ЗУҺРА з а т. к ө н е. а с т р. Шолпан.
З у һ р а, яғни Шолпан жұлдызы жылдың
əр мезгілінде аспан көгінде көрінуге орай
əртүрлі болып туады (Қаз. этнография., 2,
636). Телміріп тылсым көкке тіл қатады:
«Қайдасың, аспандағы з у һ р а жұлдыз?
Мені де өз жаныңа шақырсаңшы, Мен-дағы
сен секілді мұңлы жалғыз» (Қ. Аманжолов,
Шығ., 2, 27). З у һ р а жұлдызы қай уақытта
аспанның қай жеріне барғанда дұрыс бо-
лады дегенді де біледі (Егем. Қазақст., 05.
09. 1992, 3).
238
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЗҰЛПЫ з а т. Асыл тұқымды жампоз
нардың қолтық, төс тұсында өсетін ұзын
салалы бұйра жүн. З ұ л п ы н ы əйелдер
шашқа қосып өретін дəстүр болған (Қаз.
этнография., 2, 636).
ЗҰРНАЙ з а т. м у з. с ө й л. Зұрна. Кер-
ней, з ұ р н а й пышақ кескендей сап болды
(Ш. Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 221). Кенет
бүкіл əлемді басына көтере барылдаған
керней үні шықты. Оған шиқылдаған з ұ р
н а й д ы ң ащы дауысы қосылды (І. Есен-
берлин, Жанталас, 75).
ЗҰРНАЙШЫ з а т. Зұрнада ойнаушы,
зұрна тартушы. Ханның аңға аттанатын
күні жеткенде, адыр басына кернейші, з ұ
р н а й ш ы л а р ы шығып, бүкіл даланы ба-
сына көтере, барылдата тартып, аңшыларға
«жиналыңдар» деп белгі берді (І. Есенбер-
лин, Алмас., 24). З ұ р н а й ш ы л а р мен
кернейшілер құрметті мейманның өзі билеп
кеткеніне мəз болып, музыканы құтырта
тартты (Ш. Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 220).
ЗҮБƏРЖАТТАЙ с ы н. Зүбəржат
секілді, зүбəржат тəрізді. Бүгін де
түбіндегі ақты-көкті тастар з ү б ə р ж а
т т а й жарқырап жатыр (Шамшырақ, 20.
11. 1971, 2).
ЗЫБЫН з а т. к ө н е. Сырт киімнің бір
түрі. Хан екенін танысымен, күз күніне
лайық сұр з ы б ы н, елтірі малақай киген
суық өңді үш жігіт те үздік-создық аттан
түсті (М. Мағауин, Аласапыран, 2, 163).
ЗЫҒЫР з а т. Зығыр өсімдігінің дəні,
тұқымы. – Біздің колхоз өткен жылы қанша
з ы ғ ы р алды? – Тоннаға жақын алдық қой
деймін (С. Мұқанов, Сыр Дария, 601). Мы-
салы қалбырмен бидай елейді; елеуішпен
тары, қонақ, з ы ғ ы р елейді. Ал елгезермен
тек ұн елейді (Оңт. Қазақст., 01. 11. 1968, 4).
ЗЫҒЫР : Зығыр етті. Зықысын
шығарды, мазасын кетірді. Ауылнай
қысылып, Ыбырайды оңаша шақырып
алып сөйлесіп, тоқты сой деп з ы ғ ы р
е т т і (Б. Майлин, Таңд., 267). Ол əлгіде
қабағын түкситіп келіп, мектеп үйіне
төлейтін ақшаңды қалдырмай төле деп з ы
ғ ы р е т і п кетті (Бұл да, 287).
ЗЫҒЫРСЫЗ с ы н. Ашусыз, кексіз.
– Жетістірдің, қалқам, – деді Сары Шая.
Зілсіз, з ы ғ ы р с ы з, жайбарақат айтты
(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 238).
ЗЫҒЫРЫҚ: Зығырық атқызды. ж е
р г. Зықысын шығарды, ығыр етті. Пионер
ұйымының ісімен таныс емессіңдер деп
класс жетекшілерін де з ы ғ ы р ы қ а т қ ы
з а д ы (А. Жұмаділдин, Сең бұзыл., 108).
ЗЫҚҚЫ: Зыққы көрді. с ө й л. Зықысы
шықты. Кемпір де бұрынғы келінінен з ы қ
қ ы к ө р і п қалған ба, артық сөз айтпайды
(Б. Тоғысбаев, Ақтоты, 143).
ЗЫМЫРЫҚ... З ы м ы р ы қ – ертегі
мен аңыздарда кездесетін мифологиялық
образ (Қаз. этнография., 2, 639).
ЗЫМЫСТАНДЫҚ з а т. Қулық,
сұмырайлық. Басқа адам болса, бір з ы
м ы с т а н д ы қ жасар ма еді кім білсін
(А. Нұрманов, Құлан., 69).
ЗЫҢҒУ Зыңғы етістігінің қимыл
атауы.
ЗЫҢҒЫ е т. с ө й л. Зыңылдау,
шыңылдау, зың ету. Мың түрлі үн құлақ
түбінен з ы ң ғ ы п өткенде ес-тұстан айры-
лып, мəңгіп қалады бір уақ (Ж. Қорғасбек,
Жынды қайың, 14).
ЗЫПТУРЫН с ы н. 1. Зып ете түсетін,
зып беретін; тез жүретін. «Том мен
Джерри» мултфильміндегі дəу мысықтан
қашқан екі з ы п т у р ы н тышқан секілді
бас сауғалаймыз да жүреміз (Б. Омарұлы,
11-ші қаламұш, 235). 2. а у ы с. Зыпылдақ,
су жұқпас (адам). Бұл з ы п т у р ы н н а н
басқа не күтуге болады? (З. Қабдолов,
Менің Əуезовім, 114).
ЗЫРАҚ з а т. ж е р г. Кəшек. Қораның
ығына з ы р а қ шөп шашып, қойды соған
иіріп тастапты (С. Лəмбеков, Əке жолы, 42).
ЗЫРҒОРДА: Зырғорда болды. ж е р
г. Зəрезап болды. Тағдырдың қиындығына
жаншылып, əбден з ы р ғ о р д а б о п қалған
жүрек əлденеден шошынғандай дір ете
түсті (Е. Тұрысов, Ақбақай, 4).
ЗЫРСАТЫ з а т. ж а ң а. Лифт.
Тоғызыншы қабаттағы пəтеріне з ы р с а
т ы м е н көтеріліп бара жатып та, жарты
аспандағы жайынан төмен түсіп келе жа-
тып та өз жайын ойлайды (Қ. Тоқмырзин,
Керзаман, 3, 273). З ы р с а т ы сол ме-
зетте төменге жетіп, ысырмалы есік қақ
жарылған (Бұл да).
ЗЫРТҰЯҚ: Зыртұяқ болды. Қашып-
пұсып күн көрді, зыр қақты. Қажыгелді
лаңынан шошынды көріп, з ы р т ұ я қ б о л
ғ а н Əнбияның намазынан жаңылып, есінен
адасуы тегін емес (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 80).
ЗЫРЫЛДАУЫҚ з а т. Қаңылтыр
қораптың ішіне темір немесе тас салып,
239
Байынқол Қалиев
оны шыр айналдыру арқылы малды үркіте
айдайтын құрал. Сол-сол-ақ екен, далақтай
шапқан шабармандар құлын-тайы аралас
қылқұйрықтар үйірін з ы р ы л д а у ы қ
п е н үркіте айдап, қалың əскердің үстіне
қаптатты да жіберді (А. Əшімұлы, Шығ.
жин., 5, 49). Əлдеқайдан келіп қалған əлде
кім з ы р ы л д а у ы ғ ы н зырылдатып,
біздің жылқыны қуа жөнеліпті (Қ. Исабаев,
Серт, 145).
ЗЫТҚЫР с ы н. Білмейтіні жоқ, қу,
сұм. – Тоқа əдейі келгесін Шерəлінің
қарындасынан бірдеме біліп кетуіміз керек
қой... – Əй, з ы т қ ы р с ы ң-ау, Сансызбай...
(О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 43).
ЗЫТТЫБАЙ з а т. с ө й л. Бір нəрседен,
біреуден қашып жүретін, жоламайтын
адам. Шынымен осы Сейтназар құл-
қын қамын ойламайтын ақ жүрек пе,
əлде анау-мынауға арандағысы келмейтін
з ы т т ы б а й м а (О. Сəрсенбаев, Бақыт
құсы, 54).
ЗІДІ з а т. ж е р г. Негізі, жаратылысы.
Əкесі бірер жыл есепші болған, бірер жыл
қойма ұстаған, ісіне адал, з і д і жуас адам
еді (Н. Дəутайұлы, Аты жоқ., 16).
ЗІЛ з а т. к ө н е. Мүйізтұмсық. Қазақ
«піл ауыр ма, з і л ауыр ма» дейді. Бұл жерде
«з і л» деп мүйізтұмсықты айтып отыр (Қаз.
əдеб., 09. 08. 2013, 4).
ЗІЛ: Зіл түсті. Өсімдік зіл ауруымен
ауырды. З і л т ү с к е н бидайдың сабағы
тез сынғыш келеді. Оның үстіне бидай
дəн салмайды, салса дəні сапасыз бола-
ды (Қазақст. ауыл. шаруаш., 1969, №6,
26). Пісіп кеткендіктен бе, жоқ əрі-бері
тасып жүргеннен босады ма, сол қауын-
ның үштен біріне жуығына з і л т ү с і п,
шіріп, ит жемеске айналды (Жұлдыз, 1970,
№10, 105).
ЗІЛДЕН е т. Ауырлау, салмақтану.
Дымқыл тартқан ер-тұрман з і л д е н е түсті
(Ш. Айтматов, Ерте келген., 108).
ЗІЛДОЙЫР с ы н. Қаһарлы, дойыр, ұр
дажық. Байқара шектінің тоқымы қаннан,
тақымы терден кетпейтін з і л д о й ы р
жуан аталарынан емес-ті (Ə. Кекілбаев,
Үркер, 462).
ЗІЛ-ЗІМІР з а т. Зілдей ауырлық. Есін
жиған кезде өзін тұтастай тұмшалап
алған ақмұнар сейіліп, төбесінен төмен
басқан з і л-з і м і р д е н жеңілейіп қалады
(М.Айымбетов, Құмөзек., 50).
ЗІЛМАУЫРЛЫҚ з а т. Ауырлық,
зілдейлік. Сырттай қарағанда сылбыр
көрінетін жігіттің табандап жатып алатын
з і л м а у ы р л ы ғ ы бар екенін Тоқтарбай
Қуаңдарияға келгелі бері танып-біліп
үлгерген (О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 176).
ЗІЛСАНДЫҚ з а т. ж а ң а. Құнды
қағаздар мен заттар, ақша сақтайтын
өте ауыр темір (шойын) сандық; сейф.
Есентай з і л с а н д ы қ т ы ң өзінің
туған күні мен туған жылынан тұратын
құпия сандарын дөңгелетіп теріп шықты
(Ж. Қорғасбек, Жынды., 235). Ол кабинетте
өзінен басқа ешкім жоқ болса да, з і л с а н
д ы қ т ы ң аузын бар денесімен қалқалай
қойды (Бұл да).
ЗІЛСУ Зілсі етістігінің қимыл атауы.
ЗІЛСІ е т. Ызғар төгу, зілдену. –
Оны бөтен көрсеңдер өз обалдарың
өздеріңе! – деп Қасым ауылнай з і л с і д і
(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 85).
ЗІЛТЕМІР... З і л т е м і р көтеріп,
күш-жігерлері мен кəсіби шеберлігін
ұрымтал сəтте тиімді пайдаланғандар
алғашқы жүлделерін Қазақстан қоржынына
салғанын атап айтуға болады (Егем.
Қазақст., 15. 05. 2009).
И
И: И сіңді болды. И сіңіп болды, иі
қанды. Сосын и с і ң д і б о л ғ а н теріні
кермеге іліп, қырғышпен қырады, шелиді,
шелін алады (Жалын, 1973, №1, 83).
Иі бос. Жуас, момын, ширақ емес. Ебін
тауып, дені сау, ширақ сəбиді өздерінің
жарыместеу, и і б о с деп есептейтін жаңа
туған балаларымен ауыстырып алудың
амалын іздейтін көрінеді (Қ. Толыбаев,
Бабадан., 189).
ИВРИТ з а т. Еврей халқының ұлттық
тілі.
ИВРИТШЕ ү с т. Иврит тілінде (сөй-
леу). – Онда неге Израиль и в р и т ш е сөй-
лейді? Олардан өзге бірде-бір ұлт ол тілде
сөйлемейді ғой (Жас Алаш, 17. 08. 2012, 7).
240
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ИГРЭК з а т. м а т. «Икстен» кейінгі
белгісіз санның шартты таңбасы-
ның аты. Қиналып отырғандығы сондай:
«Икс тең болады түбір астында «а» жəне
и г р э к», - деген даусы да шығып кетеді
(М. Қабанбаев, Жиһанкез., 194).
ИГУАНА... И г у а н а л а р – теңіздегі
тіршілік ортасын игерген бірден-бір
кесірткелер (Су асты. тіршілік, 69).
И г у а н а л а р ең ыстық түскі мезгілде
қоректенгенді ұнатады. Тойып алған соң
жылыну үшін жағаға асығады (Бұл да).
ИДЕАЛДАН е т. Биік мұратқа, асқақ
арманға (идеалға) айналу, үлгі болу. Тіпті
Үсен деген (Асан мен Үсен) есімнің өзі и д
е а л д а н д ы (Б. Омарұлы, Қаратерең., 34).
ИДЕАЛДАНУ Идеалдан етістігінің
қимыл атауы.
ИДЕАЛИЗАЦИЯЛА е т. Идеалға,
асқақ арманға айналдыру. – Кім даланы
и д е а л и з а ц и я л а п отырған? – деп
Байсал енді кіділене қалды (О. Сəрсенбаев,
Жақсының көзі, 71).
ИДЕАЛИЗАЦИЯЛАУ Идеализацияла
етістігінің қимыл атауы. – Түсінем ғой,
əрине. Дегенмен, даланы бүйтіп и д е а л и з
а ц и я л а у ғ а өз басым түгелдей қарсымын
(О. Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 71).
ИДЕОЛОГИЯСЫЗДЫҚ з а т. Қоғам
идеологиясының жоқтығы. Тіпті и д е о
л о г и я с ы з д ы қ т ы ң өзін идеология
ретінде қабылдау басым (М. Шаханов,
Мəңгүрт., 51).
ИДЕЯЛАС... Айқас қана жеткізеді
жеңіске, Жеңіп қана ел болдық біз ірі алғаш,
Ауған, араб, неміс те Бізбен бірге и д е я л а с,
ұрандас (Ж. Нəжімеденов, Ұрпағым., 165).
ИЕГЕР
1
з а т. 1. Бір нəрсеге ие бо-
лушы, иеленуші, меншіктенуші. Ол кісі
республикалық дербес пенсионер, еңбек
ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің и е
г е р і (Лен. жас, 26. 04. 1988, 4). 2. Бір
нəрсені ойлап тапқан адам, автор. Енді
ешкім де осы тектес дəрі жасап, оған и е г
е р бола алмайды. Өйткені «қызылмайды»
ойлап тапқан адам бар (Алм. ақшамы, 04.
03. 1993, 4).
ИЕГЕР
2
з а т. ж а ң а. Лауреат. Кейінгі
10-15 жыл ішінде жаңадан жасалған
телеəңгіме, тыңгер, саяжай, бомбапана, и е
г е р (лауреат) сияқты неологизм сөздердің
ескерілгені қуантады (Қаз. əдеб., 08. 09.
1989, 6).
ИЕГЕРЛІК з а т. Ие болушылық,
иемденгендік. И е г е р л і к – оңай шаруа
емес (Қаз. əдеб., 31. 08. 1990, 11).
ИЕГЕРШІЛІК з а т. Ие болушылық,
иеленушілік. Осылайша жас ұрпақ халықтық
мұраға сеніммен и е г е р ш і л і к ете алады
(Қ. Толыбаев, Бабадан., 76).
ИЕКТІК з а т. Кимешектің бет
ойығынан төменгі, адамның иегінің асты-
на келетін бөлігі (Қаз. этнография., 2, 646).
ИЕКТІЛЕУ с ы н. Иегі үлкендеу,
шығыңқылау. Кескін-келбеті жоғарғы
қ а у ы м н а н ш ы қ қ а н ы н а ң д а т а -
ды. Мұрындылау, и е к т і л е у, киінген
түрі де келісімді (Ғ. Мүсірепов, Жат
қолында, 226).
И ЕЛ Е Н Д І РУ. . . Б і зд і ң з а м а н ы -
мызда кешегі ұлылық үлесін бүгінгі
қарабайырлыққа и е л е н д і р у сирек те бол-
са кездесетін жай (Жалын, 1974, №6, 16).
ИЕЛЕНІЛУШІ з а т. Иелікке өткен
зат; меншіктелуші. Бірақ тəуелдеу кате-
гориясы үнемі иеленушіні (меншіктеушіні)
жəне и е л е н і л у ш і (меншіктелуші) затты
ғана білдіріп қоймайды, бір заттың басқа
бір затқа қатысын да білдіреді (Қазіргі қаз.
тілі, 223).
ИКАМАТ з а т. а р. д і н и. Намазға
тұру. Намазға тұру (и к а м а т) мен на-
маз оқу алдында құбыланы (қибла – намаз
оқығанда бет бұратын жақ) айқындау жайы
да ұмыт қалмаған (Егем. Қазақст., 14. 12.
1991, 6).
ИКЕМДЕЛІҢКІРЕ е т. Аздап икемделе
түсу, ыңғайлану. Кім не десе, о десін, олар
қыстық қара дарбыз, т.б. өсіріп, нарыққа
и к е м д е л і ң к і р е п қалған (М. Байғұт,
Бұла бұлақ, 199).
ИКЕМДЕЛІҢКІРЕУ Икемделіңкіре
етістігінің қимыл атауы.
ИЛАШАРЫҚ з а т. ж е р г. Амал, айла.
Сынадай кірігіп, ауыз бірлікпен үй шетінен
үй жалғап, домбайлап и л а ш а р ы қ етті
(Лен. жас, 09. 01. 1973, 4).
ИЛАНЫС Илан етістігінен жасалған
ортақ етіс. Алғаш қорқатын, алайда
бірсін-бірсін күмбезден қамқор, аспаннан
абзал əлем жоқ екеніне имандарымен и л а
н ы с қ а н (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 58).
ИЛАНЫСУ Иланыс етістігінің қимыл
атауы.
ИЛƏҺИ//ИЛƏҺИМ з а т. а р. Құдай,
құдайым, құдірет д.м. Жылармын сені
241
Байынқол Қалиев
ойласам күн мен түні, И л ə һ и, кінəлі етпе,
мен құлыңды (Бабалар., 1, 55).
ИМАН: Иманға ұйыды. д і н и. Аллаға
сенді, мұсылмандық парызын өтеді. Ораза
біткеннен кейін барлық мұсылман қауым
мешітке жиналады. Сол арада и м а н ғ а
ұ й ы п, айт намазын оқиды (Қ. Толыбаев,
Бабадан., 16).
Иман ету. д і н и. Ислам дінінің бес
парызының біреуі. Ислам дінінің бес па-
рызы бар. Олар: и м а н е т у, намаз оқу,
қажылыққа бару, ораза ұстау, зекет беру
(Қ. Əбілқайыр, Текес., 207).
Иманынан жұрдай болды. Иманынан
айырылды, имансыз болды. Олла, билла,
көгермейін, көктемейін, жалшымайын,
оңбайын, қызығымды көрмейін, опа тап-
пайын, несібемді ит жесін, и м а н ы м н а н
ж ұ р д а й б о л а й ы н, – деп ант-су ішіп
шұбырта жөнелді (Жұлдыз, 1972, №4,34).
Иманын бір уыс қылды. Иманын
ұшырды, қорқытты. Біраздан бері құла-
ғымның етін жеп бітіріп еді, кеше и м а н
ы м д ы б і р у ы с қ ы л д ы (М. Сқақбаев,
Қырық қыз, 19).
Иманың күйгір! қ а р ғ. Имансыз
қалғыр, иманыңнан айрылғыр! И м а н ы ң
к ү й г і р д і ң шімірікпей айтып тұрғанын
қарашы! –деп шабарман сегізкөзден теуіп-
теуіп жіберді (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 89).
ИМАНƏЛІ з а т. б о т. Таулы аймақта
ерте көктемнен бастап күзге дейін өсетін
шөп (Алматы обл.).
ИМАНГЕРШІЛІК з а т. Иманы
барлық, имандылық. Қызара білетін жаны
жұқа жандардың өн бойынан теңдесі жоқ
сұлулықтың, и м а н г е р ш і л і к пен
шыншылдықтың лебі еседі (Т. Əбдікұлы,
Парасат., 37). Алғашқы күні жаралыларды
зембілге салып, оны тұтқындар көтеріп,
адами қауымға тəн и м а н г е р ш і л і к рəсімі
жасалған болатын (Бұл да, 114).
ИМАНЖҮЗДІЛЕУ с ы н. Жылы
жүзділеу, кішіпейілдеу. Үй іші и м а н
ж ү з д і л е у көрінді (Ж. Молдағалиев, Алғ.
қоңырау, 61).
ИМАНЖҮЗДІЛІК з а т. Ар-ұяты, има-
ны барлық. Олардың қай-қайсысы да
адамдыққа, и м а н ж ү з д і л і к к е, мəдениет-
тілікке тəрбиелейді (М. Арын, Бес анық, 62).
ИМАНСУ: Имансу ішкізу. д і н и. Көз
жұмар алдында науқас адамның аузына
дем салынған су тамызу салты. И м а н с у
і ш к і з у көз жұмғалы қиналып жатқан
адамның жұмаққа деген сенімін артты-
рып, жанының қиналмай тезірек шығуына
мүмкіндік жасайды (А. Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік, 5, 58).
ИМЕКТЕ е т. с ө й л. Бір нəрсенің басын
ию, имек жасау. ≈ Ол кезде қармақ жоқ. Біз
зымның ұшын ұштап, басын и м е к т е п,
өзіміз қармақ жасап алушы едік.
ИМЕКТЕУ Имекте етістігінің қимыл
атауы.
ИНАҚ
1
з а т. к ө н е. Əтек етілген,
тарттырылған ер адам. Берке ханның
ж а р л ы ғ ы б о й ы н ш а е с і р е й к ə п і р
Коломонның мұсылман дініндегі қыпшақ
қызы Құндызды қатын етіп алуды ойлаған
күнəсі үшін и н а қ етіп тартылсын
(І. Есенберлин, Алтын орда, 1, 132).
Қатындар ауылында еркек некен саяқ.
Оның өзінде де тек и н а қ, ат тəрізді
кестірілгендер (Бұл да, 1, 78).
ИНАҚ
2
з а т. к ө н е. Хан сарайындағы
жоғары лауазымды, ең ықпалды шонжар;
хан кеңесшісі. Моғолстанның жоғары
қызмет баспалдағында и н а қ т а р
(хан кеңесшілері), миршикар (аңшылық
бастығы), сондай-ақ наиб («орынбасар»)
жəне басқа қызметтерді атауға болады
(ҚазССР тарихы, 2, 198). Хиуаның и н а қ
т а р ы Жолбарысты тақтан түсіреміз деп
біраз қомпаңдасқан екен (Ə. Кекілбаев,
Елең-алаң, 66).
ИНАЛ к ө н е. Əкесі қара қазақ, шешесі
хан тұқымынан шыққан кісі; ақсүйектер
қатарына жатады. Бірақ хан тағына
отыруға хақы жоқ. Осындай жағдайда
Бату өзінің бір қызын Манғыт жігітіне
береді. Одан Ноғай деген и н а л туады
(І.Есенберлин, Алмас., 32).
ИНАЯТТА е т. Жамандау, өсектеу,
сөз ету; тілдеу, боқтау. – Қабағы қату
болғанымен сəлемі түзу көрініп еді. Босқа
и н а я т т а м а й ы қ! (С. Сматаев, Елім-
ай, 2, 184).
ИНВЕРСИЯЛАН е т. Сөйлемдегі
сөздерді орнын ауыстырып қолдану. Бұхар
қолданған эпитеттер и н в е р с и я л а н ғ
а н тіркестер болып келеді (Р. Сыздықова,
XVIII-XIX ғ. қаз. əдеб. тілі., 79).
ИНВЕРСИЯЛАНУ Инверсиялан
етістігінің қимыл атауы.
ИНДИЯЛЫҚ с ы н. с ө й л. Үнділік. –
Біз өсіріп отырған күріштен кореялықтар
242
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
мен и н д и я л ы қ т а р күріші де тұқымы,
сорты жағынан едəуір кейін (Ə. Ибрагимов,
Нағыз қайнар, 60).
ИНЕ: Инеден жаңа шыққандай. Жап-
жаңа, су жаңа. Үстінде аппақ көйлек, бүгін
ғана и н е д е н ж а ң а ш ы қ қ а н д а й
қара костюм. Кеудесі толған ордендер мен
медальдар (І. Есенберлин, Маңғыстау, 133).
Достарыңызбен бөлісу: |