ТӨРЕСЫМАҚТАН е т. Төре болып
көрінгенсу, паңдану. – Шаруамыз көп емес.
Əуелі т ө р е с ы м а қ т а н б а й қабағыңды
таныт (Ə.Əзиев, Шұғыл тапсырма, 27).
ТӨРЕСЫМАҚТАНУ Төресымақтан
етістігінің қимыл атауы.
ТӨРЕУ Төре тесітігінің қимыл атауы.
ТӨРКІНДЕУШІ з а т. Əке-шешесіне,
туған-туысына төркіндеп барушы қыз.
Сол сияқты ағайын-туыстары да т ө р к і н
д е у ш і г е хал-қадарынша тарту тартады
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 206). Т ө р к і н д е у
ш і г е арналған сауықтың мақсаты да осы
ниетпен ұштасады (Бұл да, 207).
ТӨРЛІК з а т. к ө н е. Өкімет мүшелері
отыратын жай (əкімдік). Айналасы ат
шаптырым қорғанның ішінде қаған ордасы,
т ө р л і г і, қаған мен санғұндардың тұрар
жайы бар еді (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 403).
ТӨРТАЯҚТАП ү с т. э к с п р. Еңбектеп.
Жылап жүріп итарқадан т ө р т а я қ т а п
тоңқайып шыққан Ситан сасқаны ма,
Бескемпірге алақтап: - Əй, сен нағып
тұрсың? – деді (Қ.Ысқақ, Ақсу., 445).
ТӨРТБҰРЫШ з а т. Бестастың
жетінші кезекте ойналатын түрі. Жетінші
ойын – т ө р т б ұ р ы ш. Төрт тасты жерге
төрт бұрыш етіп қойып, қақпа тасты биікке
лақтырып, төртеуін де жинап алу керек
(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 49).
ТӨРТБҰРЫШТА е т. Төрт бұрыш ету,
шаршылау. Құрылысқа пайдалану үшін
ізбестасты арнаулы арамен т ө р т б ұ р
ы ш т а п қиып алады (Табиғат тану, 17).
ТӨРТБҰРЫШТАУ Төртбұрышта
етістігінің қимыл атауы.
ТӨРТЕМ з а т. Бір анадан (енеден)
бір кезде туған төрт бала (төл). Алматы
қалалық Алатау ауданының əкімі жуырда
т ө р т е м д і болған Қапаровтардың от-
басында болған еді. Енді, міне, т ө р т е
м д е р д і ң əкесіне «Айнабұлақ» шағын
ауданындағы су жаңа үйден үш бөлмелі
пəтер кілті табыс етілді (Ана тілі, 2010,
№21, 3). Саулықтар неғұрлым күйлі-қоңды
болса, сол ғұрлым егіз мол болады, тіпті
үшем, т ө р т е м де туатын (Қазақст. ауыл
шаруаш., 1970, №3, 35).
ТӨРТКӨЗДЕН е т. Төрт жағына
бірдей қарау, зарыға күту. Ар жағында:
«Күні бойы т ө р т к ө з д е н і п жолыңды
күткенде, тапқан барқадарымыз осы ма?»
деген наз көмейінде кептеліп тұрады
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 218).
ТӨРТКӨЗДЕНУ Төрткөзден етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТӨРТКІЛДІК с ы н. Төрткілге тəн,
төрткіл пішіндес (тізбек). Парадқа шыққан
əскер тізбегіндей, не үшкілдік сап түзеп,
585
Байынқол Қалиев
не т ө р т к і л д і к жасап, сыңқылдап,
татыраулап, үздіксіз өтіп жатқан қараша
тырналар тізбегі жүдə көп (Ғ.Сланов, За-
мандастар, 228).
ТӨРТҚҰЛАҚ з а т. э т н. Төрт құлақ
етіп жасалған зират. Жұмағұл өзіне та-
ныс бес-алты сыпа мен т ө р т қ ұ л а қ
т ы көктей өтіп, ағасының зиратының
басына жетті (А.Мекебаев, Алапат, 317).
Кірпіштерін есек арбамен митыңдап тасып,
ауылдың сырт жағындағы қорымға өзіне т ө
р т қ ұ л а қ салыпты (С.Оспанов, Бақытты.,
40). Ертесіне молданы жанымызға алып,
əкем мен шешемнің т ө р т қ ұ л а ғ ы н ы ң
басына барып құран оқыттық (С.Оспанов,
Сопы., 127).
ТӨРТҚЫРЛЫҚ з а т. Құрылыстың
төрт қырлы болып келген бөлігі. Сондай-
ақ, т ө р т қ ы р л ы қ т а ғ ы, мешіт
күмбезі астындағы, мақпұрдағы жазулар
мен оюлар қалпына келтірілмек (Қаз. əдеб.,
08.02.1980, 15).
ТӨРТТАҒАН з а т. ө н е р. Ою-өрнектің
төрт тармақты бір түрі. Ол қошқар
мүйіз, айшық, үшкүл, т ө р т т а ғ а н
дейтін өрнектердің барлық əшекей, нақыш-
тарын толық үйреніп болған (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 230).
ТӨРТТАҒАНДАУ Төрттағанда етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТӨРТТІК з а т. Бестастың төртінші
кезекте ойналатын түрі. Т ө р т т і к т е
қақпа тасты лақтырып, төрт тасты жерге
қойып, тағы лақтырып, төртеуін жерден
қайта алуы керек (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт.
ойын., 48).
ТӨРТІНШІ: Төртінші билік. Баспасөз
өкілі, жұрналшы. – Осы сіздер неге т ө р
т і н ш і б и л і к п і з деп таласып-тартыса
бересіздер, ағай? (М.Байғұт, Балабұлақ,
73). – Т ө р т і н ш і б и л і к ешкімнен
қорықпайды – дедім мен (Бұл да).
ТӨСБАУ з а т. Бір ұшы өмілдірікке,
екінші ұшы төсайылға бекітілетін
бау (қайыс). Ер-тоқым кейін кеткенде
өмілдіріктің өндіршектен көтерілмей, омы-
рауда түзу тұруы үшін т ө с б а у тағылады
(Ата салты., 104). Кейбір өмілдірікте т ө с
б а у болады. Т ө с б а у д ы ң бір ұшы
өмілдірікке, екінші ұшы төс айылға ілінеді
(Қаз. этнография., 2, 66).
ТӨСБЕЛГІ з а т. ж а ң а. Белгілі бір
жетістіктері үшін мемлекет тарапынан
берілетін, төске тағып жүруге арналған
белгі (значок). Əскери арзанқол т ө с б е
л г і н і ң жылтыратып өңіріне күнде бірін
тағып келеді (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 141).
«Республикалық ұлан» т ө с б е л г і с і н е ие
болған жас офицерлер ҚР-ның Президенті
мен халқына адал қызмет ететініне ант
берді (Астана ақшамы, 16.08.2008).
ТӨСЕК: Төсек ауыстырды. Басқа
əйелге (еркекке) үйленді д.м. Қайбір
жетіскеннен қайта-қайта т ө с е к а у ы с
т ы р ы п п ы н? (О.Сəрсенбаев, Жақсының
көзі, 228).
Төсек көрпе с ө й л. Төсеніш көрпе.
Көрпе жамылғы көрпе жəне т ө с е к к ө р
п е болып бөлінеді (Шаңырақ, 96).
ТӨСЕКБҰЗАР э т н. Қызды ұзатар ал-
дында берілетін кəделердің бірі. Бұл арада
(қыз жасауы буылып-түйілген кезде) тағы да
бірқыдыру кəделер берілу керек. Мəселен,
т ө с е к б ұ з а р, шымылдықшешер,
отаужығар деген кəделер үшін ақша
берілетін (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 219).
ТӨСЕКҚАП¹ з а т. Көшкенде төсек-
орын жабдықтарын салып алатын, қалың
матадан, алашадан істелген (тігілген) қап.
Ол өрмек тоқылып бітіп, алаша кілем боп
төселіп, бау, басқұр, т ө с е к қ а п, аяққап,
қоржын боп кереге басына, уық қарына
ілінгенше шуылдаған пақырларға тыным
жоқ (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 102).
ТӨСЕКҚАП² з а т. Саяхатшы-
лар, туристер далаға түнегенде ішіне
кіріп жататын жылы қап. – Мынау
«т ө с е к қ а п» деп аталады. Былай ішіне
кіресің. Ол ерінбей қаптың ішіне кіріп,
сыдырмасын салып, бүркеншігін киіп, тірі
аруақ болды да қалды (Э.Төреханов, Таудан
түс., 95).
ТӨСЕКСАЛАР з а т. э т н. Күйеу бала
мен қалыңдықтың төсегін салған адамға
берілетін кəде. Одан соң шымылдық ашқан
жеңгесіне «шымылдықашар», төсек салған
жеңгесіне «т ө с е к с а л а р» сондай-ақ,
«қолұстатар», «шашсипатар» сияқты толып
жатқан жол-жоралар мен кəделер беріледі
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 49). Бір
əйел шымылдық ашып «шымылдықашар»
алса, екіншісі алдын ала қалыңдық төсегін
салғаны үшін «т ө с е к с а л а р» сұрайды
(Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 195). Неше
жігіт ер жетсе, сонша есікашар, ұрын келер,
итырылдатар, бақантастар, қолұстатар,
586
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
шашсипатар, т ө с е к с а л а р ... (М.Тиесов,
Жиделібайсын., 57).
ТӨСЕКТЕС: Төсектес болды. Бір
төсекте бірге жатты; көңіл қосты.
Əйтпесе қаншама адаммен т ө с е к т е с
б о л ғ а н қатынды алып, патшайым жасай
ма?! (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 70).
ТӨСЕМ з а т. Көлік (мəшине т.б.)
жүретін жолдың үстіне тегістеліп,
нығыздалып төселген асфалт. Онда тек
жол т ө с е м і н (асфалт) жөндеу ғана емес,
қолайлы көлік ағымын реттеу мəселелері де
қарастырылған (Ана тілі, 02.06.2005, 15).
ТӨСЕМЕЛІ с ы н. Жерге төселіп
жатқан, жайылмалы. Аран биіктігі 40-
50 см, сабағы недəуір бұтақты не сирек
бұтақты, тік не т ө с е м е л і болады (ҚСЭ,
1, 441).
ТӨСЕНІШ: Төсеніш көрпе. Жат-
қанда, отырғанда астыға төселінетін
көрпе. – Бала, бері кел, - деп астындағы
т ө с е н і ш к ө р п е н і ң шетін көрсетті
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 114).
ТӨСЕҢКІРЕ е т. Құлағын аздап тосу,
тоса түсу. – Не дейсің? – деді Ошекең
немересіне тосаңдау еститін құлағын т ө
с е ң к і р е й, мойнын қисайтып. – Біреуді
көрдім дедің бе? (К.Ахметбеков, Қасірет,
1, 280).
ТӨСЕҢКІРЕУ Төсеңкіре етістігінің
қимыл атауы.
ТӨСКЕСАЛАР з а т. э т н. Ішіне
асықты жілік, төс салынған табақтағы
етті қасындағылармен бірге бөлісіп жеп,
табақты қайтарарда күйеу бала беретін
кəде.
ТӨСТАБАН з а т. Пойыз доңға-
лақтарының астына төселінген темір
төсеніш; релс. Темір жолдың т ө с
т а б а н ы н а көлденең салынған бетон
тұрбаны тербеп билетіп, ауыр состав өтті
(С.Сматаев, Бұлақ, 196). Көз ұшынан темір
жолдың таспаланған т ө с т а б а н ы
бұлдырап шалынады (Бұл да, 92).
ТӨСТАБАНДАП ү с т. Төсін жерге
төсеп, етпетінен. Жетісудың бас өзені Іле
бастау көзін жаңағы т ө с т а б а н д а п
жатқан жолбарыс тəрізді Лабасыдан алады
(Соц. Қаз., 26.01.1977, 4).
ТӨСТАРТПА з а т. Аттың төс
тұсынан тартылатын тартпа; төсайыл.
Тартпаның екі түрі болады: айылтартпа,
т ө с т а р т п а (Қаз. əдеб., 18.07.1986, 3).
ТӨСТЕМІР з а т. Шалғы, кетпен
шыңдағанда астына қойылатын, жалпақ
ағашқа қағылған, балтаның шүйдесі секілді
шойын темір. Маған кішкене т ө с т е
м і р д і алдырып, жүзі майырылып қал-
ған кетпенін шыңдай бастады (Қ.Омаров,
Əке, 12).
ТӨСТІК з а т. к ə с і б. Піскен қауыннан
жұқалап тіліп, кептіріп алатын тағам.
Кейін піскен кезде қақ, т ө с т і к тілер едік.
Қауынқұрт қайнатар едік (Т.Тобағабылов,
Түсінсең еді., 22). Өтеген базарлы болудан
қалған қауыннан қақ тілді, т ө с т і к жа-
сады (Жұлдыз, 1970, №10, 105).
ТӨТЕ: Төте жазу... ХІХ ғ. екінші
жартысында А.Байтұрсынұлы қазақ
тілінің негізінде ұлттық жазу жүйесін
жасады. Аталмыш жазу үлгісі т ө т е
ж а з у деп аталды (Қаз. этнография., 2, 157).
Көп ұзамай 1924 жылы араб алфавитіне
реформа жасалып, түсіп қалатын дауыс-
ты дыбыстардың бəрі хатқа түсірілді. Ол
т ө т е ж а з у деп аталды (Қаз. əдеб.,
24.11.1989, 16).
ТӨШКЕ з а т. ж е р г. Ұжымшар орталы-
ғы, ауыл, село. Біздің т ө ш к е м і з Аққұ-
дықпен бірге Қарауыл тамының қасында
болған. Бірақ сол т ө ш к е болатын жер
бізге қолайсыз (Қаз. əдеб., 21.10.1988, 10).
ТРАКТОРЛАП ү с т. Трактор-трактор
етіп, трактормен. Шынында да осы ара-
дан т р а к т о р л а п шөп тасып майып
болғанша, сол далаға неге жоңышқа егіп
тастамасқа (С.Шаймерденов, Сыбызғы
сазы, 48).
ТУ
1
: Ту қой. Қысыр қалған қой. Біз-
дің бойдақ қой (т у қ о й) деп жүргені-
міз – қысыр қалған саулық (Н.Қазыбеков,
Дала., 33).
ТУ
2
: Ту сыртын берді. а) Теріс қарап
тұрды, жонын берді. - Əй, ыңырсымай су
əкеліп берші! – деген кезде ғана т у с ы р т
ы н б е р і п күйбеңдеп жүрген Зибаш селт
етіп, жалт қарады (Қарақат тер., 60). ə) а у ы с.
Қол ұшын беруден бас тартты, бұрылып
кетті, іргесін аулақ салды. «Жақыным
едің» деп жалтақтамай, «жатым едің» деп
т у с ы р т ы н б е р м е й, тура сөйлеген
биді ғана халық пір тұтқан (Ата салты., 36).
ТУАБІТТІ... Өзінің т у а б і т т і
алғырлығымен, табандылығымен ізденіп,
талмай еңбек етіп келе жатыр (Соц. Қаз.,
15.12.2005, 12).
587
Байынқол Қалиев
ТУАЖАҚ е т. ж е р г. Туады. – Тайыншаң
барған ауылдың бұқаларына айдай көрініп,
ерте қашты. Көктемге салым т у а ж а қ
(Т.Нұрмағанбетов, Жер иісі, 101).
ТУДЫ-БІТТІ ү с т. Туғаннан бергі,
əдепкі, дағдылы. Бүгін бұған өзінің т у
д ы-б і т т і тірлік кешіп келе жатқан
үйреншікті ортасы, таныс табиғаты –
бəрі-бəрі сүйкімсіз көрініп жүре берген
(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 4).
ТУЕСОҚ з а т. ж е р г. Бөшкеден су
алатын үлкен шөміш. Жақып қолындағы
спиртті тартып алып, серпіп тастады да,
т у е с о қ т а ғ ы суды бетіне шашып
жіберді (Қ.Ысқақ, Таңд., 3, 248).
ТУКАН... Т у к а н д а р – орталық жəне
оңтүстік Американың тропикалық жəне
экваторлық ормандарында кездеседі (Тірі
табиғат, 32).
ТУЛАҚ: Тулақ сабау. Жүнді тулаққа
салып, ірімтіктерін жазу үшін сабау.
Сабаудың 2 түрі бар: т у л а қ с а б а у,
шабақ сабау. Т у л а қ с а б а у - ірілеу, əрі
қарымдылау сабау. Ол жүннің іртігін тез жа-
зуға арналған (А.Əлімжанованың аузынан).
ТУМА... Т у м а ң н ы ң бауы берік бол-
сын! Сүйіншіңді ал (Қ.Жұмаділов, Дарабоз,
1, 141).
ТУМАЙ: Тумай кеткір! «Туысы жа-
ман» д.м. зілді сөз. Жатырынан қағынған,
т у м а й к е т к і р ит, тірідей көмді-ау!
(Н.Мұраталиев, Үміт, 11).
ТУМАСЫРА е т. с ө й л. Тума деп есеп-
теу, туыссырау, туыс іздеу. - Өзіңді т у м а
с ы р а п, қайнағалап жүретін зыпылдақ
келінің бар емес пе, сол... (М.Айымбетов,
Құмөзек., 178).
ТУННЕЛЬШЕ ү с т. Туннель сияқты
етіп, туннель тəрізді. Сартас деген жер-
де, таудың астынан т у н н е л ь ш е қазып
салған үй бар (Жұлдыз, 1972, №9, 151).
ТУПИК з а т. з о о л. Теңіз жағалауларынан
балық аулап тіршілік ететін, басының
алдыңғы жағы мен кеудесі-ақ, доғал
тұмсығы мен аяғы – қызыл теңіз құсы.
Т у п и к т е р д і Солтүстік Атлантикадағы
теңіз жағалауларынан көруге болады
(Құстар, 15).
ТУРА з а т. Шахмат ойынындағы «піл»
деп аталатын тас.
ТУРА: Тура би. Ешқайда бұрмай,
билікті əділ шығаратын би. Т у р а б и д е
– туыс жоқ (Мақал).
Тура билік. Əділ билік жасағандық,
турасын айтқандық. Суреткердің
осыншалық сүйікті болу себебі – Ғабеңнің
шыншылдығында, т у р а б и л і г і н д е
(Қаз. əдеб., 11.12.1987, 4).
Тура сөзділік. Бетіне тіке айтатын-
дық, жалтақсыз сөйлейтіндік. Ол Шоқан-
ның беттілігінен, т у р а с ө з д і л і г і н е н
іштей сескеніп, сөз арасында оған кекесін
сұрақтар беріп отырды (Н.Баяндин.., Дала
жұлдызы, 73).
ТУРАМА... Апасы берген т у р а
м а д а н соң, Жарқын сыртқа шыққан
(Д.Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 159).
ТУСЫРА е т. Бабына келу, күйлену.
Бағым, күтім жəне азықтандыру дұрыс
ұйымдастырылса, саулықтар ерте т у с ы
р а п, шағылысқа ерте түседі (Қазақст. ауыл
шаруаш., 1961, №11, 41).
Т У Ы Н : Ту ы н м а л ы . Ту а т ы н ,
төлдейтін мал. Ал Алғабас, Торайғыр
аймақтарындағы т у ы н м а л ы н а н
басқасы қыста да түгел дерлік жайылымда
(Лен. жас, 16.06.1976, 2).
ТУЫНДЫГЕР... Т у ы н д ы г е р оны өзі
осылай атапты (Қаз. əдеб., 29.01.1993, 6).
ТУЫНДЫГЕРЛІК... Ал енді руханият
саласында т у ы н д ы г е р л і г і, көкейтесті-
лігі, кемелділігі тұрғысынан өлшенетін
болса керек (Ана тілі, 07.02.2013, 6).
ТУЫРЛЫҚБАУ з а т. Туырлықтың
үстіңгі екі жағына тағылатын, оны уыққа
байлап, бекітіп қоятын терме бау. Үзікбау,
т у ы р л ы қ б а у, желбау дегендер сапа-
сыз істелген (Қазақст. ауыл шаруаш., 1969,
№7, 60).
ТУЫРЛЫҚЖАБАР з а т. э т н. Отау-
ын тіккен кезде күйеу жігіттің туырлық
жапқандарға беретін кəдесі. Отау тіккен
кезде күйеу жігіт отауын тігушілерге
«уықшаншар», «т у ы р л ы қ ж а б а р»,
«түндікжабар», «үзікұстар», «бау-шу-
байлар» деген сияқты кəделер береді
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 85).
ТУЫРЫЛУ... Жазушы Ж.Тілековтың
«Қайнарында» түр, бет, əлпет дегеннің
орнына сүдін, кеңесу, ақылдасу дегеннің
орнына мүшəуараласу, азын-аулақ орнына
азын-шоғын, тұспалдау, оспақтау орнына
мошқау, шəйнек я шəугім орнына шайгон,
қыртыстану, құнарлану орнына т у ы р ы
л у, реті, ыңғайлы орнына ұтырлы сөздері
қолданылған (Соц. Қаз., 15.01.1958, 3).
588
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТУЫС е т. Туыс болу, жақындасу, тату
тұру. - Өзіңмен өзім сыйлас едім, т у ы с а
й ы қ. – Жарайды, қабырғаммен кеңесейін
(Ə.Тəжібаев, Хаттар., 113).
ТУЫС-ЖЕКЖАТ з а т. Туыс жəне
жекжат – барлығы. Мұндайда келіп, бас
көрсететіндер – т у ы с-ж е к ж а т т а р
ғой (З.Өмірбеков, Құпия., 62).
ТУЫС-ЖЕКЖАТШЫЛЫҚ з а т.
Туыстық, жекжатшылық қарым-
қатынас. Көң бойы да бай, кедей болып
бөлектеніпті дегенімен осы рушылдық,
т у ы с-ж е к ж а т ш ы л ы қ əлі қала
қоймағанын Текей осы жолы айқын сезді
(Х.Рахимов, Бетпе-бет, 72).
ТУЫСҚАНСЫЗДЫҚ з а т. Туысқаны
жоқтық, жалғыздық. Оның жалғыз кəрі
шешесі ғана бар, т у ы с қ а н с ы з д ы ғ ы
н д а, менің үш-төрт үйдің ортасында өскен
жалғызсыздығымда (М.Мағауин, Таңд.
шығ., 1, 385).
ТУЫСҚАНШЫЛА е т. Туысқан іздеу,
туысқан іздеп, қыдырып бару.
ТУЫСҚАНШЫЛАТ Туысқаншыла
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
Сүндетке отырғызатын баланы т у ы с
қ а н ш ы л а т ы п қыдырту деген жақсы
салт екен (Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр,
2, 272).
ТУЫСҚАНШЫЛАТУ Туысқаншылат
етістігінің қимыл атауы.
ТУЫСҚАНШЫЛАУ Туысқаншыла
етістігінің қимыл атауы.
ТУЫСШЫЛА е т. Туысын іздеу. Міне,
бүгін Жақыпбек əлдебір жаққа т у ы с
ш ы л а й кетіп бара жатыр (ТƏлқанұлы,
Тірліктен., 40).
ТУЫСШЫЛАУ Туысшыла етістігінің
қимыл атауы. Енді бір жағынан көрмегелі
7-8 жылдың жүзі болып қалған нағашымның
отбасына т у ы с ш ы л а у үшін келген едім
(Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 45).
ТУЫТ з а т. 1. Мал төлдеп жатқан кез,
уақыт. – Апыр-ай, т у ы т т ы ң тура бір
қызған шағында бұзылуын қарашы күннің
(Соц. Қаз., 01.05.1974, 4). 2. с ы н. Туатын,
төлдейтін (мал). Т у ы т қой орталық
қораға қамалып, туғандар шетінен көрші
клеткаларға əкетіліп жатады (Лен. жас,
21.03.1972, 1).
ТҰҒИЯН қ. Тұқиян.
ТҰҒЫЖЫМ с ы н. ж е р г. Құнжыңдап,
тұғжыңдап қалған; тұғжың. – Іштерінде
Есетжан мінетіндей біреуі жоқ, өңшең т ұ ғ
ы ж ы м (Ə.Кекілбаев, Үркер, 278). Астын-
да - əбден мінілген т ұ ғ ы ж ы м жирен
(Ш.Айтматов, Ерте келген., 114).
ТҰҒЫЖЫМДЫҚ з а т. ж е р г.
Тұғжыңдағандық, тұғжың тірлік,
күйбеңдік. Қасқа бастың да т ұ ғ ы ж ы м
д ы ғ ы н а таңданып тұрған жоқсың
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 300).
Достарыңызбен бөлісу: |