Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет142/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   168

ТҰРАЛАУ  Тұрала  етістігінің  қимыл 

атауы. Егер ақсау т ұ р а л а у д а н болса, 

оның тұрасын жонады (С.Мұқанов, Таңд. 

шығ., 15, 85).

ТҰРАН з а т. к ө н е. Түркістан өлкесінің, 

оның тұрғындарының байырғы атауы. Т ұ 

р а н сөзі – түріктер мекендейтін жер, елдің 

атауы (ҚҰЭ, 8, 529).



ТҰРАНШЫЛДЫҚ  з  а  т.  Тұран  елін, 

жерін мақтан етушілдік, дəріптеушілдік

Батыс  шығыст анушылары   ке зінде 

түрікшілдік, т ұ р а н ш ы л д ы қ қ а қызғана 

қарайтынын  таңдана  отырып  жазған-ды 

(Ана тілі, 04.09.2008, 10). Осы түрікшілдік 

арада аз уақыт өткенде т ұ р а н ш ы л д ы 



қ қ а түрленеді (Бұл да).

ТҰРҒАЙ  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Тұрмақ. 

Сарытауқұмда ойпаң жер жеткілікті. Онда 

жатқан түйе т ұ р ғ а й, түрегеліп тұрғаны да 

көріне қоймайды (Қаз. əдеб., 18.03.1983, 3).



ТҰРҒЫ  з  а  т.  к  ө  н  е. 1. Қорғанның 

шетін ала жасалған, садақшылар, допшы-

лар  тұрып,  жауға  қарсы  əрекет  ететін 

орын. Айналасы биік дуалмен қоршалып, 

садақшылар,  допшылар  тұратын  биік



593

Байынқол Қалиев

т ұ р ғ ы л а р ы мен көземдері, қарауыл 

мұнаралары  бар  (Т.Зəкенұлы,  Мəңгітас, 

403). 2. Жан-жағы  көрініп  тұратын 

биіктеу жер. Құсбегі өкпе тұстағы т ұ р

ғ ы д а тұрып, бүркіттің томағасын тартады 

(Туған жер., 129).



ТҰРҒЫЛАС з а т. Бір жерде тұратын, 

ауылдас, жерлес. Көп ұзамай Ахаң т ұ р 

ғ ы л а с т а р ы м е н бас қосқан жерде 

бөтен сөзді қойып, үнемі баласының жайын 

əңгімелейтін болды (Жалын, 1973, №6, 14). 

Ал Қайырғали Байғалиевты құрметпен еске 

алатын т ұ р ғ ы л а с т а р ы да бар (Қаз. 

əдеб., 08.01.1982, 7).



ТҰРҒЫШЫ з а т. қ ұ с б е г і. Бүркіт 

ұстап, биікте тұрушы адам. Салбурынға 

қатысушылар беске бөлінеді. Олар: т ұ р



ғ ы ш ы л а р, қағушылар, тосқауылшылар, 

ізшілер,  бақыршылар  (Шаңырақ, 423). 



Т ұ р ғ ы ш ы л а р – бүркіт ұстап, биік-

те  тұрушылар  (А.Сейдімбеков,  Тауға 

біткен, 94).

ТҰРЖАУЫН  с  ы  н.  Бəрінен  түк 

қалмаған,  бəрі  ада  болған.  Бұрын  малы 

да,  басы  да,  дүние  мүлкі  де  болған,  енді 

ешнəрсесі қалмаған д.м. 

ТҰРМАНДАЛ  Тұрманда  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Елшілер  орыс 

дəстүрімен əсем т ұ р м а н д а л ғ а н ат-

тарға мінді (М.Мағауин, Аласапыран, 372).

ТҰРМАНДАЛУ Тұрмандал етістігінің 

қимыл атауы.

ТҰРМАНШЫ з а т. Ердің тұрманда-

рын  жасаушы  шебер.  Тұрманның  көңіл-

ге қонымды болуы т ұ р м а н ш ы н ы ң 

талғамына байланысты (Ер қанаты, 277).

ТҰРМЫСТАН  е  т.  ж  е  р  г.  Тұрмыс-

қа  шығу,  тұрмыс  құру. – Осы  рет  сені 

менімен т ұ р м ы с т а н а қой деп қыса-

маймын.  Өзің  де  жақсырақ  ойланып 

көр  (Т.Əлқанұлы,  Тірліктен., 355). – Ол 

қатының сауыққан енді бүтін, Залалыңнан 

тастап  еді  елі-жұртын.  Некелі  боп  бір 

баймен т ұ р м ы с т а н д ы, Айырылып 

қол-аяқтан  өзің  жүрсің  (А.Үлімжіұлы, 

Шығ. жин., 2, 74). Ақмай сол 1880 жылы 

Ноғайбайға т ұ р м ы с т а н д ы (Ана тілі, 

29.04.1993, 5).

Т Ұ Р М Ы С Т А Н У   Т ұ р м ы с т а н 

етістігінің  қимыл  атауы.  Таңжарықтың 

ойында  түк  жоқ.  Үйлену,  т  ұ  р  м  ы  с 



т  а  н  у  дегенді  мүлде  ұмытқан  сияқты 

(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 75).



ТҰРМЫС-ТІРШІЛІК з а т. Тұрмыс пен 

тіршілік, өмір. Той – жер бетіндегі барлық 

халықтардың т ұ р м ы с-т і р ш і л і г і н 



д е г і айрықша қуанышы, салтанатты сəні 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 145).



ТҰРМЫСХАНА  з  а  т.  Жат ақ-

ханалардағы тұрмысқа қажетті істерді 

(тамақ пісіру, киім үтіктеу т.б.) істейтін 

арнайы бөлме. Əр этаж сайын «т ұ р м ы с

х а н а» аталатын бөлмелер бар (М.Мағауин, 

Таңд. шығ., 1, 319).



ТҰРПАЙЫ: Тұрпайы сөздер. л и н г в. 

Əдепті сөздерді əдепсіз (дөрекі) сөздермен 

ауыстырып  қолдану  арқылы  жасалатын 

сөздер (дисфемизмдер). Т ұ р п а й ы  с ө з 

д е р сыпайы сөздерге қарама-қарсы. Т ұ р 

п а й ы  с ө з д е р көбінесе ауызекі сөйлеу 

тілінде  жиі  қолданылады  (Б.Қалиұлы, 

Қазіргі қаз. тілі, 86).

ТҰРПАЙЫЛАТ Тұрпайыла етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Қазақтардың əлі де 

бақталайы ашыла қоймаған тақсіретті ахуа-

лын т ұ р п а й ы л а т п а й терең жеткізгені 

үшін  жоғары  бағалады  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 456).

ТҰРПАЙЫЛАТУ  Тұрпайылат  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТҰРСИ  з  а  т.  Іштен  киетін,  балағы 

қысқа, жеңіл ішкиім. 

ТҰРСИШАҢ  ү  с  т.  Бұтында  тек 

тұрсиы  ғана  бар,  тұрси  ғана  киген

Əжесінің  «күн  өтеді,  тастама  киіміңді» 

деген  байбаламына  қарамастан  т  ұ  р  с  и 

ш а ң шыға келді (Н.Сералиев, Қанат, 96). 

Мəйкішең,  т  ұ  р  с  и  ш  а  ң  тұрған  мына 

ұсқыныма қорқыңқырап тұр (Қ.Омарұлы, 

Əке, 13).



ТҰРЫҚ  з  а  т.  Бір  заттың  тұрған, 

жатқан  қалпы.  Асықтың  алшы,  тəйке, 

бүге,  шіге  деген  төрт  т  ұ  р  ы  ғ  ы  бар 

(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 71).

ТҰРЫҚТАС с ы н. Тұрықтары сəйкес 

келген,  тұрқы  бірдей.  Бұл  ойында  бір 

алақан  асықты  шашып  жібергенде  «хан» 

қалай түссе солай, т ұ р ы қ т а с асық-

пен  ата  бастайды  (Ғ.Мүсірепов,  Жат 

қолыннда, 71).

ТҰРЫМТАЙ: Тұрымтай кеңес. т а р. 

Кіші Хан Кеңесі. Ал Жəнібек тұсында Хан 

Кеңесі екі түрге бөлінетін. Бірін «Тағанақ 

кеңесі» деп атайтын, екіншісін «Т ұ р ы м 

т а й  к е ң е с і» дейтін. Біріншісі үлкен 

Хан Кеңесі деген мағынада, екіншісі кіші 



594

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Хан Кеңесі деген түсінікте (І.Есенберлин, 

Алмас., 277). Мемлекетке үлкен ықпал жа-

самайтын əдеттегі жəне күнделікті істерді 

əр  ру,  əр  тайпа  адамдары  қатыстырылған 

«т ұ р ы м т а й  к е ң е с і» шешіп отырған 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 129).

ТҰРЫС-ТҰЛҒАСЫ з а т. Бітімі, жа-

ратылысы. Ауқынбай сияқты шот маңдай, 

кішкене  боп  жаратылмаған,  бет  өңірі,



т ұ р ы с-т ұ л ғ а с ы мол пішілген үлкен 

өрістің адамына ұқсайды (Ұ.Доспанбетов, 

Шығ., 4, 52).

ТҰСАУ:  Тұсау  жіп.  Тұсау  боларлық, 

тұсауға жарарлық жіп. Ноқта жіп, өре жіп, 

т ұ с а у  ж і п, тұзақ жіп, шылбыр жіп деп 

аталатын жіптер де əр түрлі дайындалады 

(Лен. жас, 23.11.1972, 3).

Тұсау кесе алмайды. Түкке тұрмайды, 

құны жоқ. Торғайдың жұмыртқасының жа-

нында тауықтың жұмыртқасы т ұ с а у  к е 



с е  а л м а й д ы (Д.Исабеков, Тіршілік, 24).

Тұсау кесуші. Баланың тұсауын кесе-

тін адам. Жіпті байлағаннан кейін т ұ с а у

к е с у ш і кісі балаға арнаған тілеуін айтады 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 213).



ТҰСАУЛЫҚ з а т. Алдыңғы екі аяқтың 

тұсау салатын жіңішкерек жері. Ал мына 

кісен қиып кеткен аяғын айтсаңшы. Т ұ с а 



у л ы ғ ы қанталап тұр (Ш.Айтматов, Қош 

бол., 76).



ТҰСКІЛЕМ з а т. Жататын төсектің 

тұсына құрылып қойылатын шағын кілем

Күдері шапандар мен еркектердің шалбар-

ларына, т ұ с к і л е м д е р г е, аяққаптарға, 

сандыққаптарға  өрнектелген  кестелер 

тігілді (ҚазССР тарихы, 2, 367). Кілемнің 

қалы кілем, түкті кілем, тықыр кілем, тақта 

кілем, таз кілем, т ұ с к і л е м, біз кілем 

тəрізді сан түрге бөлінетінін осы кітаптан 

оқимыз (Қаз. əдеб., 14.01.1983, 4). 

ТҰСҚАҒАЗ...  Менің  жаңа  пəтерімнің 

т ұ с қ а ғ а з ы əдемі-ақ. Соған байланы-

сты  көңіл-күйім  де  көтеріңкі  (Қаз.  əдеб., 

01.02.1980, 16).

ТҰСҚАП  з  а  т.  э  т  н.  Арнайы  жаса-

лып,  тұскиіз,  тұскілем  салып  қоятын 

қап.  Тұрсынкүл  жасаған  сырмақ,  тұс-

киіз,  жержастық,  т  ұ  с  қ  а  п,  айнақап-

тарды  ол  қуана  қабылдады  (Қаз.  əдеб., 

08.06.1990, 12).



ТҰСПАЛДАМА  з  а  т.  Тұспалдап 

айтылған сөз (əңгіме). Тым-тырыс болды 

да қалды, күлген жоқ. Тегінде т ұ с п а л



д а м а ғ а түсінді-ау, - деп ойлады Кенжеғара 

(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 224).



ТҰТ  з  а  т.  Тұт  ағашының  жемісі. 

Аузыңа  салсаң  еріп  кететін  жəмбілше 

қауынын, əр біреуі – жұмыртқадай үлберіп 

піскен өрігін, ақ моншақтай жылтырайтын 

қымыздай қышқыл т ұ т ы н, көз жасын-

дай  мөлтілдеген  жүзімін  қайда  қоясың 

(Т.Ахтанов, Махаб. мұңы, 88).

Тұт  жібеккөбелегі  з  о  о  л.  Тұт 

ағашының  жапырағымен  қоректенетін 

жібекқұртынан  пайда  болған  көбелек. 

Жібеккөбелегінің  дернəсілдері  тек  тұт 

ағашы мен емен ағашының жапырақтарымен 

қоректенетіндіктен, оларды т ұ т  ж і б е к



к ө б е л е г і, емен жібеккөбелегі деп екі 

түрге бөледі (Р.Сəтімбеков,.. Қызықты био-

логия, 99). Мысалы, алтынкөз, т ұ т  ж і б 

е к к ө б е л е г і, емен жібеккөбелектерінің 

тұмсығы жетілмеген əрі олар қоректенбейді 

(Бұл да, 77).

Тұт көбелегі. с ө й л. Тұт жібеккөбелегі. 

Т ұ т  к ө б е л е г і 5 мың жыл бұрын Қытайда 

қолға  үйретілген.  Оның  піллəларынан 

алынған жіптен жібек маталарын тоқиды 

(Жəндіктер, 37). 



ТҰТАҚ  о  д.  ж  е  р  г.  с  ө  й  л.  Қатты 

таңғалғанда  айтылатын  одағай  сөз. 

Шаруа бар, ақ жеңеше. – Т ұ т а қ! Əкім 

емес,  түк  емес,  бұт  пен  сан  арасын-

да  саған  тірелген  ол  не  қылған  шаруа? 

(Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 112). –Т  ұ  т  а  қ! 

Сені  қасына  ерткенде,  кім  ғып  ертеді? 

(Бұл да). 

ТҰТАМ з а т. Бес саусақтың бір нəр-

сені  қысып  ұстаған  күші,  қышыры

Кенет  қатты  қорыққандай  қолын  жұлқи 

тартты.  Бірақ  əлуетті  т  ұ  т  а  м  н  а  н 

құтылмақ  жоқ  (Ш.Мұртазаев,  Қара  мар-

жан, 63).

ТҰТАНАҚ: Тұтанағын тартты. Аза-

бын  көрді,  қасіретін  (мехнатын)  шекті. 

≈ Əлі күнге баласының т ұ т а н а ғ ы н



т а р т ы п келеді.

ТҰТАСҚАНАТ  з  а  т.  з  о  о  л.  Денесі 

жалпайып,  қанаттарымен  тұтасып 

кеткен, құйрығында ұзын тікені бар теңіз 

жануары (скат). Т ұ т а с қ а н а т т а р 

түн ішінде белсенді, ал күндіз теңіз түбінде 

құмға көміліп жатады (Су асты. тіршілік, 

52). Акулаға жақын туыс – т ұ т а с қ а 



н  а  т  болып  табылады.  Олардың  денесі 

жалпақ кеуде желбезектерімен жабылған. 



595

Байынқол Қалиев

Жүзгенде қанат сияқты қағып жүзеді (Тірі 

табиғат, 75).

ТҰТАС-ТОЛАЙЫМ  ү  с  т.  Бүтіндей, 

түгел, тегіс. Əрине, Торайғыров туынды-

ларын біз он жасымызға шейін т ұ т а с-



т о л а й ы м оқи алған жоқпыз (М.Əлімбаев, 

Көңіл күнде., 11).



ТҰТАТҚЫШ... Сауыттан бір тал шы-

лым алып саусағымен жұмсартты да, т ұ т 



а т қ ы ш п е н бұрқ еткізді (Қ.Тоқмырзин, 

Үш кие, 197).



ТҰТҒАҚ  з  а  т.  к  ө  н  е.  т  а  р.  Түнгі 

күзетші. – Хан ием, теріскей жақтан шабар-

ман келіп тұр. Асығыспын дейді. Түнімен 



т  ұ  т  ғ  а  қ  бастығы  сізге  жібермепті 

(І.Есенберлин, Алмас., 188).



ТҰТҚАДАР з а т. к ө н е. т а р. Мəртебелі, 

құрметті бас уəзір. Қазан мен Хажы-Тар-

хан хандықтарына т ұ т қ а д а р – құдіретті 

бас  уəзір  Борис  Годуновтың  дəргейіне 

мəлімдеді (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 22).



ТҰТҚАУЫЛ з а т. к ө н е. т а р. 1. Хан-

ды, хан сарайын қорғайтын күзетші қосын. 

Сонымен қатар, передовой полк аталатын 

маңдайда да, сторожевой полк аталатын т 

ұ т қ а у ы л д а да жеке қолбасы бар еді 

(М.Мағауин,  Аласапыран, 301). Ал  қазір 

қарауыл – т ұ т қ а у ы л ғ ат ұ т қ а 

у ы л – ертауылға ... ақыры қатерлі хабар 

ақ  патшаға  жетпек  (Бұл  да, 181). 2. Алғы 



шепте  жүріп,  жауды  қолға  түсірушілер 

жасағы; «тіл» əкелушілер. Үлкен аттаныс 

кезіндегідей: оң қол, сол қол, т ұ т қ а у 



ы  л,  тосқауыл,  бақауыл  жасағы  дегендер 

қарастырылған  (Қ.Жұмаділов,  Дарабоз, 

1, 33). Ханның жасауыл, т ұ т қ а у ы л

бөгеуіл,  тежеуілдерінің  ішіндегі  алысты 

көргіш,  ең  қырағы  шолғыншысы  да  осы 

– Анарбек (Ж.Ахмади, Айтұмар, 351). Би 

мен бектерге қызмет етіп қалған жасауыл, 

бекауыл, т ұ т қ а у ы л д а р ы н аттандыр-

ды (Ж.Тұрлыбай, Райымбек., 2, 57).

ТҰТҚЫН: Тұтқын алу. э т н. Бір топ 

бала жиналған жерде ойналатын ұлттық 

ойын. «Т ұ т қ ы н  а л у» ойынында ойнау-

шылар тең екі топқа бөлінеді де, екі жақтан 

бір-бір  ойыншы  шығарады  (Б.Төтенаев, 

Қаз. ұлт. ойын., 64).



ТҰТҚЫР з а т. к ө н е. Киізден жасалған 

сауыт. Бадана, кіреуке атаулы өте сирек. 

Біразында қолдан жасалған құяқ. Ең көбі – 

көн шарайна, киіз т ұ т қ ы р (М.Мағауин, 

Аласапыран, 306).



ТҰТТАЙ с ы н. Түгі жоқ, жұрдай. Əке-

шешесі жоқ т ұ т т а й жетімдер де бір, 

бұларың да бір (К.Ахметбеков, Егіз қала, 

398).  Боранқұл  үй-ішінің  бұрынғы  жасау 

жабдықтан т ұ т т а й болғанын есіктен 

кіре байқаған (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 24).



ТҰТЫҚҚЫШ с ы н. Тұтыға беретін, 

тұтығатын. Т ұ т ы қ қ ы ш тілінің мүкісін 

жазбақ болып əуре (Жұлдыз, 1972, №3, 20).



ТҰХФА  з  а  т.  Діни  кітаптардың 

(оқулықтардың)  бірі.  Бұл  Медресенің 

ерекшелігі мұнда əптиек, құран, мұхтасар, 



т ұ х ф а л а р ғана емес, ескі қиссалар да, 

діни дастандар да оқытылатын (З.Ақышев, 

Жаяу., 69). Оның  іші  толған  кітап.  Кітап 

болғанда құран, мұхтасар, т ұ х ф а л а р 

емес, бұрын тірі пенде көрмеген кітаптар 

(Бұл да, 105).



Т Ұ Ш А Й М А Н Д Ы Қ . . .   Б і р   ке зд е 

құтырынды көздер т ұ ш а й м а н д ы қ



қ  а,  мүсəпірлікке  қарай  ойысып  бара 

жатқанын  аңғарғандай  едім  (Ж.Мусин, 

Туған үй., 157).

ТҰШЫМ... 2. Қанағат, ризалық. Сөз 

сиқы жоғарыда айтылғандардағыдай болып 

келе берсе, сықақшыларымыз өз т ұ ш ы м 

ы н ы ң, өз деңгейінің қаншалықты екенін 

танытып алады (Қаз. əдеб., 22.02.1974, 3).



ТҰШЫТ е т. Теңіз суын тұздылығынан 

арылту. Біздің мақсатымыз – дүние жүзінде 

тұңғыш рет пайдаланып отырған теңіз суын 



т ұ ш ы т а т ы н атом қондырғысымен 

танысу (Қаз. əдеб., 26.01.1973, 2).



ТҰШЫТҚЫШ  з  а  т.  Теңіз  суын 

тұшытатын  қондырғы.  Ал  ана  көрінген 

қоршаудағы агрегат – дүние жүзін шулатқан 

атомдық су т ұ ш ы т қ ы ш – деп таны-

стырды (Жұлдыз, 1972, №3, 187).



ТҰШЫТУ Тұшыт етістігінің қимыл 

атауы. 

ТҰЩЫ:  Тұщы  су.  Ішуге  жарамды, 

минералды су. 

ТҰЩЫАҒАР з а т. ж е р г. Ішуге жарай-

тын тұщы су. Бытқыл таудың бойындағы 

бар ащыағар, т ұ щ ы а ғ а р л а р д ы ң 

бəрін  аралап  шықты  (Ə.Кекілбаев,  Елең-

алаң, 135). 



ТҰЩЫТЫЛ  Тұщыт  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Теңіз суы дүние 

жүзінде тұңғыш рет т ұ щ ы т ы л ы п отыр 

(Лен. жас, 09.04.1974, 2).

ТҰЩЫТЫЛУ  Тұщытыл  етістігінің 

қимыл атауы.


596

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТҰЯҚ:  Тұяқ  құрттық.  Ешкілердің 

тастан-тасқа  секірмесе,  тұяқтарының 

қышуы басылмайды д.м. Бір топ ешкі-лақ 

қана ежелгі т ұ я қ  қ ұ р т т ы ғ ы н а басып, 

ашық күннің астында тастан-тасқа секіріп 

ойнап жүр (Ж.Кəрменов, Ғашық., 148).



ТҰЯҚАҚЫ  з  а  т.  Көші-қон  кезінде 

біреудің жерін, өрісін, жайылымын басып 

өтіп, аялдап қалған жағдайда жер иесіне 

төлейтін салық (Қаз. этнография., 2, 344).

ТҰЯҚАТ з а т. к ө н е. Жылқының са-

нына  қарай  салынатын  салық.  Өздеріңіз 

білесіздер,  соғыс  басталғалы  қазақтан 

алынатын салық еселенді, рамат пен т ұ я 

қ а т екі есе көбейді (Т.Мəмесейіт, Таудан., 

24). Патша əділеттен тайды, халайық! Т ұ я 



қ а т т ы, салықты көбейтті (Бұл да).

ТҰЯҚКЕСЕР з а т. Біреудің меншікті 

жері арқылы малын айдап өткізгені үшін 

төленетін салық түрі. – Бір күн кешіксең 

- өзің айтқан шаңбасарды да, т ұ я қ к е 



с е р д і де артығымен еселеп тағы кесем 

(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 231). 



ТҰЯҚКЕСТІ  с  ы  н.  Мал  тұяғымен 

шөбі  жапырылып,  қиылып,  тақырланып 

кеткен (жер). Қай жердің оты-суы мол, қай 

тұс əлі т ұ я қ к е с т і болған жоқ? – деп 

тұрғандай  (Қазақс.  ауыл  шаруаш., 1968, 

№9, 63). Жасырып  керегі  не,  жайлаудың

да  сиқы  қашқан,  əбден  т  ұ  я  қ  к  е  с  т  і 

болып  шиырға  айналыпты  (Қаз.  əдеб., 

10.01.1986, 6).

ТҰЯҚКЕСТІЛІК  з  а  т.  Тұяқкесті 

болғандық;  шөбі  жапырылып,  қиылып 

түскендік.  Ұсақ  малды  жаю,  семірту 

мақсатында  т  ұ  я  қ  к  е  с  т  і  л  і  к  к  е

ұшырамаған жайылым тапшылығы қазір-

дің өзінде қатты сезіледі (Қаз. əдеб., 30.04. 

1990, 10).

ТҰЯҚСЫЗДЫҚ  з  а  т.  а  у  ы  с.  Бала-

сыздық,  ұрпақсыздық,  тұқымсыздық

Балалары бар адам сияқты сезіну арқылы 

өздерін  бақытты  ете  тұрамыз  деп  жүріп, 

олардың  жандарына  батып  жүрген  «т  ұ 



я  қ  с  ы  з  д  ы  қ»  дейтін  дерттерін  еселей 

арттырарларын  аңғармапты  (К.Сегізбаев, 

Беласқан, 389).

ТҰЯҚТАС  з  а  т.  м  у  з.  Жылқының 

қос тұяғынан жасалған көне ұрмалы саз 

аспабы. Т ұ я қ т а с т ы ң жасалу жолы 

өте  қарапайым.  Ол  үшін  тұяқты  тұзды 

суға  біраз  қайнату  керек  (Д.Шоқпарұлы: 

Ер қанаты, 295). Т ұ я қ т а с т ы адам екі 

қолына ұстап, музыка ырғағына орай бір-

біріне соғу арқылы үн шығарады (Бұл да). 

Көне  музыкалық  аспаптардан  көргеніміз 

– жетіген, т ұ я қ т а с, асатаяқ, дабыл, да-

уылпаз, адырна, шың мен шыңдауыл (Қаз. 

əдеб., 13.05.1988, 7).



ТҰЯҚТЫ с ы н. Тұяғы үлкен, мықты д.м. 

Қияқты болсын сұңқарың, Т ұ я қ т ы бол-

сын тұлпарың (Қ.Толыбаев, Бабадан., 72).

ТҮБЕГЕЙЛЕН Түбегейле етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс.

ТҮБЕГЕЙЛЕНДІР  Түбегейлен  етіс-

тігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Мұндай 

түйінді  сөзді  Марғұлан  көшпелі  халық-

тардың  мифтік  əфсаналарынан  сүзіп  ал-

ған  тұщымды  деректер  негізінде  тіпті



т ү б е г е й л е н д і р е түседі (Қаз. əдеб., 

20.12.1985, 11).



ТҮБЕГЕЙЛЕНДІРУ  Түбегейлендір 

етістігінің қимыл атауы. 

ТҮБЕГЕЙЛЕНУ  Түбегейлен  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТҮБЕГЕЙЛЕУ Түбегейле етістігінің 

қимыл атауы.

ТҮБІ ү с т. Ақыры, соңы; түптің түбін-

де. Қораларыңа колхоздың машиналарының 

саймандарын  ұрлап  тығып,  екеуінің  не 

істеп жүргендеріңді бір тексертем т ү б і 

(Жұлдыз, 1972, №4, 41).



ТҮБІРКҮЛЕЗ  з  а  т.  Адамда,  малда 

болатын, жұқпалы құрт ауруы; туберку-

лез. Шеткі қорадағы т ү б і р к ү л е з деп 

табылған  жетпіс  шақты  тана-торпақтан 

өзге  түк  қалмаған-ды  (М.Байғұт,  Бала 

бұлақ, 55). Қыбырайдың өзі һəм т ү б і р к 



ү л е з болып шықты (Бұл да, 61).

ТҮБІРЛЕ е т. Бір нəрсені түбіне дейін 

жеткізу, соңына дейін қазу.- Жеңеше, оны 

т ү б і р л е й т і н менде түйсік жоғын 

баяғыдан білмейсің бе? (Е.Рахимов, Тентек 

келін, 18). 

ТҮБІРЛЕУ Түбірле етістігінің қимыл 

атауы.

ТҮБІРЛІЛІРЕК  с  ы  н.  Түбірі  үлкен-

деу,  түбірлілеу.  Есік  алдындағы  отын-

ның Шырпылылырағынан ала кел, Томар-

лылырағынан ала кел, Т ү б і р л і л і р е г і 

н е н ала кел (Жаңылтпаштар, 22).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет