Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет64/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   168

КЕШІРІМПАЗДАУ  ү  с  т.  Кешірім 

жасағандай,  кешіргендей. – Кешелі  бері 

тағы  қанша  мал  қырдың,  соны  айтшы, – 

деп  Əбсаттар  тағы  «сенге»  көшті.  Даусы 

бұл жолы жұмсақтау, к е ш і р і м п а з д а у

шықты (О. Сəрсенбаев, Жиде гүлде., 29).

КИВИ  з  а  т.  з  о  о  л.  Жаңа  Зеландия 

аралдарында  тіршілік  ететін,  тұмсығы 

ұзын,  кішірек  келген,  қанатсыз  құс.  К  и 

в  и  л  е  р  түнгі  өмір  салтын  жүргізеді,  ал 

күндіз  қалың  бұтаның  түбіне  тығылады 

(Құстар, 9).

КИЕЛЕ  е  т.  Кие  санау,  құрметтеу

Қазақ баласы жылқы атауына «жарықтық» 

деген сөз қосып, кейіптендіріп, к и е л е п 

отырған (Білім жəне еңбек, 1985, №10, 28).



КИЕЛЕУ  Киеле  етістігінің  қимыл 

атауы. 

КИЕПЕ з а т. ж е р г. Сазай, жаза. Олар 

адыраңдаған адай батырынан киер к и е п е 



с і н əп-сəтте-ақ киіп шықты (Ə. Кекілбаев, 

Үркер, 105).



КИЕТЕК з а т. м и ф. Ескі наным-сенім 

бойынша халықтың кие тұтатын, табы-

натын  нəрсесі;  тотем.  Қазақ  халқының 

наным-сенімі мен салт-дəстүрінде к и е т 



е к деп санайтын үрдіс күні бүгінге дейін 

сақталған (А. Сейдімбек, Қазақ əлемі, 218).



КИКБОКС  з  а  т.  с  п  о  р  т.  Шығыс 

жекпе-жегіне негізделген бокс. Біріншіден, 

жас емес. Екіншіден, басқа жекпе-жек түрі 



к и к б о к с п е н əуестенетін (Қ. Олжай, 

Қанат байла., 155).



КИЛОМЕТР-САҒАТ  з  а  т.  Көліктің 

(пойыздың, машинаның т.б.) бір сағатта 

жүретін  қашықтық  өлшемі.  Олар 

локомотивтердің жылдамдығын 0,3 к и л о м 



е т р-с а ғ а т қ а арттыруға, өнімділігін 30 

тонна-километрге көбейтуге міндеттенген 

болатын (Лен. жас, 09. 01. 1976, 1).

КИНОƏҢГІМЕ  з  а  т.  Кино  туралы 

əңгіме өткізу тəсілі. Міне, осы фильмдерді 

көрермендерге дер кезінде жеткізудің түрлі 

жолдары бар. Мəселен, киносабақ, к и н о 

ə ң г і м е, кинолекция, кинокеш, кинодека-

да, киноэкскурсия, кинофестиваль сияқты 

басқосулар қазір көп нəтижеге жеткізіп жүр 

(Білім жəне еңбек, 1974, №2, 25).



КИНОДОКУМЕНТШІ з а т. Құжат-

тарға негіздеп кинофильм түсіруші адам. 

Совет к и н о д о к у м е н т ш і л е р і «документ-

ті киноның өзіндік мектебі бар» деп орын-

ды атап жүр (Қаз. əдеб., 11. 10. 1974, 4).



КИНОСЫНШЫ  з  а  т.  Түсірілген  ки-

ноларға баға беретін кəсіби маман. Кеңес-

тік кино жайында к и н о с ы н ш ы д а н 

артық білмесе, кем білмейді (Б. Омарұлы,

11-ші  қаламұш, 211). Жуырда  мен

Москвада өткен к и н о с ы н ш ы л а р д ы ң Бү-

кілодақтық  семинарына  қатыстым  (Қаз. 

əдеб., 16. 01. 1987, 14).

КИНОТАНУШЫ  з  а  т.  Кино  өнерін 

зерттеуші, киногер. Қазақ киносы туралы 

к и н о т а н у ш ы л а р д ы ң мəжілісі өтті 

(Лен.  жас, 13. 08. 1987, 4). Бұл  фильмге 

француз к и н о т а н у ш ы л а р ы елеулі 

үлес қосты (Қаз. əдеб., 12. 12. 1996, 10).



КИНОТАСПАША ү с т. Кино кадрлары 

түсірілген  таспа  секілді,  таспа  тəрізді. 

Бытықы-шытықы  ойлар  басымда  к  и  н  о



т  а  с  п  а  ш  а  сырғиды  (М.  Қабанбаев, 

Жиһанкез., 30).



КИНОТУЫНДЫ з а т. Жаңа жасалған 

кино. Өйткені к и н о т у ы н д ы негізінен 

Абай  туралы  емес,  оның  əкесі  Құнанбай 

туралы ғой (Қаз. əдеб., 12. 12. 1995, 11).

КИНОШЫЛДЫҚ з а т. Киноқұмарлық, 

киноны жақсы көрушілік. Соған қарағанда 

көсемнің де едəуір к и н о ш ы л д ы ғ ы 

болуы керек (Б. Омарұлы, Қаратерең., 49).

КИОСКІШІ  з  а  т.  Киоск  ұстайтын 

адам. - Өзі қалада ма, қайда жүр, көптен 

бері көрінбей кетті ғой, – деп мұны көрген 

бетте к и о с к і ш і кемпір жылы ұшырай 

қарады (Т. Қаупынбаев, Тау тұлғалы, 28).



КИТІҢ: Китің жорға. Китіңдеп қалған 

қарапайым жорға. Екпіні бəсең жорғаны

к и т і ң  ж о р ғ а деп атаған (Қаз. этно-

графия., 2, 423).



КИІЗ:  Киіз  булау.  Киізді  шиден 

шығарып,  ыстық  су  құйып,  үстін  қалың 

нəрсемен жауып тастау (Қаз. этнография., 

3, 103).


Киіз доп. Мал жүнінен істелген доп. Ол 

қолындағы ақ жүннен істелген жұдырықтай 



268

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

к и і з  д о п т ы бар пəрменімен құлаштай 

лақтырды  (Т.  Əбдіков,  Өліара, 147). Бала 

өте беріп, к и і з  д о п т ы Бəйтеннің қолына 

ұстата салды (Бұл да, 149).



Киіз тоқым. Киізден жасалған тоқым. 

Осыған байланысты тоқымдар к и і з т о қ ы 



м, сырма тоқым, көмкерме тоқым, былғары 

тоқым деген түрлерге бөлінеді (Қаз. этно-

графия., 2, 64).

КИІЗСІЗ  с  ы  н.  Киізі  жоқ,  киіз 

жаппаған. ≈ К и і з с і з үйдің суықтығы 

соншалықты, тіптен жан шыдатар емес. 



КИІК:  Киік  мінезді.  Жабайы,  үркек

К и і к  м і н е з д і кірме жылқылар бұрыс 

тартып кетуі кəдік-ау деген оймен біраз жер 

ұзап жүрді (Ө. Қырғызбаев, Қырда., 81).

Киік  танау.  Танауы  киіктің  танау-

ындай,  кең,  үлкен.  Астында  к  и  і  к    т  а 

н  а  у  тышқан  сұр  ат,  Долданып  шапқан 

сайын құтырынад. Қоймаймын жер түбіне 

кетсеңдер де, Айқас деп жігіт болсаң, айқай 

салад (И. Байзақов, Таңд. шығ., 1, 210).



Киіктің бықсымасы. Киік лақтайтын 

кез (мамырдың бас кезі). Киіктер майдың 

бас кезінде лақтайды. Бұл тұсты қазақ «к и і 



к т і ң  б ы қ с ы м а с ы» дейді (Балдырған, 

1975, №4, 13).



КИІМ:  Киім  тігу.  Матадан,  теріден 

киім тігу. Олардың негізгі кəсіптері – тері 

илеу, одан к и і м  т і г у (Халифа Алтай, 

Алтайдан., 108).

КИІМДІ:  Киімді  бала.  Өлмейтін, 

өшпейтін; ажалсыз. Қоғамы күшті ер еді

К и і м д і  б а л а тудырған. Ықпалы жүрген 

ер еді, Алтынды қылыш будырған (Нысан-

бай жырау: Нар заман., 179).

КИІМЖАПҚЫШ  з  а  т.  Киімілгіште 

ілулі  тұрған  киімдердің  бетін  жауып 

тұратын жамылғы мата. К и і м ж а п қ 

ы ш т ы ң күрбиіп көрінуіне қарағанда онда 

да  оңай-оспақ  киімдер  тұрмаған  сияқты

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 177). От басын 

əбігер қылмай сеңсең қара бөрікті к и і м 



ж а п қ ы ш т ы ң ішінен қиналмай тауып 

алып, басына киді де, кідірмей шығып кетті 

(Т. Қаупынбаев, Тау тұлғалы, 6).

КИІНДІРІС  Киіндір  етістігінен 

жасалған ортақ етіс (Ə. Кекілбаев, Дала 

баллада., 120).



КИІНДІРІСУ  Киіндіріс  етістігінің 

қимыл атауы. 

КИІҢКІРЕУ  Киіңкіре  етістігінің 

қимыл атауы.

К Л АС К О М Д Ы Қ   з   а   т.   К л а с -

ком  болғандық,  класкомдық  міндет. 

Жүнісбайдың қолына к л а с к о м д ы қ 

тізгін  тимей-ақ  тұр  екен  (Б.  Соқпақбаев, 

Балалық., 29).



КЛЕТКА: Клетка шырыны. б и о л.

Өсімдік жасушасының ішіндегі қант пен 

басқа  да  органикалық  заттар  еріген  су. 

Клетканың  протоплазмадан  қалған  бос 

орнын  к  л  е  т  к  а    ш  ы  р  ы  н  ы  толты-

рып  тұрады.  Ол  вакуоля  деп  аталады

(Ботаника, 24).

КОДИФИКАЦИЯЛАН  Кодифика-

цияла  етістігінен  жасалған  ырықсыз 

етіс.  Орыс  тілінен  енген  сөздердің 

тұлғалануы жағынан мынадай к о д и ф и 



к а ц и я л а н б а ғ а н (қабылданып, ереже 

ретінде  жазылмаған)  нормалары  болғаны 

байқалады (Р. Сыздықова, XVIII-XIX ғ. қаз. 

əд. тіл., 236).



КОДИФИКАЦИЯЛАНУ Кодификаци-

ялан етістігінің қимыл атауы

КОЙОТ з а т з о о л. Ит тұқымдас, сүт 

қоректі, жыртқыш жануар. К о й о т қоян, 

ұсақ кемірушілер, өлексе жейді, құстарды, 

кесірткелерді аулайды (ҚСЭ, 5, 490). 

КОКСТЕНДІР  Кокстен  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс.

К О К С Т Е Н Д І Р У   К о к с т е н д і р 

етістігінің  қимыл  атауы.  Көмірді  к  о  к 

с  т  е  н  д  і  р  у  деген  сөз – оның  асылын 

ажыратып алу деген сөз (С. Мұқанов, Есею 

жыл., 179).

КОКСТЕНУ  Кокстен  етістігінің 

қимыл атауы. 

КОКТІ  з  а  т.  Аяққа  киіп,  бағанға 

шығатын темір құрал (сайман). «К о к т і 

с і н» нық-нық қадап, қолдарымен жай ғана 

демеп тез шығуды дағды етті (Лен. жас, 28. 

08. 1974, 3).

КОЛЛЕКЦИЯЛА е т. Белгілі бір зат-

тарды, нəрселерді жинаумен айналысу

КОЛЛЕКЦИЯЛАУ  Колл екцияла 

етістігінің  қимыл  атауы.  Тақырыптық 

к  о  л  л  е  к  ц  и  я  л  а  у – бұл  өте  тартым-

ды,  творчестволық  жұмыс  (Лен.  жас, 22.

06. 1976, 3).

КОЛЛЕКЦИЯШЫ  з  а  т.  Коллекция 

жинаумен  шұғылданушы  адам.  Нағыз, 

шын мəніндегі к о л л е к ц и я ш ы əрқашан 

да өзіне мəлімсіз затты білу құмарлығына 

толы  ізденісте  болады  (Лен.  жас, 22. 06. 

1976, 3).


269

Байынқол Қалиев

КОЛЛОКВИУМ з а т. п е д. Білімдерін 

арттыру  мақсатында  ұстаздың  сту-

денттермен  кеңесуі  (кеңес  беруі).  Оның 

арасында семинар, к о л л о к в и у м д а р, 

қоғамдық  тапсырмалар  кимелейді  (Лен. 

жас, 21. 03. 1974, 3).



КОЛОРИМЕТРИЯЛЫҚ   с  ы  н. 

Колориметрияға тəн, соған қатысты. К о 

л о р и м е т р и я л ы қ əдістің ең қарапайым 

түріне жоғарыда айтылған бір ізді араласу 

жатады (Ə. Қайдаров, Сырға толы, 24).

КОЛХОЗДА  е  т.  с  ө  й  л.  Ұжымдық 

шаруашылыққа (колхозға) біріктіру. «Бар 

сұлу  қатынды  жеке  жинап  к  о  л  х  о  з  д 



а  й  д  ы  да,  кəмөнестерге  бөліп  береді. 

Колхозданбағандардың  бəрін  түрмеге  ай-

дап, Сібірлейді екен» деген ұйтқыма сөздер 

көбейді (О. Сəрсенбай, Шығ., 4, 132).



КОЛХОЗДАУ  Колхозда  етістігінің 

қимыл атауы. 

КОЛХИДА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Машина 

маркаларының бір түрі. Ұзын-ұзын «К о л

х  и  д  а»  маркалы  машиналар  дізбегі  өтті

(Ж. Молдағалиев, Самал, 124).



КОМБАТ  з  а  т.  ə  с  к.  Баталион 

командирі деген сөз. – Екеумізді де к о м

б  а  т  шақырып  жатыр,  тағдырыңды  сол 

кісі шешетін болады, – деді қасаңдау үнмен 

(Ə. Асқаров, Таңд., 70).

КОМИ з а т. Коми АССР-ның жергілікті 

халқы. Мұнда жоғарыда аталған ұлттардан 

басқа, тəжік пен латыш, балқар мен қалмақ, 



к о м и мен осетин сияқты отыз бес ұлттың 

өкілі  зерттеу  жұмысын  жүргізуде  (Соц. 

Қаз., 18. 06. 1972, 3).

КОМПОЗИТОРЛЫҚ  с  ы  н.  Ком-

позиторға  тəн,  сазгерлік.  Музыкалық 

сауаттың əліппесін толық игеріп, енді к о 



м п о з и т о р л ы қ толайым білім алуға 

көшкен (Е. Əкімқұлов, Перизат., 8).



КОМПЬЮТЕРБАС з а т. ж а ң а. а у ы с.

Жасалып  қойған  бағдарлама  бойынша 

ғана  ойлана  алатын  бас.  Қайтсек  екен, 

мониторкөз, к о м п ь ю т е р б а с, жас 

талап,  Білім+рух  болу  үшін  ажырамас 

қос  қанат?  Қай  кезде  де  білім-күшің,  əрі 

нұрлы  жетегің.  Кім  ойлапты  білімнің  де 

адамзатқа зияны бар екенін (М. Шаханов, 

Мəңгүрт., 59).

КОНВЕРСИЯЛАНДЫР Конверсиялан 

етістігінен жасалған өзгелік етіс.

КОНВЕРСИЯЛАНДЫРУ Конверсия-

ландыр етістігінің қимыл атауы. 

КОНВЕРСИЯЛАНДЫРЫЛ  Конвер-

сияландыр етістігінен жасалған ырықсыз 

етіс.  Батыс  ұлтаралық  валюта  ретінде

к о н в е р с и я л а н д ы р ы л м а й т ы н 

(яғни алтынға айналдырылмайтын) ұлттық 

ақша өлшемі – доллар пайдаланатын болды 

(Жетісу, 05. 06. 1972, 3).



КОНВЕРСИЯЛАНДЫРЫЛУ Конвер-

сияландырыл етістігінің қимыл атауы

КОНВЕРТТЕ  е  т.  Конвертке  салу. 

Осындай  бір  хат  жаздым  ақ  қағазға, 

Қылғаны жөн болады ақылы азға. К о н в е р 

т т е п, иісті майлап, қызыл қағаз, Баладан 

жіберуге сұлу назға (М. Сералин: XX ғ. бас. 

қаз. ақ. шығ., 153 ).

КОНВЕРТТЕУ Конвертте етістігінің 

қимыл атауы. 

КОНСТАТАЦИЯЛА е т. Мəліметтерді 

келтіру, тізіп шығу. Бұларда да шындықты 

к  о  н  с  т  а  т  а  ц  и  я  л  а  п  барып,  сол 

арқылы ғибарат, өсиет, өнеге айту мақсаты 

көзделеді (Р. Сыздықова, XVIII-XIX ғ. қаз. 

əд. тіл., 84).



КОНСТАТАЦИЯЛАУ Констатацияла 

етістігінің қимыл атауы. 

КОНТИНЕНТАРАЛЫҚ  с  ы  н.  с  ө 

й  л.  Құрлықаралық.  Алыс  қашықтықта 

қолданылатын ракеталарды, қанатты жəне

к о н т и н е н т а р а л ы қ ракеталарды

өндіру орасан зор бəсекелестікке итерме-

леді (Қаз. əдеб., 11. 12. 1987, 1).

КОНТОРШЫЛ  с  ы  н.  Конторға 

барғыш,  конторқұмар;  кеңсешіл  (М. 

Қаназов, Арна, 18).



К О Н Т РА Б А Н Д А Л Ы Қ   с   ы   н . 

Контрабандаға  тəн,  соған  қатысты. 

Оның бұл істеп жүрген ісінен к о н т р а б 



а н д а л ы қ жолға түсіп кетудің де ауылы 

алыс емес (Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 28).



КОНТР-АДМИРАЛ  з  а  т.  Теңіз 

флотындағы  жоғары  əскери  шен. – 

Құрметті к о н т р-а д м и р а л, Сергей Дми-

триевич Солоухин! Крейсер жауынгерлері 

сапта тұр! (Лен. жас, 04. 01. 1976, 3).



КОНФИСКАЦИЯЛА е т. Конфискация 

жасау, кəмпескелеу. 

КОНФИСКАЦИЯЛАУ Конфискация-

ла етістігінің қимыл атауы. 

КОНФИСКЕЛЕНУ  Конфискелен 

етістігінің  қимыл  атауы.  Қайбір  той-

думанда ұшырасты дейсің. Түйебай к о н 



ф и с к е л е н у і н е н бір жыл бұрын ғой 

деймін... (І. Есенберлин, Маңғыстау., 150).



270

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КОНЦЕНТРАЦИЯЛАН е т. х и м. Бір 

жерге шоғырлану; концентрация жасау.

КОНЦЕНТРАЦИЯЛАНУ Концентра-

циялан етістігінің қимыл атауы. 

КОНЦЕНТРЛЕН е т. с ө й л. Концен-

трациялан. Осы колбаға 3 тамшы к о н ц е 

н т р л е н г е н H

2

SO



жəне 0,3 мл. жаңадан 

ғана  дайындалған  бром  суын  құяды  (М. 

Қарсыбеков, Микроэлемент., 92).



КОНЦЕНТРЛЕНУ  Конц ентрл ен 

етістігінің қимыл атауы. 

КОРЕЯЛЫҚ  с  ы  н.  Корея  еліне  тəн, 

соған  қатысты  (адам). – Біз  өсіріп 

отырған күріштен к о р е я л ы қ т а р мен 

индиялықтар  күріші  де  тұқымы,  сорты 

жағынан едəуір кейін (Ə. Ибрагимов, Нағыз 

қайнар, 60).

КОСАТКА з а т. з о о л. Теңіздерде үйір-

үйірімен жүріп, балықтар мен пингвиндерді 

аулайтын,  кейде  тіпті  итбалықтар  мен 

киттерге шабуыл жасайтын жыртқыш. 

К о с а т к а – дельфиндердің ең ірі өкілі, 

əрі киттəрізділердің арасындағы бірден-бір 

нағыз  жыртқыш  (Су  асты.  тіршілік, 78). 

Дельфиндердің ең ірі өкілі – к о с а т к а. Ол 

кит тəріздестердің арасындағы ең жылдамы 

жəне ең епті жыртқыш (Тірі табиғат, 71).



К о с а т к а н ы ң ұзындығы 10 м-ге, салма-

ғы 8 т-ға, арқа жүзбеқанаттарының биіктігі 

1,8 м-ге жетеді (Бұл да).

КОСМОПОЛИТТЕН е т. Космополит 

болу,  космополитке  айналу.  Базбіреу-

лер тілмен қатар тіпті ұлтын шегерді, Міне, 

бізге к о с м о п о л и т т е н г е н адам

не  берді?  Тамырсызды  тамырлы  өмір 

тұрсадағы  көтеріп,  Тамыр  күшін  мойын-

дамау – ең  қауіпті  қателік  (М.  Шаханов, 

Мəңгүрт., 56).

КОСМОПОЛИТТЕНУ  Космополит-

тен етістігінің қимыл атауы. 

КОСОГОН  з  а  т.  т  е  х  н.  Шөп  ша-

батын  ат  машинасының  шалғысын 

ары-бері  қозғап  тұратын  таяқша  білік

(Қ. Жұмаділов, Көкейкесті, 155). – К о с о г о н

шақ  келмейді.  Ылғи  сынып  кете  береді 

(Жұлдыз, 1972, №4, 41).



КОСТЮМЕРША з а т. т е а т р. Сахнаға 

шығатын əртістерге киім беріп, қайтып 

алып отыратын жауапты адам. Сахнадан 

Одеттаның үлпілдеген қауырсын көйлегін, 

панфиловшылардың əскери гимастеркала-

рын көтерген к о с т ю м е р ш а л а р да 

көрініп қалады (Қаз. əдеб., 21. 02. 1986, 4).

КОСТЮМ-ШАЛБАР  з  а  т.  Костюм-

шалбарымен бірге, парымен. ≈ Маған əке-

шешем к о с т ю м-ш а л б а р сатып əперді. 



КОСТЮМ-ШАЛБАРЛЫ  с  ы  н.  Ко-

стюм-шалбар киген, костюм-шалбары бар. 

Жарқырауық сары түймесі бар көк түсті к о 



с т ю м-ш а л б а р л ы, бəтіңкелі жас жігіт 

сабыр етеді (Ж. Молдағалиев, Самал, 161).



КОСТЮМШЕҢ  ү  с  т.  с  ө  й  л. 

Кəстөмшең. Ақ қар, көк мұзда жалаң бас, 

к о с т ю м ш е ң жүр (Р. Тоқтаров, Ғасыр 

наны, 121).



КӨБДІК з а т. Ерте туған арамза қозы. 

Ол нашар жетіледі. Семірмейді, денесі кіші 

болады. Бірақ жануар кəрілікті мойындап 

қалған ба, бұрынғыдай ащы терді алған соң 

жеңілдеп,  желпініп  кетпей,  қайта  у  шөп 

жеген  к  ө  б  д  і  к  қозыдай  кіртиіп  қалды

(К. Сегізбаев, Ашылмаған сыр, 64).

КӨБЕБҰЗАР... – Біздің к ө б е б ұ з а р

құрыш жебеден бірде кем болмады ғой, – 

деді  Манақ  басын  шайқап  (М.  Мағауин, 

Аласапыран, 180).



КӨБЕЙГІР е т. э к с п р. Қарғыс типтес 

алғыс. - Əй, к ө б е й г і р, балаларымның 

анасы, үйімнің жарық панасы, қос көзімнің 

қарасы.  Қарашашым  арманда  кеткенде 

екен-ау дүниеден, – депті (Ел аузынан, 17).



КӨБЕЙЕЙІК  е  т.  Қайтайық,  кетелік 

д.м. – Ал, дос к ө б е й е й і к. Құсжолы Ұлы 

Айраққа ілігіпті. Ұзамай таң қылаң береді 

(С. Бердіқұлов: Лен. жас, 09. 12. 1988, 3).

КӨБЕЙТУ:  Көбейту  кестесі.  м  а  т.

Онға дейінгі сандарды бір-бірімен көбей-

тіп, көбейтіндісі жазылып қойылған даяр 

кесте.  Оқуын  оқиды-ау!  Бірақ  əлі  күнге

к ө б е й т у  к е с т е с і н жөнді білмейді

(Ə. Қалдыбаев, Таңд. шығ., 2, 151).



КӨБЕЛЕКҚҰРТ з а т. з о о л. Дамудың 

соңғы  сатысында  көбелекке  айналатын 

құрт. Биыл кесекқұртпен (мақта зиянкесі) 

күресетін кəдімгі к ө б е л е к қ ұ р т дай-

ындалды.  Қарапайым  шыны  ыдыстарда 

өсіріліп, мақта алқабына жіберілді (Егем. 

Қазақст., 15. 05. 1999, 2).

КӨБЕН з а т. ж е р г. Жұмсақ, борпылдақ 

жер. Бірақ, аяғы ұзын, еңсесі биік. Мұндай 

ат к ө б е н д е, қопада, құмда жақсы шабады 

(Ер қанаты, 76).

КӨБЕҢДЕН е т. Аздап ет алу, тыңаю; 

əлдену. Май, июнь аралығында төл де, ірі 

мал  да  көктің  күлтесіне  тойып,  к  ө  б  е  ң



д  е  н  і  п,  қомақты  салмақ  қосады  жəне 

271

Байынқол Қалиев

орта қоңдылыққа жетеді (Соц. Қаз., 01. 06. 

1972, 3).

КӨБЕҢДЕНУ  Көбеңден  етістігінің 

қимыл атауы

КӨБЕҢСІТ  Көбеңсі  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Түлекке  отыр-

ғызылған  құсты  тез  к  ө  б  е  ң  с  і  т  і  п,

тез  жетілдіру  үшін  малдың,  аңның  қан-

сөлі  сорғалаған  қып-қызыл,  жып-жылы 

жемтігін алдына тастайды (Ж. Бабалықов.., 

Қырандар, 46).



КӨБЕҢСІТУ  Көбеңсіт  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨБІКБЕТОН  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Көбік 

сияқты  көпіршіп  тұратын  материалдан 

жасалған бетон. Қостанайда к ө б і к б е 

т о н н а н үй салынды. К ө б і к б е т о н 

д а р ы м ы з өзімізден шығарылады (Егем 

Қазақст., 14. 10. 2000, 2).



КӨБІКТАС  з  а  т.  Ішінде  қуыстары 

(кеуектері)  бар,  құрылыс  материалы 

ретінде  пайдаланылатын  жұмсақтау 

минерал  (пемза).  К  ө  б  і  к  т  а  с  т  ы  ң 

тығыздығы  төмен,  дыбыс  оқшаулағыш 

қасиеттері  жоғары  (Терминол.  анықт., 6, 

199).


КӨБІКТЕ е т. Көбік пайда болу, көбік 

шығару. ≈ Қазан к ө б і к т е п тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет