Жауапты редакторлар


ТҮКШІК з а т. с ө й л. Түкше



Pdf көрінісі
бет144/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   168

ТҮКШІК з а т. с ө й л. Түкше. Темекі 

тартқан кісілердің т ү к ш і к т е р і сы-

дырылып,  қырылып  таусылады  (Мəшһүр 

Жүсіп, Шығ., 9, 306).



ТҮКІР:  Түкіргенім  бар.  э  к  с  п  р. 

Керегі  жоқ,  қажет  емес  д.м.  –  Мүмкін 

көмектесерсің. Үш сом, жеті тиын берем. 

– Т ү к і р г е н і м  б а р сенің үш сомыңа, 

-  деді  шал  жігіттің  кекеткенін  аңғарып 

(Қ.Ысқақов, Бұқтарма, 10). 

ТҮКІРГІЗ Түкір етістігінен жасалған 

өзгелік етіс. Ал баласы мына Заманға ау-

зын тосып, т ү к і р г і з і п туған қу екен 

(Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 177).

ТҮКІРГІЗУ Түкіргіз етістігінің қимыл 

атауы. 

ТҮКІРІК:  Түкіріктерін  жұтынды. 

Тамақ ішкісі келді, тамсанды. Ауыл адам-

дары қашан қазан оттан түсірілмейінше т ү



к і р і к т е р і н  ж ұ т ы н ы п, отырып ала-

тұғын əдеттері (Б.Соқпақбаев, Таңд., 157).



ТҮКІС с ы н. ж е р г. Түмірейіп қалған, 

түксиген.  Арбаның  артында  аяғын 

салаңдатып  жіберіп,  əкесін  қалқалап 

отырған т ү к і с айдауыл баланың кеудесіне 

мылтықтың  істігін  тіреп  жақындатады 

(Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе, 239).

ТҮЛЕЙ... 2. а у ы с. Түк білмейтін, то-

пас. ≈ Құдай бір т ү л е й г е жолықтырды 

ғой.


ТҮЛЕК... Т ү л е к т е тұрған балапан 

құстарға  үш  апта  бойы  тəулігіне  екі-үш 

жүз  грамнан  туралған  ет-бөртпе  беріледі 

(Саятшылық, 121). 



ТҮЛЕКШЕ ү с т. Түлек тəрізді, түлек 

секілді;  жас  ұрпақша.  Болмысыңнан 

болмасаң  да  ерекше,  Тірлік  үшін  күрес 

алғыр т ү л е к ш е. Табынғандар тағдырына 

бас ұрып – Адам емес! Адам емес! Өлексе! 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 36).

ТҮЛЕТ...  Бір  жылда  бүркіт  пен 

қаршығаны  үш  т  ү  л  е  т  і  п  салушы  ек 

(Лен. жас, 11.01.72, 3).

ТҮЛКІ:  Түлкі  бөрік.  Түлкі  тері-

сінен  тігілген  бөрік.  Жиегі  ерекше  қым-

бат  аңдар  терісінен  жасалатын  кəмшат 

бөрік,  құндыз  бөрік,  жанат  бөрік,  қар-

сақ бөрік, сусар бөрік, т ү л к і  б ө р і к

күзен  бөрік  деп  аталатын  бөріктің  түр-

лері  ертеде  киіт,  кəделі  сый,  жасау  қа-

тарынан  орын  алған  (Қаз.  этнография.,

1, 539). 



Түлкі қақпан. Түлкі ұстауға арналған 

əлді  қақпан.  Ұстайтын  аңына  қарай 

қақпанның: қасқыр қақпан, т ү л к і  қ а қ 



п а н, тышқан қақпан деп аталатын түрлері 

бар (ҚСЭ, 6, 414).



Түлкі ішік. Түлкінің терісінен тігілген 

ішік (Шаңырақ, 327).

ТҮЛКІҚУРАЙ  з  а  т.  б  о  т.  Шашақ 

басы  түлкінің  құйрығы  сияқты  үлпілдек 

қурай. Шөп аттары: күреңсе, тарақбоз, раң, 

күшала, шисабақ, сиырқұйрық, т ү л к і қ у 



р а й, ұйғақ, тау пияз, атқұлақ... (А.Сатаев, 

Бəрі де., 308).



ТҮЛКІШЕК  з  а  т.  з  о  о  л.  Түлкінің 

баласы. Сол жолы үйір-үйір киікті, таудан 

қашқан қояндарды, бір топ болып ақшешек 

түбінде ойнаған т ү л к і ш е к т е р д і 

көрген едім (Лен. жас, 22.06.1972, 2). Болма 

жалқау, інішек, Түлкі баласы – т ү л к і ш е к

(А.Құралұлы, Ұлттық., 1, 71).



ТҮЛІК з а т. а у ы с. Бестас ойынында-

ғы  «ұшпа»  деп  аталатын  біреуінен 

басқалары «түлік» аталынады. Қақпақыл 

ойынындағы «ұшпадан» басқа тастар «т ү 



л і к» деп аталынады да, олар айдауға түседі 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 124). Ұшпаны жерге 

түсірмей, т ү л і к т і бір-бірлеп «қораға» 

қамап шыққан ойыншы жеңімпаз атанады 

(Бұл да, 125).

ТҮМЕ з а т. с ө й л. Түмен. Сол себеп-

тен де бір т ү м е д е н, екінші т ү м е г е,

мыңдыққа,  жүздікке,  ондыққа  өзі  тілеп 

бір жауынгер ауысар болса, ондай жауын-

гер  өлтірілген  (І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 

9, 264).


ТҮМЕНБЕГІ... Ол қыпшақ армиясының 

т  ү  м  е  н  б  е  г  і  л  е  р  і  жайлы  да  толық 

мағлұмат  алған  (М.Мағауин,  Көк  мұнар, 

95).  Қыпшақ  əскерлерінің  оң  қанатының 

т ү м е н б е г і Ақмырза аттың басын кері 

бұрды (Бұл да, 96). 



602

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТҮМЕНДІК  с  ы  н.  Түменге  тəн, 

түменге  қатысты.  Шыңғыс  ханнан 

қалған  ондық,  жүздік,  мыңдық,  т  ү  м  е 



н  д  і  к  əскери  ережелерді  ұстай  отырып 

Шыңғыс жасысынан өзгеше кетіп отырған 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 265).

ТҮН: Түн қату. э т н. Ұлттық ойындар-

дың бір түрі. Əзіл-қалжың, айтыс, қазақтың 

көне  заманындағы  сауықтары  «т  ү  н



қ  а  т  у», «түйе  жығу»  секілді  сан  алуан 

ойындарын ойнап, таң сарғая ата дегенде 

бастары  жастыққа  тиді  (І.Есенберлин, 

Алмас., 254).



ТҮНГІ:  Түнгі  көбелектер.  Тəнін  са-

тып,  табыс  табуды  кəсіп  етуді  əдетке 

айналдырған  əйел  заты.  «Т  ү  н  г  і    к  ө 

б  е  л  е  к  т  е  р  д  і»  ұстағанымен,  құқық 

қорғау органдары қызметкерлері олардың 

қылмыстарын  тергеп,  жаза  қолдана 

алмайтындықтан, оларды босатып жіберуге 

мəжбүр (М.Құдайқұлов, Құпия., 17).

Түнгі  намаз.  Түнде  оқылатын  намаз

«Намаз  тағылымында»  тəулігіне  бес  рет 

оқылатын  намаздың  аттары:  таң  намазы, 

түскі намазы, бесін намазы, кешкі намаз,



т  ү  н  г  і    н  а  м  а  з  да  келтірілген  (Егем. 

Қазақст., 14.12.1991, 6).



ТҮНДІК... 2. а у ы с. Түтін, отбасы, 

үй. Əбілхайыр билеген, оған қоса екі хан 

Барақ пен Əбілмəмбет билеген қазақтардың 

жалпы  саны – қырық  мың  т  ү  н  д  і  к 

(Ж.Ахмади,  Айтұмар, 387). Биылғы  жаз-

да  Кербұлақ  ауданына  Моңғолиядан 250 

т  ү  н  д  і  к  көшіп  келмек  (Соц.  Қаз., 

27.04.1991, 2).



ТҮНДІКАШАР з а т. э т н. Күйеубала 

жатқан  отаудың  түндігін  ашқаны  үшін 

берілетін  кəде.  Үйлену  тойында  бұрын 

тоғызаяқ, тоғызтабақ, күйеу шақыру, т ү н д 



і к а ш а р, шымылдырықбайлар, төсексалар 

сияқты  жол-жора лғылар  жас а лған 

(Б.Төтенаев,  Қаз.  ұлт.  ойын., 25).  Ұрын 

барған күйеудің беретін түрлі кəделерінің 

аты да аз болмаған: есікашар, босағааттар, 

төсексалар,  шымылдықашар,  қолұстатар, 

шашсипатар, көрпеқимылдатар, т ү н д і к

а  ш  а  р,  қалтаақтарар  т.б. (Жалын, 1974, 

№3, 146). 



ТҮНДІКБАУ  з  а  т.  Түндіктің  төрт 

жағынан тағылатын бау. Т ү н д і к б а у 

арқылы түндікті үш жағынан белдеуге бай-

лап, есік жағындағысын қайырып, белдеуге 

іліп қояды (Қаз. этнография., 1, 439).



ТҮНДІКЖАБАР з а т. э т н. Отауының 

түндігін  жапқаны  үшін  күйеу  жігіттен 

алатын  кəде.  Отау  тіккен  кезде  күйеу 

жігіт  отауын  тігушілерге  уықшаншар, 

туырлықжабар,  т  ү  н  д  і  к  ж  а  б  а  р

үзікұстар,  бау-шубайлар  деген  сияқты 

кəделер  береді  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 3, 85).



ТҮНЕК¹ з а т. Малды түнделетіп жаю 

əрекеті; түнемелік. – Т ү н е к к е барасың 

ба? Мə, қойшыларға ала бар (Ə.Кекілбаев, 

Бір  көкім., 115). Жолай  қойын  т  ү  н  е  к

к  е  салып  отырған  қойшыға  кезіктік 

(Ы.Кененбаев,  Інжу-маржандар, 61). Ал, 

сентябрь айынан бастап тоқты т ү н е к т 

е ұсталып, біріміз күндіз жайсақ, екіншіміз 

түнде жаямыз (Индер 09.07.1970, 3).



ТҮНЕК²  з  а  т.  ж  е  р  г.  Балық  ау-

ланбайтын  түн. – Жылдық  жоспарды 

орындауымызға  əлі  де  біраз  балық  аула-

уымыз қалды-ау, балық жүріп кетсе ауды 

екі-үш шапқанда-ақ орындалып қалар еді, 

оның үстіне т ү н е к к е де қарсы келіп 

қалдық, - деді Мəжит, Жайықтың ортасына 

көз тастап (С.Хайдаров, Теңіз самалы, 48).

ТҮНЕМЕЛ з а т. Түн асып, күшіне енген 

қымыз, ет, т.б. Торсықта шайқалып əбден 

өлген, балдай т ү н е м е л д і құйып отыр 

(С.Жүнісов, Заманай., 33). Сонымен екеуі 

төрт қырлы стакан толы т ү н е м е л д і 

сыңғытып  алып,  жөніне  кете  берді  (Қаз. 

əдеб., 29.04.1974, 4).



ТҮНЕМЕЛЕТУ...  Саршатамызда  да 

тыным  таппай  т  ү  н  е  м  е  л  е  т  у  д  і 

жалғастыра бердік (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1969, №12, 56).



ТҮНЕМЕЛҚАП... Түнге қарай т ү н е 

м е л қ а п қ а кіріп алып, шатырлы сəкенің 

астында  бірге  ұйықтайтын  (Қ.Ысқақов, 

Қараорман, 66).

ТҮНЕМЕЛІ з а т. с ө й л. Түнемел. – 

Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға 

асы – т ү н е м е л і тұр еді, балалар, алшы, 

-  депті.  Алып,  тегенеге  құйып  сапырған 

екен, 60-ына түгел жетіпті (Мəшһүр Жүсіп, 

Шығ., 9, 73).



ТҮНЕМЕЛІК¹ з а т. 1. Көшкен ел жол-

жөнекей қонып, малдың аяғын суытатын 

(түнететін)  жер.  Көктеуден  жайлауға, 

жайлаудан  күзеуге  үдере  көшкен  қалың 

ел ұбақ-шұбақ болып келгенде, мал аяғын 

суытар бір т ү н е м е л і г і де осы жер (Лен. 

жас, 07.04.1974, 4). 2. Сырты  қоршаулы 


603

Байынқол Қалиев

қора. Күн бата тұсақтар т ү н е м е л і к к е

қамалып, шашпаға ертемен жегізілетін шөп 

шашылады (Лен. жас, 16.05.1972, 2).

ТҮНЕМЕЛІК²  з  а  т.  Малды  түнде 

жаю  ісі;  түнек.  Жылы  күндері  қораға 

əкелмеймін.  Т  ү  н  е  м  е  л  і  к  т  е  жайып 

жүрмін (Фермаға кел., 27).

ТҮНСƏТ з а т. Түнделетіп аттанды-

рып жіберу ісі. Екі қызды т ү н с ə т жасап 

бір түнде жалайыр жаққа ұзатып жіберіпті 

(Б.Нұржекеев, Жау жағадан., 385).

ТҮНІКЕЛІ с ы н. Түнікемен қапталған, 

түніке жалатқан. Сондықтан бүгіннен ба-

стап үлкен ұлдың ақ т ү н і к е л і төсегіне 

жататын болдым (Қаз. əдеб., 29.09.1985, 9).

ТҮҢКЕ з а т. ж е р г. Қаңылтыр. Орда 

өзеніне  жеткенше  Еуропаша  салынған 

көк т ү ң к е төбелі үйлер (Ш.Мұртазаев, 

Жұлдыз. көпір, 40).



ТҮҢКЕЛІ с ы н. Қаңылтыр шатырлы. 

Жасыл  т  ү  ң  к  е  л  і  жалпақ  ақ  үйдің  ық 

жағында  (Ш.Мұртазаев,  Жұлдыз.  көпір, 

40). Едіге темір т ү ң к е л і үй салып алды 

(Ш.Айтматов, Боранды бекет, 78).

ТҮҢЛІК... 2. а у ы с. к ə с і б. Қақпанның 

о рт а с ы н а   б е к і т і л г е н   жа л п а қ т ау 

қаңылтыр.  Қақпанның  т  ү  ң  л  і  г  і  мен 

тиегін алып, ізге біржола түсейін деп кейін 

қарай жүрдім (Жалын, 1972, №6, 68).

ТҮҢЛІКБАУ з а т. Киіз үй түңлігінің 

төрт бұрышына байланған бау; түндікбау

Киіз үйдің бау-шуы: басбау, аяқбау, уықбау, 



т ү ң л і к б а у, құр, терме, басқұр, желбау 

т.б. (А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір, 191).



ТҮҢЛІКТЕЙ  с  ы  н.  Түңлік  сияқты 

үлкен, жалпақ. Анда-санда т ү ң л і к т е й

ақ орамалымен маңдайының терін сүртіп 

қояды (Қаз. əдеб., 06.02.1987, 8).

ТҮҢЛІКШЕ з а т. с ө й л. Қақпанның 

түңлігі.  Т  ү  ң  л  і  к  ш  е  н  і  əлдене  басып 

кетсе  болды,  тиек  ағытылып,  қақпанның 

қос  жақтауы  шарт  етіп  қыса  қояды 

(Д.Досжанов, Зауал, 133).



Т Ү П :   Т ү б і   т ү с ке н   ш е л е к т е й . 

Даңғырлаған,  саңғырлаған.  Серігінің 

т ү б і  т ү с к е н  ш е л е к т е й даң-

ғырлаған қарлығыңқы жуан даусы естілді 

(К.Сегізбаев, Жылдың., 175).

ТҮПКІШ  з  а  т.  Ошақтағы  қазанды 

жерге түсіргенде астына қоятын шеңберлі 

зат; үйкек

ТҮПТЕЙ:  Түптей  айтсақ.  Түптеп 

келгенде,  турасын  айтқанда.  Қорғасын 

мен  мырыш,  алтын  мен  күміс,  вольфрам 

мен висмут, барит ... т ү п т е й  а й т с а қ

Менделеев  кестесіндегі  элементтердің 

отыздан  астамы  бір  Жəйремнің  өңірінде 

жатыр (Қаз. əдеб., 30.04.1976, 2).



ТҮПТЕМЕ  з  а  т.  Түптеліп  қойылған, 

қапталған  нəрсе.  Əңгімеге  арқау  болған 

орыс-қазақ сөздігі жатқан т ү п т е м е д е 

қазақ сөздерінің тағы да бір шағын жинағы 

бар екен (Қаз. əдеб., 20.06.1986, 10). Т ү п



т  е  м  е  с  і  н  д  е  бір  елі  ғана  шүберек-

тің жоқтығынан мұқабасы мен кітап беттері-

нің  арасы  үңірейіп  тұр  (Соц.  Қаз., 

14.03.1986, 4).



ТҮП-ТҰҚИЯН:  Түп-тұқияннан 

түк  қа лдырмады  [түп-тұқиянын 

қазды].  Ата-бабадан  бастап  боқтады, 

балағаттады  д.м.  Сондағы  «президент 

болады»  деп  күпсінткен  сотанақ  баласы

бір күні қора жақтан т ү п-т ұ қ и я н н а н

т ү к  қ а л д ы р м а д ы (Ж.Қорғасбек, Жын-

ды қайың, 94). Сол кезде жын ұрғандай, өз-

өзінен бүлініп, т ү п-т ұ қ и я н д ы қ а з ы п

шығады (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 435).



ТҮПТҰЛҒА  з  а  т.  ə  д  е  б.  Жазу-

шы  шығармасына  типтік  бейне  болған 

адам.  С.Мұқанов,  айталық,  өзі  жазған 

шығармаларының т ү п т ұ л ғ а л а р ы м е н

(прототиптерімен) кездесіп, сұхбаттасуды 

салтқа сіңірген екен (ҚазССР ҒА Хабарла-

ры, 1975, №3, 11).

ТҮР з а т. қ. ө н е р. Киізге, кілемге тағы 

басқаларға  салынған  əртүрлі  түсті  ою-

өрнек. Сосын т ү р л е р г е арналған жүнді 

бояп, одан т ү р жіптерін иіреді (Лен. жас, 

12.03.1976, 3). 

Түрі  өрт  сөндіргендей.  Бет  əлпеті 

əлем-тапырақ,  əлем-жəлем,  ұсқынсыз. 

Қайсыбіреуінің т ү р і  ө р т  с ө н д і р 



г е н д е й. Егер қыз табылар болса, түтіп 

жейтіндей (М.Құдайқұлов, Құпия., 54).



ТҮРГІШ з а т. Трактордың топырақ-

ты, қарды түре ысыратын бөлшегі. Трак-

торы т ү р г і ш і н ернеуден асыра, терең 

шұңқырдың  шетіне  тіреле  тоқтағанда  екі 

көзін  тарс  жұмып  алған  (Ж.Қорғасбек, 

Жынды., 4).

ТҮРЕНДІ с ы н. Түрені бар, дүзді. – Иə, 

төрт атқа жегетін қос т ү р е н д і соқамен 

жырттым (Ш.Айтматов, Ерте келген., 36). 

Бес т ү р е н д і соқа соңында қаптаған қара 

тамақ ала шымшықтар мен ұзақ қарғалар 

(Қазақст. пионері, 26.01.1972, 2).



604

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТҮРЕНСІЗ с ы н. Түрені жоқ, дүзсіз. 

Бұл дүниенің тірегі түренде тұр ғой. Т ү р 



е н с і з соқа не бітіре алады (Ш.Мұртазаев, 

Қара маржан, 186).



ТҮРКЕШ  з  а  т.  Түрік  тектес  тай-

палардың бірі. – Т ү р к е ш т е р бұрын 

да, қазір де біздің бұқарамыз болған, бола 

да  бермек, - деді  Елтабір  (Т.Зəкенұлы, 

Мəңгітас, 486).



Т Ү РМ Е   з   а   т.   Ас ы л   ( қ ы м б а т ) 

маталардың  бір  түрі.  Сəнденіп  шашын 

тараған  Қалыбы  түскен  сұңқардай,  Ауда-

рып көзін қараған Атлас, жібек, т ү р м е 

д е н Етіне басқа нəрсе тимеген (Ертедегі 

əдеб. нұсқа., 19).



Түрме бөрік... Басында т ү р м е  б ө р 

і к, белде кемер, Жарқылдап қарулары от-

тай  жанар.  Қыр  мұрын,  қынама  бел  əсем 

жігіт  Көргеннің  көзі  тойып  мейрі  қанар 

(Н.Ахметбеков, Аманкелді, 105).



ТҮРМЕЛЕ  е  т.  Етегін  түрмелі  етіп 

жасау.  Күніш  оның  басындағы  қара 

бұйра елтірімен т ү р м е л е г е н төбесі 

шошақтау  көк  мауыты  бөркінен  таныған 

(Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр, 1, 402).



ТҮРМЕЛЕН¹  Түрмеле

1

  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Бөрік  елтірімен 

немесе  аң  терісімен  т  ү  р  м  е  л  е  н  і  п, 

қымбат,  қалыңдау  матамен  тысталады 

(ҚСЭ, 2, 447).



ТҮРМЕЛЕН²  Түрмеле

2

  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Елге  ұйтқы 

болады-ау деген көзі ашық адамдар т ү р



м е л е н д і (Қаз. əдеб., 05.06.1992, 10). 

ТҮРМЕЛІ:  Түрмелі  перде.  Түріліп 

қойылатын  перде.  Ашылып-жабылуына 

қарай перделер т ү р м е л і  п е р д е жəне 

сырмалы перде болып бөлінеді (Шаңырақ, 

71). Т ү р м е л і  п е р д е л е р д і ақ түсті 

жібек  матадан  толқын  тəрізді  жиырып 

тігеді (Бұл да).



ТҮРМЕШІК  з  а  т.  Түрмеге  қамалып 

шыққан, сотталған адам. Əйелдің сыйқы 

анау, бір т ү р м е ш і к п е н əуей болып 

жүрген (Д.Рамазан, Жылап аққан., 250).

ТҮРНИЯЗ з а т. Сүт, су қосып жасалған 

тағамТ ү р н и я з д ы дайындау тəсілі: 2 л. 

сүтке жарты л. су құйып қайнатады да, бір 

уыс ұн шалады. Содан кейін бір кесе сөк са-

лып, 10-15 мин. қайнатады. Пісерде 100-125 

гр. сарымай салады жəне езілген құрттың 

қою малтасын қосады да, 3-4 мин. пісіріп, 

бұқтырып қояды (Тары тағамдары, 76). 

ТҮРСІЗ с ы н. Түр салынбаған. Бояуы 

оңыңқырап  кеткен  терме  алаша,  əр  жері 

іріп, шабырлана бастаған т ү р с і з қара 

киіз  төсеулі  жатыр  (Ж.Нəжімеденов,  Ақ 

шағыл, 9).

ТҮРТКІЛЕУШІ  з  а  т.  Қайта-қайта 

түрткен адам, түрткілей беруші. Соқыр 

теке болған адам т ү р т к і л е у ш і л е р



д  і  ң  біреуін  ұстауға  тиіс  (Қ.Толыбаев,

Бабадан., 121).



ТҮРУЛІ  с  ы  н.  Жоғары  қарай  шиыр-

шықталған, түрілген. Т ү р у л і киіз есік 

қазақы өнердің озық үлгісімен көмкерілген 

(К.Жүністегі, Едіге, 251).

ТҮРІК:  Түрік  ерін.  Ерні  дүрдиген, 

түріңкі. Дөңгелек жүзді, бүйрек бет, т ү р 

і к  е р і н, нəркес жанар от шашып, ілкі-сəт 

бойындағы ашқарақ сезімді кері серпіп, са-

басына түсіргендей болған (Ө.Қырғызбаев, 

Қырда., 92).



ТҮРІКМЕН:  Түрікмен  ер.  Түрікмен-

дерге тəн, түрікмен үлгісіндегі ер. Айдау 

т ү р і к м е н  е р д і ң алдыңғы қасына 

ілген оюлы киіз қап, шанағы жұдырықтай 

домбырасы  бұлғақтап  келеді  (Қаз.  əдеб., 

04.05.1973, 3).



Түрікмен  кілем.  Түрікмен  елінде 

тоқылған  кілем.  Кілемнің  қазақ  арасына 

көп  тараған  түрлері:  масаты  кілем,  қалы 

кілем, тақыр кілем, түкті кілем, бұхар кілем, 

терме кілем, т ү р і к м е н  к і л е м, парсы 

кілем,  арабы  кілем  т.б. (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 53).



ТҮРІКПЕН з а т. с ө й л. Түрікмен. Мұн-

да кіл орыс-қазақтар мен ат өнерін білетін 

қазақ, қырғыз, т ү р і к п е н, ойраттар жи-

налыпты (Жұлдыз, 1973, №4, 103). 



ТҮРІКПЕНДІК  з  а  т.  Түрікпенге  тəн 

қасиет (ерекшелік). Қазақтық пен т ү р і к

п е н д і к т і менсінбей айта ма, болма-

са, басқа мəні бар ма, соны білгім келеді 

(Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 69).

ТҮРІКПЕНШЕ  ү  с  т. 1. Түрікпен 

тілінде (сөйлеу). ≈ Ол т ү р і к п е н ш е біле-

ді  екен. 2. Түрікпен  тəсілімен,  түрікпен 



əдісімен. Бау-шуы төгіліп, біреуі т ү р і к

п  е  н  ш  е,  біреуі  башқұртша  зерделене 

тоқылыпты (М.Мəжитов, Аманғали, 20).



ТҮРІКТЕН е т. Түріктердің тілін, салт-

дəстүрін қабылдау, түрік болу. Қазақстан 

территориясындағы түрік жəне т ү р і к т 



е н г е н маңғол рулары мен тайпаларының 

этникалық өзара қатынасы қайта жандан-



605

Байынқол Қалиев

ды (КСЭ, 6, 384). ...Қазақ хандығы өзінің 

шекарасын  кеңейтіп,  бұрынғы  өзбек 

хандығының  мекенін  түгелдей  қамтып, 

оның құрамына барлық түрік тектес немесе 

т ү р і к т е н г е н тайпалар қазақ атанды 

(Қаз. əдеб., 06.09.1974, 3).



ТҮРІКТЕНУ  Түріктен  етістігінің 

қимыл атауы.

ТҮРІКШЕ ү с т. Түрік тілінде (сөйлеу), 

түрік  тіліне  (аудару).  Пəкістан  мен 

Түркияда  бірнеше  рет  ұрдуша,  т  ү  р  і  к 



ш е аударылып басылған кітаптың аты да 

– «Қазақ  көші»  еді  (Қалибек  Хакім., 14). 

Оның қолына қазақша дейтін қазақша емес, 

түрікше дейтін т ү р і к ш е емес, татар ша-

лыстау хат əкеліп тапсырды (М.Разданұлы, 

Алтай., 12). Т ү р і к ш е тіл курстары ашыл-

ды (Халифа Алтай, Алтайдан., 104).

ТҮРІКШІЛ  с  ы  н.  Түркі  халықтары-

ның жыртысын жыртушы, қамын ойлау-

шы.  Қалекең  Түркияның  т  ү  р  і  к  ш  і  л,

міллəтшіл  қайраткерлерімен  жақсы 

араласқан,  кездесіп,  əңгіме-дүкен  құрған 

(Қалибек Хакім., 118).



ТҮРІЛІҢКІРЕ е т. Аздап түрілу, сəл ғана 

түрілу. Жұқа шыт көйлектің етегі т ү р і л і 

ң к і р е п кетіпті (О.Ахмет, Қарқаралы., 256).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет