Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет133/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   168

ТАСЫРҚАҒЫШ с ы н. Тұяғы тозған, 

тасырқай  беретін.  Мұнда  өскен  жылқы 

атаулы  алыс  жолға,  шөл  мен  суыққа 

шыдамайды.  Т  а  с  ы  р  қ  а  ғ  ы  ш  келеді 

(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 206).



ТАСЫРҚОЙ с ы н. Адыраңдап қалған, 

адыраңбай. – Ақылды  жігіт  бола  ма  де-

сем,  сен  де  т  а  с  ы  р  қ  о  й  болайын  деп 

пе едің? – деді Қалиса кейіп (С.Мұқанов, 

Мөлдір., 231). 



ТАСЫРҚОЙЛЫҚ  з  а  т.  Тасыраң-

дағыштық, тасыраң-тасыраң еткіштік. 

– Ондай пайдасыз т а с ы р қ о й л ы қ-



т ы ң керегі жоқ, - деді Ақтай (С.Мұқанов, 

Мөлдір., 511).



ТАТ  з  а  т.  Дəнді  дақылдарға  зиянын 

тигізетін  саңырау-құлақ;  қарақас.  Дəнді 

дақылдар қастауыш, қаракүйе, т а т ауру-

ларына шалдығады (Ботаника, 28). 

ТА-ТАЛАЛАП ү с т. Та-та деген дыбыс 

шығарып. Кенет «т а-т а л а л а п барып, 

артынша гүр ете қалған трактордың даусы 

естілді (Соц. Қаз., 06.02.1974, 1).

ТАТАР  з  а  т.  Татар  автономиялы 

республикасының  тұрғылықты  халқы

Қойтас аймағында мотор жүрегін соқтырып, 

қырманды  қыздырып,  шаруашылықты 

өршітіп жатқан жұрттың бірі орыс, қазақ, т 



а т а р , бірі белорус, ингуш, чечен, болгар, 

тіпті  сыған  да  жүр  осылардың  арасында 

(Ғ.Сланов,  Домбыра  күйі., 157). Дүние 

жүзіндегі т а т а р л а р д ы ң жалпы саны 8 

млн. шамасында (ҚҰЭ, 8, 268). 2002 жылғы 

санақ  бойынша  Ресейде 5,6 млн.  оның 

ішінде Татарстанда 1,9 млн-нан астам т а 

т а р л а р тұрады (Бұл да).

Татар  тілі.  Татар  халқының  ұлттық 

тілі.  Қазақстандық  татарлар  өз  ұлтының 

тілі – т а т а р т і л і н д е жəне қазақ, орыс 

тілдерінде сөйлейді (Соц. Қаз., 15.06.1989). 

Т а т а р т і л і түркі тілдерінің қыпшақ 

тобының қыпшақ-бұлғар бұтағына жатады 

(ҚҰЭ, 8, 270).

ТАТАРШАЛАУ с ы н. Татар пішіндес, 

татарға  ұқсас.  Шай  аяқтала  жартылай 

қазақшалау,  бастарындағы  төбетейлеріне 

қарасаң, жартылай т а т а р ш а л а у де-

уге де болатын екі жас мұғалім келіп кірді 

(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында., 194). 

ТАТАРШЫЛА  е  т.  с  ө  й  л.  Татар 

тілінің мəнеріне салу; татаршала. 

Т АТ А Р Ш Ы Л АУ   Т а т а р ш ы л а 

етістігінің қимыл атауы.

ТАТУМЫСЫҢ з а т. Жастар екі-екіден 

алқа-қотан  отырып  ойнайтын  ұлттық 

ойын; көрші-көрші. Сосын «т а т у м ы с ы 

ң», жасырынбақ ойнады. Ойын сайын Тана 

Қалидың қасынан табыла береді (Ə.Тарази, 

Қиян соқпақ, 199). 

ТАТУМЫСЫҢ-АРАЗБЫСЫҢ  з  а  т. 

«Көрші-көрші»  ойыны  кейде  осылай  да 

аталынады.  Сондай-ақ, «көрші»  ойыны 

солтүстік облыстарда «т а т у м ы с ы ң-



а р а з б ы с ы ң» деп аталынады (Б.Төтенаев, 

Қаз. ұлт. ойын., 7). Қимыл-əрекет ойында-

рына  жататындар:  ақсүйек,  ақшамшық, 

шыт тастау, көрші-көрші («т а т у м ы с 



ы ң-а р а з б ы с ы ң»), қызбөрі, қасқұлақ, 

айдап  сал,  инемді  тап,  қарамырза  т.б. 

(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 70).

ТАТЫ¹  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Жүрмейтін, 

нашар  (ат).  Қазан  аттың  осалы  Т  а  т  ы 

болар  қиқаңдап,  Қас  татының  жаманы 

Қаракеш болар сипаңдап (Майлықожа: Бес 

ғас.  жырл., 2, 37). Шапамнан  ғұмырында 

қамшы жеп көрмеген т а т ы атты сауы-

рына  тартып-тартып  жібердім  (О.Бөкеев, 

Үркер, 54).

ТАТЫ² с ы н. ж е р г. Қиындығы, аза-

бы  мол,  ауыртпалықты.  Осынау  алапат 

сойқан  дүниенің  итше  ырылдасқан  үзірі 

жоқ  т  а  т  ы  тірлігіне  сен  кінəлі  емессің 

(О.Бөкеев, Үркер, 69).



ТАТЫ³...  Анда  барған  соң  іле-шала 

шелекке су құйып, қымызды ішіне салып 

қой, т а т ы п кетпесін (С.Лəмбеков, Əке 

жолы, 64)



ТАТЫМСЫЗДЫҚ...  Содан  кейін 

баланы  зеріктіретін  суреттемпаздықтан, 

тəптіштеп ұсақ-түйек т а т ы м с ы з д ы қ 

т ы тоғыта берушіліктен аулақ болам (Қаз. 

əдеб., 01.09.1978, 2). 



ТАТЫРАЛЫ  с  ы  н.  Татыра  өскен, 

татырасы мол. Арқаның бетегелі беліне, 

тобылғылы төбесіне, т а т ы р а л ы тау-

ына шықсаң, оның шалғынды бауырында 

ақтылы қойды алдына салған жігерлі жа-

старды көресің (Еңбек туы, 03.08.1966).

ТАТЫРАНДЫ  з  а  т.  Татыран  өскен, 

татыраны көп. Балауса, бидайықты, т а 

т ы р а н д ы, Дермене, изен, раң, райхан-

ды, Бұйырғын, жаманқұлақ, қара шалғын, 

Көк жусан, шағыр жусан, раушанды (Қаз. 

əдеб., 29.11.1974, 4). Т а т ы р а н д ы далаға 

шығатын шаушымылдықтың дəмі қандай? 

(Қаз. əдеб., 24.09.1976, 2).



556

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТАТЫРАҢБАЙ с ы н. с ө й л. Татыраң-

даған, оғаш. Мына т а т ы р а ң б а й тағы 

түрлеріңмен ұлықты шошытасыңдар. Қайт! 

(Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе, 173).

ТАТЫРАУЛЫ  с  ы  н.  Татырауы  бар, 

татырау өскен. Сарыарқада – т а т ы р а у 

л ы ащы, қау көде, қу баялыш өсетін сортаң 

құмда ыдырай көшіп, киікше босып жүрген 

көшпелі  елдің  қуанышы  мен  қайғысын 

кеудесіне сыйғызыпты (С.Талжанов, Ұлдай 

кегі, 132).

ТАТЫРЛЫ с ы н. Татыры бар, татыр 

болып келген (жер). – Көкорайлы шалғын 

болсын Ақ т а т ы р л ы Бетпақ жер, Көлдер 

орнап, құстар қонсын Аңызағын басссын 

шөл! (Д.Əбілев, Таң. өлең., 50). Т а т ы р 



л ы далада осы күні май табанның шаңы 

сұйылған (Қаз. əдеб., 26.12.1975, 3).



ТАТЫС  Тат  етістігінен  жасалған 

ортақ етіс. Тақырда асықты бір атысқансың, 

Тебісіп төсекте бір жатысқансың. Күлшені 

күлге піскен бөлісіп жеп, Адал дəм қолдан 

бірге т а т ы с қ а н с ы ң (Ə.Оңалбаев, Таң 

алдында, 44).

ТАТЫША  ү  с  т.  Таты  секілді,  таты 

тəрізді.  Көк  теңбіл  ат  жата  қалып  ары-

бері  аунап  түсті.  Сілкініп-сілкініп  алды. 



Т а т ы л а р ш а жер иіскелемей басын 

қаздита ұстап, қырға желіп кетті (О.Бөкеев, 

Үркер, 79).

ТАУ: Тау алма. Тауда өсетін жабайы 

алма. Жаңа гүл жарған тобылғы мен т а у 

а л м а н ы ң исі мас қылғандай (Лен. жас, 

10.06.1972, 2).



Тау дерті. с ө й л. Биіктік ауруы. Көш 

көсемі Зəйіп Тəйші дауа қонбас « т а у » 



д е р т і н е шалдығыпты (Егем. Қазақст., 

15.10.1996, 4). 



Тау  мысығы.  з  о  о  л.  Таулы  жерді 

мекендейтін жабайы мысық. Онда т а у 

м ы с ы ғ ы н өсіруге де болады екен. Дау-

сына қарап, ондай мысықты жергілікті ел 

«маңқылдақ»  деп  кеткен  (Ж.Жұмақанов, 

Замана., 14).



Тау  пісте.  б  о  т.  Тау  беткейлерінде 

өсетін, биіктігі 2-2.5 м-дей, пісте беретін 

бұта (ағаш). Т а у  п і с т е сырт қарағанда 

долана  ағашына  өте  ұқсас.  Бұтақтары 

қисық-қисық  келеді.  Ал  жапырағы  алма 

ағашының жапырағына ұқсас (Қаз. пионері, 

05.06.1971, 3). Т а у  п і с т е апрель ай-

ында гүлдеп, август айында жеміс береді 

(Бұл да).

Тауы жығылды [шағылды, қайтты]. 

Сағы  сынды,  беті  қайтты.  Оу,  болыс, 

мен адамым өліп, құзым құлап, т а у ы м 



ж ы ғ ы л ы п келіп тұрған жоқпын ба?! 

(Ш.Мұртазаев,  Қызыл  жебе, 180). Жас 

жігіт ғашық, бірақ қыздан т а у ы қ а й т

қ  а  н,  онымен  тіл  табыса  алмайды  (Лен. 

жас, 12.04.1977, 4).



ТАУДҮПІЛДЕК з а т. з о о л. Биік тау-

дың  беткейлерінде  мекендейтін  құс.  Ол 

өзен-көлдердің,  тайыз  шалшық  сулардың 

жағаларында жүреді. Оның тұмсығы мен 

аяғы ұзындау келеді. Т а у д ү п і л д е г і 

жыл  маусымдарына  байланысты  таудың 

əртүрлі биіктігіне ауысып отырады (Жетісу, 

30.12.1971, 4).



ТАУСЫЛ ... 2. а у ы с. Азу, азғындау, 

төмендеу.  Сауық  қартайған  сайын 

тұғырдан  түскен  қыран  тəрізді,  күннен-

күнге өзінен-өзі т а у с ы л ы п бара жатқан 

(І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 159).



ТАУСЫНШАҚ ... 2. а у ы с. Қалдық. 

Сайып  келгенде,  əменгерлікпен  жеңге 

алу да, балдыз алу да алғашқы қауымдық 

қоғамға тəн көне некелік қатынастың т а 



у с ы н ш а ғ ы екені даусыз (Х.Арғынбаев, 

Қаз. халқы., 182). Алғашқы қар еріп кеткен, 

ойдым-ойдым т а у с ы н ш а қ т а р ы 

қалған (Балдырған, 1971, №6, 21).



ТАУТАЙЛАҚ з а т. Мойны ұзын, жа-

байы аң; жираф. Есенғұлдың Есені Т а у

т  а  й  л  а  қ  п  е  н  алысқан,  Жезтырнаққа 

жабысқан (Ел аузы., 164).



ТАУТАН... Аланының исімен іздеп кел-

ген т а у т а н сол ауылды жағалап бірер 

күн жүреді (Қазыбек бек, Түп-тұқияннан., 

40). Ол заманда аланын ерткен т а у т а н

таудан етекке дейін түсетін мезгілдері бо-

лады екен (Өркен, 13.09.1990, 6).



ТАУФИХСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Тауфихсыз 

болғандық,  қанағатсыздық.  Халық  мұны 

əлдеқалай  ұмытып  кетсе,  т  а  у  ф  и  х



с  ы  з  д  ы  қ  болар  еді,  ұмытпайды,  сірə 

(Ш.Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 236). 



ТАУША  з  а  т.  Бір  нəрсе  қою  үшін 

арнайы  жасалған  текшелік. – Т  а  у  ш  а 

дегеніңіз  полка  ғой? – Полка  (Қаз.  əдеб., 

17.02.1989, 8).

ТАУЫҚ: Тауық жылы. Жыл санаудың 

12 жылдық жүйесі бойынша оныншы жыл. 

Сол бір шаш етектен боп түскен қары қалың 

қысты жұрт т а у ы қ ж ы л ы болған ерекше 

уақиға десіп жүр (Жыл он екі ай, 1978, 134).



557

Байынқол Қалиев

ТАУЫҚКҮРЕС з а т. э т н. Екі адамның 

біреуінің сол аяғы мен оң қолын, екіншісінің 

оң  аяғы  мен  сол  қолын  бүгіп  байлап, 

күрестіру.  Қайсысы  алдымен  жығылса, 

сол ұтылады (Ойын сауық, 218). 

ТАУЫҚСОҚЫР  с  ы  н.  Кеш  түссе 

болды көрмейтін (кемістік). Т а у ы қ с о 

қ ы р ат қараңғыда табан жолын көрмейді, 

жолдың жайлы-жайсызын аңғармайды (Ата 

салты., 83).

ТАУЫҚТАМАҚ  з  а  т.  Асты  тым  аз 

ішетін адам. Мына Ыбекең ел ішінде сый-

сыз емес тəрізді нағыз т а у ы қ т а м а қ

құсұйқының өзі болса керек (Ж.Өмірбеков, 

Қызыл су, 35).



ТАУЫҚША ү с т. Тауық құсап, тауық 

тəрізді. Көйлегінің етегін кең етіп жайып 

тастап,  кемпірдің  жұмыртқа  басқан  т  а 



у  ы  қ  ш  а  жарбая  отыруы  тегін  отырыс 

емес  екен  (Б.Соқпақбаев,  Таңд., 353). 

Емпірттіктер  ұзын  орындыққа  жайғасып,

т а у ы қ ш а тізіліп отырысты (М.Қабанбаев, 

Жиһанкез., 172). Оқушылар қарақұс көрген 



т а у ы қ т а р ш а абыр-дүбір шуылдап 

қалды (Д.Рамаданов, Тастүлек., 34).



ТАУЫҚШЫЛАП  ү  с  т.  Тауық  құсап, 

тауық  тəрізденіп.  Оңтүстікте  т  а  у  ы  қ

ш  ы  л  а  п  «тары  дау»  боп, «Өзгенің  аты 

озып кеп, жарыды-ау деп...» (Е.Дүйсенбай, 

Бозала таң, 260).

ТАУЫС з а т. а с т р. Жұлдыз аты. Қазақ 

халқы  Бөрі,  Бүркіт,  Жылан,  Көгершін, 

Қоян, Құзғын, Сілеусін, Т а у ы с, Тырна 

т.б.  деген  сияқты  жұлдыздарды  да  білген 

жəне оларға ат қойған (С.Сəрсенова, Қаз. 

тілі. астрон., 78).



ТАҺАРАТСЫЗ с ы н. а р. Дəретсіз. – 

Нұрымның кең зал үйінде т а һ а р а т с ы з

бір жан отырмасын, – деді (С.Торайғыров, 

Таңд. шығ., 266).



ТАШНАУ з а т. с ө й л. Таснау. Оның 

(Отрардағы  үйдің)  іргесінен  тандырдың,



т  а  ш  н  а  у  д  ы  ң,  зат  қоймасының  қал-

дықтары аршылды (ҚСЭ, 8, 62).



ТАЭКВОНДО... Қазақ даласына, өзінің 

атамекеніне Мұстафа Өзтүрік т а э к в о н



д  о  атты  жаңа  спорт  түрін,  өнерін  алып 

келді (Қ.Олжай. Қанат байла., 149).



ТАЯ е т. к ə с і б. Қайықты сырықпен 

(таяқпен)  қозғау,  жылжыту.-  Рене, 

қайықты мен т а я й ы н! – деді ол.



ТАЯЗЫ е т. с ө й л. Саяз тарту, таяз-

дау.  Алға  жылжыған  сайын  өзен  тарыла 

берді, т а я з ы берді (М.Мағауин, Аласа-

пыран, 252).

ТАЯҚ: Таяқ жұтқан адамдай. Сірескен, 

серейген,  тіп-тік.  Т  а  я  қ    ж  ұ  т  қ  а  н

а д а м д а й сол тіп-тік серейген қалпында 

мызғымай отыра берді (І.Есенберлин, Шығ. 

жин., 1, 108).

Таяқ жүгірту. э т н. Қыста ойнайтын 

балалар ойыны. Əр балада ұзындығы 2-3 

м-дей  таяқ  болуы  керек.  Əлгі  таяқты 

жарқабақ  қарға  лақтырады.  Ол  ар  жақ 

бетке  өтіп  шығуы  керек.  Кімдікі  алыс 

түссе, сол жеңеді. «Т а я қ  ж ү г і р т у » 

ойыны 10-15 баланың қатысуымен қарлы 

жерде  өтеді  (Б.Төтенаев,  Қаз.  ұлт.  ойын., 

63). Əсіресе халқымыздың тарихымен та-

мырлас ақсүйек, т а я қ  ж ү г і р т у, сақина 

салу, қарагие, бестас секілді ойындардың 

тарайтынын  ойлаудың  өзі  мол  қуаныш 

(Лен. жас, 21.11.1985, 4).



Таяқ ұстап қалу. Жұт жылдары малы 

жаппай қырылып, қалуы д.м.

ТАЯНЫШ... Ендеше киіз үйдің сүйегі 

дегенде шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық, 

маңдайша,  табалдырық,  т  а  я  н  ы  ш  деп 

аталатын бөлшек-құралдарына баса көңіл 

бөлген абзал (Лен. жас, 23.11.1972, 3).

ТАЯУ¹...  Əпербақан  жігіттер  Мөңке 

мен  Еламанның  ескек,  т  а  я  у  ы  н  өз 

қайықтарына  салып  алды  (Ə.Нұрпейісов, 

Қан мен тер, 458). Кез келген үйдің маңында 

теңкиген қайық, алты құлаш ау, төрт құлаш 

т а я у (Б.Омарұлы, Қаратерең., 5).

ТАЯУ² Тая етістігінің қимыл атауы. – 

Сендер тек қағаз жазуды ғана біледі десек, 

таяу т а я у д ы да біледі екенсіңдер ғой! 

– деді Қаракең (С.Хайдаров, Теңіз самалы, 

20). Ау қарайтын қайықты т а я у д ы ң да 

мəні  бар  екенін  білдіргендей  (Қаз.  əдеб., 

09.02.1973, 1). 

ТƏБЕТСІЗДІК з а т. Тəбеті жоқтық, 

тəбеті болмағандық. ≈ Т ə б е т с і з д і к 

аурудың белгісі деп есептелінбейді.



ТƏБИП з а т. к ө н е. Емші, дəрігер. Пат-

ша балгерлердің жиды бəрін, жиып алып 

айтады ішкі зарын. Қожа, молда, т ə б и п 

т і жиып айтты: - Дауасын тапқан алсын 

дүние  малын  (Бабалар., 1, 36). Бірнеше 

заманнан  соң  Саломон  т  ə  б  и  п  өзін 

үлкен дəрігермін деп жүрді (Дала уалаяты, 

1994, 515).

ТƏБИЯ з а т. Таңсық ас; арман, аңсар

Енді есіме түсті. «Вермуд», «Талас» деген 



558

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ішімдіктер сендерге т ə б и я емес пе еді? 

(Ана тілі, 10.04.1997, 7).

ТƏБІЛ  з  а  т.  Белгілі  бір  тəртіп  бой-

ынша  орналастырылған  бір  нəрсенің, 

мəліметтердің тізімі; табель.

ТƏБІЛШІ з а т. Тəбіл жасаушы, тəбіл 

жүргізуші (Бекітіл. термин., 78). – Т ə б і л 

ш і н і көрмедің бе? (Ə.Нұршайықов, Махаб. 

жырлары, 282).



ТƏБІТ з а т. к ө н е. Мешіт ішіндегі үлкен 

бөлме,  зал.  Əмір-Темір  зəулім  мешіттің 

көркіне, сырттағы өрнек, іштегі сырлары-

на риза болып қалды. Бір т ə б і т і н д е 

г і қазылған құдықтың шелекпен алынған 

шипа  суынан  өзі  де  ішті  (І.Есенберлин, 

Шығ. жин., 9, 352).

ТƏЖ з а т. Хандықтың, патшалықтың 

белгісі  ретінде  басқа  киетін  арнаулы 

сəндік  бас  киім.  Жетек,  төстік,  т  ə  ж

арыс,  күбшек,  шабақ,  мұрындық,  қамыт, 

құлақбау, қамытбау, шұжық – шəкірттеріне 

осылардың  бəріне  орысша  атаулар  тауып 

келуін  тапсырды  (Ж.Молдағалиев,  Алғ. 

қоңырау, 132).



ТƏЖІ...  Рыскелді  ақсақалдың  аяғына 

«т ə ж і» деген жаман жара шығып, оны 

халық  емшілері  емдеп  жазған  (Жетісу, 

29.05.2001, 5). 



ТƏЖІТОРҒАЙ  з  а  т.  з  о  о  л.  Төбесі 

шошақтау  келген  кішкентай  торғай

Торғай  тұқымдастарынан  біздің  елімізде 

мекендейтін  түрлерінің  ең  ірісі – қарға, 

ең  кішісі – т  ə  ж  і  т  о  р  ғ  а  й.  Мұның 

салмағы бар-жоғы 4-5 гр-дай ғана (Қазақст. 

əйелдері, 1983, №12, 26).



ТƏЖІТЫРНА з а т. з о о л. Тырнаның 

бір  түрі.  Басында  əдемі,  сəнді  тəжі 

бар. Осы «т ə ж і т ы р н а» деп жүрген 

құсымыз  қарқара  емес  пе  екен  (Ақиқат, 

05.03.1991, 10).

ТƏЖІКШЕ... Біз əр взводтың өлеңші, 

əншілерін  жинап,  қазақша,  орысша, 

қырғызша,  өзбекше,  украинша,  т  ə  ж  і 

к  ш  е  əн  салып,  өлең-жырлар,  тақпақтар 

айттық (Қаз. əдеб., 11.04.1975, 2).



ТƏЙЖІ з а т. т а р. Жоңғар хандығындағы 

қонтайшыдан кейінгі лауазым иесі (Баба-

лар., 27, 339). Белгілі  бір  аймаққа  иелік 

ететін  зайсандар  т  ə  й  ж  і  г  е  бағынса, 

ұлыс  тəйжілері  қонтайшының  дəргейіне 

бас  ұрады  (Қ.Жұмаділов,  Дарабоз, 2, 

63).  Шалдың  ердің  аяғын,  Ездің  тартып 

табағын.  Үкірдай,  т  ə  й  ж  і,  бейсі,  гүң, 

Бəріңнің бір сабағың (А.Үлімжіұлы, Шығ. 

жин., 2, 343). Мына сəлемді т ə й ж і бар, 

ғұң бар, төрт қара көз түгел отырып көрсін 

(М.Разданұлы, Алтай., 264).

ТƏЙЖІЛІК  з  а  т.  Тəйжі  болғандық, 

тəйжі  лауазымына  иелік. «Кімде-кім 

Арқалықты тауып берсе, Ауылға сүйінші 

деп шауып келсе. Он жамбы, т ə й ж і л і к 

тақ сыйлық алар, Өзінің төресіне жұртым 

сенсе» (Бабалар., 27, 52). Алтайдың  би-

төрелері  Сүгірбайдың  ендігі  бірден-бір 

мұрагері Дəлелхан болатынына кепілдіктен 

өтіп, оған т ə й ж і л і к мансап алып берді 

(М.Разданұлы, Алтай., 245).

ТƏЙТІКТЕ...  Жылырақ  киіндім 

де,  далаға  шығып,  басым  ауған  жаққа 



т ə й т і к т е п кете бардым (Ə.Асқаров, 

Таңд., 333).



ТƏЙТІКТЕН е т. Жеңілтектену; жын-

дану,  аласұру.  Қоштасу  кешінде  балауса 

қыздар мен кекіл шашын қайырған бозба-

лалар зікір салғандай, т ə й т і к т е н і п 

би биледі (Лен. жас, 20.09.1976, 2).



ТƏЙТІКТЕНУ Тəйтіктен етістігінің 

қимыл атауы. 

ТƏЙТІКТІК...  Жымия  қарасының 

өзінен т ə й т і к т і к т е н гөрі тентектік, 

өзіне-өзі  бек  сенген  сергектік  танылады 

(К.Сегізбаев, Біз қалада., 324).



ТƏКИЯ з а т. д і н и. Қажыға барған 

адамның сатып алған немесе өз қаржысына 

салдырған үйі. Меккеге барушылар сатып 

алған  немесе  арнайы  тұрғызылған  үй. 

Меккеден т а к и я н ы алды сатып, Қазақ 

ел-керей  қауым  тұрсын  жатып.  Байтолла 

мен  Раузаны  Зиарат  қып,  Келеді  барған 

сайын нұрға батып (А. Үлімжіұлы, Шығ. 

жин., 2, 160). 



ТƏККƏППАРЛЫ  с  ы  н.  Тəккəппар, 

тəккəппарлығы мол (кісі).

Т Ə К К Ə П П А РЛ Ы Л Ы Қ   з   а   т. 

Тəккəппарлығы  молдық,  менменділік, 

паңдық. Ал ол келімсектердің қорлауы мен 

т ə к к ə п п а р л ы л ы ғ ы н а үнділіктер 

өшпенділікпен жауап берді (Ə.Əлімжанов, 

Отырардан, 181).

ТƏКІЛЕ е т. ж е р г. Сəндеу, əдемілеу

≈  Енді  əуре  бола  бермей  т  ə  к  і  л  е  й 

салмайсың ба?!

ТƏКІЛЕН Тəкіле етістігінен жасалған 

ырықсыз  етіс.  Əнеу  бір  жылы  салынып 

төбесі  қаратал  сүмбілінен  жонылып,  т  ə 



к і л е н і п жабылған ерсілі-қарсылы үш 

559

Байынқол Қалиев

бөлмелі  қоңыр  үйдің  іші  дабырласқан 

думанға толды (Е.Тұрысов, Құралай., 9). 

ТƏКІЛЕНУ Тəкілен етістігінің қимыл 

атауы.

ТƏКІЛЕУ  Тəкіле  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТƏКІРЛЕ е т. ж е р г. Қайталау. Қырау 

шалған  сақалын  тұтамдап  отырып,  Бай-

ғұл  шал  басын  шайқап, «қамдану»  деген 

сөзді əлденеше т ə к і р л е д і (Б.Майлин, 

Таңд., 363). 

ТƏКІРЛЕУ Тəкірле етістігінің қимыл 

атауы.

ТƏЛƏБА з а т. а р. Шəкірт, студент

Өткен жылы ашылған ислам институтында 

əзірге 30 т  ə  л  ə  б  а  тағлым  алуда  (Алм. 

ақшамы, 27.02.1991, 3).



ТƏЛЕЙЛІ с ы н. Тəлейі бар, бақ-тəлейі 

мол.  Кейбір  сыншылар  баланың  құлағы 

үлкен,  əрі  қалқиған  болса – бақ,  т  ə  л  е 



й  л  і,  домбырашы  болады  деген  сияқты 

мінездемелер  берген  (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 1, 28).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет