластыра  байла-

ныстыратын  тілдік  бірлік.  Салаластыр 

етістігінің қимыл атауы. 

САЛАЛАСТЫРУШЫ  Салалас  құр-

малас сөйлемде с а л а л а с т ы р у ш ы жал-

ғаулық  компоненттердің  екеуіне  бірдей 

ортақ  болып  келеді  (К.Аханов,  Грамм. 

теор. 204). 

САЛАЛЫРАҚ  с  ы  н.  Салалылау, 

ұзындау. Шешіп қарасам, ана қаршығадан 

басы  ұзын,  аяғы  с  а  л  а  л  ы  р  а  қ  екен 

(Ш.Айманов., Қыран тур., 81). 

САЛАУАТТАНДЫР  Салауаттан 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Елу 


488

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жылда  жаңарған,  қайта  жасарған  ел  эко-

номикасы мен əл-ауқатын, байлығын ғана 

шалқытып қойған жоқ, сонымен қатар сəн-

салтанатын да с а л а у а т т а н д ы р ы п 

үлгерді (Лен. жас, 13. 05. 1972, 3). 



САЛАУАТТАНДЫРУ Салауаттандыр 

етістігінің қимыл атауы. 

САЛБӨКСЕ  с  ы  н.  Орнынан  тез 

қозғала  қоймайтын,  сылбыр,  болбыр, 

бос  (адам).  Осындай  с  а  л  б  ө  к  с  е  г  е 

қосақталып  қалған  менің  маңдайымның 

соры бес елі болды емес пе?! (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 85). 



САЛБУРЫН:  Салбурынға  шығу. 

Көбік  қарда  топтанып  саятшылық,  аң-

шылық құру. Аңшылыққа ден қойып, с а л-

 б у р ы н ғ а  ш ы ғ у да өнер (А.Сейдімбеков, 

Тауға  біткен., 83). Қазақ  арасында 

аңшылықтың  кең  тараған  түрі – аңды 

бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, 



с а л б у р ы н ғ а  ш ы ғ у (Саятшылық, 75). 

САЛҒАС е т. с ө й л. Салғастыр. Ал 

онда с а л ғ а с а й ы қ, күш салыстырысайық 

(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 321). 

САЛДАБА  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Салдама. 

Менің ескі машинамды с а л д а б а дейді-ау, 

өзің салдаба (Ө.Қырғызбаев, Қырда., 151). 

С а л д а б а машинасы құрғыр бұзылып, 

жолда қалып қойды ма деп əбден дегбірім 

кетті (Бұл да, 290). 

САЛДАҚЫ з а т. Қыз балаға айтыла-

тын  жеңіл  қарғыс.  Ол  қит  етсе-ақ  тоғыз 

жасар  сəби  Күлəйді  қатын,  қар,  с  а  л  д 



а  қ  ы,  қаншық,  күң  деп  тілдейтін  болды 

(Ə.Нұршайықов, Ертіс жағасында, 104). 



САЛДАМА з а т. к ө н е. Наурыз күні 

оқылатын арнаулы аят. Молда-қожалар с а 

л д а м а оқып, наурызнаманың шымылдығын 

ашып  береді  (А.Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш 

бесік., 5, 30). Ол  күні  (наурыз  күні) 

қожаларға оқытатұғын наурызға арналған 

кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол 

кітаптың атын «Са л д а м а» дейді (Мəшһүр 

Жүсіп, Алматы ақшамы, 26. 03. 1990, 3). 

САЛДАУЫР  з  а  т.  Аңға  құрылған 

қақпанға байланатын, сүйретіп кете ал-

майтын салмақты зат (тас, шойын, ағаш 

т.б.). (Ана тілі, 17. 04. 1997, 8). Суыр ініне 

кіре алмай жүріп, құйрығына с а л д а у ы р

байлайды (Жұлдыз, 1971, №5, 97). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет