МАЯ: Мая тасығыш. Мая таситын
техникалық құрал. Мақан болса қасына
Гүлжанды ертіп, үйдей м а я т а с ы ғ ы ш
сүйреткен К-700-ге отырған (С.Лəмбеков,
Əке жолы, 123).
МƏДЕНИ-ҒҰРЫПТЫҚ с ы н. Əрі
мəдени, əрі ғұрыптық дəстүр. Бұл да
тұрмыстағы қалыптасқан м ə д е н и-ғ ұ р ы
п т ы қ дəстүр (Қ.Толыбаев, Бабадан., 182).
МƏДЕНИЕТ: Мəдениет үйі. Мəдени-
ағарту мекемелерді орналастыруға
арналған ғимарат.
МƏДІ з а т. д і н и. Жер астынан шығып,
ақырзаманның жақындап қалғанын хабар-
лаушы, онымен күресуші. – Бір-екі аятқа
сауатыңыз бар ма еді. М ə д і тура осы
төбенің астынан шығады деген (Қ.Ысқақов,
Қараорман 126)
МƏЖБҮРЛЕУШІ з а т. Біреуді мəжбүр
етуші адам. Балғын өзін осылай істеуге
м ə ж б ү р л е у ш і н і көрсеткісі келгендей
Айжан жаққа келді (Т.Қосуақ, Мəрмəр., 34).
МƏЖУСИ з а т. к ө н е. Көп құдайға
т а б ы н у ш ы . Б ұ л ө ң і рд і ң б а й ы р ғ ы
413
Байынқол Қалиев
тұрғындары ең алғашында м ə ж у с и
болған (Лен. жас., 30.08.1985, 3). Ол ең
алдымен Тауыстың жұқарған жүйкесі мен
айнымалы көңіл-күйін қалыпқа келтіретін,
м ə ж у с и сезімдерін тыныштандыратын
дəрі-дəрмектерді қолданды (Ғ.Оралбаев,
Ақиық, 61).
МƏЖУСИЛІК з а т. к ө н е . Қазіргі
діндерге дейінгі дəуірлерде адамдардың
көп құдайға (тəңірге, отқа, пұтқа т.б.)
табынушылығына негізделген наным-
сенімдері. М ə ж у с и л і к т і ң осы
көріністерінің бəрін мұсылман дін басы-
лары қудалап отырған (ҚазССР тарихы,
2, 376).
МƏЖІЛІСХАТ з а т. с ө й л. Қат-
тама. Жарғыны қабылдаған құрылтай
жиналысының (конференция) немесе жал-
пы жиналысысының (съездің) м ə ж і л і с
х а т ы (Егем. Қазақст. 11.09.1991, 2).
МƏЗДЕМ з а т. Сұм, сұмырай, қу.
Көңілің көзге жақсы, ермекке жоқ. Баласы
Қалдарбектің бəрі м ə з д е м, Алмаққа
бар, кісіге бермекке жоқ (Майлықожа: Ел
аузынан, 166).
МƏЗ-МЕЙРАМДЫҚ з а т. Мəз-мейрам
болғандық, қуанғандық (Ш.Мұртазаев,
Қара маржан, 22).
МƏЗІН з а т. д і н и. Муфтидан
кейінгі діни лауазым; азан шақырушы.
Бірақ, шындыққа келсек, қазақ қауымы
үшін молда, сопы, м ə з і н, қари, қалпе,
дəруіштерің ешқандай еңбек қалдырмапты.
(Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 118). Хал-
фе, қари, м ə з і н сияқты діндарлар да аз
емес (М.Əуезов, Абай жолы, 1, 20). - Əне,
мешіт мұнарасына м ə з і н көтеріліп барады
(Жұлдыз, 1972, №6, 115).
МƏЗІНДІК з а т. Мəзін болғандық,
мəзінге тағайындалғандық. Əлімжан сол
зор дауысының арқасында осы мешітке м ə
з і н д і к к е тағайындалған (М.Разданұлы,
Алтай., 204).
МƏЙЕК з а т. Шөбін шауып ала-
тын, əркімнің меншікті жері (паек).
Жалпақшіліктің иірімдерін үңгіп шалғы
сілтеген жұрт өз м ə й е к т е р і н түгесіп
болуға айналған (Жұлдыз, 1970, №4, 99).
– Уа, Итеке, іске сəт, м ə й е к молықсын!
– деді (Бұл да).
МƏЙЕКСІЗ с ы н. а у ы с. Мəйегі
жарымаған; қорсыз, құнарсыз, нəрсіз.
Мақтан қуғыш м ə й е к с і з біреулер мені
сөз найзасымен түйремекке: - Өзіміз он
сегізімізде үйлендік, - дейді (М.Əлімбаев,
Көңіл күнд., 30).
МƏЙЕКТЕН е т. Пісу, жетілу, нəрлену;
уыздығы жару. Ерте жетіліп, ерте ұшып
кететін раң, күреңсе, қызғалдақ тəріздес
дала көзі əбден м ə й е к т е н і п пісіп,
ырғала түседі (Б.Шаханов, Ғашықтың тілі,
22). Кемеліне келген қаламгер де алдында
өткен ақын-жазушылардың қайсысынан
көбірек нəрленгенін, кімнен мардымсыз
м ə й е к т е н г е н і н мысқалдап айта
алар ма екен?! (Жалын, 1974, №4, 120).
МƏЙЕКТЕНУ Мəйектен етістігінің
қимыл атауы. Бұзаудың м ə й е к т е н у і н е
көп уақыттың қажеті жоқ (Қ.Мұқажанұлы,
Ортеке, 219).
МƏЙЕКТІ с ы н. 1. Мəйегі бар. 2.
а у ы с. Уызды тоя еміп, мəйектенген;
негізі жарыған. М ə й е к т і бұзау – жа-
сында енесінің сүтіне əбден қандырып,
тойғыза еміздірілген бұзау (Қазақша
мал атаулары, 90). 3. а у ы с. Құнарлы,
нəрлі. Таудың кең етегі малдың м ə й е к
т і өрісі (Соц.Қаз. 10.03.1972, 2). 4. а у
ы с. Мəнді, маңызды, мағыналы (сөз).
Іслəм Жарылғаповтың жалғыз өзі тапқан
«балмұздақ», «аялдама», «суреткер»,
«қаламгер», «жағажай», «аққайнар», «теле-
дидар», «басылым», «қазанама», «азагүл»,
«ілдірік», «балабақша», «оқырман»,
«көрермен» сияқты м ə й е к т і сөздерін
еске алайықшы (Соц.Қаз. 12.03. 1990).
МƏЙЕКТІЛІК з а т. Уызы жарыған-
дық, əлденгендік. Түзден түскен семіз құс
өзінің м ə й е к т і л і г і мен мінез-қылығына
қарап алғашқы күндері жемге қарамай
өрекпиді (Ж.Бабалақов, Қырандар, 25).
МƏЙКІШЕҢ с ы н. Үстінде тек
мəйкесі ғана бар (адам). Шалбарымды киіп,
м ə й к і ш е ң, жалаңаяқ сыртқа шықтым
(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 79). Қонақты сый-
лап Омар да орнынан тұрды, м ə й к і ш е ң
денесіне пиджак жапты, орындық алып
столдың екінші басына отырды (Ə.Тарази,
Тасжарған, 320).
МƏЙМӨҢКЕ з а т. Зым темірден
жасалған шегенің басын тойтаратын,
ұшында ұяшығы бар қадаубас. Терме
өрнегіне жоғарыда айтылған жабдықтарға
қосымша «ілмек», «өткерме», «м ə й м ө ң к е»
деген жабдықтар болады. М ə й м ө ң к е
өте жұқа етіліп, жып-жылмағай, бұдырсыз
414
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
істеледі (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері., 40).
– Жəне, мына құралдың аты қалай?, -деген
сұрағымызға: - М ə й м ө ң к е ғой, онымен
шегенің басын бүркеншіктей тойтарып,
күмбез түсіріп, əрлейді, - деді (Қаз. əдеб.,
22.06.1984, 13).
М Ə Й М Ө Ң К ЕЛ Е Т М ə й м ө ң кел е
етістігіненен жасалған өзгелік етіс. – Сіз
неғыл деп м ə й м ө ң к е л е т і п тұрсыз?! –
деді өкіл шар кетіп (Жұлдыз, 1972, №4, 36).
МƏЙМӨҢКЕЛЕТУ Мəймөңкелет
етістігінің қимыл атауы.
М Ə Й М Ө Ң К ЕЛ Е У М ə й м ө ң кел е
етістігінің қимыл атауы. Мінезі тік, м ə й
м ө ң к е л е у д і білмейтін (Ə.Қалдыбаев,
Таңд. шығ., 1, 70).
МƏЙМӨҢКЕЛІК з а т. а у ы с.
Жағынушылық, жағымпаздық. «Олардың
ханына м ə й м ө ң к е л і к жасадың», -деп
айыптамақшы (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң,
370).
МƏЙМӨҢКЕСІЗ с ы н. а у ы с.
Қитұрқысыз, бұлтақсыз, жағымпаз сөзсіз.
Мен сізбен жəне мұғалімдермен турашыл,
м ə й м ө ң к е с і з қатынаста болдым, менің
мінезім сол (Қаз. əдеб., 20.12.1974, 2).
МƏЙІМДЕП ү с т. ж е р г. Сəндеп,
əдемілеп; сыпайылап. – Қанша м ə й і м д
е п айтқанмен сөздің де сұрауы бар шығар
(Қ.Найманбаев, Беймезгіл., 187).
МƏЙІН с ы н. Жұмсақ, бəсең, сы-
пайы. Тəліп оның намысына тимес үшін
бəсең, м ə й і н дауыспен ескерту жаса-
ды (О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 98).
Мəндубай дікектеп ұрсып-кеюді білмейді,
қашанда тілі майда, сөзі м ə й і н (Бұл да,
235). Шаршағанын сездіріп қабақ шыт-
пайтыны м ə й і н мінезі шын тебірентті
(Д.Досжанов, Жолбарыс, 400).
МƏЙІТ: Мəйіт күзету. э т н. Мəйітті
жерлегенге дейін күндіз де, түнде де
жалғыз қалдырмай күзетіп отыру ғұрпы
(Қаз. этнография., 3, 250).
МƏЙІТХАНА... Мен үйге кірісімен
жалаңаш жайрап жатқан өліктердің үстінен
шықтым. Бірінің аяғы, бірінің басы жоқ.
Ертіп кірген дəрігер: - Бұның атын м ə й і
т х а н а деп атайды,- деді (Ə.Нұршайықов,
Ақиқат, 60).
МƏЛАҒАМ з а т. а р. Ұрыс, керіс, жан-
жал. М ə л а ғ а м жаңа болды алай-топай,
əуелгі əн орнына жөнелді «ойбай». Қай
жаққа қуарын да біле алмай жұрт, Ұшырды
ел үрейін құрғақ айғай (И.Байзақов, Таңд.
шығ., 1, 191).
МƏЛДУ ..? Батырлыққа бейімі бар
ержүректері арнайы ақым, м ə л д у
аудандарға топтастырылады (А.Сатаев,
Бəрі де., 42).
МƏЛЕК з а т. и х т и о л. ж е р г. Шабақ.
Кез-келген балықтың өте майда түрін Арал
балықшылары күркін дейді. Мұны Каспий-
де – м ə л е к, Қорғалжыңда – мүлік, Зайсан
көлінде – қортқа дейді (Вопросы ист. и
диал. каз. яз. Вып. 1, 1958, 104).
МƏЛЕКТЕ е т. ж е р г. Аралау, кезу;
еркін жүре алмау, малтығу. Мал қорыста
м ə л е к т е п жүріп көл жағалай біткен өлең
шөпке өндіршектей жайылады (Ж.Мусин,
Туған үй., 68).
МƏЛЕКТЕУ Мəлекте етістігінің
қимыл атауы.
МƏЛИКЕ з а т. Ұрғашы жылан.
МƏЛКЕ: Мəлке тотай. э т н. «Ақсерек-
көксерек» ойыны кей жерде осылай
аталынады. «М ə л к е т о т а й» ойы-
нына қатысушылардың да санына шек
қойылмайды. Ойнаушылар тең екі топқа
бөлініп, 20-30 қадамдай жерде бір-
біріне қарама-қарсы қол ұстасып тұрады
(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 66). Айгөлек,
«м ə л к е т о т а й» ойынын алаңда, клубта
ойнауға болады (Ойын-сауық, 157).
МƏЛКІЛДЕП ү с т. ж е р г. Өліп-талып,
ілініп-салынып. Оныншы класты м ə л к і
л д е п жүріп əрең бітіреді (Қ.Жұмаділов,
Сəйгүліктер, 331).
МƏЛМІРЕ е т. ж е р г. Қурау, үгітілу
Жыра-жықпылды ернеулей өскен найзақара,
бұйырғын, майқаңбақ, мортықтың да əбден
берекесі қалмаған екен, өрт шалғандай қара
күлгін, м ə л м і р е п тұр (М.Сүндетов,
Ескексіз., 188). Бұйырғын бүрінен ерте
айрылды ғой. Қар қалың түссе мынау м ə
л м і р е г е н мортық, майқаңбақ не тебін
болады? –деп ойлады ол (Бұл да).
МƏЛПЕК ... - Өңкей м ə л п е к т е р
д і қалдырып, өлікті тірілтіп алатыннан
жаман бəрі осында келіпті (С.Жүнісов,
Ақан сері, 15).
МƏЛІ з а т. ж е р г. Ауыл, село. Сөйтіп
ертеңіне құдағи мен жеңгем Жамал м ə л і
н і ң шетіндегі үлкен жолға əкеліп салды
(Р.Қилыбаев, Өмір өткел., 22). Екі күн де-
генде ұйғырдың м ə л і с і Қарадөңге жеттік
(Бұл да, 29).
415
Байынқол Қалиев
МƏЛІК: Мəлік бұғы. Шұбар түсті
бұғы. Шелек ауданының ормандарында
м ə л і к б ұ ғ ы л а р мен зубрлар пайда бол-
ды (Қазақст. ауыл шаруаш., 1962, №3, 61)
МƏЛІМНАМА з а т. к ө н е. Хабарлама.
Сол газеттің бірінші номерінде басылған
м ə л і м н а м а д а «Түркістан генерал-гу-
бернаторының бұйрығы бойынша үшбу
айдан басталып Түркістан газеті шығады»
делінген (Б.Əбілқасымов, Алғ. қаз. газет., 8).
МƏЛІНТ е т. ж е р г. Малындыр. Шонай
қарт Шалқасқаны басынан басқа жерін м ə
л і н т е жауып, мəреге əкелді (М.Мəжитов,
Аманғали, 50).
МƏЛІСКЕН ... Жолбарыс үстіндегі
шолақ жең жейдесі мен қара м ə л і с к е н
шалбарын шешіп, суға қарай аяңдады
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 41). Үш
теңгелік сукнодан м ə л і с к е н мықты емес
пе, сыпайы пішіп, тон тіксек, құба төбел
демес пе? (Қаз. əдеб., 14.10.1988, 4).
МƏЛІШ ... Бірақ біздің колхоздың қойы
қырық құрау: қазақы қойы да, м ə л і ш і де
бар, аралас (Лен. жас, 04.07.1973, 3).
МƏЛІШШІ з а т. Ұсақ-түйек заттар-
ды сатушы. «Сасық саудагер, жаман м ə
л і ш ш і» деп, жер-жебіріне жетіп, қуып
салдым (С.Жүнісов, Заманай., 53).
МƏЛІШШІЛІК з а т. Ұсақ-түйек зат-
тарды сатушылық. Семей жағының бір
татарымен сыбайласып, м ə л і ш ш і л і к
кəсіпке ауысқан (С.Жүнісов, Заманай., 51).
МƏМБЕТ с ы н. Мəдениеттен
мақұрым, түк білмейтін (адам). Ол бізді
«м ə м б е т», «қаймақ», «колхозник» деп
менсінбейді (Э.Төреханов, Алматыда.,
333).
МƏМЛЕХАНА з а т. Шетел адамда-
рын қабылдайтын, белгілі бір мəселе бой-
ынша келісім, бітім жасасатын арнаулы
орын. Екі би отырған орындарының лезде-
ақ елші қабылдайтын м ə м л е х а н а д а н
абақтыға айнала қалғанын бірден түсінді
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 153).
М Ə М Л Ү К з а т. К ө н е т ү р к і
халықтарының бірі. Моңғолдар сияқты
м ə м л ү к т е р де даланың еркін ұлы еді
(Д.Рамазан, Жылап аққан., 7). Бізде қазір
он-ақ мың əскер бар, м ə м л ү к т е р д і ң
қырық мың қолына қалай төтеп береміз?
(Бұл да, 11).
МƏМПАҒАТ з а т. ж е р г. Жақсылық,
рахат. – Қиюы қашқан бұл дүниеден не
қызық көріп, не м ə м п а ғ а т табамыз
деп отыр екенбіз мына молада (Жалын,
1975, №2, 59).
МƏМІЛЕГЕРШІЛ с ы н. Мəмілеге
келгіш, бітімшіл, ымырашыл. Ол барын-
ша м ə м і л е г е р ш і л, жұмсақ дауыспен
сөйлеп бақты (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 210).
МƏМІЛЕГЕРШІЛІК з а т. Ымыраға
келушілік, келісушілік, бітімгершілік. Ауыл
арасындағы атыс-тартыстарда екеуінің
жолы жиі түйіскенмен, кейде бітім мен
м ə м і л е г е р ш і л і к үстінде кездескен-
де, оншалық бір-біріне ала көзбен қара-
майтын (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 154). Ел
басқару, билік айту ісіне де бұлар ертеден
араласып, ерекше пысықтығымен, м ə м і
л е г е р ш і л і г і м е н көзге түскен (Бұл
да, 5, 68).
МƏМІЛЕЛІ ... Сонсоң Кəрібоз нəті
жуас, түбінде м ə м і л е л і адам болар-ау
деп топшылаған қызы бар үйге зер сала
бастады (Б.Шаханов, Ғашық. тілі,.18).
МƏН: Мəн бермегенсіді. Елемеді,
ескермеді, көңіл қоймады. Сұлу əйелдің
ажарын тоздыратын əжім емес пе. Басында
əйел оған онша м ə н б е р м е г е н с и д і
(Ө.Ахмет, Қарқаралы., 160).
МƏНƏЙІ ү с т. Кездейсоқ, əлдеқандай,
белгілі бір. Атаңның қолында ол кісілердің
м ə н ə й і себеппен алда-жалда сақталып
қалған кітаптары, туындылары болса, олар-
ды өз қолыңа алып, көзіңнің қарасындай
сақта (Ə.Ыдырысов, Тұлға., 93). Кімде кім
м ə н ə й і себеппен сендердің үйлеріңе
келе қалса, отбастарыңнан шын мейірім-
шапағат, мол қонақасы табатын болсын!
(Ертіс өңірі, 165).
МƏНБІ з а т. ж а ң а. Болған оқиға,
жасалған іс, дəлелденеген шындық; ақиқат
нəрсе (факт). Теориялық мəселелерді айту
бар да, оны айқындап, түсіндіріп тілдік
м ə н б і л е р м е н дəлелдеп беру бар
(Б.Қалиұлы, Тіл біл., 161). Бір топ ақындар
шоғырын қарастыру қажеттігі турасында
ой түйген сыншы М.Мақатаевтің ақындық
ажарын, азаматтық ұстанымын ашатын м ə
н б і л е р г е көбірек көңіл бөледі (Ана тілі,
07.02.2013, 7).
МƏНБІР з а т. ж а ң а. Бір істің,
оқиғаның, іс-əрекетің қозғаушы күші, уəжі,
себебі (фактор). Сөйлесім мазмұныны
дұрыс түсіну тілдік жəне тілдік емес
м ə н б і р л е р г е тəуелді (З.Ерназарова,
416
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Сөйлеу тілі., 51). Оның пайда болуы мен
қалыптасуына бірнеше м ə н б і р л е р əсер
етеді (Бұл да, 178).
МƏНДЕС: Мəндес сөздер л и н г в.
Ұғымы (мағынасы) бір-біріне өте жақын,
бірақ тұлғасы, жағынан басқа-басқа сино-
нимдер. М ə н д е с с ө з д е р г е қойылатын
талаптар: 1) бір ғана мағынаны (ұғымды),
2) тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздер,
3) бір ғана сөз табына ғана қатысты болады
(Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 78).
МƏНДЕСТІК з а т. л и н г в. Мағыналары
жақын болушылық; синонимдестік.
МƏНДУБАЙ з а т. э к с п р. с ө й л.
Мəнжубас. – Осы күндері қолынан іс
келмейтін, оның есесіне билік төңірегіндегі
айла-шарғыны жап-жақсы меңгерген м ə н
д у б а й л а р да ат үстінде жүрген жоқ па?
(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 362).
МƏНДІР ... Əлгіде ғана қой сүтінен
қайнатқан ірімшік екен: м ə н д і р і н аз са-
лыпты, аппақ қардай болып түріліп жатыр
(Қаз. əдеб., 19.10.1973, 4). Мынау м ə н д і
р і н аз салып, баппен қайнатып, жаңа ғана
ұйытқан шырын тағам (Бұл да).
МƏНДІРІМДІ с ы н. с ө й л. Мандым-
ды, мардымды. Қазірдің өзінде де соған м
ə н д і р і м д і жауап бере алмаспын мына
мен (Жалын, 1977, №3, 42).
МƏНЕРШІ з а т. Нені жасаса да
мəнерлеп, əшекейлеп, өрнектеп істеуші,
сəнші; дизайнер. Менің ойымша, негізгі
тартыс Европа мен Солтүстік Америка м
ə н е р ш і л е р і арасында өтеді (Лен. жас,
05.11.1974, 4).
МƏНЖУ з а т. к ө н е. 1. Қытай. Алай-
да, м ə н ж у империясы күйресе де, оның
империялық үстемдік пиғылы күйреген
жоқ (Қалибек Хакім., 86). М ə н ж у
хандарының ішкен асы бойларына тарамай-
тын тəрізді (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 5).
Іле мен Тарбағатайға шөншігін қазынаның
ақ күмісіне толтырып, «исі шүршіт еді»
деп м ə н ж у мен шахарды, сібе мен
солаңды əкеліп төкті (М.Разданұлы, Ал-
тай., 11). 2. Манчжурлықтар. 1 августь
күні Шоқандарды бір м ə н ж у қарсы
алды. «М ə н ж у» деп жергілікті қазақтар
манчжурлықтарды айтқан (Б.Нүржекеев,
Өзендер., 132). Манчжурияны мекенде-
ген қалмақтың жауынгер тайпасын қазақ-
тар м ə н ж у деп атаған (Пионер, 1984,
№2, 30).
МƏНЖУБАСТЫҚ з а т. Бос белбеулік,
бостық, болбырлық, ынжықтық. Ақыры
сол қауқарсыздық, м ə н ж у б а с т ы
қ, көрлік неге əкелгенін қара (Т.Қосуақ,
Мəрмəр., 169). Аңқау дейін десең аңқау
емес, бірақ кейде осындай миғұла м ə
н ж у б а с т ы ғ ы н көрсетіп қояды
(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 103).
МƏНЖУСИ з а т. Будда дінінің өкілі.
МƏНЖУСИЛІК з а т. Мəнжуси
болғандық. Өзінің м ə н ж у с и л і к тастап
түрін, Ұстады мұнда келіп іслəм дінін.
Уақтылы намаз оқып, руза тұтты, Ұмытпай
бес парыздың бір де бірін (Батырлар жыры,
6, 140).
МƏНЗЕЛДІ ш ы л. Сияқты, секілді,
іспетті. Кейде ол, əрине, сөз алып та
сөйлейді. Онысы мына м ə н з е л д і болып
келеді... (Ж.Атабаев, Таңд. шығ., 158).
МƏН-МАЗМҰН з а т. Бір нəрсенің мəні,
мағынасы, мазмұны. Бұл өлеңдер – рухани
м ə н-м а з м ұ н ы қатпар-қатпар поэтикалық
тебіреніс (Қ.Толыбаев, Бабақан., 152).
МƏНМƏТІН з а т. л и н г в. Мəтіннің
құрамындағы тілдік бірліктердің негізгі
жəне қосымша мағыналарын ашуға
көмегі тиетін ең шағын бөлігі, үзіндісі;
контекст (Бекітіл. термин., 58). «Тудым»-
ның мағынасы м ə н м ə т і н д е (контекст)
ап-айқын аңғарылады (Ана тілі, 06.11.08).
МƏНСАПТЫ с ы н. Мəнсабы бар;
басшылық қызметтердің бірін істейтін
(адам). М ə н с а п т ы адам емес пе, басын кег-
житіп алыпты (Б.Дəулетбаев, Парыз, 220).
МƏНСИ з а т. Сібір халықтарының бірі.
Тайбұға тұсында сібірлік жұрт Таскемер-
дің қойнау құзарын сағалаған аңшы м ə н
с и л е р д і, ұшан дарияның ұзына бойын
қоныстанған жауынгер естектерді өзіне
қаратты (М.Мағауин, Аласапыран, 156).
Кең тұсаудан ұзын арқанға көшкен м ə н
с и л е р мен естектері қайтадан хан дəрге-
йіне келтіреді (Бұл да).
МƏНІСТЕ е т. Мəн-мағына таңу, мəн
беру. Аршаны тек бесікке ғана, қобызға
ғана м ə н і с т е п қиған (Парасат, 2009,
№9, 24).
Достарыңызбен бөлісу: |