Тапсырма 1.
Тақырып. Кіріспе. Метрологияның мәні мен мазмұны
Төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріп тапсырманы орындаңыз. Жауапты файл менеджері арқылу жіберу керек. Тапсыру уақыты – 3- оқу аптасы.
Сұрақтар:
Теориялық метрологияның міндеттері.
«Метрология» ғылымы (пәні) «Өлшеу» деген ұғымды білдіреді. Өлшеу деп физикалық шаманың мәнін тәжрибе жүзінде арнайы құралдармен анықтауды, табуды айтады.
Өлшеу немесе өлшеулер ғылым мен техника дамуының және табиңат пен қоғамда болып жататын саналуан құбыдыстар мен үрдістерді танып білудің негізгі жолы болып есептеледі. Сол себепті метрологияның ғылым мен техниканың және өндірістің барлық саласындағы рөлі, әсіресе, өнім сапасын бақылаудағы, оны жетілдірудегі, басқарудағы және бағалаудағы маңызы зор. Мемлекеттік стандарт (ГОСТ 16263-70) метрологияға төмендегідей анықтама береді.
Метрология өлшеулер туралы және өлшеу нәтижелерінің дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылым (пән).
Өлшеудің маңызы турады үлкен оқымыстылардың төмендегідей ой-пікірленін келтіруге болады.
Г. Галилей.1564-1642 гг. Измерить все, что измеряется и сделать измеримым то, что неизмеримо.
Өлшенетінің барлығын өлшеу керек те, өлшенбейтінді өлшенетін ету керек.
Якоби Б.С. 1801-1874 гг. Измерения являются могучим оружием, созданным человеческим разумом для проникновения в законы природы.
Өлшеулер адамзаттың ақыл-ойымен табиғаттың заңдарын тануға жасалған (зор) құдыретті қаруы.
Ульям Томсон (лорд Кельвин) 1824-1907 гг. Всякая вещь известна лишь в той степени, в какой ее можно измерить.
Әр зат оларды өлшеудің деңгейіне байланысты ғана белгілі.
Д.И. Менделеев 1834-1907 гг. Всякая наука начинается с измерения. Истинную науку нельзя представить без измерения.
Кез келген ғылым өлшеуден басталады. Шынайы ғылымды өлшеусіз ойлау, елестету мүмкін емес.
В.И. Ленин 1870-1924 гг. Электрон также неисчерпаем как и атом, природа бесконечна.
Атом сияқты электрон да сарқылмайды, таусылмайды. Табиғат шексіз.
Метрологияның (өлшеу жұмыстарының) маңызын үш бағытта – философиялық, ғылыми, техникалық- қарауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |