Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет66/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   168

КӨЗЕУ

1

  е  т.  Шаңырақтағы  уықтың 

сүйір ұшы кіретін тесікті күйдіруді көзеу 

деп атайды (Ə. Тəжімұратов, Шебер., 27).

Көзеу  темір.  Шаңырақты  күйдіріп 

тесетін төрт қырлы темір (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 27).



КӨЗЕУ

2

 з а т. Өрмек жіптерін жоға-



ры  көтеріп  тұратын  құрылғы.  Алмасаң 

тауып  түзігін,  Бота  тірсек  бос  белбеу, 

Одан туған баласы, Өзің жөндеп салмасаң, 

Өрмегінің  к  ө  з  е  у  і  н  (Ө.  Ақжолұлы, 

Үриятнама, 59).

КӨЗЕУ

3

 Көзе етістігінің қимыл атауы. 



КӨЗЕШІЛІК з а т. Көзе жасауды кəсіп 

етушілік,  көзе  жасаушылық.  Мəселен, 

европалықтар  алғаш  келгенде  Полинезия 

тұрғындары металл балқытудың, к ө з е ш 

і л і к т і ң (гончарство), тоқымашылық-

тың, садақ пен жебенің не екенін білмеген 

(А. Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 108).

КӨЗЖАРА з а т. Тез жазыла қоймайтын, 

қайта-қайта сулана беретін, көбінесе ба-

лаларда  кездесетін  тері  ауруы.  К  ө  з  ж 

а  р  а  дөңгелек  пішінді  болып,  айналасы 

қызарып, үсті күлбіреп тұрады (Қаз. этно-

графия., 3, 158).

КӨЗҚАРАҚТЫ с ы н. Оқыған, білімді, 

сауатты  (адам).  Керекуге  барып  к  ө  з

қ а р а қ т ы біреуге көрінсем деп аңсады 

да  жатты  (З.  Ақышев,  Ақбел  асуы, 136). 

Əлбетте,  жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар 

шығатынын  білетін  к  ө  з  қ  а  р  а  қ  т  ы 

қауым  Жұмабай  шығармаларының  бəрін 

төрт аяғын тең басқан жорға демейді (Қаз. 

əдеб., 04. 04. 1975, 3).

КӨЗҚАРАҚТЫЛЫҚ з а т. Білімділік, 

көп білетіндік, сауаттылық. Міне, осын-

дай к ө з қ а р а қ т ы л ы қ п е н, осындай 

өнермен қалайша суытаяқ болдыңыз? – деп 

сұрады (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 116).



КӨЗҚАРЫҚ з а т. Күнге шағылысып, 

көзді қарықтырмас үшін тартып алған көз 

қап. Жолаушы атының басын Биқажының 

шөп  шарбағына  əкеліп  тіреді.  Көзіне 

қара киізден к ө з қ а р ы қ тартып алған 

(М.Разданұлы, Алтай., 263).



КӨЗҚАШТЫ с ы н. Көз тоқтататын 

жері  жоқ,  сүреңсіз,  жұтаң.  Бағанағы 

жұтаңдау болса да к ө з қ а ш т ы етпейтін 

айнала ептеп қорқыныш ұялатты (О.Бөкеев, 

Өз отыңды., 109).



КӨЗҚҰЙРЫҚ з а т. а н а т. Екі көздің 

сыртындағы сызықша. Жирен шашты сары 

жігіттің к ө з қ ұ й р ы ғ ы н д а көмескі күлкі 

ізі білінді (О. Сəрсенбай, Шеңбер, 24).

КӨЗҚҰРТЫ  з  а  т.  Қызықтырған, 

құмартқан,  армандаған,  аңсаған  нəрсе. 

Мотоцикл  сатып  алу  менің  к  ө  з  қ  ұ  р  -



т  ы  м  а  айналды  (Оңт.  Қазақст., 12. 09. 

1998, 4).



КӨЗМЕРГЕН  з  а  т.  Көзбен  көздеп 

ататын мерген. Сұлбасы көрінген шақта 

қағып түсіретін к ө з м е р г е н емес, тас 

қараңғы түнекте құтқармайтын қолмерген 

екен (Асқар Алтай, Қызыл бөлтірік, 27).



276

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КӨЗМОНШАҚ з а т. Балаларға тіл-көз 

тимесін деп, баскиіміне, киімнің омырау-

ына тағатын көзі бар моншақ. Зергерлер

к ө з м о н ш а қ жасау үшін əрбір моншақ-

қа кішкентай ақ бүршік бекітеді (Қаз. этно-

графия., 3, 163).

КӨЗМОНШАҚТАЙ с ы н. Көзмоншақ 

сияқты домалақ, жылтыр. К ө з м о н ш 

а қ т а й қосарланған жарықтар ары-бері 

қозғалады (Ө. Қырғызбаев, Қырда., 206).



КӨЗОЙЫҚ з а т. а н а т. Көздің ойығы, аң-

ғалағы. Қос жанар к ө з о й ы қ қ а батып, те-

реңнен жылтырағанмен, əрнеге мəн бере үңі-

летін болыпты (К.Сегізбаев, Біз қалада., 117).

КӨЗОЙНАҚТАН е т. Жалт-жұлт ету, 

жылтылдау. Күнұзақ к ө з о й н а қ т а н ы п 

сəл ғана жібіген терезе шынылары қайтадан 

тұтасып, аз-кем босаған дала үстінің қары 

шымырлана түсті (Жалын, 1972, №2, 33).



КӨЗОЙНАҚТАНУ  Көзойнақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨЗОМАҚА  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Көзге 

қарамай,  алды-артын  бақпай.  Бұлардың 

ісі  де  солай.  Артқа  қарап  алып,  алға 

ұмтылады. К ө з о м а қ а жаппай шабыстың 

бір мəтқапылға соқтырарын жақсы біледі 

(Жалын, 1969, №4, 99).

КӨЗСҮЙЕЛ з а т. с ө й л. Көзқұрты. 

Үскірік  желден  бой  жасырып  бас  сұғып 

ем, қапелімде мен үшін к ө з с ү й е л і м е 

айналған ақбас хризантемалардың бағасын 

сұрадым (С. Ордашева, Кек жуған, 21).

КӨЗТЕСІК з а т. ж а ң а. Сырттағының 

кім  екенін  көру  үшін  қалалықтардың 

есіктеріне  орнатып  қойған  əйнекті 

саңылау;  көзек.  Ашпастан  бұрын  есіктегі 

əйнектелген к ө з т е с і к т е н сығалаған 

(М. Сқақбаев, Ұят тур., 73).

КӨЗТҮРТКІЛІК з а т. Жеккөрініштілік, 

жексұрындық. Ол көппен бірге ел қорғауға 

баратындығына  сенімді,  сол  үшін  көңілі 

күпті,  əйтпесе  ешқашан  к  ө  з  т  ү  р  т 

к  і  л  і  к  т  е  н  құтыла  алмайтын  тəрізді 

(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 188).



КӨЗҰЯ з а т. а н а т. ж а ң а. Көз аңға-

лағы (Медиц. термин., 8).

КӨЗШЕ

1

  з  а  т.  Үйде  тұрып  сыртқа 



қарайтын, есіктегі əйнекті тесік; көзте-

сік. Аяғымды шалт басып, есікке бардым. 

К ө з ш е с і н е н сығаладым. Екі кісі тұр 

(С.Оспанов, Сопы., 286).



КӨЗШЕ

з а т. б о т. Өсімдік сабағындағы 



немесе картоп түйнегіндегі келешек өскін 

өсетін  ойықшасы.  Картоптың  түйнегіне 

зер  салып  қарасаңдар,  оның  бүршіктерін 

көресіңдер. Олар 2-3 тен түйнектегі ерекше 

ойықтарға – к ө з ш е л е р г е орналасқан 

(Ботаника, 5-6 кл., 121). Қарт жүзімші өнім 

салатын к ө з ш е л е р д і жүзім сабағының 

жоғары жағынан көбірек қалдыруға тыры-

сады (Қаз. ауыл шаруаш., 1961, №5, 20).



КӨЗІГУ Көзік етістігінің қимыл ата-

уы. 

КӨЗІК  е  т.  с  ө  й  л.  Көз  тию.  Назары 

аштың сұғынан сақта, Сұқ көздінің оғынан 

сақта. Қара тілдіден – тілденгеннен сақта, 

Қалды көздіден – к ө з і к к е н н е н сақта 

(Ж. Ахмади, Айтұмар, 123). 

КӨЗІКТІР  Көзік  етістігінен  жасал-

ған  өзгелік  етіс. – Құдай  қосса,  балалар 

бірге  жүреді  ғой? ... Жолшыбай  к  ө  з  і  к 



т і р і п, үйір етіп жібер, – деді Тұрсынбай 

(Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке, 410).



КӨЗІКТІРУ  Көзіктір  етістігінің 

қимыл атауы

КӨЗІР з а т. ж е р г. Қылмысты адамның 

қолына салатын кісен. Күренің алып келді 

түрмесіне, Қандала, шыдамадық бүргесіне. 

Қолда к ө з і р, аяқта кісен болса, Жігіттер 

қоймайды  екен  кірмесіңе  (Бабалар., 27, 

204). Ол қолына салған к ө з і р д і бұрап 

сындырып, екі күзетшіні өлтіріп, түрмеден 

қашып шығады (Халифа Алтай, Алтайдан., 

13).  Сарт-сұрт  еткен  айдауыл  басын  изеп 

шығып кетті де, іле қайта кіріп, тұтқынның 

қолына  к  ө  з  і  р  салды  (Т.  Мəмесейіт, 

Таңжарық, 2, 224).

КӨЙЛЕК:  Көйлегімен  [көйлекшең] 

туған бала. Жеңіл жүрістен туған бала. 

Қазекең мұндай «к ө й л е г і м е н  т у ғ 



а н»  б а л а л а р д ы да сыртқа теппейді 

(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 404).



Көйлек тігерҚыз д.м. Батиха, к ө й л е к

т і г е р і ң і з д і ң бауы берік болсын деп 

жатыр. Кіндік апа атанған Қамила сəбиді 

орап,  қымтаумен  жүр  (Комм-к  еңбек, 26. 

06. 1969).



КӨЙЛЕКШЕҢДЕН  е  т.  Көйлектен 

басқа  киімдерін  шешу,  көйлекпен  ғана 

жүру. Жадағайлау бір жеріне келіп, к ө й л 

е к ш е ң д е н і п, білегін түрініп, жуынды 

(Ж. Аймауытов, Шығ., 182).



КӨЙЛЕКШЕҢДЕНУ  Көйлекшеңден 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨЙІН з а т. Будандастыру арқылы бір 

өркешті аруанадан тараған түйе тұқымы

277

Байынқол Қалиев

Ақта  етілмеген  жөңбай,  к  ө  й  і  н  сияқты 

т.б. будан нар буралардың бірінен туылған

(Ə. Жақыпов, Түйе., 79). Жалпы бір өркешті 

аруанадан будан арқылы інген, үлек, нар-

мая, кердері, к ө й і н, қылмақ, балқоспақ, 

мырзақоспақ,  қоспақ  секілді  алуан-алуан 

түйелер  тарайтынын  екі  қазақтың  бірі 

білуге тиіс (Қаз. əдеб., 25. 11. 1988, 1).

КӨЙІТУ  Көйіт  етістігінің  қимыл 

атауы. 

КӨК... 2. а  у  ы  с.  Шар  болаттан 

жасалған,  асыл;  сапалы  д.м.  Мыс.:  көк 

найза, көк сүңгі, көк кіреуке, көк семсер, көк 

сауыт т.б. Сүбедей баһадүр мен Жебе ноян 

жас батырларға арналған орданың рəсімді 

сыйлығы – болат  дулыға,  к  ө  к  кіреуке 

сауыт,  наркескен  қайқы  қылыштарын 

тапсырған (Е. Тұрысов, Темірлан, 153).

Көк алма. Əлі піспеген алма. Қойшы-

ның баласы к ө к а л м а н ы кірш еткізген-

де,  ілгеріде  қыр  қазағының  қауын  деп 

асқабақ  үзіп  жегені  жайында  осы  елге 

тараған бір анекдот қара торы қыздың ау-

зына түсті (Т. Əлімқұлов, Туған ауыл, 77).



Көк асық... Мына бір қоңыр өгіз – к ө к

а с ы қ кəрі өгіз еді бейшара, өте сылбыр 

тартады (З. Иманбаев, Қос қайың, 382).



Көк  даңғыл.  ж  е  р  г.  Өтпежел 

(сквозняк).  Терезенің  əйнектері,  есіктің 

жақтаулары бүтін бе? К ө к  д а ң ғ ы л соғып 

ауырып  қалып  жүрмей  ме? (Ə.  Тарази, 

Тасжарған, 100).



Көк  егіс  [егін].  Арпа,  бидайдан 

басқа  егістер  (тары,  күріш,  жүгері 

дақылдарының  жалпылама  атауы).  Ол 

Шу  бойынан  тоған  қаздырып,  су  жайып, 

ақ егіс, к ө к  е г і с ектіртіп, төрт түлік мал 

айдаған  (А.  Жұмашев,  Қалдаяқ  ұста., 3). 

Бұл колхоз бойынша ақ егіс бар, к ө к  е г і с

бар – бес жарым мың гектар (Ш. Мұртаза, 

Не  жетпейді?, 60). Біліп  қойыңыз,  к  ө  к

е  г  і  н  г  е  жүгері,  тары,  қонақ  жатады. 

Қолдан суғарылатын арпа ақ егінге жатады 

(Қаз. əдеб., 12. 09. 1975, 3). 

Көк  жайқын.  Көк  жасыл  алқап,  кең 

дала.  Осынау  төбелердің  ортасы  алуан 

шөпті к ө к  ж а й қ ы н алып алқап (А. Ме-

кебаев, Жезтырнақ, 54). Күншығыс жақта 

көлемі кіші-гірім көлдей к ө к  ж а й қ ы н 

жайқалады (Индер, 18. 06. 1970, 3).

Көк  жамбас.  э  к  с  п  р.  Бұтына  сиіп 

қойып,  іш  киімі  су-су  болып  жүретін 

(бала). – Мүмкін он төрт жасыңа дейін к ө к

ж а м б а с болған шығарсың? – Болдым 

(Қ. Ысқақ, Ақсу., 219).



Көк көздеу. Көзі көктеу (кісі). Жалт қа-

расам, ұзын бойлы к ө к  к ө з д е у сары кісі 

күліп тұр екен (Қаз. əдеб., 01. 05. 1973, 4).

Көк қарын Қарны құнарлы асқа емес, 

көк суға толы; аш. Соғыс жылы талай үй, 

дорба  асыпты,  Бөліп  берген  соларға  мал, 

азықты. Азаматтар «к ө к  қ а р ы н» елін 

сақтап, «халық жауы» атанып, қоштасыпты 

(Б.  Ысқақ,  Тастағы., 82). Күн  ұзаққа  нəр 

татпаған Көркемтай секілді к ө к  қ а р ы н

баланың  кейпіне  түсіп,  бейшара  қалып 

танытып отырған бізге қарап қойып үнсіз 

ғана  тамағын  береді  (Б.  Омарұлы, 11-ші 

қаламұш, 235).



К ө к   қ а р ы н   б о л д ы .   С у д ы   к ө п 

ішкендіктен  қарны  қампайып  кетті.  Ол 

төбеден  аққан  суға  тұншыға  демалып 

тұрып, к ө к  қ а р ы н  б о л ғ а н ш а тағы 

да ұзақ сораптады (А. Мекебаев, Аңызақ, 

72). Үйренген ат өзі де суды к ө к  қ а р ы н 

б о л ғ а н ш а ішпейді (Саятшылық, 176).

Көк қасқа машина. ЗИЛ-130 маркалы 

жүк  машинасы.  Жер  апшысын  қуырып, 

гүжілдеп тартып бара жатқан к ө к  қ а с қ а



м а ш и н а н ы ң үстінде аруананың сырық 

мойны  сораяды  (Ə.  Нұрпейісов,  Соңғы., 

188).

Көк қожасы [көк тəңірісі]. п е р и ф р.

Бүркіт.  К  ө  к    қ  о  ж  а  с  ы,  көк  тəңірісі 

бір  өзім,  менімен  теңесер  кім  бар  деген-

дей биіктің биігіне шырқап шығып алған 

(Б.Соқпақбаев, Таңд., 114).



Көк  найза  [сүңгі,  семсер]  к  ө  н  е. 

Темірден  жасалған  найза  (сүңгі,  семсер). 

Найзаның  жебесі  болаттан,  темірден  жа-

салынады. Соған қарай ол «ақ найза» (ақ 

сүңгі), «к ө к  н а й з а» (к ө к  с ү ң г і) деп 

аталынады (Ата салты., 51).

Көк  пияз.  Пияздың  көбінесе  сабағын 

пайдаланатын түрі. К ө к  п и я з турап, 

қара бұрыш себілген сорпасы да аса дəмді 

екен.  Қос  кеседен  сіміріп  салғанымызда, 

бойымыз бусап, маңдайымыз жіпсіп кетті 

(С. Баязитов, Айдарлыда., 30).

Көк  сауырлады.  э  т  н.  Жылқы,  есек 

терілерінен  жасалған  қалың  былғары 

көк,  жасыл  түсті  болатындықтан,  сол 

былғарыдан  аяқкиім  (етік,  мəсі,  кебіс) 

тіксе, оны «көк сауырлады» деп атайды. 

Басында ақ жібек шəлі, аяғында к ө к  с а у ы р



л а ғ а н мəсі, көзі ойнақшып тұр (Жұлдыз, 

278

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

1973, №2, 19). Сол заманда ерлерге қисық 

табан етік, əйелдерге к ө к с а у ы р л а п 

кебіс-мəсі тігеді (Лен. жас, 05. 07. 1972).



Көк сауырлат. Көк сауыр былғарымен 

қаптату. Бір кезде к ө к  с а у ы р л а т

қ а н, күмістеткен үйрек бас ер осы үйдің 

төріне  мың  жыл  бұрын  ілінген  күйі  қала 

бергендей, қаусап тұр (Ғ. Мүсірепов, Таңд. 

шығ., 3, 93).



Көк  тəңірі.  Ежелгі  түсінік  бойын-

ша  түркі  елдерінің,  оның  ішінде  қазақ 

халқының құдайы; күллі əлемнің жарату-

шысы. Қазақта к ө к  т ə ң і р і н е табыну-

дан қалған наным-сенімдер əлі күнге дейін 

сақталған (Қаз. этнография., 3, 168).

Көк теңіз. Суы тұнық, көгеріп жатқан 

үлкен теңіз. Бұрын к ө к  т е ң і з г е тор 

жайғанда  ау  көзін  азын-шоғын  балық 

қағатын (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 175).

Көк  тұқылдан.  Ұстарамен  қырылған 

сақал-мұртының  көгеріп  көрінуі,  көгіс 

тартуы. Ерден бұл кезде қол айнаны алып, 

к ө к  т ұ қ ы л д а н ғ а н самайын қырына 

бастап еді (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 46).



Көк  тұнжыр.  з  о  о  л.  Қаршығаның 

көкшіл  сұр  түсті  түрі.  Құсбегілер 

қаршығаны  өз  ішінен  шəулі  қаршыға, 

қара  қаршыға,  ақ  тұнжыр,  к  ө  к    т  ұ  н

ж ы р, сырғақ деп бірнеше түрге жіктейді

(Ж. Бабалықов, Қырандар, 140).



Көк шешек келгір. Көк шешек ауруына 

шалдыққыр д.м. қарғыс. 

К Ө К А Й Ы Л Д А Н У   К ө ка й ы л д а н 

етістігінің қимыл атауы

КӨКАЛА з а т. м е д. Кененің шағуынан 

болатын  ауру.  Өткен  жылы  ауданда  елде 

жоқ к ө к а л а ауруы шықты (Қаз. əдеб., 

08. 06. 1990, 14). Дəрігерлік экспертизаның 

анықтауында, əрбір 10 кененің 5-6-ы к ө к 



а  л  а  ауруына  шалдыққан  болып  шықты 

(Бұл да).



КӨКАЯЗДАН е т. Көгілжім тарту, су-

лану, дымқылдану. Көктемде түлеген қанат-

құйрығының шалғылары əлі еркін жетіліп 

те болмай, қауырсындарының түбі к ө к а я з

д а н ы п тұр (С. Мұқанов, Мөлдір., 231). 

Сонда қамырдың өзі тез ашып, осы жидек 

қосылған  нан  көмбеқазанға  жабыспай,

к ө к а я з д а н б а й, қайта көтеріліп піседі 

екен (Ж. Аупбаев, Жанарымда, 13). Ол аз 

дегендей табаға салған наным к ө к а я з

д а н ы п шала пісті (З. Ахметова, Шуақты 

күн., 24).



КӨКАЯЗДАНУ Көкаяздан етістігінің 

қимыл  атауы.  Жамбыл  қаласындағы  на-

убайханаларда пісірілген нанның не тұзы 

жетпейді,  не  ашытқысы  көп.  Əйтеуір 

қамырының к ө к а я з д а н у ы жиі (Қаз. 

əдеб., 06. 06. 1986, 3).

КӨКБАЛАҚ: Көкбалақ болды. Кешке 

дейін су кешіп, балағын су-су етті. Көбік 

қар жауғанда ит қосып, қоян қуып, кекілік 

пен шілге тұзақ құрып к ө к б а л а қ  б о л ы п

жүретін (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 10).



КӨКБАС

1

... Жалаңашкөлде аздап сазан, 

к ө к б а с балықтары бар (Б. Нұржекеев, 

Өзендер., 225).



КӨКБАС

2

 з а т. з о о л. Тұмсығы үшкір, 



ұшатын,  қан  сорғыш  жəндік.  Тұнықтан 

қанып  ішеді  де,  бүкті  тоғай  бойының 

найза  тұмсық  к  ө  к  б  а  с  ы  мен  қылыш 

қанат бөгелегінен, қан сорғыш сонасынан 

жан  сауғалап,  желдеп  қырға  шығады  (М. 

Мағауин, Аласапыран, 45).



КӨКБАУЫР з а т. з о о л. Үйректің ба-

уыры көк бір түрі. Қиқу салған қасқалдақ, 

мамырға жығылған к ө к б а у ы р, кегер, 

терісаяқ,... үйректер бүйрек көлді айналып 

тік тартты (Лен. жас, 19. 08. 1972, 2).



КӨКБЕКШЕ з а т. з о о л. Арқардың 

былтырғы  қозысы.  Арасында  биылғы 

құралайы,  былтырғы  к  ө  к  б  е  к  ш  е  с  і, 

құнанша,  дөненшесі,  тұмса  тушасы  ара-

лас  бір  үлкен  арқар  үйірі  қиялай  өрлеп 

барады (Е. Тұрысов, Құралай., 25). Құлан 

жалдың  қиясында  үйірінен  бөлініп,  жеке 

жүрген құнан шығар к ө к б е к ш е н і қалай 

көргенін... бүге-шігесіне дейін қалдырмады 

(Е. Тұрысов, Ақбақай, 137).

КӨКБЕТТЕНУ Көкбеттен етістігінің 

қимыл атауы

КӨКБЕТТІК з а т. Долылық, ызақорлық. 

Қайсы  бір  келелі  мəселе  тұсында  оның 

тіпті  Қозы  Қарынға  да  қарсы  шығып, 

қасарысып отырып алатын к ө к б е т т і г і

жұртқа  ұнайтын  (Ə.  Нұрпейісов,  Соңғы., 

164).  Мұхамəди  мен  Ұрқияның  шекісіп 

қалатынын  тəптіштеу  не  үшін  керек? 

Ұрқияның к ө к б е т т і г і н көрсету үшін 

бе? (Қаз. əдеб., 25. 03. 1977, 2).

КӨКБОПАЙ з а т. ж е р г. Қойдың қиы

Түтін салуға жирен, жусан, бұта, көк тезек, 



к ө к б о п а й қолданылады (Б. Кəмалашұлы: 

Ана тілі, 11. 03. 1993, 4).



КӨКБҰЙРА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Насыбай. 

Өйткен, бұл «к ө к б ұ й р а н ы» (насы-



279

Байынқол Қалиев

байды)  ол  əнеу  күні  Шетпенің  дүкенінен 

сатып алған су тиіп шіріп кеткен махоркаға 

пештен шыққан қидың күлін қосып жасай 

салған-ды (Ə. Кекілбаев, Бір шөкім., 21).

КӨКБҰҚА  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Каспий 

теңізінде  мекендейтін  бағалы  балық

Мұнда  к  ө  к  б  ұ  қ  а,  бекіре,  шоқыр, 

майшабақ,  қаракөз,  сазан,  табан,  жайын 

жəне т.б. балықтардың бағалы түрлері бар 

(ҚСЭ, 3, 434).

КӨКДƏРІ з а т. х а л қ. Тотияйын (ку-

порос) осылай да аталады

КӨКЕ  з  а  т. 1. Əкесінің  ағасы  немесе 

інісі. Төр жақтағы төсек – к ө к е с і н і ң 

төсегі де босап қапты (М. Мағауин, Таңд. 

шығ., 1, 35). 2. Кей жерде əкесін де «көке» 

деп  атайды.  Сөк  салынған  қалтаның 

аузы к ө к е с і келгенде шешілетінін қыз 

онсыз  да  білетін.  Бірақ  шешесінің  аузы-

нан  əкесі  туралы  естудің  жөні  бөлек  еді 

(Т.Нұрмағамбетов, Дария., 58).

КӨКЕБАС  о  д.  Жасы  кішіге  айты-

латын  еркелету  сөз.  –  Мен  жоқта  саған 

əкебас, к ө к е б а с деді ме? (Ə. Байбол, 

Теміржол., 32).

КӨКЕЗУЛЕН  е  т.  Көгеріп,  сазарып, 

ұрсып сөйлеу. Мүлдем к ө к е з у л е н і п,

сазбеттеніп  кеткен  соң  жеңіліп  қойған 

(С.Досымов, Жаңғырық, 98).

КӨКЕЗУЛЕНУ Көкезулен етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨКЕЗУЛЕС  е  т.  Айтысу,  тартысу. 

Құрманмен к ө к е з у л е с і п, балаларды 

əлі де қылғыртпақ еді (Ұ. Доспанбетов, Ел 

есінде, 67).



КӨКЕЗУЛЕСУ  Көкезулес  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨКЕЙКЕСТІЛІК  з  а  т.  Көкейкес-

ті  мəселеге  айналғандық,  маңыздылық

Алайда  партияның  əдеби-көркем  сынға 

қатысты  міндеттері  уақыт  озған  сайын 

орасан өткірлік əрі к ө к е й к е с т і л і к 

сипатқа ие бола алады (Қаз. əдеб., 08. 06. 

1973, 1).



КӨКЕКБАС з а т. б о т. Өсімдіктің бір 

түрі. Былай қараса изектеп тұрған к ө к е 

к б а с т а р, былай қараса қаңқиып тұрған 

мұнаралар – ана төсіне қадалған аш бала 

секілді (Қаз. əдеб., 12. 05. 1978, 1).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет