ҚАҚСАЛДАНУ Қақсалдан етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҚТА е т. з е р г. Күмісті не алтынды
төске салып, қағаздай етіп жұқарту. Қас
бетін ою-өрнек салынған жұқа темірмен
жабады. Ол темірлерге қ а қ т а ғ а н күміс
шабылады (Ж.Бабалықұлы, Ер қанаты,
260). Қақталатын металды дүркін-дүркін
отқа қыздырып, жасытып, қағаздан да жұқа
етіп үлбірете қ а қ т а й д ы. Осы тəсілмен
алынған жұқа металды – қаптама деп атай-
ды (Д.Шоқпарұлы: Ана тілі, 14.01.1993, 8).
ҚАҚТАЛ Қақта етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. ≈ Қ а қ т а л ғ а н күміс,
қақталған метал.
ҚАҚТАЛУ Қақтал етістігінің қимыл
атауы.
ҚАҚТАМА з а т. з е р г. Төске салып
ұру арқылы жұқартылған алтын не күміс.
Осы тəсілмен алынған жұқа металды – қ а қ
т а м а деп атайды (Д.Шоқпарұлы: Ана
тілі, 14.01.1993, 8).
ҚАҚТАУ Қақта етістігінің қимыл
атауы. Қ а қ т а у – сом алтынды төске
салып жұқарту (Д.Шоқпарұлы: Ана тілі,
14.01.1993, 8).
ҚАҚШИЫҢҚЫРАП ү с т. Басын сəл
ғана қақитып, тіктеңкіреп (отыру). Шо-
най қарт ер үстіне қ а қ ш и ы ң қ ы р а п,
тіктеліп отырды (М.Мəжитов, Аманғали,
47).
ҚАҚШУ з а т. Бестастың он бірінші
кезекте ойналатын түрі. Он бірінші ойын
- қ а қ ш у. Ойыншы бес тасты иіріп, қақпа
тасты алғаннан кейін қалған төрт тасты бір-
бірлеп қақшып қағып алады (Б.Төтенаев,
Қаз. ұлт. ойын., 49).
ҚАҚШЫТУ Қақшыт етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҚЫРА с ы н. Қақырайған, қоқиған,
биік. Енді, міне, кəрі ана, бұған сол
қиналғанын да сездірмей, басындағы
қ а қ ы р а жаулықты қақшаңдата береді
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 97). Басындағы
қ а қ ы р а жаулықты қайқайтып көтеріп
алған (Бұл да, 98).
ҚАҚЫРАЙТУ Қақырайт етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҚЫРАЮ Қақырай етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҚЫРЫҚ: Қақырығым қайма ал-
тын, түкірігім түйме алтын. Қағанағы
қарқ, сағанағы сарқ; болып-толған д.м.
Есе теңдік елдікі болды. «Қ а қ ы р ы ғ ы м
қ а й м а а л т ы н, т ү к і р і г і м т ү й м е
а л т ы н» деді (К.Мақажанұлы, Ортеке, 26).
ҚАЛА: Қаласын бұзбады. Қатар
тұрған, дөңгелене отырған қалпын
өзгертпеді д.м. Бірақ еркектер жағы қ а л
а с ы н б ұ з ғ а н ж о қ (Ғ.Мүсіреов, Шығ.
жин., 142). Тісінің қ а л а с ы б ұ з ы л м а
ғ а н адам (Ана тілі, 05.12.2002, 7).
Қ А Л А А РА Л Ы Қ . . . Т ү н н і ң б і р
уақытында телефон безектеді. Үй мен үй
арасындағы қалыпты шылдыр емес, қ а л а
а р а л ы қ сөйлесуге шақырғанда берілетін
ұзақ сигнал (С.Лəмбеков, Əке жолы, 168).
Айқайын салып қ а л а а р а л ы қ автобус
та келді (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 163).
ҚАЛАЙЫЛА... Ол ол ма, зəмзəм суы
деп құдық суын құтыға құйып, аузын қ а
л а й ы л а п қымбатқа сатады (Жұлдыз,
1972, №12, 119).
ҚАЛАКҮШІК с ы н. с ө й л. Қаладан
ұзап шықпайтын, үнемі қалада тұратын
(адам).
ҚАЛАКҮШІКТІК з а т. Қаладан
шықпайтындық; қалажадылық. Өмір бойы
қалада өскен өз психикаңа, қ а л а к ү ш і к т і к
мінез, түсінігіңе біреудің кейіпкерін сүй-
релейсің (З.Ахметова, Шуақты күн, 144).
ҚАЛАҚ: Қалақ бет. Жалпиып қалған,
жалпиған бет. Қ а л а қ б е т əуелі
трубканы көтергісі келмей тыржыңдаса
да, тыңдаған бойда орнынан атып тұрды
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 371). Сыртына сірə
да қан тепейтін қара сұр қ а л а қ б е т
сыздап ала қойған (Бұл да, 403).
Қалақ сан. Қалақтай жалпақ сан.
Бота тірсек, қ а л а қ с а н сəйгүлік тұлпар
қос құлағын жымырып алып, құландай
ұйтқытып келе жатыр (І.Есенберлин, Шығ.
жин., 9, 178).
ҚАЛАҚШЫ з а т. Қалақпен үй сы-
лаушы. Ел ішінде атадан бала мирас
еткен, бірлі-жарым үйші шеберлер, риаз
ұсталар, даңғыл қ а л а қ ш ы л а р болады
(А.Сейдімбеков, Қыр хикая., 144).
ҚАЛАМА з а т. Городки ойыны. ≈ Бала
кезімізде қ а л а м а ойынын көп ойнаушы
едік.
ҚАЛАМАЛДЫ с ы н. Ең бірінші,
алғашқы жазған. Бұл повесть жазушының
қ а л а м а л д ы туындыларының бірі бола
тұрса да, көркемдік бейнелеу қуаты өте
күшті (Қаз. əдеб., 26.04.1974, 3).
322
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ҚАЛАМБАС з а т. и х т и о л. с ө й л.
Шортан. Қызыл балық деп атаған топқа
қазақтар бекіре (осетр), шортан немесе
қ а л а м б а с (щука), шоқыр (севрюга),
қортпаны (белуга) жатқызады (Қаз. этно-
графия., 1, 403).
ҚАЛАМДАСТЫҚ з а т. Шығармашылық
жұмысты бірге атқарушы, істес. Көп
жылғы қ а л а м д а с т ы ғ ы м ы з д ы былай
қойғанда ол екеуміз ұзақ уақыт жазушы-
лар одағының аппаратында да жұмыстас
болдық (Қаз. əдеб., 15.09.1978, 3).
ҚАЛАМДАУ Қаламда етістігінің
қимыл атауы. Қыдырхан үйші уықтың
түзу ұштарын жаңғырық ағашқа тік тіреп
қойып, шаппа шотпен қ а л а м д а у ғ а
кірісті (Қаз. əдеб., 13.08.1982, 15).
ҚАЛАМДЫҚ з а т. э т н . Шаңырақ
тоғынына уық сұғынатын төрт қырлы
көз. Тоғынға уық сұғатын төрт қырлы
көз – қ а л а м д ы қ т а р теседі (Шаңырақ,
47). Киіз үй шаңырақ қ а л а м д ы ғ ы
н ы ң (уық сұғынатын тесігі) көп ретте
360 болуы халқымыздың астрономиялық
ұғым-түсінігі жинақталғанын аңғартады
(Соц. Қаз., 19.02.1977, 4). Қазақтың үй
басу дəстүрінде кереге басы қанша бол-
са, уық саны сонша болып, бұған сəйкес
шаңырақтың да соншама көзі (қ а л а м д ы
ғ ы) болған ғой (Лен. жас, 23.11.1972, 3).
ҚАЛАМША Киіз үй уығының шаңырақ
қаламдығына сұғынар ұшы (ҚСЭ, 6, 422).
ҚАЛАМШЕЛЕ е т. Жас шыбықтың
ұшын сүйірлеп, жерге отырғызу. Арық
бойларына, колхоздың болашақ көшелеріне
қ а л а м ш е л е п тігілетін тал, те-
ректер, қайыңдар жайында ойлап кетті
(Р.Райымқұлов, Жапанда., 213). Қарақаттың
бағалы сұраптарын тезірек жетілдіріп ең
бір пəрменді тəсілі – жасыл тал шыбықты
қ а л е м ш е л е п егу (Қазақст. ауыл шару-
аш., 1971, №4, 26).
Қ А Л А М Ш Е Л Е У Қ а л а м ш е л е
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЛАН з а т. к ө н е. Жалпыға ортақ
салық түрі. Қ а л а н деген (құшыр деп
аталатын жан басына салынатын алым-
салықтан өзгеше) жеріне қарай салынатын
алым-салық болды (ҚазССР тарихы, 2,
238). Темір-Құтлықта бұрынғы хандардай
бүкіл бұқара халыққа аямай шөлен, қ а л а н,
тағы сондай толып жатқан алым-салықтар
салған (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 477).
Өнімге орай, біреуге көп, біреуге аз салы-
натын, бірақ жалпыға ортақ ауыр салғырт
қ а л а н тағы жоқ (М.Мағауин, Алсапыран,
2, 163).
ҚАЛАТКОМ з а т. қ ы с қ. «Қалалық
атқару комитеті» деген сөз. «Ана
тілі» газетіне баспананы Алматы қ а л
а т к о м ы берген жоқ, республикалық
Агроөнеркəсіптік кешеннің жетекшісі
С.Тұрсынбаев берді (Ана тілі, 26.11.1992,
4). Сол кезде дұрыс тəржімеленіп, тілде
қолданылған төраға (предс-ль), хатшы
(секр-рь), аупартком (райпартком), қ а л а
т к о м (қалалық атқару комитеті) сияқты
сөздерге жан бітіре бастады (Ана тілі,
26.07.1990, 6).
ҚАЛАШ__1'>ҚАЛАШЫЛЫҚ з а т. Қалаға бар-
ғыштық, қаланы ұнатқандық. Ол кісіні
де құрдастары қ а л а ш ы л ы ғ ы үшін
мазақтайтын (Ə.Тəжібаев, Хаттар., 9).
ҚАЛАУША з а т. Сырты қаланған;
қоршау. Кішірек қ а л а у ш а ғ а қайта
кіріп, оның көзінше өтінішін жыртып-жыр-
тып тастағысы да келген (Ө.Қырғызбаев,
Қырда., 196).
ҚАЛАШ
1
з а т. Балықтың арқа қанаты.
Басы озған батыр Сарманның үш жүз
түгіл, алаштан! Теңіз суын теңселткен,
Наһанды бір-ақ шайнады, Ұстап алып қ а
л а ш т а н (Жеті ғасыр., 2, 431). Тіршілік
тірегі судан айырылған құстар сатырлап
ұшып, балықтар қ а л а ш т а р ы қақырап,
желбезектері желбіреп сыңсып жылайтын
сияқты (А.Мекебаев, Аңызақ, 94).
ҚАЛАШ
2
з а т. к ө н е. Қараның əйелі.
Бұл сөз қатын-қалаш қос сөзінің екінші
сыңары ретінде сақталған.
ҚАЛБАҒАЙ... Толқынды егістік да-
риясына көз сүзіп комбайн қ а л б а ғ а
й ы н шыр айналдырғалы ықлым уақыт
болды (Лен. жас, 09.08.1973, 1). Ертеңгі
күні күн шуағымен сары мұрттанып пісіп
тұратын бадана дəн бастарына комбайн
қ а л б а ғ а й ы н қиялай саламыз-ау деген
оймен желпініп жүрміз қазір (Лен. жас,
04.06.1974, 1).
Қ А Л Б А Л А Қ ТАС Қ а л б а л а қ т а
етістігінен жасалған ортақ етіс. Аудан
арыздардың астында қалыпты, Қойшысы
қасқыр болып шығыпты. Қ а л б а л а қ т а
с ы п т ы. Шара қолданыпты (І.Жансүгіров,
Шығ., 209). Екеуі бірдей қ а л б а л а қ т а
с ы п қалды (Б.Мұстафин, Жайнаған. 61).
323
Байынқол Қалиев
ҚАЛБАЛАҚТАСУ Қалбалақтас
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЛБЫР з а т. Бидай, арпа тазалауға
арналған, тесіктері ірірек, елек сияқты
құрал; кепшік. ≈ Көршінің қ а л б ы р ы н
сұрап əкелші.
ҚАЛБЫРЛЫ с ы н. Қалбыры бар,
қалбыры көп. Қ а л б ы р л ы, шынылы
консервілер, құйма, бұрама тоқаш – бір
сөзбен айтқанда тамақпен нығыздалған
торқалталарын сүйреткен əйел, еркек
сапырылысып жатыр (М.Мағауин, Таңд.
шығ., 1, 93).
ҚАЛҒА... Қырымда хандық ішінде
билік құрған шырын бегінің тіпті өз қ а л ғ а
с ы бар (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 172). –
Батыр інілерімнің, білікті бауырларымның
бірін қалаңдар, қалаңдар да қ а л ғ а
сайлаңдар (М.Мағауин, Аласапыран, 13).
ҚАЛҒАЙ з а т. Асыранды баланы қазақ
«қ а л ғ а й» немесе «тонды бала» дейді
(Ана тілі, 09.05.2001, 7).
ҚАЛДАЙЛЫ с ы н. Қалдайы бар,
қалдай орнатылған. Кəрі күрең қ а л д а
й л ы ырдуанға жайғасып алған бір үйлі
жанды ауырсынғандай керенау желіп, ауыр
аяңдайды (Ж.Мусин, Туған үй., 14).
ҚАЛДАЙША з а т. ж е р г. Арба-шана
қорабының (шанағының) алдыңғы беті.
Ел арасындағы шеберлер жасаған алдың-
ғы қ а л д а й ш а с ы жоқ темір доңғалақ-
ты кең арбаның үстінде денесі ірк-ірк ет-
кен мес кемпір отыр (С.Жүнісов, Ақан сері,
2, 224).
ҚАЛДАН: Қалдан бөрік. Бөріктің бір
үлгісі. Қ а л д а н б ө р і к басында, Жол-
дасы бар қасында, Қайғы түсіп жасында,
Жар іздеуші болмасын? (Ғашық-наме, 33).
ҚАЛДАУ з а т. с ө й л. Қалдайша.
Қайтадан көтеріле бергенде Бəшен бір
аяғын шананың қ а л д а у ы н а тіреп тұ-
рып, офицерді шекеден теуіп жіберді
(З.Ақышев, Ақбел асуы, 196).
ҚАЛДЫРАУЫҚ с ы н. с ө й л. Қаудырап
қалған, қаудырлақ. Қарынның ашқанын
да, үстімдегі қ а л д ы р а у ы қ тонның
малмандай су болғанын да сезген емеспін
(З.Ақышев, Ақбел асуы, 4).
ҚАЛДЫРМА: Қалдырма қақи. э т н.
Ұлттық ойындардың бір түрі. Ойын со-
зыла береді. Хан қалай, белбеусоқ, тақия
жүгіртпек, сақина тықпақ, мыршым, ондай
қылма-мұндай қыл, лəпи молда, қ а л д ы
р м а қ а қ и, балтамтап... (Ж.Аймауытов,
Шығ., 384).
ҚАЛЕТ
1
з а т. к ө н е. Жаңылыс, жаңсақ.
ҚАЛЕТ
2
з а т. Жағдай; мүмкіндік.
Əрине, көңіл қалаған адамына жүздесіп
қайтуға бұл қ а л е т табар-ау. Алайда
жұмыс жоқ, дəйім жоқ, не сылтаумен
қылқиып бара бермек (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 386).
ҚАЛЖАЛАС с ы н. Қалжаны бірге
жеген. Қазақ-қырғыз ежелден-ақ қатыны қ
а л ж а л а с, батыры олжалас бауырың емес
пе еді?! (Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 2, 201).
ҚАЛЖУЫР з а т. к ө н е. Садақ оғының
бір түрі. Сайгез, бұлың, сұржебе, жезайыр,
қ а л ж у ы р т.б. – бəрі де садаққа салынар
жебе түрлері (Соц. Қаз., 29.03.1991, 4).
ҚАЛЖУЫРДАЙ с ы н. Қалжуыр
сияқты, қалжуыр тəрізді. Бəрін айт та
бірін айт Қабағын қара сусар бөрік басқан,
Жаурынына күшіген жүнді оқ шанышқан,
қ а л ж у ы р д а й шаншылған... Бұ жиын-
ның ішінде Қара найман Жақан бар
(Ертедегі əдебиет нұсқалары, 118).
ҚАЛЖУЫРЛЫ с ы н. Қалжуыр
байланған, қалжуыры бар. Қақпанды
қ ұ р ғ а н д а а ң м е н қ ұ с т ы ң т а б и ғ и
ерекшеліктеріне қарай тұзақты, қазықты,
тоқпақты, қ а л ж у ы р л ы, сүйретпелі
болып құралады (Ж.Бабалықов, Қырандар,
62).
ҚАЛЖЫҢҚҰМАР... Əжесінің қ а л ж
ы ң қ ұ м а р шалдау қайнысы кеше үйге
кіріп шыққан (Р.Отарбаев, Біздің ауыл.,
109).
ҚАЛЖЫР... Бөктергі, лашын, құладын,
тұрымтай, қаршыға, ителгі, қ а л ж ы р,
бөдене, бұлдырық сияқты бұл даланың
құстары қандай түрлі-түрлі болып келсе,
Изольдаға адамдары да сондай түрлі-
түрлі болып көрінді (Ж.Жұмақанов, Үш
бəйтерек, 108).
Қ А Л Ж Ы РА Ғ А Н Д Ы Қ з а т.
Шаршағандық, титықтағандық. Шы-
нында, жұқа өңінен қ а л ж ы р а ғ а н д ы қ
сезіледі. Көзінің алды қаракөлеңкеленіп,
көгіс тартқан (Н.Исабаев, Өмір., 323).
ҚАЛЖЫРАС Қалжыра етістігінен
жасалған ортақ етіс. Күні-түні Бетпақтың
шөлін басып, Алабынан адастық арман
асып. Кез болдық қалың қамыс бір қопаға.
Шаңқай түс кезінде қ а л ж ы р а с ы п
(И.Байзақов, Құралай., 43).
324
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ҚАЛЖЫРАСУ Қалжырас етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЛИМА з а т. Оттегінің жетім-
сіздігінен шалажансар күйге түскен балық.
Қыста су бетін мұз қаптаған кезде шағын
көлдердің балығы қ а л и м а болады (Қаз.
əдеб., 09.02.1990, 7). Мына Қаракөлдегі
қ а л и м а болып, өз-өзінен қырылып жат-
қан балыққа да жете алмады (А.Мекебаев,
Жезтырнақ, 103).
ҚАЛИСАН с ы н. ж е р г. Адамгершілігі
мол, адал, əділ, жақсы. Қ а л и с а н жігіт –
алыс-жақынын алаламайтын, адамгершілігі
мол, адал жігіт (Ақиқат, 15.08.1990, 8).
ҚАЛҚАЙТПА з а т. Үйдің кіре-берісіне
салынған төбесі жабық шағын құрылыс;
жауынқағар.
ҚАЛҚАН з а т. Арбаның шарбақты
қорабы. Ағаш күбіні қиюластыру, арбаның
бəлегін, белдігін, тертесін, қ а л қ а н ы н,
шабағын заводтан шыққандай сүмірейте
қоюға əкеміздің құдіреті келе бергенге
ұқсайды (Ө.Қанахин, Жер басып., 27).
Кешке қарай, астына жайлы əрі бір айыр
болса да үйге жетсін деп арбасына қ а л қ а
н ы м е н теңестіре шөп тиеп қайтады (Қаз.
əдеб., 14.07.1972, 4).
ҚАЛҚАНДЫ: Қалқанды арба. Шөп
тасу үшін екі (төрт) жағына қалқан
орнатқан арба. Осы ерекшеліктеріне
байланысты шөп таситын арбаны сатылы
арба, қ а л қ а н д ы а р б а, қанатты арба
деген түрлерге бөледі (Қаз. этнография.,
1, 188).
ҚАЛҚАНДЫЛАУ с ы н. Аздап
қалқиған, қалқиғандау. Танаудың асты-
нан гөрі үсті сəл-пəл қ а л қ а н д ы л а у,
көтеріңкілеу келгенін құсбегілер «жапсар
танау бүркіт» деп қолпаштап отырады
(Ж.Бабалықов, Қырандар, 72).
ҚАЛҚАНШАГҮЛ з а т. б о т. Шоғыр
гүлдердің бір түрі. Шоғыр гүлдердің
т ү рл е р і : ш а ш а қ г ү л , ш ат ы р ш а г ү л ,
шоқпарбасгүл, масақгүл, қ а л қ а н ш а г ү
л, себетгүл (Ботаника, 82).
ҚАЛМАҚ з а т. а у ы с. Ақылсыз,
ақымақ, түлей. – Исі қазақты бай-кедейге
бөлетін сен кім едің-ей, тексіз қ а л м а қ!
– деп айқай салғанда ақ сары жігіттің екі
самайы аяқ астынан нарт қызарып жүре
берді (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 87).
ҚАЛМАҚЫ: Қалмақы үй. Кішігірім,
арзанқол үй. Қазақ үйді ақ үй, боз үй,
қараша үй, лашық, күрке, итарқа, жолым
үй, қ а л м а қ ы ү й, жабасалма, жаппа деп
саралаған (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 25).
ҚАЛМАҚШАЙ з а т. Ұйғырлардың
еткеншай сияқты шайы. Сыйлы қонаққа
ноғайлар ұйғырдың еткеншайы сияқты
қ а л м а қ ш а й береді (Қ.Олжай, Қанат
байла., 232).
ҚАЛМЫШ с ы н. с ө й л. Қалғаны,
қалдық д.м. Етігін күздігүні сойған
тоқтының құйрығынан арнап алып қойған
азғана құйрықтың қ а л м ы ш ы м е н
майлап, уқалай берді (Ж.Тілепбергенов,
Ізбасар, 75).
ҚАЛПАҚ: Қалпақ кидірді. ж е р г. Жа-
ман атақ таңды, масқаралады. – Ойбай,
осы сіздердің адамға оп-оңай қ а л п а қ к и д
і р е қоятындарыңыз-ай осы?! (Т.Əлқанұлы,
Тірліктен., 153).
ҚАЛПЕСЫМАҚ с ы н. Аздаған қалпелік
белгілері бар, қалпе шалыс. Əйелдердің
жаулығындай ақ мəрлі ораған кейбір қ а
л п е с ы м а қ т а р, су тиіп қасаңданған
жүгері тəрізді басына көк шүберекті шал-
ма қылған сопылар да отыр (Қаз. əдеб.,
19.03.1976, 3).
ҚАЛПИТ е т. Құлат, сұлат, сілейт
д.м. – Соқ! Соқ! – Қ а л п и т! Қ а л п и т
итті! (К.Жүністегі, Едіге, 59).
ҚАЛПИТУ Қалпит етістігінің қимыл
атауы.
ҚАЛТА: Қалта қулық. қ. Сасық қулық.
Аздаған қ а л т а қ у л ы ғ ы бар пысықтау
адам (Ж.Кəрменов, Ақылбайдың., 19).
ҚАЛТААҚТАРАР з а т. э т н. Ұрын
барған күйеудің беретін кəделерінің бірі.
Бұрынғы кезде ұрын барған күйеудің
беретін түрлі кəделерінің аты да аз
болмаған. Солардың бірі – қ а л т а а қ т а
р а р (Жалын, 1974, №3, 146).
ҚАЛТААУЫЗ з а т. з о о л. Аузында
қалтасы болатын тышқан. Бірінші болып
кеш қараңғылығында кəдімгі қ а л т а а у
ы з келді. Олар да аламан секілді қор жи-
найды (Наурызым, 122).
ҚАЛТАҚАРАР з а т. с ө й л. Қалта
ақтарар. Содан соң күйеу жолдастың
қалтасын тағы қақшиды. Мұны оңтүстік
жақта «қ а л т а қ а р а р» деп атайды (Қаз.
əдеб., 23.08.1974, 2).
ҚАЛТАЛАУШЫ з а т. Өндірілген
өнімді қалтаға қаттап салушы (Өркен,
24.02.1990, 12).
325
Байынқол Қалиев
ҚАЛТАТЕЛЕФОН. Қалтаға салып,
өзімен бірге алып жүретін ұялы теле-
фон. Онымен қоймай, қыз мойнында қос
ұялы қ а л т а т е л е ф о н, транзисторлы
микрорадиоқабылдағыш ұзын баулары-
мен салаңдап тербеледі (М.Құдайқұлов,
Құпия., 15). Бүгін де жұмыстан қатты
қалжырап, күн бата пəтерге оралып еді, енді
жуынбақшы боп жатқанда қ а л т а т е л е
ф о н ы безілдеп қоя берді (Ж.Əлмашұлы,
Тар дүние, 90). Бала оянып кетеді-ау демес-
тен əлдекімдермен қ а л т а т е л е ф о н ы
арқылы сөйлесіп, дарақылана қарқылдап
күлді (Қ.Жиенбай, Таңд., 1, 159).
ҚАЛТАФОН з а т. с ө й л. Қалтателефон.
«Дулығаның» авторы Алматыға келгендігі
туралы естіп, жазушының қ а л т а ф о н
ы н ы н а хабарластым (Ана тілі, 20.11.08).
Достарыңызбен бөлісу: |