КӨБІКТЕНДІР Көбіктен етістігі-
нен жасалған өзгелік етіс. Суды ақ к ө б і к
т е н д і р е аяқ-қолын шалпылдатып алды
(Қ. Омарұлы, Əке, 179).
КӨБІКТЕНДІРГІШ з а т. Суға көбік
беретін, көбіктендіретін химиялық қоспа
(Бекітіл. термин., 44).
К Ө Б І К Т Е Н Д І РУ К ө б і к т е н д і р
етістігінің қимыл атауы.
КӨБІКТЕНУ Көбіктен етістігінің
қимыл атауы.
КӨБІКТЕТ Көбікте етістігінен
жасалған өзгелік етіс (Х. Əдібаев, Таңбалы
адам, 123).
КӨБІКТЕТУ Көбіктет етістігінің
қимыл атауы.
КӨБІКТІЛЕУ с ы н. а у ы с. Бос сөзі
көптеу, мəнсіздеу. Өлең маған көпірмелеу,
к ө б і к т і л е у көрінді (М. Əлімбаев, Көңіл
күнд., 93).
КӨБІКШЫНЫ з а т. Ұсақталған шы-
нының пісіп жабысуы барысында алын-
ған материал (Терминол. анықт., 6, 199).
КӨГАЙЫЛ с ы н. Долы, бетпақ,
көкбет.
КӨГАЙЫЛДАН е т. Долыл ану,
көкбеттену, бетпақтану. Ол шалдың
келіні қиын, к ө г а й ы л д а н ы п тұрған
бірдеңе, бір аяқ асын бергенше берекеңді
бес тиын қылады (Ə. Тарази, Тасжар-
ған, 157).
К Ө ГА Й Ы Л Д А Н У К ө г а й ы л д а н
етістігінің қимыл атауы.
КӨГАЙЫЛДЫҚ з а т. Долылық, көк-
беттік, бетпақтық.
КӨГАЛА: Көгала келгір! «Көгала
ауруымен ауырғыр» д.м. қарғыс (Қаз. эт-
нография., 3, 152).
КӨГАЛДАНДЫРЫЛУ Көгалдан-
дырыл етістігінің қимыл атауы. Бұл
қойманың суымен совхоз орталығы да к ө
г а л д а н д ы р ы л у үстінде (Оңт. Қазақст.,
30. 11. 19972, 3).
КӨГАШТАУ Көгашта етістігінің
қимыл атауы.
КӨГЕН: Көген майлау. э т н. Алғаш
көген тартылғанда көгенге май жағып,
«төлдерің мол болсын» деген тілекпен
жасалатын ғұрыптық шара. Көшпелі
ортада к ө г е н м а й л а у д ы кез келген
адам емес, ақ жаулықты аналар істеген (Қаз.
этнография., 3, 154).
Көген толсын! «Қозы көбейсін» деген
тілек. Қозы көгендеп жатса, «к ө г е н т о
л с ы н» деу керек (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 2, 39).
КӨГЕНДЕЛУ Көгендел етістігінің
қимыл атауы.
КӨГЕНДЕСУ Көгендес етістігінің
қимыл атауы.
КӨГЕНСАБАҚ з а т. б о т. Өсімдіктің
жерге төселіп өскен бунақ-бунақ сабағы.
Қарлығанды к ө г е н с а б а ғ ы н жəне
қалемшелерін егіп-өсіріп көбейтуге болады
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1968, №11, 41).
Жерде жататын сабақтарды к ө г е н с а б а
қ т а р деп атайды (Ботаника, 87).
КӨГЕНТАМЫР з а т. б о т. Өсімдіктің
көлбей өскен бунақ-бунақ тамыры.
КӨГЕНТАМЫРЛАН е т. Көгента-
мыр пайда болу, көгентамыр өсу. Бұл
өсімдікті жылантамыр дейтін себебі,
өсімдіктің өскендегі түрі к ө г е н т а м ы р-
л а н ы п, шұбарланып, сұрланып жыланға
ұқсағандықтан шыққан (Ертіс, 10. 10.
1964, 4).
КӨГЕНТАМЫРЛАНУ Көгента-
мырлан етістігінің қимыл атауы.
272
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КӨГЕНТАРТЫС з а т. э т н. Ойын-
шылар екі топқа бөлініп, арасы жарты
метрден түйілген арқанның түйілген
жерлерінен ұстап, тартысып ойнау. К ө
г е н т а р т ы с ойыны бойынша ойын-
шылар екі командаға бөлініп ойнайды. Ол
адамдарды бірлесіп күш жұмсауға үйретеді
(Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 89).
КӨГЕНТОЙ з а т. э т н. Қой қоздап бітіп,
қозыларды көгендер алдында өткізілетін
кішігірім той-томалақ. Көгенге қатысты
ырым-тиымдардан басқа дəстүрлі ғұрыптар
да жетерлік. Соның бірі – к ө г е н т о
й (Қаз. этнография., 3, 153). Əдетте, əл-
ауқаты жақсы, малды адамдар к ө г е н
т о й кезінде өздеріне қолғабыс жасаған
кісілердің балаларына қозы-лақ береді
(А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 120). К ө
г е н т о й ғ а келгендер көген бұршақтары
мен қазықтарға ақ жағып, бата-ырым жа-
сайды (Бұл да, 5, 44).
КӨГЕНШАР з а т. Дегеншардан туған
бала (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 67).
К ө г е н ш а р д ы ң нағашы жұрт орта-
сында алатын орны ерекше, яғни ол жиен,
жиеншар сияқты ерекше құрметке бөленеді
(Қаз. этнография., 3, 155). Жиен, одан жи-
еншар, одан к ө г е н ш а р, одан дегеншар,
одан жүрежат, одан туған бала туажат деп
аталады (С. Кенжеахметов: Ана тілі, 25.
02. 2010, 3).
КӨГЕРЕҢДЕ е т. а у ы с. Көгеріп-сазару,
ашулану, ыза болу. Раушан апай əуелі к ө
г е р е ң д е д і, содан соң қызараңдады:
елден бəрібір жасыра алмайтынын білді
(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 132).
КӨГЕРЕҢДЕУ Көгереңде етістігінің
қимыл атауы. К ө г е р е ң д е у д е н басқаны
білмейтін бақырауық Зиба шай үстінде
етегіне сүрінген күйгелектіктен аулақ аса
бір сабырлы кеңдік танытты (Ə. Сараев,
Тосқауыл, 240).
КӨГЕРШІН з а т. а с т р. Жұлдыз аты.
Қазақ халқы Бөрі (Воли), Бүркіт (Орел),
Жылан (Змея), К ө г е р ш і н (Голубь),
Қоян (Заяц), Құзғын (Ворон), Сілеусін
(Рысь), Тауыс (Павлин), Тырна (Журавль)
т.б. деген сияқты жұлдыздарды да білген
жəне оларға ат қойған (С. Сəрсенова, Қаз.
тіл. астрон., 78).
КӨГЕРІС: Көгеріс өрнек. э т н. Өсімдік
пішінді немесе оның гүлі, жапырағы
тұрпаттас өрнек түрі. Күміспен сəндеп,
зер термей, Қошқармүйіз төңкермей,
Ұласым ою жараспас, К ө г е р і с ө р н е к
көмкермей (Қаз. əдеб., 09. 06. 1978, 4).
КӨГЕРІСТЕУ с ы н. Көгі көптеу, бау-
бақшасы молдау (Ш. Мұртазаев, Қызыл
жебе, 12). Ол к ө г е р і с т е у бір беткейге
жетті (Оңт. Қазақст., 04. 10. 1972, 3).
КӨГОРАЙ з а т. Қалың өскен көк шөп,
көкмайса.
КӨГӨЗЕК с ы н. Қыстың азық-түлігі
таусылуға жақындап, қалғанын үнемдей
бастаған кез (шақ).
КӨГӨНІС з а т. Жерге егіліп өсірілген,
азықтыққа жарамды өнім түрлері
(қызанақ, қияр, сəбіз, пияз т.б.).
КӨГІЛДІРЛЕНУ Көгілдірлен етіс-
тігінің қимыл атауы.
КӨГІЛЖІМДЕНУ Көгілжімден етіс-
тігінің қимыл атауы.
КӨГІСТЕНУ Көгістен етістігінің
қимыл атауы.
КӨДЕК
1
з а т. Есектің жас төлі, қо-
дығы. Есектің кішкентай баласын к ө д е к,
қодық, тақай деп, ал одан үлкенін тайқар,
есектің ұрғашысын мада, еркегін əңгі деп
атайды (Қаз. этнография., 2, 86).
КӨДЕК
2
с ы н. к ө н е. 1. Епсіз, ебедейсіз,
икемсіз; олақ. Батыр – аңқау, Ер – к ө д е к
(Мақал). 2. а у ы с. Пақыр, сорлы. Иа,
Алла, тіл-жағыма бергей медет, Қолдай
гөр, Ескелді би, өзің демеп. Ақ сүйек
ханзаданың баласы едің, Кембағал үй
артына келді к ө д е к (Жеті ғасыр., 2, 20).
Келместен неге жылады Мендей пақыр к ө
д е г і ң? Аруаққа келдім, мен Тезек, Одан
басқа не дедім?! (Бұл да, 22).
КӨДЕКТЕН е т. Ебедейсіздену,
икемсіздену (Кир.-рус. сл-рь, 1903).
КӨДЕКТЕНУ Көдектен етістігінің
қимыл атауы.
КӨДЕЛІК з а т. Көде өскен жер. Таяу
маңдағы бір к ө д е л і к т е н пыр етіп
жалғыз бозторғай ұшты (Қаз. пионері, 29.
07. 1972, 1).
КӨЖЕ-КӨПСЕГЕН з а т. Көже, т.б. та-
мақтар д.м. Енді к ө ж е-к ө п с е г е н і ң
д і ішіп алып, еш нəрсе ойламай, уайым-
қайғысыз ұйқыға бас қою ғана қолыңыздан
келер (О. Бөкеев, Қайдасың, 187).
КӨЖЕКТЕТ Көжекте етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
КӨЖЕКТЕТУ Көжектет етістігінің
қимыл атауы. Қоянды күтіп-бағудың, к ө
273
Байынқол Қалиев
ж е к т е т у д і ң ерекшеліктерін айтып
өтуді жөн көрдік (Қазақст. ауыл шаруаш..,
1972, №2, 24).
КӨЖЕҚАТЫҚ з а т. Кеспе көже
жасауға қажетті ет, май т.б. заттар.
Арон тұқымы, Малға кедей жан едім.
К ө ж е қ а т ы қ қой сұрап, Дүйсен деген
біреуге Кеше күндіз кеп едім (Сүйінбай:
Нар заман., 271).
КӨЖЕҚАТЫҚТЫҚ с ы н. Көжеқатық
боларлық, көжеқатыққа жарарлық (ет,
май) (Ə. Хасенов, Жат жазасы, 6).
КӨЖЕТОҚ с ы н. Қарны тоқ; қайғысыз,
уайымсыз. Бүгінгі к ө ж е т о қ қулар, сен-
дер түсінермісіңдер, сірə, оны (Қ. Салғарин,
Соқпақ., 117).
КӨЖЕТОҚТЫҚ з а т. Қайғысы
жоқтық, уайымсыздық. Манадан бері
көңілін ортайтпай тұрған к ө ж е т о қ т
ы қ əпсəтте ғайып болды (Қаз. əдеб., 12.
12. 1986, 10).
КӨЗ... 2. Аттың шашасының жоғарғы
жағына сіңір мен сүйектің арасына
жиналған сары су. «К ө з» екі қалтадан
тұрады. Томпайған ісікке үшкір бізді
тықсаңыз сары су ағып кетеді (Алматы
ақшамы, 13. 11. 1991, 3).
Көз аңғалағы. Көз орналасқан бас
сүйек шұңқыры. К ө з а ң ғ а л а ғ ы н а н
моншақ-моншақ жас төгіліп, төмен қарай
сорғалап жатыр (Лен. жас, 19. 05. 1981, 3).
Көз ауруы. м е д. Көзге вирус түскен-
діктен болатын жұқпалы ауру. Олардағы
ең жиі кездесетін ауру – к ө з а у р у ы мен
өкпе ауруы еді (ҚСЭ, 7, 524).
Көз жылты. с ө й л. Жанар. К ө з
ж ы л т ы н д а ызғар тұтанғанда əлгі жи-
рен қылдар қадаулана қалды (С. Сматаев,
Алғашқы., 49).
Көз көрген. Бұрыннан таныс, бірге
өскен. Сыр мінез, к ө з к ө р г е н деген
қандай жақсы (Б. Дəулетбаев, Парыз, 38).
Көз моншақ. Көз тимесін деген ырым-
мен кішкентай ақ тастан көз қондырылып
жасалған моншақ (Қаз. этнография., 2,
617).
Көз салды. э т н. Жасалған заттарды
өрнектеу үшін оған түрлі түсті тастан,
меруерттен көз орнатты (Ə. Тəжімұратов,
Шебер., 78).
Көз тағалады. с ө й л. Көз байлады,
сыйқырлады. – Сыған ғой, – деді əлгі кісі
ақырын ғана. Алдап сатып тұрған шығар.
Бұлар к ө з т а ғ а л а й д ы дейді ғой
(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 215).
К ө з т о я т т а т т ы . Ра х а т т а н ы п
қызыға қарады. Көшеге кеудесінде
жаны бар жанның бəрі шығып, генерал-
губернатордың сарайына қарай жылжыған
шеруге к ө з т о я т т а т ы п тұрды (Қ.
Тоқмырзин, Керзаман, 3, 12).
Көз түсу. в е т. Аттың аяғында бола-
тын ісік ауруы. Міне, осы орайда төрт
түліктің төресі саналатын жылқы малы
жиі ұшырайтын кейбір «тышқаншық»,
«шеміршек», «құм қата», «к ө з т ү с у»
тəрізді ауруларды емдеудің ұлттық
əдістеріне көңіл аударайық (Алматы
ақшамы, 13. 11. 1991, 3). Жылқының
аяғында «к ө з т ү с у», əсіресе, бəйгіге
қосатын жүйріктерде жиі ұшырасады
(Бұл да).
Көз ұшығында. Көз ұшында, алыста. –
Жүріп келеміз, – деді Ай-шешек. – Артқы,
к ө з ұ ш ы ғ ы н д а ғ ы үйлер де қозғала
бастады (М. Мағауин, Аласап., 36).
Көз ұясы. а н а т. Көз шұңқыры,
көз аңғалағы. Бірақ к ө з ұ я с ы əлі бір
қалыпты, үңірейіп, төмен түскен жоқ
(М. Мəжитов, Аманғали, 41).
Көзі айызданды. ж е р г. Көзі бақырай-
ды, көзі шарасынан шықты. К ө з і а й ы з
д а н ы п, ауласынан Калугин шыға келгенде
одан арыға ешқайсысының жүрегі дауала-
май, дүркіреп кеп, қашып бермесі бар ма?
(Ұ.Доспанбетов, Ел есінен, 252).
Көзі боталады. Екі көзіне мөлтілдеп
жас келді. Бар болғаны жүрегі жылап,
к ө з і б о т а л а п, қамығып, айнала-
сына құр жалтақтайды (К. Ахметбеков,
Қыранқия, 166). Екі к ө з і б о т а л а п,
кейпі соншалықты аянышты боп кетті
(С.Мұратбеков, Дос ізде., 172).
Көзі жасты. Көзінде жас бар, жыла-
ған. Бірін сүйеп, біріне сүйенген к ө з і
ж а с т ы келіншектер жөн сұрасып, бір
кезде жаяу əңгімеге көштік (Б. Нұржекеев,
Күй толғақ, 45).
Көзі көкшиді. Көзін жоғары көтерді,
көзін көкке қадады. – Өзім де талай
ұстап едім,– деді Əбіл к ө з і к ө к ш и і п
(Б.Қыдырбекұлы, Маздаған шырақ, 69).
Көзі қысықтау. Көзі сəл ғана қысық.
Денесі мол пішілген, к ө з і қ ы с ы қ т а у,
селдір мұртты Абыл да келген (Ұ. Доспан-
бетов, Шығ., 4, 34).
274
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Көзін алдады. Байқатпады, білдірмеді,
жасырды. Теріс деп таласқансып шын-
дасады, Бірі оқып, кейде бірі тыңдасады.
Қапыда балалардың к ө з і н а л д а п,
Сөйлесіп қабағымен ымдасады (Шəкəрім,
Шығ., 355).
Көзіне құм тықты. Құртты, жойды,
жоғалтты. Мақсұтың болса орынсыз,
Сілкініп жүріп сыға бер. Жолдасың болса
тойымсыз К ө з і ң е қ ұ м д ы т ы ғ а бер
(Шəкəрім, Шығ., 92).
Көзінен бір-бір ұшты. Жоғалды, құрып
кетті. Жыртық тон, қырық жамаулы, ескі
болды, Тастадық төмен тартқан ішкі жол-
ды. Қой еті б і р-б і р ұ ш т ы к ө з і м і з
д е н, Бұл жолғы ырзық, несіп ешкі болды
(Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 4, 153).
Көзін жастады. Жылады, көзінен жас
ақты, еңіреді. Мойнын созып, бөксесін
кейін тастап, Ұмтылып, босағаға басын жа-
стап. Көзінен аққан жасын көрген жандар
Ес қалмай жылайды екен, к ө з і н ж а с т
а п (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 4, 107).
Көзін көкшитті. Жанын шығарды, азап
көрсетті. Осыдан қолымдағы немерем
оқуын бітіріп келсін. К ө з і ң д і к ө к ш и
т е р м і н! (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 326).
Көзінің алды тұмандады. Басы ай-
налып, көзі қарауытты. К ө з і н і ң а л
д ы т ұ м а н д а н ы п тұр. Жақынды да,
алысты да көре алмайды (Ж. Əлмашұлы,
Тар дүние, 468).
Көзінің бұқасын шығарды. Көзін
алартты, жаман көзбен қарады (Х. Есен-
жанов, Ақ Жайық, 2, 613).
Көзінің итімен қарады. Жек көріп, ала
көзімен қарады, жақтырмады. Ертеңіне
Бөбек таразы басына келгенде Мұқтас оған
к ө з і н і ң и т і м е н қ а р а д ы (Ə. Сараев,
Тосқауыл, 115).
Көзің ағарғыр! [ағарсын]! Көзіңе ақ
түсіп, азап көргір д.м. қарғыс.
Көзің аққыр! [шыққыр]! Көзіңе бір
нəрсе тиіп, ағып түскір д.м. қарғыс.
Көзің ашылмасын! Жылаудан арылма,
көп жыла д.м. – Тілеуің құрсын, к ө з і ң
а ш ы л м а с ы н! (Жұлдыз, 1974, №8, 61).
Көзіңе көк шыбын үймелегір! Қиын-
шылыққа тап болғыр, азап шеккір д.м.
қарғыс.
Көзіңе топырақ құйылсын. Өліп қал,
жер жастан д.м. қарғыс. Мұның қатын-ба-
ласын аң етімен асырайтынын көре алмай-
тын, к ө з і н е т о п ы р а қ қ ұ й ы л ғ ы р
л а р көбейді (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 6).
Көзіңе шел қаптағыр! Көзіңді шел
бассын, көзің көрмей қалсын д.м. қарғыс.
Көзіңнің оты өшкір! Көзіңнің нұры
тайып, жанарсыздан д.м. қарғыс.
Көзің шайдай ашылсын! Денің сау
болсын, жазылып кет д.м. ізгі тілек.
Көзі өлген балықтың көзіндей. Бе-
дірейіп қалған, бозарып кеткен (көз). Мек-
тепке келсек, мұғалімдеріміз: «К ө з д е р і ң
ө л г е н б а л ы қ т ы ң к ө з і н д е й болып
алып, дым оқымайсыңдар» деп ұрсатын
(Б. Омарұлы, Қаратерең., 107).
Көзі шарадай жанды. Көзі жайнады,
көңілденді. Қайта оралсам, Кəкеңнің к ө з і
ш а р а д а й ж а н ы п, айқұлақтанып отыр
(Жалын, 1974, №1, 57).
КӨЗАЙНА з а т. ж а ң а. Лупа. Қара-
таудың күнгей-теріскейі лупаны – к ө з а й
н а дейді (Қаз. əдеб., 11. 12. 1987, 11).
КӨЗƏЙНЕКСІЗ с ы н. Көзəйнегі
жоқ, көзəйнек тақпаған. Түн қойнынан
шартарапқа жол ашқан, Жиырма бес!
Жұлдыздарға толы аспан. Қою шашты, к ө з
ə й н е к с і з ұлылық, Бар қимылы тұлғасына
жарасқан (Т. Айбергенов, Бір тойым., 56).
КӨЗГЕЛДЕКТЕЙ с ы н. Көзгелдек
сияқты, кішкентай. Із-түзсіз құрып кет-
пей, кəрі теңіздің орнында к ө з г е л д е к
т е й екі шалшық қалса да жұбаныш қой
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 86).
КӨЗДЕТ е т. ж е р г. Көз салу, қарау
(Ж.Нəжімеденов, Ақ шағыл, 30).
КӨЗДЕТУ Көздет етістігінің қимыл
атауы.
КӨЗДЕУ: Көздеу топырақ. Құдық-
тың су шығатын жерінің (көзінің) сулы,
батпақты топырағы. Əне, құдықтың к ө
з д е у т о п ы р а ғ ы шыға бастады. Қазір
бітіреді (Ж. Нəжімеденов, Кішкентай, 102).
КӨЗДІ: Көзді жүзік. Күміс, алтыннан
соғылып, асыл тастан көз қондырып
жасалған жүзік (Қаз. этнография., 3, 158).
Көзді сырға. Асыл тастан көз
орнатылған сырға. К ө з д і с ы р ғ а н ы ң
бетіне көбіне маржан, гауһар сияқты асыл
тастан көз қондырып жасаған (Қаз. этно-
графия., 3, 158).
КӨЗДІГУ Көздік етістігінің қимыл
атауы.
КӨЗДІК е т. ж е р г. Көз тиіп ауыру.
«Атың жолда к ө з д і г і п т і ғой» - деп,
275
Байынқол Қалиев
үш күн оңаша үйде емдеп жазады (Ана тілі,
23. 01. 1992, 4).
КӨЗДІЛЕУ с ы н. ж е р г. Молырақ,
əжептеуір. Жігіттер біздің үйдің үлкен
ағаш табағына к ө з д і л е у қып су толты-
рып, үстел үстіндегі ондық шамның қасына
қойды (Қ. Жұмаділов, Таңғаж., 121).
КӨЗЕЙ з а т. к ө н е. Қол астындағы
бағынышты елі. Бұл оның Қоқан хандығына
қарсы шығып, өзіне қараған алпыс үйлі к
ө з е й і н ертіп, Торғай бойындағы қалың
қыпшақтарды сағалап жүрген кезі екен (Ел
аузынан, 67).
КӨЗЕК
1
з а т. э т н. Малдың құлағын
көзше етіп тесіп салынған ен. Қазақ ара-
сында мал құлағына ен салудың мынан-
дай түрлері кең тараған: тілік ен, сота ті-
лік ен, к ө з е к, жүрекше ен, солақ ен т.б.
(А. Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 128).
КӨЗЕК
2
з а т. ж а ң а. Сырттағы кісіні
көру үшін есікке орнатылған кішкене ғана
əйнекті тесік (Бекітіл. термин., 44).
КӨЗЕЛ
1
з а т. ж е р г. Батыр, ер, мықты.
Əншейінде жетпіс жеті атасын санап
шықса да қыңқ етпейтін к ө з е л і ң «осы
не айтып тұр» дегендей Мешелге бұрылды
(Қ.Ысқақов, Қараорман, 148).
КӨЗЕЛ
2
з а т. Иленген ешкі терісі
(Ж.Қоқанова, Түк жəне тері атау., 12).
КӨЗЕМЕ з а т. к ө н е. Садақ оғын ата-
тын жер. Өгіздегі арбаларға ұзын сидалар
орнатылып, үстінде жақ тартатын к ө з е м е-
л е р і, үлкен малта тастарды ататын атқы-
лары бар еді (Т. Зəкенұлы, Мəңгітас, 290).
КӨЗЕМЕЛ: Көземел ине. Кішірек
келген ине. К ө з е м е л и н е н і ң
үлкендігіндей шөп жараның аузында ілініп
тұр (Қ.Салғарин, Сол бір күндер, 70). Бір
иненің өзін мөлшеріне қарай «жуалдыз»,
«тебен», «сояу», «к ө з е м е л и н е» деп
атаған (Аңыз адам, 2011, №19, 15 б.).
Достарыңызбен бөлісу: |