ТЕКТЕУ е т. «Тек» деп айту, тектілікке
тəрбиелеу. Қазақ халқы ұрпақтарын
т е к т е у тəрбиесіне ерекше мəн берген
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 23).
Т е к т е у арқылы тектілікке тəрбие-
леуге əрбір отбасы перзенттерінің тілі
шыға бастағаннан-ақ кірісетін болған
(Бұл да, 2, 24).
ТЕКТЕУСІЗ с ы н. «Тек-тек» деп
тəрбиеленбеген, тектілігі нашар. «Т е к
т е у с і з өскен бала өмір салындысына
айналады» деп балаларды жастайынан
жаман іс-қимылдардан тектеп, шек-
теп отырған (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 2, 24).
ТЕКТЕУСІЗДІК з а т. Тектеусіз
өскендік, тəрбие көрмегендік. «Менмендік
пен содырлықтың қайнары – т е к т е у с і з
д і к т е », «тектеусіз өскен ұрпақтан ар-ұят
пен кісілік сұрама» деп жақсы мінез-құлық
қалыптастыруға тəрбиелеп отыруды ата-
аналық борыш санаған (А.Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік., 2, 24).
ТЕКТҰРМАС з а т. Тоғызқұмалақ
т ақт асындағы солдан оңға қарай
санағандағы екінші отау. Тоғызқұмалақтың
əр отауы былайша аталады: 1-отау – арт
немесе таңдық, 2-отау – т е к т ұ р м а с,
3-отау – атөтпес, 4-отау – атсыратар,
5-отау – бел, 6-отау – беласар, 7-отау –
қандықақпан, 8-отау – көкмойын, 9-отау
– маңдай (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 47-48).
Мысалы, екінші отау т е к т ұ р м а с т а
құмалақ көп жатпайды (Бұл да).
ТЕКШЕ з а т. ж а ң а. Бірінің үстіне
бірін қойып мұнара істеп ойнайтын, сан
бояулы төртбұрышты қобдиша ойыншық.
Еркебұлан бұрынғы ойыншықтарын былай
тастады да, күні бойы əлгі т е к ш е л е р м
е н əуре болады да жүреді (І.Есенберлин,
Махабб., 29).
ТЕКШЕМЕТР з а т. Төрт қабырғасы
да бір метр болатын өлшем. Цемент –
10 тонна, тақтай – 10 т е к ш е м е т р,
шифер – 200 шаршыметр т.б. (Қаз. əдеб.,
28.06.1989, 3).
ТЕКШЕМЕТРЛІК с ы н. Текшеметр
боларлық; текшеметрдей. Бес т е к ш е
м е т р л і к топырақты қазып, сыртқа
шығарғаны есінде (Ш.Мұртазаев, Интернат
наны, 215).
ТЕКІРЕКТІК з а т. Текіректеп
қалғандық, текірекке салғандық. Мұның
ертеңгі күні қалам ұстар жас буынның
азаматтық пен дүрмекшілдіктің, тектілік
пен т е к і р е к т і к т і ң, сара сын мен
домбытпаның ара жігін ерте ажыратуына
себепші болатынына сенімдіміз (Қаз. əдеб.,
03.03.1989, 11).
ТЕЛ: Тел қазы. с ө й л. Қос қазы.
Ішінен екі қыртыс қазы шықты. Бұның өзі
кіндік қазы, т е л қ а з ы, жая қазы, омыртқа
қазы, қабырға қазы боп тарайды (Қаз. əдеб.,
28.11.1986, 9).
564
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА з а т. Теледидар-
да көрсететін бағдарламалардың жоба-
жоспары, аты. Осы ретте қазақша т е л е
б а ғ д а р л а м а л а р д ы балаларына тіл
үйретуге құрал ретінде қолданып жүрген
шаңырақтар кездесетінін еске сала кеткен
жөн (Ана тілі, 04.04.1991, 7).
ТЕЛЕГРАМДАТ е т. Қайта-қайта
телеграмма салу. «Скандинавия елдеріне
саяхатқа аттанамыз, тез жет» деп Қыстаубай
екі күнде бір т е л е г р а м д а т ы п жатты
(Ж.Жұмақанов, Замана., 58).
ТЕЛЕГРАМДАТУ Тел еграмдат
етістігінің қимыл атауы.
ТЕЛЕГРАФИСТІК с ы н. Телегра-
фистке тəн, телеграфистке қатысты.
Заставадағы т е л е г р а ф и с т і к жұмысын
тастап, үй шаруасына біржола шықты
(М.Қабанбаев, Жиһанкез., 174).
ТЕЛЕКОНКУРС з а т. Теледидар
арқылы ұйымдастырылған жарыс (кон-
курс). «Пай-пай, жиырма бес» атты т е л е
к о н к у р с ы н ы ң басты мақсаты – бүгінгі
республика жастарының жасампаз жарқын
бейнесін қалың көрерменге жан-жақты
көрсету (Лен. жас, 20.03.1973, 4). Алматы т
е л е к о н к у р с ы н ы ң жеңімпаздары енді
Москвада «Жас дауыстардың» финалдық
байқауында өнер көрсетеді (Лен. жас,
04.06.1974, 3).
ТЕЛЕҚОНДЫРҒЫ з а т. Теледидар
арқылы сырттағының бəрін көріп отыра-
тын құрылғы. Бұл күндері автовокзалдың
диспетчерлік қызметі т е л е қ о н д ы р ғ ы м
е н жабдықталған (Лен. жас, 21.06.1972, 2).
ТЕЛЕМАГНИТОФОН з а т. Үйде
адам жоқ кезде телефон соққандардың
сөзін жазып алатын аппарат. Таяудағы
жылдарда т е л е м а г н и т о ф о н деп
аталатын аппарат қолданылмақ. Мұндай
аппараттың лентасына обонент үйде жоқ
кезде телефон соққан кісінің айтқандары
жазылып алынады (Білім жəне еңбек, 1974,
№10, 15).
ТЕЛЕОРТАЛЫҚ... Дарқанның апасы
қалалық т е л е о р т а л ы қ т а істейтін
(С.Үсенұлы, Елік., 83). Алматыда т е л е о р
т а л ы қ т ы ң пайдалануға берілгеніне
14 жыл толыпты (Лен. жас, 15.07.1972, 4).
ТЕЛЕУТ з а т. Түркі тілдес халықтар-
дың бірі. Потанин «Қозы Көрпеш»
жырының өзге түркі тілдес халықтарда,
соның ішінде т е л е у т т е р мен алтай-
лықтарда бар екенін білген (Қаз. əдеб.,
08.11.1985, 14).
ТЕЛЕФОНДАТ Телефонда етістігінен
жасалған өзгелік етіс. ...Осындай хабар-
ландыру ілінгелі Əсемқайшаның үйінде
тыныштық болмады. Т е л е ф о н д а т ы п
та, келіп те жатады (Жалын, 1970, №6, 77).
ТЕЛЕФОНДАТУ Телефондат етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТЕЛЕФОНДАУ Телефонда етістігінің
қимыл атауы. Сөз түбі телефон ғой.
Сондықтан т е л е ф о н д а у десек болмас
па? (Ана тілі, 22.08.1991, 7).
ТЕЛЕФОНҚҰМАР с ы н. Телефонмен
сөйлескенді ұнататын, телефон соққыш.
Олай дейтіні, Дəуітəлі өте т е л е ф о н
қ ұ м а р жігіт (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 58).
ТЕЛМЕҢ: Телмең қақты. ж е р г . Зы-
мырады, заулады; бүкшең қақты. Аққұмға
қош-қош айтып, сайдан сырғып, қырдан
қарғып, т е л м е ң қ а ғ ы п Сегізсайға
бардым (Қ.Қараманұлы, Ай куə, 6).
ТЕЛПИ е т. с ө й л. Солпи. Өзінің ты-
рағайлап қашқанына, өзімен түйдей жа-
сты Нұртастың алдында т е л п и і п қана
тұрғанына сағы сынып, ызасы келіп, жалт
бұрылып кетті (Э.Төреханов, Таудан., 9).
ТЕЛПИЮ Телпи етістігінің қимыл
атауы.
ТЕЛУШІ¹ з а т. Жетім қозыны басқа
саулыққа теліген адам.
ТЕЛУШІ² з а т. б и о л. Басқа ағашқа
ұластырылатын бүр не қалемше.
ТЕЛШЕ з а т. Жылқы қабырғасының
етегінен ұзынша етіп кесіліп алынған
жұмсақ, əрі майлы ет. Биенің т е л
ш е с і н, қолқа-жүрегін, бірталай басқа
майлы еттерін салды (М.Əуезов, Қараш-
қараш, 51). Жабағы т е л ш е с і бабымен
былқылдап піскенше, қара торы жүзді
Жаңқаш пысықсып кетті (Білім жəне еңбек,
1972, №6, 22).
ТЕЛШІТ е т. Тел емізу, егіз қозыдай
бірге ертіп жүру. Мен ботамды ерітіп, Тел
қозыдай т е л ш і т і п , Бағланбайдың үйіне
Барар күнім бар ма екен? (Ғажайып бау, 86).
ТЕЛШІТУ Телшіт етістігінің қимыл
атауы.
ТЕЛІ з а т. к ө н е. Ерке-тотай, бұла,
шолжаң. Т е л і менен тентегін Түзетіп
жөнге салады (Алпамыс, 67). Елді т е л і с і
мен тентегінен таныма, ері мен серісінен
таны деген (М.Мағауин, Аласапыран,
565
Байынқол Қалиев
249). Ауыл ақсақалдары əңгімелеседі. Шер
тарқатады. Т е л і мен тентекті тезге салады
(Б.Омарұлы, Қаратерең., 26).
ТЕЛІМ¹ з а т. Біреуге бөлініп берілген
жер. Өз т е л і м і н бітіре алмай жатқан
Итемір ғана. Ол əлдеқашан жайғап тастар
еді. Айша əжейдің телімі тағы бар (Жұлдыз,
1970, №4, 99). Зейнеткерлер қала ішімен
саяжай т е л і м д е р і н е жүретін автобу-
старда тегін жүретін болды (Егем. Қазақст.,
14.10.1992, 1).
ТЕЛІМ² з а т. к ө н е. э т н. Сайланған
ханның, көп жасап қайтыс болған қадірлі
адамның киімінен алынатын ырым-үлес,
сыбаға, тəбəрік; бөліс, талау. Т е л і м
сұрау, т е л і м алу – сол кісілер сияқты ел-
жұртқа қадірлі, жақсы адам болайық деген
ізгі ниеттерін білдіруі (А.Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік., 3, 115). Ханды кезек-кезек
көтеріп, шашу шашылып болған соң, оның
сырт киімдерін түгел шештіріп, хан сай-
лау кеңесіне қатысқандар «т е л і м» деп,
бір-бір жапырақтан бөліп алады (Бұл да,
1, 129). Талап алып, Наурызбай, Малым-
ды салдың т е л і м г е, Аямадың, Наурыз-
бай, Басымды салдың өлімге (Жеті ғасыр.,
1, 257).
Телім болды. Быт-шыт болып,
тентіреп кетті, қаңғырды; біреуге
кіріптар болды. Көрінгенге т е л і м
б о п, Болмаймысың босқа қор. Т е л і м
б о л ғ а н нашарға, Көрінгеннің бəрі зор
(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 321).
Телімге түсті. Бөлшектенді, тоз-тозы
шықты. Алаш ұлы осылай т е л і м г е
т ү с і п, тентіреп кетеді деп кім ойлаған?
(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 7).
ТЕЛІМДЕУ Телімде етістігінің қимыл
атауы. Жеміс өсімдіктерінің ескі мəдени
сорттарын т е л і м д е у арқылы көбейтеді
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1957, №5, 36).
ТЕЛІТ Телі етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Сен – темір де, мен – көмір,
Еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын
Т е л і т к е л і келгенмін (Қаз. дауысты
Қазыбек: Ата салты., 38).
ТЕЛІТУ Теліт етістігінің қимыл
атауы.
ТЕМІР: Темір балға. Басы да, сабы да
темірден жасалған балға. Т е м і р б а л
ғ а н ы ң басы көбінесе заводта темірден
құйылады. Кейде ұсталар қолдан да жасай-
ды (Шаңырақ, 104).
Темір келі. Темірден жасалған келі.
Ағаш келіні қайың, қарағаш сияқты
қатты ағаштардан ойып жасайды. Мұның
темірден жасалған түрін т е м і р к е л і
деп атайды (ҚСЭ, 5, 350).
Темір қазық. Темірден жасалған қазық.
Т е м і р қ а з ы қ көбінесе ат арқандағанда
не шатыр тіккенде пайдаланылады
(Шаңырақ, 104).
Темір қанаттанды. Қанаты қатайып,
ұшуға жарады. Т е м і р қ а н а т т а н ы п,
енді-енді қанат-құйрығы жетіліп, талпы-
нып отырған құстың иесі осы (К.Сегізбаев,
Беласқан, 203).
Темір ошақ. Темірден жасалған үш
бұты бар ошақ. – Ендеше, бұл кəдімгі
қазан, қазанның оттан түсірілуі, т е м і р
о ш а қ пен ожау (К.Ахметбеков, Егіз
қала, 339).
Темір өзекті. Өлмейтін, жаны сірі.
Шағын ауыл болса да т е м і р ө з е к т і
ешкім жоқ, кейде осылай тосыннан
қайғылы хабар тарататын (М.Құмарбекұлы,
Жер иесі, 6).
Темір торлы. Темірден жасалған торы
бар. Т е м і р т о р л ы алақандай терезеден
кептерлер қанат қағып өтті (Н.Дəутайұлы,
Аты жоқ., 135).
Темір төсек. Қаңқасы темірден жа-
салған төсек. Апам т е м і р т ө с е г і н
маған беріп, өзі жақын ғана еденге жатты
(Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 77).
Темір шымылдық. с а я с. Қырғи-
қабақ соғыс кезінде Батыс елдері
мен Шығыс елдерінің бір-бірімен экономи-
калық, саяси, мəдени қарым-қатынас
жасаспауы. Кеңес Одағында каратэ-
нің өзімен тығылып, жасырын түрде жат-
тығады. Басқасы тұмшаланған т е м і р
ш ы м ы л д ы қ т ы ң арғы жағынан бізге
жете қоймайды (Қ.Олжай, Қанат бай-
ла., 149).
ТЕМІРАРБА з а т. к ө н е. Пойыз.
Қоңырау соққан соң мен т е м і р а р б а
ғ а барып, орын алып, отырып алдым
(«Түркістан» газеті, 439). Т е м і р а р б а
біраздан соң жүріп кетті (Бұл да).
ТЕМІРҚҰС з а т. с ө й л. п о э т. Ұшақ.
Зымыранға отырып тау аспаймын, Т е м і р
қ ұ с п е н кей кезде санаспаймын. Бұл
айтқаным – өз ойым, өз пікірім, Келіспесең
келіспе, таласпаймын (Қ.Мырзалиев: Қаз.
əдеб., 06.04.1973, 2).
566
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТЕНЕК з а т. ж е р г. Су құюға арналған
кең, əрі жалпақтау темір ыдыс; бак.
Қысқа, бірақ жалпақ, кең күбіні т е н е к,
кей жерде мəтей деп атайды (Ана тілі,
02.10.2008, 4).
ТЕНТЕК с ы н. а у ы с. п о э т. Тастан-
тасқа соққан, ағыны қатты (өзен). Бұлар
емделіп жатқан сауықтыру орнының жаны-
нан күндіз-түні күркіреп т е н т е к өзен
ағып жататын-ды (Н.Ораз, Сиқырлы., 33).
ТЕНТЕКСУ Тентексі етістігінің
қимыл атауы.
ТЕНТЕКСІ е т. Тентек болғансу,
сотқарланғансу.
ТЕНТІРЕМЕ з а т. Үй-жайы жоқ, қала-
ның əр жеріне жатып, күнін көріп жүрген
панасыз адам; бомж. Қаланың терімшісі
мен т е н т і р е м е с і н тоқтатқанмен
қыдырымпаз ағайынға тосқауыл жоқ еді
(Қ.Ысқақ, Ақсу., 353).
ТЕҢ: Тең көтеру. о й ы н. Екі жігіт теріс
қарап тұрып, жоталарын тақастырады,
қолдарының шынтақтарын айқастырады.
Содан кейін бірін-бірі кезек-кезек көтереді.
Т е ң к ө т е р у ойынын балалар да кез
келген жерде ойнай береді (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 130). « Т е ң к ө т е р у» ойынын
кейбір күшті жігіттер екі иығына екі-екіден
төрт адамды отырғызып та орындайды
(Ойын-сауық, 169).
ТЕҢБІЛТОРҒАЙ з а т. з о о л. Үлкендігі
кəдімгі торғайдай, салмағы 18-23 г.,
құйрық-қанаты ұзын, басында айдары бар
əдемі құс. Түсі жылтыр қара көкшіл, ашық
қоңыр. Таулы жерді мекендейді. Жыл құсы
(Қазақс. əйелд., 1983, №12, 27).
ТЕҢБІЛШЕ з а т. з о о л. Жас кезін-
де денесін теңбіл басатындықтан
арыстанның күшігі теңбілше делінеді
(Қ.Қайым: Ана тілі, 03.04.1997, 8).
ТЕҢГЕ: Теңге ату. э т н. Ат үстінде
шауып келе жатып, биік бағанның басына
ілінген күміс теңгені атып түсіру сайысы
(ойыны). Т е ң г е а т у – адамдардың,
əсіресе жастардың қару ұстау өнері мен
көзге атар мергендігін сынайтын ойын түрі
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 4, 86).
Теңге жасыру. э т н. о й ы н. Ойын
жүргізуші бір баланы сыртқа шығарып
жіберіп, үйдегілердің біреуіне «бойыңа
жасыр» деп теңге береді. Сырттағы бала
келіп, əлгі теңгені табуы керек. Таппаса
айып тартады. Т е ң г е ж а с ы р у ойыны
– балалар өзара бас қосқанда, үйде оты-
рып ойнайтын ойын. Бұл ойын кей жерде
«теңге жасыру» делінсе, кей жерде «сақина
жасыру» делінеді (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 4, 106).
Теңге салды. Тұтқынның қол-аяғын
байлап, сыртынан орап, екі-екіден теңдеп,
көлікке артып алды. Бас бағып, алыс
тұрып Құсан сұмырай, Қарады соғыс
жаққа көз айырмай. Еркешті т е ң г е с а л
ы п жөнелгенде, Қуанды жауыз Құсан есі
қалмай (И.Байзақов, Таңд. шығ., 1, 100).
ТЕҢГЕГҮЛ з а т. б о т. Гүл күлтелері
теңгеге ұқсас өсімдік. Жазда шатырлы
үйдің жанына т е ң г е г ү л д і саздың үстіне
тігіп қойса деп армандайды (Ш.Мұртазаев,
Қара маржан, 132).
ТЕҢГЕЖАРЫМ з а т. к ө н е. Əр
түтінге салынатын салық түрі. Осы-
дан бұрын хазіреттің зекет-мекетін бір
сыпырып еді, патша ағзамның түндік
салығы – т е ң г е ж а р ы м ы да жиналған
(Ж.Молдағалиев, Алғ.қоңырау, 16).
ТЕҢГЕРІМ з а т. э к о н. Бір-біріне
байланысты іс-əрекеттер (мыс. кіріс пен
шығыс) көрсеткіштерінің салыстырма-
лы есебі, арақатынасы; баланс (Бекітіл.
термин., 80).
ТЕҢДЕ... 2. а у ы с. Теңгеру, теңестіру.
Т е ң д е й т і н тарих өзі дұрыстығын Əр
сəті ғасырға тең жұмысты күн (Ж.Смақов,
Мың махаббат., 42).
ТЕҢЕЛУШІ з а т. Тең кел етін,
қатарласушы. Бүгінде совхозда оның
қатарына т е ң е л у ш і л е р ондап саналады
(Лен. жас, 06.01.1976, 1).
ТЕҢЖІП... Ауыр теңдерді түйенің
қос бүйіріне қатар апарып қояды да, т е
ң ж і п т е р д і лезде ілмектей салады
(Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 72).
ТЕҢСЕЛІҢКІРЕУ Теңселіңкіре
етістігінің қимыл атауы.
ТЕҢСЕРІЛ е т. Төңкерілу, қопарылу.
– Солай емес пе, ə, жеңеше! – деп бар
денесімен т е ң с е р і л е рюмканы қасында
отырған Мəдинаға тосты (К.Жүнісова,
Қимаймын., 153).
ТЕҢСЕРІЛУ Теңсеріл етістігінің
қимыл атауы.
ТЕҢШЕ¹ з а т. Кішкентай тең. Тереңнен
барып тер гауһар, Ақыл мен білім қосылып!
Қамалап келген қардарға Көрінсін т е ң ш
е ң шешіліп (Жеті ғасыр., 2, 374).
567
Байынқол Қалиев
ТЕҢШЕ² е т. Екі нəрсенің көлемін,
мөлшерін, салмағын теңестіру.
ТЕҢШЕГІШ з а т. т е х н. Ыстық
бөлмеге суық ауа айдағыш құрал; кондици-
енер. Қатты терлеп келіп ауа т е ң ш е г і ш-
т і ң алдына тұра қалу жүрек қызметі нашар
адамдар үшін қауіпті (Жас-ай, 2010, №4, 31).
ТЕҢШЕЛ Теңше етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. Таразы басы т е ң ш е л м е й,
дүние бір жағына ауып тұр (Жас алаш,
24.11.2009).
ТЕҢШЕЛЕ е т. с ө й л. Салыстыру,
салғастыру. Жақсылық жамандықпен
т е ң ш е л е д і, Кім жүйрік, кім шабан
екшеледі. Сатайдың сақасы өрде жатыр,
Оны да көрген дұшпан сескенеді (Құланаян
Құлмамбет, Сөзімнің., 106).
ТЕҢШЕЛУ Теңшел етістігінің қимыл
атауы.
ТЕҢШЕЛІМ з а т. ж а ң а. Радио-
қабылдағыштың не саз аспабының құлағын
бұрау арқылы оны белгілі бір күйге келтіру
ісі; настройка (Бекітіл. термин., 80).
ТЕҢШЕУ¹ е т. ж а ң а. 1 . Саз аспа-
бының ішегін босату не тарту арқылы
оны қажетті дауысқа келтіру. 2.
Қажетті радиотолқынды ұстау үшін
радиоқабылдағыштың құлағын бұрап
келтіру; настроить (Бекітіл. термин., 80).
ТЕҢШЕУ² Теңше етістігінің қимыл
атауы
ТЕҢІЗ: Теңіз арыстаны. з о о л.
Ескекаяқтылар тобына жататын, ірі
денелі теңіз жануары. Олардың негізгі
тағамы – балық. Т е ң і з а р ы с т а н
д а р ы көктем мен жазда Калифорния
жағалауларында, Жапон теңізі аралда-
рында мыңдап жатақтар құрады (Су асты.
тіршілік, 93).
Теңіз жұмыртқасы. б о т. Марқакөл
жағалауындағы қойнау-қойнауларда
өсетін, тамыры жоқ, домалақ өсімдік.
Айтпақшы, олар осы қойнаудан «т е ң і з
ж ұ м ы р т қ а с ы » деп аталатын домалақ,
тамыры жоқ, майлы сұйық нəрседен тұратын
өсімдік тапқан. Жергілікті тұрғындар осы
өсімдікті ауырған жерлеріне жағып, рев-
матизмнен емделеді екен (Марқакөл, 38).
Теңіз жыланы. з о о л. Теңіз суларында
тіршілік ететін, екі жағы жабысыңқы,
жалпақ құйрықты, аса улы ала жылан.
Т е ң і з ж ы л а н д а р ы н ы ң бəрі жемін
уымен өлтіріп, балықтарды жəне басқа да
теңіз жануарларын қорек етеді (Су асты.
тіршілік, 68).
Теңіз кептері. з о о л. Кептердің теңіз
жағасында тіршілік ететін түрі. Бұлар
қоқиқаз, бірқазан, ақ құтан, т е ң і з к е п
т е р і, сарыторғай, қызыл аяқ балшықшы,
шыпылдақ жəне басқалар (Қорғалжың, 23).
Қоқиқаз, т е ң і з к е п т е р і, бізтұмсық,
бірқазан, шүрілдек, басқа да құстар еш
өзгеріссіз біздің заманымызға дейін жетті
(Қорғалжың, 44).
Достарыңызбен бөлісу: |