ҚАҒЫРЛАНУ Қағырлан етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҒІЛЕЗДЕН е т. Жұмсаған істі тез
бітіру, ылдым-жылдым істеу.
ҚАҒІЛЕЗДЕНУ Қағілезден етістігінің
қимыл атауы.
ҚАДАҒАЛАҒАНСУ Қадағалағансы
етістігінің қимыл атауы.
ҚАДАҒАЛАҒАНСЫ е т. Қадағалаған
болу, бақылағансу. Оқу ісі жағындағылар
сабаққа қатысым жағын қ а д а ғ а л а ғ а н
с ы п, ай сайын қорытындысын шығарады
(Т.Отарбектегі, Зауал, 38).
ҚАДАҒАЛАУШЫ з а т. Қадағалайтын
адам, бақылаушы. Қ а д а ғ а л а у ш ы
қасынан бір елі шықпады (Ж.Молдағалиев,
Алғ. қоңырау, 160).
ҚАДАҚ з а т. ж е р г. Ішіне сүт құйып,
сыйлы қонаққа ұсынатын күміс аяқ. –
Мен мына алғашқы қ а д а қ т ы мəрте-
белі қонағымыз Абылайдың құрметі
үшін көтеремін (Қ.Жұмаділов, Дарабоз,
2, 104).
ҚАДАҚТЫ с ы н. ж е р г. Кіселі. Ол
кең балақ шалбар киіпті де, беліне қынды
пышақты, күміс қ а д а қ т ы бұғы белбеу
буыныпты (Ж.Тілеков, Жоңғар даласы).
ҚАДАМЫШ з а т. э т н. Қазақ үйді
сəндейтін сəн-салтанатты бұйымдардың
бірі. Мұнда оның аяққап, есік-салма, терме,
қ а д а м ы ш секілді қазақы үйдің сəн-
313
Байынқол Қалиев
салтанат бұйымдары қойылған (Қаз. əдеб.,
10.10.1980, 12).
ҚАДАРИ: Қадари хал. с ө й л. Қадари-
халінше. Оқыған бозбалалар, құлағың
сал, Алдыңа тарту тарттым қ а д а р и
х а л. Ақының тал жібектен шəл тоқыды,
Кемдігін ғапу илə қабыл ғып ал (ХХ ғас.
қаз. ақ. шығ., 140).
ҚАДАУЛАН е т. с ө й л. Тік тұру,
қақию; қадалу. Көз жылтында ызғар
тұтанғанда, əлгі жирен қылдар қ а д а у л
а н а қалды (С.Сматаев, Алғашқы асу, 49).
ҚАДАУЛАНУ Қадаулан етістігінің
қимыл атауы.
ҚАДИМ з а т. а р. Ескіше білім беру
жүйесі; қадім.
Қадим жазу. Ескіше жазу; төте
жазуға дейінгі жазу. Бұл жазуды (кілең
дауыссыз дыбыстан құралған сөздерді)
қ а д и м ж а з у деп атаған (Қаз. əдеб.,
24.11.1989, 16).
ҚАДИМИ с ы н. Ежелгі, ескі, қадим.
Олардың (қолөнер шеберлерінің) еңбегі сол
қ а д и м и қарапайым қоғам кезінде де өте
жоғары бағалағандығын айтуымыз керек
(Қаз. əдеб., 15.02.1974, 4).
ҚАДИМШІ з а т. Қадимше оқытатын,
қадимше оқитын адам. Мəдениет майда-
нында қ а д и м ш і л е р мен жəдитшілердің
арасындағы шиеленіскен тартыс, шынында,
ескі мен жаңаның арасындағы тартыстың
бір көрінісі еді (Жалын, 1974, №2, 146).
ҚАДИМШІЛ с ы н. Ескіше білім беру
жүйесін жақтаушы; кəдімшіл, ескішіл.
ҚАЖЫҒАНДЫҚ з а т. Қалжырағандық,
шаршағандық. Жалпы өзінің болмыс-
бітімінде сырт көз бірден аңғаратындай
шаршағандықтың, болмаса қ а ж ы ғ а н д ы
қ т ы ң табы мұндалап тұр (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 256). Кескін-келбеттерінен қ а
ж ы ғ а н д ы қ т ы ң белгісі байқалады
(Д.Рамазан, Жылап аққан., 28).
ҚАЖЫЛЫҚ: Қажылыққа бару. д і
н и. Ислам дінінің бес парызының біреуі.
Ислам дінінің бес парызы бар. Олар: иман
ету, намаз оқу, қ а ж ы л ы қ қ а б а р у, ораза
ұстау, зекет беру (Қ.Əбілқайыр, Текес, 207).
Қ А Ж Ы Ң Қ Ы с ы н . Қ а ж ы ғ а н ,
қалжыраған, шаршаған. Ұзақ жолдан
титықтаған кəрі кісінің қ а ж ы ң қ ы дау-
сы (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 190). Ойылған
тесіктен бір сəтке əуестене қараған бірді-
екілі əйелдердің қ а ж ы ң қ ы жүздері
көрінді де, қайтадан жоқ болды (Мате-
риктер., 7). Күйеуінің қ а ж ы ң қ ы түрін
аңдаған сайын Үйтолғанды да бір ой
қажайды (Қ.Тоқмырзин, Үш кие, 22).
ҚАЖЫП-ШАРША е т. Қажу, шар-
шау, шалдығу. Гүжбан қара алдындағы
əйелдің қ а ж ы п-ш а р ш а п, сағы сынып,
жүдеулеу, пəстеу көрінетіндігін аңғарды
(Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 196).
ҚАЖЫП-ШАРШАУ Қажып-шарша
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЖЫРСЫЗДЫҚ... Жұбанып зарлы
ана тұрғанымен, Жасымай қайраттылық
қылғанымен, Денеде қайрат пенен қ а ж
ы р с ы з д ы қ, Боп тұрды сол уақытта нақ
теңбе-тең (С.Мұқанов, Таңд., 12, 168).
ҚАЖЫРТ е т. ж е р г. Балағаттау,
боқтау, тілдеу. Атқан оғы көбіне
зая кететін болған соң əлдекімді албаты
қ а ж ы р т ы п тынады (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 14).
ҚАЖЫРТУ Қажырт етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЖЫС з а т. с ө й л. Қажығандық,
шаршағандық, болдырғандық. Сонда
сіз олардың ажарынан өзгеше нардай
шаршастың, əрі қ а ж ы с т ы ң табын
байқар ма едіңіз (О.Бөкеев, Үркер, 41). Ол
қатты қ а ж ы с п е н, мысы құрып, үлкен
көк тастың үстіне отыра кетті (Бұл да, 5).
ҚАЖЫШЫ з а т. Меккеге барушы,
қажы болушы. Бізден бұрын барған қ а ж
ы ш ы л а р осы қиыншылықты жеңілдету
үшін, сол орындарда қонақжай салдырған
екен (М.Разданұлы, Алтай., 60). Мамырбек
қажы төре жүрген бастап, Жолдастары
қайта ма оны тастап. Шам, Құддыс, Мəдине
– деп қ а ж ы ш ы л а р, Əулие, əнбияның
ізін баспақ (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2,
224). Қ а ж ы ш ы л а р шаһарды аралады,
Сауға алмаққа көшесін жағалады. Басшы
адамдар тоқтатты байыздатып, Стамбулға
барғанда ал, - деп, оларды (Бұл да, 230).
ҚАЗ
1
з а т. к ө н е. Мəслихат, жиын.
Мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызды
мəселелер бүкіл ел басшылары қатысқан
жиында шешіледі. Осы ұлы нөпір жиынды
«қ а з» деп атайды. Қ а з – бүкіл қазақ елінің
бас қосқан кеңесі (Аңыз адам, 2011, №19,
34). Көрші елдермен соғысу не одақтасу,
не мойынұсыну т.б. тек қ а з д ы ң деңгейі
арқылы жүзеге асырылады (Бұл да). Қ а з
бекітпесе хан мен сұлтан болса да биліктері
314
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
заңсыз деп саналады (Жас алаш, 10.09.
2005, 4).
ҚАЗ
2
з а т. с ө й л. Қазы. Ашуланба
Абылай, Ашулансаң Абылай, Көтерермін,
көрермін, Көтеріп қ а з ғ а салармын (Бұқар
жырау: Аңыз адам, 2011, №19, 34).
ҚАЗ: Қаздың жұмыртқасындай.
Көлемі қаздың жұмыртқасы сияқты,
үп-үлкен. Сол тапжылтпаған қалып қақ
маңдайдан қ а з д ы ң ж ұ м ы р т қ а с ы н д
а й алтынмен құлаштап періп кеп жібергені
(Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 121).
Қаз кеуделі. Кеудесі қаздың кеудесіндей.
Қ а з к е у д е л і қыз көкірегі дем алған са-
йын көтеріліп, басылып жатыр (С.Досанов,
Қыран қалғымайды, 18).
ҚАЗАБАТТЫ с ы н. Ауыр, қиын, азап-
ты. Сол болашақта тап келер берекесіз
күндердің қ а з а б а т т ы қасіретіне
ұшырамас үшін əлі де жүгіре түсуге тиісті
тəріздімін (А.Мекебаев, Алапат, 229).
ҚАЗАҚ: Қазақ Геродоты. п е р и ф р.
Мұхаммед Хайдар Дулати д.м. Мұхаммед
Хайдар Дулати Шығыс, Батыс елдеріне
көбірек мəлім заңғар тарихшы. «Қ а з а қ
т ы ң Г е р о д о т ы» деуге əбден лайық
(Егем. Қазақст., 02.11.2005, 1).
Қазақ қазақ болғалы. Ежелден, атам-
заманнан бері, баяғыдан. Қ а з а қ қ а з а қ
б о л ғ а л ы қашан барсаңыз да жаз айла-
рында шалқи қонған көп ауыл, мыңғырып
жатқан қой, шұрқырап жатқан жылқы осы
жайлауда болады (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1965, №9, 21).
Қазақ өнерінің қара шаңырағы.
Мұхтар Əуезов атындағы драма театры.
М.Əуезов театры – қ а з а қ ө н е р і н і ң
қ а р а ш а ң ы р а ғ ы. Басқа өнер ұжымдары
осы театрға қарап бағдар түзейді (Парасат,
2006, №11, 2).
Қазақ поэзиясының Хантəңірі. п е р
и ф р. Мұқағали Мақатаев д.м. Мұқағали
бауырымыз қ а з а қ п о э з и я с ы н ы ң
Х а н т ə ң і р і еді (Мұқағали, 2010, №6, 34).
Қазақтың ақбас қойы. Басы ақ,
құйрықты қой тұқымы. – Иə, бұл деген
қ а з а қ т ы ң а қ б а с қ о й ы н ы ң т ұ қ ы
м ы. Өңге қойларға ұқсамайды (С.Үсенұлы,
Елік., 16).
Қазақ шығу. к ө н е. Бодандыққа
көнбей, бөлініп кету. Шора батыр» жы-
рында: Қазанды кəпір алды деп, Қ а з а қ
ш ы ғ ы п барамын, - деген сөз бар. «Қазақ
шығу» - еркін кету, бодандыққа көнбеу
деген ұғымды білдіреді (Қ.Олжай, Қанат
байла., 227).
ҚАЗАҚТАН е т. Қазақ болу, қазақтың
тілін, дəстүрін алу.
Қ А З А Қ Т А Н Д Ы Р Қ а з а қ т а н
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
ҚАЗАҚТАНДЫРУ Қазақтандыр
етістігінің қимыл атауы. Ал біздің
қыз-жігіттеріміздің аралас неке арқылы
басқа ұлт өкілдеріне қ а з а қ т а н д ы р у
процесін жүргізе алмай келе жатқаны əлі
де болса терең ойланарлық жəйт сияқты
(М.Құдайқұлов, Құпия., 12).
ҚАЗАҚЫЛАНУ Қазақылан етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЗАН
1
з а т. с ө й л. 1. Қазандоп. Қ а з
а н ойынын қыс уақытында мұздың үстінде,
ал жазда тақыр алаңдарда ойнауға болады.
Ойынға қатысушылардың əрқайсысының
басы қайқы қақпа таяғы жəне барлығына
ортақ добы болуы керек (Б.Төтенаев, Қаз.
ұлт. ойын., 61). Қ а з а н ойыны үшін ойын-
шылардың санына қарай жеңіл таяқтар, доп
жəне сызылған үлкен шеңбер болуы керек
(Ғажайып., 68). 2. с ө й л. Қазаншұңқыр.
Егер айдаушы допты қ а з а н ғ а түсіретін
болса, басқалары орындарын жылдам
ауыстыруы керек (Қ.Толыбаев, Бабадан.,
126). Бір ойыншы доп айдаушы болады. Ол
допты қ а з а н ғ а түсіру үшін айла іздейді.
Басқалары қазанды қорғайды (Бұл да).
ҚАЗАН
2
з а т. Тоғызқұмалақ ойыншыла-
ры ұтқан құмалақтарын салып отыратын
ұяшық. Кез келген бір отаудағы 9 құмалақты
солдан оңға қарай бөліп салғаннан кейін
ең соңғы отаудағы құмалақтың саны жұп
сан болса, оларды ұтып, өз қ а з а н ы н а
салып алады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 4, 118). Тоғызқұмалақ тақтасының
орта тұсында екі жақта оңаша тұрған екі
тор (ойық) екі ойыншының қ а з а н д
а р ы (Ə.Ақшораев, Тоғызқұмалақ, 17).
Тақтасының екі жағындағы отаулар мен
қ а з а н д а р əртүрлі түске боялады (Бұл
да, 16).
ҚАЗАН
3
з а т. Балық аулайтын аудың
бір түрі. Біреулер Құмөзек тұсындағы
бөлініп-бөлініп қалған ойдым-ойдым қара
суларға қ а з а н салып, енді содан іздеу ке-
рек деген пайым айтқасын, жұрт жабылып
үй-үйден қ а з а н жиып, мұны да байқап
көрді (М.Айымбетов, Құмөзек., 136).
315
Байынқол Қалиев
ҚАЗАН
4
: Қазан аузы жоғары. Тағы
да бола жатар, үміт алда д.м. Əзірге екі
ұл мен екі қыздың жолдамаға ие болуынан
үмітті көрінеміз. Қ а з а н а у з ы ж о ғ а р ы!
(Қ.Олжай, Қанат байла., 151).
Қазан бастау. Басы үлкендеу. Қ а з а н
б а с т а у, тайқы маңдайлау, тырбықтау
жаралған, жеңсіз көк жолақ көйлек киген,
шалбары қыржиып қисық аяқтанып кеткен,
қолтығында табан құшақ портфелі бар бі-
реу Асанбайға таянып келді (Ғ.Мүсірепов,
Кездеспей кеткен., 79).
Қазан көтерілді. Қазан асылды,
тамақ жасауға кірісті. Қ а з а н к ө т
е р і л і п, абыр-сабыр басталды да кетті
(Б.Дəулетбаев, Сүмбілшаш, 71).
Қазанның бір тұтқасын ұстады.
Биліктің біріне қол жеткізді. Сөйтіп,
биліктің басқышына қол артып, қ а з а н н ы ң
б і р т ұ т қ а с ы н ұ с т а д ы (Д.Рамазан,
Жылап аққан., 27).
Қазан ұрған қауындай. Ұсқынынан
айрылған, солып қалған. Менің қайран
ұстазым! Енді қарашы, қ а з а н ұ р ғ а н
қ а у ы н д а й қауқиып қалған мына ұс-
қынсыз кеспірін? (Ə.Асқаров, Таңд., 206).
ҚАЗАНБАСШЫ Ас əзірлеушілердің
басшысы.
ҚАЗАНБАСШЫЛЫҚ Қазан бас-
шы болғандық, қазан басына жақын
жүрушілік. Менімше қ а з а н б а с ш ы л
ы қ т ы ң ешқандай əбестігі жоқ сияқты.
Асханаларда істей жүріп, тыңқиып семіріп
алған талай майтабан жігіттерді көргемін
үлкен қалалардан (Лен. жас, 08. 03. 1968, 3).
ҚАЗАНБӨЗ з а т. к ө н е. Бөз матаның
бір түрі. Ол кезде ел ішінде көп киілетін
бөз, балымбөз, қ а з а н б ө з дейтін мата-
ларды үстіне ілмей, көйлегін кілең таза
ақтықтан тіктіретін болған (Қаз. əдеб.,
28.11.1975, 4).
ҚАЗАНДЫ: Қазанды бол. Ас-суың
мол болсын, дастарханды бол д.м. Аллаңа
жағам десең – алаңды бол, Ағайынға жағам
десең – қ а з а н д ы б о л (Ел аузынан, 84).
ҚАЗАНШҰҢҚЫР з а т. Қазандоп ой-
ынын ойнау үшін қазылған шұңқыр. Үлкен
дөңгелек шеңбер сызылады да, дəл ортасы-
нан тереңдігі 10 см-дей шұңқыр қазылады.
Бұл – қ а з а н ш ұ ң қ ы р деп аталынады
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 126).
ҚАЗАНШҮЛДІК з а т. э т н. Екі бала
ойнайтын ұлттық ойын. Қ а з а н ш ү л д і к
ойнау үшін тегіс жерден бас киіммен бірдей
шұқыр (қазан) қазылады. 1 метрдей таяқ, 9
см-дей шүлдік керек. Шүлдік ұстаған бала
5-6 м жерден шүлдікті лақтырып, қазанға
түсіру керек. Түсіре алмаса, таяқ ұстаған
бала шүлдікті таяқпен ұрып алыстатады.
Екінші бала шүлдікті сол жерден тағы
лақтырады (Қаз. этнография., 365).
ҚАЗАП з а т. Қызық, рахат.. Мен қ а
з а б ы мен азабы көп нағыз өнердің биік
шыңын аңсадым, соны өмірімнің мұраты
етіп алдым (Ə.Асқаров, Таңд., 384).
ҚАЗАЯҚ з а т. Үстіне үй тұрғызылған
биік бағандар. Су ағаш үйді иығына
көтерген қ а з а я қ бағандарды белуардан
шайып тұр (Ə.Сараев, Тосқауыл, 278).
ҚАЗҒАЛДАҚ з а т. б о т. с ө й л. Айгүл.
Сөздікте жоқ кейбір терминдерді өзімізше
алып жүрміз. Мысалы, «хохлатка» (же-
лайдар емес) – айдаршөп, «космея» - қ а
з ғ а л д а қ ...болып алынып келеді (Тіл
мəдениеті., 95).
ҚАЗҒАНАҚ з а т. ж е р г. Қазылған жер,
ор. Жарты сағат селдеген жауыннан мидай
боп езілген жолдан көзі сəл тайса-ақ қ а з
ғ а н а қ қ а түсіп кетуі мүмкін (А.Мекебаев,
Аңызақ, 203).
ҚАЗҒЫР з а т. Жер қазатын құрал.
Қаған мен Үгедейдің арасында болған сол
сөзден кейін, он төрт таң атқанда, қолына
кескір, қ а з ғ ы р, шеңгек алған құлдар
жеті биіктің үстіне айдап шығарылған
(Е.Тұрысов, Темірлан, 133).
ҚАЗЕКЕЙ з а т. Əйелдердің жеңсіз
киімі, қамзол. Əйелдің қалың киімдері
шапан, бешпет, қ а з е к е й, шолақ жең,
кеудеше деп аталады (Қ.Толыбаев, Баба-
дан., 226). Қамзолды кей жерлерде жеңсіз
бешпент немесе қ а з е к е й деп те атайды
(Қаз. əдеб., 20.06.88).
ҚАЗЕКЕЙЛІ с ы н. Қазекей киген,
қазекейі бар. Ақ көйлекті, қызыл доқаба қ а
з е к е й л і қыпша бел қыздардың сəні көзге
оттай басылады (Қ.Толыбаев, Əсет, 122).
ҚАЗИЕК з а т. Басы қаздың тұмсығы
тəрізді, жалпақ келген қысқыш құрал.
Темір ұстаханасында көрік, кемпірауыз,
қ а з и е к, төс, қош тұратыны осының нақты
дəлелі (Аңыз адам, 2011, №19, 15).
ҚАЗИЛЫҚ з а т. Қази міндетін
атқарғандық, қази болғандық. Секербай-
дың орны – қ а з и л ы қ (З.Ақышев,
Жаяу., 11).
316
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ҚАЗИНЕ з а т. с ө й л. Қазына. Су
дегенің – сақи кісінің сарқылмас қ а з и н е
с і н д е й шаш-етектен, сұрауы, есебі жоқ
(С.Оспанов, Сопы, 73).
ҚАЗМОЙЫН з а т. қ. ө н е р. Қаздың
иілген мойнына ұқсас өрнек түрі (Қаз. эт-
нография, 3, 311).
ҚАЗМОЙЫНДАП ү с т. Қаздың
мойнындай етіп, əдемілеп, сəндеп. Саз
құмыралар мен тастан, ағаштан, сүйектеп
жасалған мүліктерді ернеулеп, қырлап,
бунақтап, қ а з м о й ы н д а п əдемілеу қажет
болды (Қаз. əдеб., 15. 05. 1974, 4).
ҚАЗНАҚ з а т. Тістің жүзі (ұшы, қияр
жері). Орта ғасырдағы араб оқымыстысы тіс
қ а з н а ғ ы туралы айтыпты (Б.Қиянатұлы:
Ана тілі, 28. 10. 1994, 5). Ал қ а з н а ғ ы
жасық, азғын құтпанның төлі кешігіп тіс
жарады (Бұл да).
ҚАЗТАБАНДАН е т. Қаздың табаны
секілді қатпарлану, қыртыстану. Жас
басқарманың беті қабарып, маңдайы қ а
з т а б а н д а н ы п, түйіліп сала берді
(Ə.Сараев, Тосқауыл, 8).
ҚАЗТАБАНДАНУ Қазтабандан
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЗУ е т. с ө й л. Қазбалау. Білгенімді
жазушы ем Бекем буып белімді. Мінін
айтып қ а з у ш ы ем, Түзеткен боп елімді
(Шəкəрім, Шығ., 51).
ҚАЗЫЖЕНТ з а т. Қазының майына
жасалған жент (Тары тағамдары, 81).
ҚАЗЫҚ: Қазық бас ер. Басы қаздиып
қалған ер. Қазіргі деректерде: құс бас ер,
шошқа бас ер, үйрек бас ер, қ а з ы қ б а с
е р, қозы құйрық ер, бүйрек бет ер деп, түр-
тұлғасына, пішін-сиқына қарай бөлінеді
(Ата салты., 97).
ҚАЗЫҚТАУ... Күн еңкейе төрт түлік-
тің төлін жинау, желілеу, көгендеу, қ а з ы қ
т а у əрекеті басталады (Ө.Қанахин, Қарт
сарбаз., 123).
ҚАЗЫҚТЫ с ы н. Қазығы бар,
қазық қағылатын. Қақпанды құрғанда
аң мен құстың табиғи ерекшелігіне
қарай тұзақты, қ а з ы қ т ы, тоқпақты,
қалжуырлы, сүйретпелі болып құрылады
(Ж.Бабалықов.., Қырандар, 62).
ҚАЗЫҚШАЛА е т. с ө й л. Қазықбау
шалып байлау. Қолындағы көк биенің шыл-
бырын шілікке қ а з ы қ ш а л а п шалып,
ақ боз айғырына жақындады (С.Сматаев,
Бұлақ, 85).
Қ А З Ы Қ Ш А Л АУ Қ а з ы қ ш а л а
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЗЫЛАН е т. Қазы пайда болу,
семіру. Етке жұмсалатын жылқыны неге
семіртпеске, қ а з ы л а н ы п, жалданған
кезде неге соймаққа, мүшелеп бұзбасқа
(Ж.Орманбаев, Қос басшы, 64).
ҚАЗЫЛАНУ Қазылан етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЗЫЛЫ с ы н. а у ы с. Қара қылды қақ
жарған, əділетті. Менің айтарым: ханы қ
а з ы л ы болса, халқы қайырымшыл болса,
қара жерден кеме жүргізеді (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 409). Халқыңа қ а з ы л ы болсаң,
халқың өзіңе қайырымды болады (Бұл да).
ҚАЗЫМАЙСӨК з а т. Қазының майы-
на шыланған майсөк (Тары тағамдары, 88).
ҚАЗЫНА-КӨМБЕ з а т. Қазынаға тəн
жер асты байлығы. Мүмкін, сен жеті қабат
жер қойнына қол созып, қ а з ы н а-к ө м б е
с і н көсіп алайтын атақты кенші боларсың
(Лен. жас, 16. 03. 1973, 3).
ҚАЗЫНАДАР: Қазынадар бек. к ө н
е. Қазына қожасы, қазынаны сақтайтын
жауапты адам (лауазым). – Қ а з ы н а д
а р б е к келген екен, - деді содан соң сөз
мағынасын анықтап. – Бұлғын, сусар, асыл
тас па... қойманы араламақ (М.Мағауин,
Аласапыран, 183). Алайда дəл осы күндері
бар байлыққа өзі қожа қ а з ы н а д а р б е
к қалталарды ортатпай-ақ біраз алтынның
орнын тапты (Бұл да 2, 129).
ҚАЙ: Қай қолымда? Екі не үш адам
ойнайтын ойын. Ойын жүргізуші біреуге
бір, үш тиын беріп, «Қолыңды артыңа
ұста да, орындарын ауыстыр, мен та-
бамын» дейді. Ойланған болып, «Оң (сол)
қолыңдағы тиынның жазылған санын 17-
ге көбейт» дейді. 3-ті 17-ге көбейткенге
көп уақыт кетеді. Соған қарап ол керекті
тиынды таба қояды (Ойын-сауық, 188).
Достарыңызбен бөлісу: |