Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет145/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   168

ТҮРІЛІҢКІРЕУ Түріліңкіре етістігінің 

қимыл атауы.

ТҮС:  Түске  тармаса.  Түске  жуық, 

түске жақын. Жолаушы Бөлектің жосалы 

шоқысына т ү с к е  т а р м а с а жетті 

(Жалын, 1974, №5, 79).

ТҮСЕШЕК  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Түсетін, 

түсуге тиісті. Келешекте біздің басымызға 

т ү с е ш е к бір уақиға, осы күнде қылып 

жүрген  ісіміздің  нəтижесі  болмақшы 

(«Қазақ» газеті, 1913, 23).

ТҮСКЕЙ з а т. с ө й л. Күнгей (түстік). 

Жиырмадан  асқан  шағында  ол  Үлкен 

Қаратаудың  т  ү  с  к  е  й  і  мен  теріскейін 

түгел аралайды (Қаз. əдеб., 31.08.1984, 10). 



ТҮСКІ:  Түскі  намаз.  Түс  кезінде 

оқылатын  намаз.  «Намаз  тағылымында» 

тəулігіне  бес  рет  оқылатын  намаздың 

аттары – таң намазы, т ү с к і  н а м а з

бесін намазы, кешкі намаз, түнгі намаз да 

келтірілген (Егем. Қазақст., 14.12.1991, 6).

ТҮСКІШ  с  ы  н.  Қайта-қайта  түсе 

беретін, түсетін

ТҮСКІШТЕ  е  т.  Жиі  түсу,  қайталап 

түсу. Биыл машинаның бенті де т ү с к і 

ш т е п кетті (З.Ақышев, Ақбел асуы, 118).

ТҮСКІШТЕУ  Түскіште  етістігінің 

қимыл атауы.

ТҮСҚАШТЫ с ы н. Түстері қашқан, 

сұп-сұр.  Əне-міне  дегенше  қаумалап, 

қоршап алған т ү с қ а ш т ы жігіттерді 

жазбай танып тұр (Н.Мұраталиев, Үміт, 49).

ТҮСТЕЛ  е  т.  Түр-түсін  ажыратып 

айтып  беру.  Мөлдірлігі  шыныдай  алмаз, 

теңіз  астынан  табылатын  інжу,  маржан, 

тағысын тағылар тегіс т ү с т е л г е н д е 

бəріміз  де  ерек  таңғалыстық  (Білім  жəне 

еңбек, 1974, №5, 26).

ТҮСТЕЛУ  Түстел  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТҮСТІК  с  ы  н.  Түсті  (бояуын) 

білдіретін. Бұл сөздердің (ақ, боз, сұр, көк) 

т ү с т і к мағынасы да көне болса керек 

(Ə.Қайдаров, Сырға толы., 51).



ТҮСШІ  с  ы  н.  Түс  жоритын.  Жауы-

рынмен сөйлеген Т ү с ш і бала бар еді (Ер 

Сайын, 80).

Т Ү С І Н Б Е Г Е Н СУ   Т ү с і н б е г е н с і 

етістігінің қимыл атауы. 

ТҮСІНБЕГЕНСІ е т. Əдейі түсінбеген 

болу, білмегенсу. Не деген зəрлі сұрау? Т ү 

с і н б е г е н с і п, мылқауымсып, нысана-

ны  дəл  көздеп,  атар  оғын  аңқау  даланың 

жүрегіне  дəл  тигізіп  отыр  (Ғ.Мүсірепов, 

Таңд., 3, 537).



ТҮСІНГЕНДІК  з  а  т.  Бір  нəрсені 

білгендік, ұққандық. Бораштың жүзінде т ү 

с і н г е н д і к бар екен, мен қорланыңқырап 

қалдым (Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 26).



ТҮСІНГІШТІК з а т. Түсіне алатындық, 

түсіне  білгіштік. – Сеніміңізге  рахмет, 

Талас  Қорғанұлы, - деп  өзінің  т  ү  с  і  н



г  і  ш  т  і  г  і  н  аңғартты  (С.Ғаббасов, 

Қандауыр, 41).



ТҮСІНУШІЛІК  з  а  т.  Бір  нəрсені 

түсінгендік,  жай-жапсарын  ұққандық 

(К.Сегізбаев, Жылдың ең., 142).



ТҮСІНІС з а т. с ө й л. Түсінік. Олардың 

қылмысын ашып, көпшілік арасында т ү с 



і н і с беру керек (Б.Майлин, Майдан, 112). 

Бұрын естіп Нұрғалиға өзінше т ү с і н і с 

беруші еді. Нұрғали ол кезде Аманбайды 

бір  ақылгөй,  жетекші  есебінде  санайтын 

(Б.Майлин, Таңд., 243).

ТҮСІҢКІЛЕУ  с  ы  н.  Қабағы  аздап 

түсіңкі,  түсіңкіреген.  Құсайын  алдынан 

шықты.  Кешегідей  емес,  ананың  қабағы



т ү с і ң к і л е у көрінді (К.Ахметбеков, 

Егіз қала, 192).



606

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТҮСІР  е  т. 1. Оқуға  түсуге  себепкер 

болу, көмектесу. 2. Қызметінен (орнынан) 

алып тастау. Сондай-ақ баласының бейпіл 

ауыздығы  үшін  Қанапияны  ауылнайлық-

тан т ү с і р деп болысқа жазған арыз да 

жатыр (С.Сауытбеков, Өртенген өлең, 15).



ТҮТЕН  е  т.  с  ө  й  л.  Түтігу,  түнеру, 

ашулану. Олар жөнеле салысымен қолына 

аса  таяғын  ұстаған  Құбаекем  үйге  т  ү  т 



е н е кіріп келді де, əкеме ақыра жөнелді 

(С.Мұқанов, Мөлдір., 263).



ТҮТЕНУ  Түтен  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТҮТІКТІСТІ з а т. з о о л. Африкада 

тіршілік ететін, денесінің ұзындығы 1-1,5 

м-дей,  салмағы 50-70 кг-дай  сүтқоректі 

жануар. Т ү т і к т і с т і н і ң тұмсығы 

түтік тəрізді ұзын. Мықты тырнақтарымен 

термиттердің інін қазады (ҚҰЭ, 8, 607).

ТҮШТІРЕЙ  е  т.  Астыңғы  ерні  кейін, 

үстіңгі ерні ілгері шығып, аузын бүрістіру

Т ү ш т і р е й г е н аузы-басы жыбырлап 

əлі күліп тұрса да, көзіндегі қуақы ұшқын 

қатайып, ызалы отқа айналып бара жатты 

(О.Ахмет, Қарқаралы., 272).



ТҮШТІРЕЮ  Түштірей  етістігінің 

қимыл атауы.

ТҮШІРКЕНІС  з  а  т.  Түшіркенгендік, 

риза  болғандық,  көңілдері  толғандық 

(Ə.Нұршайықов, Махаб. жырлары, 379).



ТҮЮШІ... Т ү ю ш і л е р д і ң айтуына 

қарағанда,  түюдің  түрі  де,  сыры  да,  əдіс-

айласы да көп (Ер қанаты, 267).

ТЫҒЫЛДЫРЫҚ з а т. Ер қапталының 

не  алды,  не  арты  аттың  арқасына 

батқанда  қаптал  астына  қойылатын 

қабатталған  киіз;  кепіл,  кепіл  киіз.  Ер 

қапталының  ат  қапталын  баспауы  үшін 

жасалған  осы  əдіс  т  ы  ғ  ы  л  д  ы  р  ы  қ 

аталады (Ата салты., 112). Кейде т ы ғ ы л



д ы р ы қ т ы кепіл, кепіл киіз деп те атай-

ды (Бұл да).



ТЫҒЫЛМАШ  з  а  т.  Балалардың 

бір-бірінен  тығылып  ойнайтын  ойыны; 

жасырынбақ.  Ауылда  бір  топ  бала  түн 

жамылып т ы ғ ы л м а ш ойнап жатқан 

(Ə.Байбол, Теміржол., 3).

ТЫҒЫЛМАШЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Тығылмақ. Түбіне талай т ы ғ ы л м а ш ы қ 

ойнағаны есінде (Пионер, 1984, №7, 16).



ТЫҒЫЛ-ТАЯҢДЫҚ з а т. Асығыстық, 

шұғылдық.  Осы  онкүндік  тұсында  біз 

уақыттың тым т ы ғ ы л-т а я ң д ы ғ ы н,

қысылшаңдықты  сезіндік  (Лен.  жас, 

10.05.1977, 3).



ТЫҒЫНДЫ с ы н. Тығыны бар, тығын 

тығындалған.  Қолында  т  ы  ғ  ы  н  д  ы 

бөтелкесі бар Жамал кірді (Жұлдыз, 1973, 

№6, 20).

ТЫҒЫРЫҚ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Көліктің 

көптігінен  көшеден  өте  алмай  бірін-бірі 

тосып тұруы. ≈ Машинамыз т ы ғ ы р ы 

қ т а тұрып қалып əрең жеттік.

Тығырықтан шықты. Қиыншылықты 

жеңді,  қиындықтан  аман  өтті.  Т  ы  ғ  ы 

р ы қ т а н ш ы ғ а р жолды ойлағанмен 

қөңілі тоқтар байлам таппай дал боп отыр 

(О.Камаль,  Тəлкек., 106). Осындай  қиын 

шақта т ы ғ ы р ы қ т а н ш ы ғ у д ы ң бір 

тетігі  түйе  түлігінде  болып  шықты  (Соц. 

Қаз., 18.10.1981, 3).



ТЫЖЫРЫНУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Дене-

нің  сəл  тітіркенуі,  тыжырынғандық

Қуанышты жүзінде тек сəбиге ғана тəн т ы 



ж ы р ы н у ш ы л ы қ бар (С.Шаймерденов, 

Таңд. шығ., 1, 61). 



ТЫЖЫРЫНШАҚ с ы н. Əр нəрседен 

бір жиіркеніп, тыжырына беретін (адам). 

Келіні т ы ж ы р ы н ш а қ. Үйіне келген 

қонақтардың иіс-қоңысынан қашан көрсең 

де  тыжырынып  отырғаны  (Халық  кеңесі, 

17.09.2000).

Т Ы Ж Ы Р Ы Н Ш А Қ Т Ы Қ   Ты ж ы -

рына  берушілік;  жақтырмаушылық, 

ұнатпаушылық.  Сен  оның  денесі  денеңе 

тисе жиырыла қалатын əдеттегі т ы ж ы р 



ы н ш а қ т ы ғ ы ң ұстап, тіксініп, бойың-

ды  тартып  ала  қойдың  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 290).

ТЫЗ:  Тыз  етпе.  Ə  дегенде  тез  жү-

гіретін  (шабатын)  ат.  Əр  аттың  өзіндік 

қасиеттері бар. Мəселен, аяңшыл, желісқор, 

жортақ,  текірек,  шығымды,  шыға  салма,

т ы з  е т п е, қаршынды т.б. (А.Сейдімбеков, 

Ер қанаты, 176).



ТЫҚЫБАЙ з а т. ж е р г. Шертпек. Ал-

да-жалда қарызға асық бере қалса, ақысына 

асық  алмай,  тек  т  ы  қ  ы  б  а  й  алатын 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 331). Не істесе де 

айыз қандырып істейтін машықпен бишара 

баланың кекілін кейін қайырып, т ы қ ы б 



а й алатын жерін аспай-саспай жалаңаштап 

алар еді (Бұл да).



ТЫҚЫР:  Тықыр  кілем.  э  т  н.  Жібі 

тықырлау  қырқылған  кіл ем.  Қазақ 

кілемдері  тоқылу  ерекшеліктеріне  қарай  



607

Байынқол Қалиев

түкті жəне т ы қ ы р  к і л е м болып бөліне-

ді  (Шаңырақ, 50). Кілемнің  қалы  кілем, 

түкті кілем, т ы қ ы р  к і л е м, тақта кілем, 

таз кілем, тұс кілем, біз кілем тəрізді сан 

түрге  бөлінетінін  осы  кітаптан  оқимыз 

(Қаз. əдеб., 14.01.1983, 4).

ТЫҚЫРЛЫ с ы н. Тықыры көп жер. 

ТЫЛАҚ з а т. а у ы с. Екі саусақтың 

арасынан  көрсетілген  бас  бармақ. – Мə, 

саған т ы л а қ, - деп Сəкен саусағының ара-

сынан бас бармағын шошайтты (Ə.Байбол, 

Теміржол., 23).



ТЫМАҚТЫҚ с ы н. Тымақ боларлық, 

бір тымаққа жететін (тері).

ТЫМАҚШАҢ ү с т. Басына тек тымақ 

киген. Əнеугі т ы м а қ ш а ң, күпішең кет-

кендер пальтолы, шляпалы болып қалыпты 

(Алматы ақшамы, 21.06.1990, 4).

ТЫМПИ з а т. э т н. Жастар дөңгелене 

отырып, ойнайтын ойын. Т ы м п и ойы-

нының  шарты  бойынша  бастаушыдан 

басқалар  үндемей  отыруға  тиісті.  Егер 

олардың біреуі күліп немесе сөйлеп қойса, ол 

айып тартады (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 91).

ТЫМПИЫС  Тымпи  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Білсе бұл кісілердің 

бəрі неге жұмған ауыздарын ашпай бұлайша 



т ы м п и ы с ы п жүр? (Ə.Асқаров, Өр Ал-

тай., 360).



ТЫМПИЫСУ  Тымпиыс  етістігінің 

қимыл атауы.

ТЫМ-ТЫРЫСТЫҚ з а т. Үн-түнсіздік, 

тып-тыныштық.  Хақаңның  кірісуінен 

абырой  таппаймыз.  Қайта  т  ы  м-т  ы  р 



ы с т ы ғ ы м ы з абзал (Ұ.Доспанбетов, 

Шығ., 4, 31).



ТЫНАР з а т. з о о л. Өте сирек кез-

десетін мөлдір қара көзді көк құс. Т ы н а р 

шөл далалы жерде үйрек-қаздарға түспей, 

көбіне  қоянмен  қоректенетін  көрінеді 

(Ж.Сатылғанов, «Қауырсын» клубы, 101). 

Жетісу жəндіктері: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, 

бұлан, қасқыр, серек, қарақұлақ, шиебөрі, 

қарсақ,  сусар,  бұлғын,  жанат,  таутеке, 

арқар, құлжа, қарақұйрық, марал, тазкара, 

балтажұтар, ақбас құмай, жұртшы, саржақ, 

су бүркіті, құмай, лашын, тұйғын, тұнжыр, 



т ы н а р, мықи, ителгі, бəрпі т.б. (Лен. жас, 

22.11.1972, 4). 



ТЫНЖЫ¹ з а т. Емдік қасиеті бар тас. 

Біздің ауылда т ы н ж ы тасы бар. Оны-

мен  адамның  тамағы  іссе  емдейді.  Ісікті 

қайтарады (Қазақст. пионері, 12.07.1972, 3).



ТЫНЖЫ²  з  а  т.  Сүті  көп,  асыл  тұ-

қымды сиыр (Ана тілі, 28.02.2013, 12).

ТЫНЫКЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Тініке  (Қаз. 

этнография., 2, 608). 



ТЫНЫКЕЛЕ  е  т.  Тініке  жүргізу;  ла-

жылау. 

ТЫНЫКЕЛЕУ  Тыныкеле  етістігінің 

қимыл атауы.

ТЫНЫҚТЫРЫЛУ  Тынықтырыл 

етістігінің қимыл атауы.

ТЫНЫМДАТ  Тынымда  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Ауданға  құрметті 

қонақ, облысқа мүше деп үйге бір т ы н ы 



м д а т п а й д ы (Қаз. əдеб., 26.01.1973, 1). 

ТЫНЫМДАТУ Тынымдат етістігінің 

қимыл атауы.

ТЫНЫС:  Тыныс  демікпесі.  м  е  д.

Адамның  тыныс  алуын  қиындатып, 

қатты булықтыратын ауру. Т ы н ы с  д е 

м і к п е с і демікпе (астма) деп тіркессіз де 

айтылады (Мед. анықтама., 254).



ТЫНЫСƏЙНЕК  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Желдеткіш. Ол баспалдақпен ақырындап 

көтеріліп,  жартылай  ашылып  тұрған 



т  ы  н  ы  с  ə  й  н  е  к  т  і  шалқайта  ашты 

да,  мылтығын  ішке  қарай  енгізе  берді 

(І.Есенберлин, Махаб. мейр., 166).

ТЫНЫСТАМА  з  а  т.  Уақытша  де-

малыс,  үзіліс.  Сол  себептен  де  күнімен 

жүрген  əскерлеріне  ат  соғып  тастамасын 

деп Тудай Мөңке т ы н ы с т а м а берген 

(І.Есенберлин,  Алтын  орда, 1, 231). Үйге 

түскі т ы н ы с т а м а с ы н а Халел кі-

ріп  келе  жатыр  екен  (І.Есенберлин, 

Маңғыс., 79).

ТЫНЫСТЫҚ:  Тыныстық  саңы-

лаулар. б и о л. Өсімдік денесіне ауа бара-

тын саңылау. Т ы н ы с т ы қ  с а ң ы л а у

л  а  р  арқылы  жапырақ  дем  алады,  суды 

буландырады  жəне  ауаға  оттегін  бөліп 

шығарады (А.Ажкеев, Қант қызылшасы, 56).

ТЫНЫСТЫЛЫҚ  з  а  т.  Тыныстап 

дем алушылық. Атан бұл жердің аяқ-қолын 

еркінше созып, барынша көсіле алатын т ы 



н ы с т ы л ы ғ ы н қалайды (Таң нұры, 13).

ТЫНЫШСЫЗДАНУ...  Не  керек, 

үйінен  шықпай  жатып,  үйішін  қайта 

сағынған қулықпен т ы н ы ш с ы з д а н у 

м е н болды (К.Ахметбеков, Егіз қала, 205).

ТЫҢДАРМАН  з  а  т.  Баяндаманы, 

əңгімені тыңдаушы адам.

ТЫҢДАРМАНДЫҚ з а т. Тыңдарман 

болғандық, тыңдаушылық. Сол себепті де 


608

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

творчествалық талқылаулар т ы ң д а р м а 



н д ы қ т ы ғана қанағат тұтады (Қаз. əдеб., 

08.08.1986, 4).



ТЫҢДАУЫШ з а т. ж а ң а. Құлаққа 

киіп алып, үнтаспадан əн-күй тыңдайтын 

құрал; наушник.

ТЫП-ТЫНЫШТЫҚ  з  а  т.  Тым-

тырыстық, жым-жырттық, у-шусыздық

≈ Өзім т ы п-т ы н ы ш т ы қ т ы ұнатамын. 



ТЫПЫРАҢ:  Тыпыраң  қақты.  Ты-

пырлады,  тыным  таппады.  Тар  кеудесін 

ұрғылаған  сезім  торға  түскен  торғайдай



т ы п ы р а ң  қ а қ т ы (Ш.Құмарова, Əйел 

шырағы, 84). Ол төр жаққа да шыға алмай, 

есік көзінде т ы п ы р а ң  қ а қ т ы (Бұл 

да, 152). 



ТЫРАҚЫЛЫҚ з а т. ж е р г. Арықтық, 

шыр бітпегендік. – Бұл неменің мешкейлігі 

де, мес қылып жемдесең де шыр қонбайтын 



т ы р а қ ы л ы ғ ы да соған тартқан, - деп 

шағыр  көз  шабдардың  қызалаштығын  да 

Ситан Асекеңе теліді (Қ.Ысқақ, Ақсу., 433).

ТЫРАЛИ с ы н. э к с п р. Тыртиған, 

арық;  тырыли.  Сол  кезде  оның  ілгеріде 

Б.Момышұлымен  теле фон  арқылы 

сөйлескенде «т ы р а л и арық қарамын» 

дегені  есіме  түсті  (Б.Омарұлы, 11-ші 

қаламұш, 74).

ТЫРАШБАЙ с ы н. э к с п р. Шама-

шарқына қарамайтын, тыраштап қалған, 

тыртаң. Бұл дерт (даңққұмарлық) əдеттегі 

т ы р а ш б а й л а р д ы ң біріне жұқса, өз 

төңірегіндегілердің сайқымазағына айналу-

мен ғана тынады (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 41). 

ТЫРАШТАНДЫР  Тыраштан  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс. Ай, дəурен-

ай, əркімге əртүрлі қаракет беріп, т ы р а ш



т а н д ы р ы п қойдың-ау! (Д.Досжанов, 

Жусан., 10).



ТЫРАШТАНДЫРУ  Тыраштандыр 

етістігінің қимыл атауы.

ТЫРБАҚТАН  е  т . с  ө  й  л.  Тырбиып 

өсу,  тырбию,  тырбықтану.  Шөп  атаулы 

топырақ  қыза  келе  еркін  бойлай  алмай, 



т  ы  р  б  а  қ  т  а  н  ы  п,  тоқтап  қалады 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 426).



ТЫРБАҚТАНУ Тырбақтан етістігінің 

қимыл атауы. 

ТЫРЖЫҢДАНҚЫРА  е  т.  Аздап 

тыржыңдау, жақтырмау. Қатыны қабағын 

шытыңқырап, т ы р ж ы ң д а н қ ы р а п 

еді, оған Арын түксие қарады (З.Ақышев, 

Ақбел асуы, 30).



ТЫРЖЫҢДАНҚЫРАУ  Тыржың-

даңқыра етістігінің қимыл атауы.

ТЫРҚЫЛДАҚ¹...  Торғай  (қара  жəне 

бозторғай),  шымшық,  қызылқұйрық, 

саршымшық, т ы р қ ы л д а қ, мысықторғай, 

тоқылдақ,  көкек  жəне  басқалар  ағаш 

зиянкештерімен күресте адамның сенімді 

көмекшілері  болып  табылады  (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1972, №2, 51).

ТЫРҚЫЛДАҚ²  з  а  т.  Ескі  «Бело-

рус»  тракторын  немесе  ескі  мотоциклді 

халық осылай атайды. Мырзабектің т ы р

қ ы л д а ғ ы ілезде сыр беріп шыға келді 

(К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 132).



ТЫРМАУЫШ ...  2.  Машинамен 

шабылған  шөпті  тырмалап,  бөкеске  са-

латын тырманың ұзын əрі имек тістері. 

Анадайда т ы р м а у ы ш ы көтерілген, 

дертесі жер тіреген тырмаға үш ат байла-

ныпты (М.Мағауин, Екі томд., 2, 272).



ТЫРМЫШ  з  а  т.  Отынды,  қурайды 

арқаға  көтеру  үшін,  оны  тігінен  жəне 

көлденеңінен  буады.  Тырмыш  соның 

көлденең  буылған  жібі.  Анда-сан-

да  арқасындағы  тобылғыға  шалқалап 

сүйеніп  отыра  кетіп,  т  ы  р  м  ы  ш  т  ы 

босатып,  шүмектеп  аққан  теріп  сүртеді 

(Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 3, 38). 

ТЫРНА з а т. а с т р. Жұлдыз аты. Қазақ 

халқы  Бөрі,  Бүркіт,  Жылан,  Көгершін, 

Қоян, Құзғын, Сілеусін, Тауыс, Т ы р н а 

т.б.  деген  сияқты  жұлдыздарды  да  білген 

жəне оларға ат қойған (С.Сəрсенова, Қаз. 

тілі. астрон., 78).



ТЫРНАЖОЛЫ з а т. а с т р. с ө й л. 

Құсжолы.  Құсжолын  орыстар  Сүтжолы 

(Млечный  путь)  деп  атайды.  Кей  жерде 

мұны Т ы р н а ж о л ы деп те атайтындар 

бар (Х.Əбішұлы, Аспан сыры, 209).



ТЫРНАКӨЗ  с  ы  н.  Тырнаның  көзін-

дей,  кіп-кішкентай;  жылтыраған  (көз, 

бұлақ). Сылдыраған т ы р н а к ө з бұлақ-

тар  жылтыр  тастарға  мөлдір  моншақтай 

шашылып  жатыр  (З.Қабдолов,  Менің 

Əуезовім, 15).



ТЫРНАҢҚЫ с ы н. Тырнап алатын, 

тырнап жіберетін (бала). 

ТЫРНАУЫҚ  с  ы  н.  Тырнап  алатын, 

тырнаңқы. – Қыздар сияқты т ы р н а у ы қ

екен  өзі.  Оразəлі  əкесін  танытты-ай  кеп 

(Бақыт бағы, 198).

ТЫРПЫН ү с т. ж е р г. Еш нəрсесін, 

түгін  (қалдырмады).  Биыл  итқұс  қатты 


609

Байынқол Қалиев

болып тұр: есіктің көзіндегі итке дейін тапа 

тал түсте т ы р п ы н қалдырмай жеп кетіп 

жатыр (Қ.Ысқақ, Тұйық, 47).



ТЫРСЫЛДАҚ  з  а  т.  в  е  т.  Аттың 

(жылқының)  іші  кеуіп,  тырсылдап  кете-

тін  ауруы.  Ат  тоқтай  мінілуінен  несеп 

жолы  мен  тікішегі  бітеліп,  қарны  кеуіп, 



т ы р с ы л д а қ ауруына шалдығады (Ер 

қанаты, 199).



ТЫРЫҚ  с  ы  н.  Тыртиған,  арық; 

тырақай.  Мына  сөзге  шегір  көз  т  ы 

р  ы  қ  Сəйдімнің  шыр-пыры  шықты 

(М.Айымбетов, Құмөзек., 129).



ТЫРЫЛДАҚ  с  ы  н.  Тыр-тыр  еткен, 

тырылдап қалған. Т ы р ы л д а қ тракто-

рын айдап, ол да жетті (Т.Иманбеков, Тұт 

ағашы., 174).

ТЫРЫЛИ с ы н. с ө й л. Тырали. Төс 

сүйегі  тақтайдай  т  ы  р  ы  л  и  арық  қара 

шал əлі де ұрынарға қара таппай өз-өзінен 

осқырынып қояды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 

32).  Онымен  иықтасып  қатар  тұрған  əне 

бір т ы р ы л и арық қара қартадағы көк 

ала сызықтарды нұқып-нұқып қойды (Бұл 

да, 324).



ТЫСҚАРЫЛАУ с ы н. Аздап тысқары, 

шеттеу.  Тек  т  ы  с  қ  а  р  ы  л  а  у  жерде 

Құрманмен  бір  ілінісіп,  оны  жақсылап 

іреп алудың сəті түссе (Ұ.Доспанбетов, Ел 

есінде, 66).



ТЫСТАМА  з  а  т.  Кітап  мұқабасы-

ның  сыртқы  өң  қабаты.  Алайда  кітап-

тарымыздың мұқабасы əлі күнге дейін ажа-

ры солғын т ы с т а м а л а р д а н арыла 

алмай келеді (Қаз. əдеб., 12.09.1986, 12).



ТЫШҚАН... Мініліп жүрген жылқыда 

қысы-жазы бірдей кездесетін шеміршекқата 

(кершеу немесе шеміршек деп те аталады), 

құмқата, қуқұмалақ жəне т ы ш қ а н деп 

аталатын  аурулар  болады  (Х.Арғынбаев, 

Қаз. этнограф., 135).



Тышқан  қақпан.  Тышқан  ұстайтын 

кішкентай қақпан. Ұстайтын аңына қарай 

қақпанның: қасқыр қақпан, түлкі қақпан, т 



ы ш қ а н қ а қ п а н деп аталатын түрлері 

бар (ҚСЭ, 6, 414).



Тышқан  сырт.  Тышқанның  түсі 

сияқты  сұр  түс.  Оның  қара  жал,  қара 

құйрық, т ы ш қ а н с ы р т ұсақ құла жыл-

қыларынан  қартая  шабатын  аттары  шыға 

беріпті (Ғ.Нұрпейісов, Аңшы сыры, 101).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет