Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет98/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   168

МАНТА з а т. з о о л. Тұтасқанаттар-

дың  ең  ірі  (қанаттарының  ұзындығы

6,5 м, салмағы 4 м) түрі. Көлемінің үлкен-

д і г і   м е н   т ү р і н і ң   қ о р қ ы н ы ш т ы л ы -

ғына қарамастан м а н т а өте бейбітшілік 

сүйгіш балық (Су асты. тіршілік., 53). 



МАНТЫҚ ...  Жалаладдин  дауани 

философия,  математика,  логика  (м  а  н 



т  ы  қ),  қалам,  этика,  заң  ғылымы  сала-

ларында  жемісті  еңбек  еткен  (Қаз. 

əдеб., 06.07.1973, 3). Оның (əл-Фарабидің) 

м а н т ы қ пəні жөнінде жазып шығарған 

бірнеше  кітаптары  бар  (Қаз.  əдеб., 

12.12.1975, 4).

МАНТЫРА ... –  Қойыңыз  əке! 

Тоқтатыңыз! – М а н т ы р а м а! Ары тұр! 

(О.Бөкеев, Өз отыңды., 367)

МАНТЫРАҚ с ы н. ж е р г. Пышыраған, 

шатасқан;  тантық.  Бақсам  оным – сені 

аяудан  туған  м  а  н  т  ы  р  а  қ  ойлар  екен 

(О.Бөкеев, Үркер, 497). 

МАНТЫРАС  Мантыра  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Қайдағы бір мектеп 

үшін  баяғыда  сүйектеріне  қына  біткен 

аруақтардың  отын  қозғап,  жік-жікке 

бөлініп м а н т ы р а с ы п жүр (Ə.Асқаров, 

Өр Алтай., 362).

МАНТЫРАСУ Мантырас етістігінің 

қимыл атауы.

МАНТЫРАУ  Мантыра  етістігінің 

қимыл атауы.

МАНУЛ з а т. з о о л. Жабайы мысық. 

Бұл  жолы  ол  барс  емес,  қайта  тауда  өте 

сирек кездесетін м а н у л д ы түсірді (Лен. 

жас, 18.05.1973, 4).



МАҢҒАЛ¹  з  а  т.  Ауқаттылардың 

сəнді  үйлерінің  қабырғаларындағы  ашық 

пеш;  камин.  Содан  соң,  қалай  мұздап 

жатса да мұржа астында тұрған қола м а 



ң ғ а л ғ а тағы да бірнеше шөрке тастады 

(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 192).



МАҢҒАЛ² з а т. Ішіне от жағып, шоқ 

түсіріп,  оған  кəуəп  пісіретін  шойыннан 

жасалған  бұйым.  Мұнда  кəуап  пісіретін 

темір  м  а  ң  ғ  а  л  да  тұр  (Ш.Мұртаза,  Не 

жетпейді? 54).


409

Байынқол Қалиев

МАҢҒАРА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Ара,  орта, 

төңірек. Мен өздерін өнердің м а ң ғ а р а 

с ы н д а жүрміз деп санайтын Шымкент 

шоу, Кентау шоу, Созақ шоу деген сияқты 

қалың шоулардың қаптап кеткенін көрдім 

(Тасжарған, 02.07.2008, 20).



МАҢҒҰЛА:  Маңғұла  болды.  ж  е 

р  г.  Басы  қатты,  миы  ашыды.  Шөлейт 

даланың  түйе  шөлдеп  өлетін  түкпіріне 

жасырынған алақандай ауылды таба алмай 

адасып, м а ң ғ ұ л а  б о л ы п қаңғып кетсе 

екен дедік (Н.Ораз, Сиқырлы., 102). 



МАҢҒЫЛА  з  а  т.  к  ө  н  е.  ə  с  к.  Шо-

лушы,  барлаушы  д.  м.  Жорыққа  аттанған 

қолдарының алдында м а ң ғ ы л а с ы , оның 

алдында күзетшілері (І.Есенберлин, Шығ. 

жин., 9, 366). Оған  да  қанбала,  қарауыл 

жəне сауыт киінген м а ң ғ ы л а берілді 

(Бұл да).



МАҢҒЫСТА е т. ж е р г. 1. Маң-маң 

басу, аяңдау, маңу. Ащы іздеген аруаналар 

алыс  жалдарды  төскейлеп  əлдеқайда  м  а 



ң  ғ  ы  с  т  а  п  барады  (Ə.Кекілбаев,  Дала 

баллада., 68). Маң-маң  басып  м  а  ң  ғ  ы 



с  т  а  п  жайылып  жүрген  аққу  аруаналар 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 275). Маң-маң басқан 

сары атан, М а ң ғ ы с т а п шығар өріске 

(Махамбет,  Өлеңд., 107). 2.  а  у  ы  с.  Көп 



сөйлеу, біраз нəрсені айту. Қазақы жалпақ 

тілге  əрқалай  төселіп  алған,  топ  алдына 

шыққанда айрықша аруақтанып, ағытылып 

кететін Мүбарақ бұл жылы да біраз м а ң 



ғ ы с т а д ы (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 76). 

МАҢҒЫТ з а т. к ө н е. Ноғай тайпа-

ларының  бұрынғы  аты.  Қасым  сол 

аймақтағы саяси жағдайды жіті бағдарлап, 

ноғай (м а ң ғ ы т) тайпаларын өз жағына 

қаратты  (ҚҰЭ, 5,437). –Не  керек,  некес 

шіркін,  м  а  ң  ғ  ы  т  т  ы  ң  атын  аспанға 

шығарып-ақ  тұр  (М.Мағауин,  Аласапы-

ран, 2, 162). Сол кезде таққа м а ң ғ ы т 

тайпасының  биі  Едіге  зор  ықпал  жасады 

(Аңыз адам, 20011, №19, 43).

МАҢДАЙ   з  а  т.  Тоғызқұмал ақ 

т ақт асындағы  солдан  оңға  қарай 

с а н а ғ а н д а ғ ы   т о ғ ы з ы н ш ы   о т а у. 

Тоғызқұмалақ  ойынының  алды  бірінші 

арт  немесе  таңдық  отауынан  басталып, 

соңы  м  а  ң  д  а  й  отауына  аяқталады 

(Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 48).

МАҢДАЙ:  Маңдайына  тарлық 

етті. Маңдайына сыймады; өлді, құрыды.

Орыс елінен тəрбие алған əрбір қазақ зия-

лысы осындай болса, м а ң д а й ы м ы з ғ а

т а р л ы қ  е т п е с еді-ау деп ойлаған-

дары да бар (Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңы-

рау., 16). 

МАҢҚАЛЫҚ  з  а  т.  Маңқа  ауруына 

ұшырағандық, маңқа болғандық.

МАҢҚЫЛДАҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Тау 

мысығы. Онда тау мысығын өсіруге де бо-

лады екен. Даусына қарап, ондай мысықты 

жергілікті ел «м а ң қ ы л д а қ» деп кеткен 

(Ж.Жұмақанов, Замана.,14). 



МАҢЛЫҚ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қымбат 

матаның  аты.  Түлкі  тымақ,  м  а  ң  л  ы  қ

тыс,  Мойында  бар  ақ  шарфы.  Қымбат 

ішік,  қыл  шапан,  Серіліктің  нақ  шарты 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 398). Дариға 

кілең сұр жорға мінгізіп, манат пен м а ң

л ы қ қ а ораған бір топ нөкер қызын ертіп, 

екі-үш  шақырымдай  жерден  Марданның 

алдынан  шықты  (М.Разданұлы,  Алтай., 

105). Бау сандық, м а ң л ы қ көрпе қойған 

жиып,  Құс  жастық  құшақ  жетпес  жүкке 

мініп.  Хандықтың  алуан  түрлі  белгілерін 

Алтынды адалбақанға қойған іліп (Батыр-

лар жыры, 6, 202).



Маңлық орамал. «Маңлық» деп атала-

тын қытай жібегінен тігілген беторамал. 

Қазыбек  тер  шылаған  кең  маңдайын  м  а 



ң л ы қ  о р а м а л м е н сүртіп, кідірістеп 

қалды (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 280). Сөзін 

бітірді де қойнынан м а ң л ы қ  о р а м а л 

ы н шығарып тер жапқан бетін, маңдайын 

сүртті (Бұл да, 313). 



МАҢМАҢГЕР ... –  Жердің  жаманы 

бар ма, шырағым, нұсқаған жағыңа кетеміз 

де  тентіреп, - деп  жүрісінен  танбайтын

м а ң м а ң г е р қалпын бұзбастан жауабын 

қайырды (О.Бөкеев, Өз отыңды., 134).



МАҢЫЗСЫЗДАУ с ы н. Мəні жоқтау, 

мəнсіздеу. Сөзі енді бейберекеттеу, м а ң ы з

с ы з д а у болып шықты (Қ.Тұрсынқұлов, 

Есіңде ме., 76).



МАҢЫЗСЫН е т. Өзін маңызды етіп 

көрсету, маңғаздану. Ізет м а ң ы з с ы н 

ғ  а  н  пішінмен  қойқаңдап  барып,  жерде 

жатқан бешпетін көтеріп, иығына жамылды 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 3, 413).

МАҢЫЗСЫНУ Маңызсын етістігінің 

қимыл атауы. 

МАРАПАТ:  Марапатын  асырды. 

Мақтады,  дəріптеді.  Екеуден-екеу  бір-

бірінің  м  а  р  а  п  а  т  ы  н    а  с  ы  р  ы  п, 

талайға шейін кеуілдесіп, сол күні шаршап 


410

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

барып ұйықтап еді (К.Ахметбеков, Қыран-

қия, 128).

МАРАПАТШЫЛ  с  ы  н.  Біреуді 

мақтауды  ұнататын,  мақтампаз. 

Қаламдас  замандастардың  мақтанқұмар, 



м а р а п а т ш ы л, өзімшіл көңілін ойлап, 

қынжылған сəттеріміз болған (Қаз. əдеб., 

15.04.1988, 13).

МАРАПАТШЫЛДЫҚ з а т. Мақтауын 

асырушылық, мақтағыштық. Кемшілікті 

елемеу, яғни елемегенсіп, бос м а р а п а т ш 



ы л д ы қ қ а салыну - əдебиетті сұрқайылыққа 

ұрындырмақ  (Жалын, 1988, №1, 24). 

Заңдарды аяқ асты ету, көзбояушылық пен 

парақорлық, жағымпаздылық пен м а р а п 



а т ш ы л д ы қ т ы көтермелеу фактілері 

байқалады (Қаз. əдеб., 13.02.1987, 12). 



МАРАТА  з  а  т.  т  а  б  у.  Жылан.  –  Ол 

не нəрсе? – М а р а т а ғой. – М а р а т а 

деген не? – Жылан ғой. Бұрын өткен ата-

бабаларымыз  атын  атамай,  солай  депті 

(С.Үсенұлы,  Елік., 52). Сөйтіп,  періштем 

қағып,  бір  ажалдан  аман  қалғам.  Содан 

кейін  тірі  м  а  р  а  т  а  емес,  иреңдеген 

жіп  көрсем,  аза  бойым  қаза  болып  тұра 

қашатын болдым (Бұл да, 56).

МАРДАМСЫТ Мардамсы етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  –  Апырай,  осы 

екеуі-ақ  мына  бір  май  бөкселерді  м  а  р



д а м с ы т а бергеннен жалықпайды екен 

(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 199). 



МАРДАМСЫТУ  Мардамсыт  етіс-

тігінің қимыл атауы.

МАРДАН¹ з а т. Қамыстан, тоқылған 

төсеніш; бойра. Қаптөсектің астына қамыс 

м  а  р  д  а  н  төселді  (Ш.Мұртазаев,  Қара 

маржан, 51).



МАРДАН²  з  а  т.  Талдан,  шіліктен 

тоқылып жасалған ау түрі. Аудың қабадан, 

М а р д а н, жылым, шонтай, қаза сияқты 

түрлері  бар  (Қаз.  этнография., 1, 410). 

Өйткені Жəкең осы жақтың бірінде жатып 

алып м а р д а н тоқып, шортан аулайды деп 

еститінбіз (Жалын, 1972, №6, 74).

МАРЖА з а т. Орыс əйелдерін қазақтар 

осылай  атаған.  Дұшпаным  көп  сыр-

тымнан  табалаған,  Соңымнан  иттей 

абалаған. Қараөткелдің кіргенде көшесіне, 

м  а  р  ж  а  л  а  р  ы  көрем  деп  қамалаған 

(Жеті  ғасыр., 2, 264). Бір  əдемі  қалпақты



м а р ж а келіп, орысшалап еді, бір сел-

дір  шүберекті  көрсетті: «Осы  құрғыр 

алып кетсінші деп Қалман м а р ж а ғ а 

жол берді (Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 132). 

Үстінде ұзын жолдың жолықты кез, Төрт 

орыс, екі м а р ж а біздің сорға (Ана тілі, 

28.01.1993, 8).

МАРИЙ з а т. Марий АССР-ның негізгі 

халқы. Мен қазақ əдебиетінің орыс, украин, 

белорус, литван, азербайжан, бурят, тəжік, 

түркмен,  татар,  осетин,  грузин,  қалмақ, 

тува, м а р и й, башқұрт жəне басқа да халық 

əдебиеттерімен байланысы жөнінде очер-

ктер дайындадым (Лен жас., 24.02.1988, 3). 

Ал Ресейдегі қазақтар саны ондағы удмурт, 

м а р и й, кабардин, осетин, бурят, еврей, 

якут, қалмақтардан əлдеқайда көп (Ана тілі, 

28.02.2013, 10). Қасында бір м а р и й жігіт 

бар (Ө.Қанахин, Өз ақылымен, 99).



МАРҚАДАМ:  Марқадам  таппады. 

Береке  таппады,  жақсылық  көрмеді.

Бермеймін  баламды.  Аузыммен  тістеп, 

арқаммен  көтеріп  жеткіздім.  Енді  аза-

мат  болған  кезінде  алып  кетемін  десең, 

Жəмила, сен де м а р қ а д а м  т а п п а с

с  ы  ң!  (К.Сегізбаев,  Жап-жасыл., 411). 

Төртуылға кірме боп қосылғанда не м а р қ 



а д а м  т а б а д ы? (Қ.Жұмаділов, Тағдыр, 

123). Асығып не м а р қ а д а м  т а б а м 



ы н (Т.Жұрбаев, Жер-бесік, 233).

МАРҚАЖОН с ы н. Марқаның жонын-

дай жұп-жұмыр, теп-тегіс (жер).

МАРҚАЖОНДАН е т. Марқаның жо-

нындай жұмырлану. Далиған кең даланың 

м а р қ а ж о н д а н ғ а н бел-қыратары 

бұлағытып  əлдеқайда  алысқа  шақырады 

(О.Бөкеев, Үркер, 71). 

МАРҚАЖОНДАНУ  Марқажондан 

етістігінің қимыл атауы. 

МАРҚАСҚА з а т. з о о л. Белгісіз бір 

аң (мүмкін, «жолбарыс»). Ертеде біреу м 

а р қ а с қ а деген аңды атып, терісін қосқа 

қойыпты (Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 246). 



МАРҚАСҚАША  ү  с  т.  Марқасқа 

секілді,  марқаса  тəрізді.  М  а  р  қ  а  с

қ  а  ш  а  жер  шалған  Марғұланы  ортаның 

(Е.Дүйсенбай, Бозала таң, 380).



МАРҚҰМ:  Марқұмның  топырағы 

торқа  болсын. – «Жатқан  жері  жайлы 

болсын» деген тілек. Қаралы болғандарға: 

«м а р қ ұ м н ы ң  т о п ы р а ғ ы  т о р қ а

б о л с ы н» деу керек (А. Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 2, 39).



МАРЛАТ с ы н. ж е р г. Өркөкірек, мен-

мен, өзімшіл. « Мен болмасам, шерігінде 

қауқар, жұртында қасиет қалмас еді» деген 



411

Байынқол Қалиев

м  а  р  л  а  т  сенім  бар  бітік-болмысынан 

аңқып  тұрғандай  (М.Мағауин,  Аласапы-

ран, 2, 360). Осының  нəтижесінде  бұрын 

да мінезі жақсы аталмайтын, м а р л а т 

саналатын  Едігені  тамыр-таныстарының 

бəрі  мүлде  жек  көріп  кетті  (М.Мағауин, 

Көк мұнар, 166).

  МАРЛАТТЫҚ  з  а  т.  Өркөкіректік, 

менмендік,  өзімшілдік,  кекірттік.  Баяғы

м  а  р  л  а  т  т  ы  қ,  кекірттік  жоқ.  Бəрі 

бұрынғыдай жақындаса түскен (М.Мағауин, 

Аласапыран 2, 329).

МАРЛИН з а т. з о о л. Тұмсығында бір 

тал  ұзын  мүйізі  бар  теңіз  балығы.  Теңіз 

балықтарына мыналар жатады: майшабақ, 

сардина, қамса (анчуос), кете құныс (гор-

буша), кемиек (нерка), ақсерке, скумбрия, 

семсербалық,  м  а  р  л  и  н,  сайра,  нəлім, 

бұзаубас, т.б. (Шаңырақ, 117). 



МАР-МАР  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Тұтасып 

жатқан,  қалың.  Сөйтті  де  желден 

жасаураған  жанарын  жеңімен  сүртіп 

қойып, мотоцикл тізгінін м а р-м а р қамыс 

арасындағы  сүрлеуге  бұрды  (Туған  жер 

қазынасы, 150).

МАРХАБАТ қ ы с т. 1. Еркіңіз білсін; 

мен  қарсы  емеспін. 2. Құдай  тілеуіңізді 

берсін, тəңір жарылқасын (пожалуйста). 

– Міне, өтініш. Маған сенбесеңдер, м а р х а 



б а т, өзінен барып сұраңдар, - деп сазарып 

отыра берді (Қ.Ботбай, Егіз., 78). 



МАРХАБАТШЫЛ с ы н. Қайырымды, 

мейірімді, шапағатты. Шеризаттың батыр, 

м а р х а б а т ш ы л, кешірімшіл болғаны, 

махаббатты  берік,  өзіне  сай  Гүлшаттай 

жар  тапқаны  сөз  болады  (Жалын, 1974, 

№3, 130).

 МАСАЙ ... 2. а у ы с. Масайрау, масат-

тану, мəз болу. Мүмкін сауық құрып, сай-

ран салып, құлпырып тұрған қызғалдақтың 

иісіне м а с а й ғ а н да шығар, кім білсін 

(Лен. жас, 04.10.1974, 1). 



МАСАҚ з а т. б о т. Өсімдік сабағының 

бас  жағына  орналасқан  гүлшоғыры.  М  а 

с а қ т ы ң жай масақ (жолжелкен) жəне 

күрделі масақ (арпа, бидай) деген түрлері 

бар (Ботаника, 160).

МАСАҚГҮЛ  з  а  т.  б  о  т.  Өсімдіктің 

масақ  тəрізді  гүлшоғыры.  Гүлдер 

шоғырланып  бітсе,  ол – шоғыргүл. 

Шоғыргүлдердің  түрлері:  шашақгүл, 

шатыршагүл, шоқпарбасгүл, м а с а қ г ү л, 

қалқаншагүл, себетгүл (Ботаника, 82). 

МАСАҚТЫ  с  ы  н.  Масағы  бар, 

масақталған. М а с а қ т ы кез оқ – нақ тисе, 

бір  аң-құсты  алып  түсіреді  (М.Мағауин, 

Аласапыран, 209). Шалдың  жанары  да 

темір м а с а қ т ы қозыжауырынды шалып 

қалыпты (С.Сматаев, Елім-ай, 13). 

МАСАҚШЫЛЫҚ  с  ы  н.  Масақ 

терушілік.  Менің  м  а  с  а  қ  ш  ы  л  ы  қ

мамандығым  сонымен  тамамдалды 

(Б.Соқпақбаев, Балалық., 44).

МАСАҢДАН ... Мұнысы  несі?  М  а  с 

а ң д а н ы п қалғаннан сау ма? (Жалын, 

1973. №6, 105).



МАСАТЫЛЫ  с  ы  н.  Масатысы  бар, 

масатымен көмкерілген. Ұйқыдан түс ке-

зінде тұрды бай да, Бұрқылдап мыс шəй-

некте жатыр шай да. Үй іші м а с а т ы л ы 

жайған кілем, Жұмақтың дəл өзіне ұқсамай 

ма? (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 12, 31).

МАСАЮ... Сабақта күнді түнге, түнді 

күнге,  Ісің  жоқ  кемдігіңде,  теңдігіңде...

Мен  үшін  м  а  с  а  ю  бар,  масайрау  жоқ,

Ішемін  мұңға  қо сып,  шерді  бірге 

(М.Əлімбаев, Өшпес от, 50)

МАСҚАРАМПАЗ з а т. с ө й л. М а с 

қ а р а п а з. Иімпаз, береңдік, өркеншіл, 

дарқаншыл, түскей, м а с қ а р а м п а з 

сөздерін туғызған Ə.Тəжібаев (М.Əлімбаев: 

Қаз.  əдеб., 14.11.1975, 3). – Клоунды 

кейде м а с қ а р а м п а з деп те атайды 

(М.Тəнекеев, Қажымұқан, 49)



МАССАГЕТ  з  а  т.  Ежелгі  халықтар-

дың  бірі.  Ерте  заманда  Персияның  атақ-

ты  жиһанкезі  Дария  бірінші  патшасы-

ның  жан  шыдатпаған  əскерін  тоқтатқан 

қазақ жерінде сақ, соғды, м а с с а г е т 

секілді халықтардың өткенін айтып беретін 

(І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 2, 98). Біздің

заманымыздан  бұрынғы VIII-VII ғасыр-

ларда  өмір  кешкен  сақ,  ғұндар,  да,  одан 

берірек VI-V ғасырлардағы м а с с а г е т

т  е  р  де  қазақтардың  арғы  тектері 

(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 199).



МАСЫҚ ... «Адам қош иістен де м а с 

ы ғ а д ы екен-ау» деп білдім (Ə.Тəжібаев, 

Жаданов əңгім. 127).



МАТАЛУ з а т. с ө й л. Матау. Бірнеше 

мыңдап топтанып жүретін ақбөкендер үйі-

рінде м а т а л у мерзімі жақындаған уақыт-

та үлкен өзгеріс туады (Саятшылық, 24). 



МАТАУ з а т. Бұғылардың үйірге түсуі, 

шағылысуы.  Бұғылар  күзгі  м  а  т  а  у  ал-

дында қалай да маралтүбірді тауып алып, 



412

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

оның тамыран тұяғымен қазып жейді (Ертіс 

өңірі, 76). 

МАТАУ: Матау арқанМалды мата-

стыра байлауға қажетті арқан. Өздеріңіз 

елестетіп  көріңізші,  нағыз  жылқышы-

ның қосақ арқан, м а т а у  а р қ а н, ат 

арқан,  жан  арқан,  бұғалық  арқан,  керме 

арқан,  деп  аталатын  арқандары  əртүрлі 

дайындалады (Лен. жас, 23.11.1972, 3).



МАТАУЛЫ ... 2.  а  у  ы  с.  Қол-аяғы 

байлаулы, еріксіз. Бірақ ол заманда халық 

бұқарасының алып күші тізгіндеулі, м а т 



а у л ы болатын (Қаз. əдеб., 21.07.1972, 3).

МАТҚАПЫ с ы н. ж е р г. Қапысыз, бей-

қам. Жау қашанда сенің осындай м а т қ а 

п ы, бейғам кезіңді аңдиды (Қ.Жұмаділов, 

Дарабоз, 1, 105).



МАТҮШКЕ з а т. с ө й л. Орыс əйелі. 

Сөйтіп отырғанда есіктен ақ киімді м а т 



ү ш к е шықты (Ж.Аймауытов, Шығ., 207).

МАТЫРҒЫШТА  е  т.  Бір  нəрсені 

қайта-қайта суға салу. Айша арықшаның 

суына қолын м а т ы р ғ ы ш т а п, жие-

гіндегі  топырақты  оппалап,  су  толтырды 

(С.Ордашева, Кек жуған, 41).



МАТЫРҒЫШТАУ  Матырғышта 

етістігінің қимыл атауы. 

МАУБАС ... 2.  а  у  ы  с.  Ұзақ  жолға 

жарамсыз, тез болдыратын, тегі нашар 

жылқы (ат). Бала болсақ та ол кезде м а у 

б а с жылқының азабын талай тарттық қой 

(Н.Қозыбеков, Дала., 13).



МАУБАСБҰҚА  з  а  т.  з  о  о  л.  Дене 

тұрқы  кішкентай,  жапалақ  тектес, 

күжірейген  торғай.  Албандар  атын  атап 

түстейтұғын,  Мінеки,  Алатауға  біткен 

торғай:  Қара,  боз,  суық,  бұқбас,  сипті, 

шымшық, шапшақай, майлық, м а у б а с 



б ұ қ а, шөже... (І.Жансүгіров, Шығ., 163).

МАУСЫМҚҰС з а т. з о о л. Тұмсығы 

мен аяғы қара, үстін шұбар дақтар басқан 

жыл құсы. М а у с ы м қ ұ с т ы ң белсенді 

тіршілігі маусым айында байқалғандықтан, 

құстың  атын  соған  байланысты  қойған 

(Қаз. табиғ., 4, 9). 



МАУЫР з а т. Пілдің ұрғашысы (Қаз. 

ор. терм, сөзд. 131).



МАХБҰРЛАСУ з а т. к ө н е. б и о л. 

Зат алмасу. Оның атом, молекула, элемент, 

зат  алмасу  жайында  тамаша  білетінін 

аңғардым.  Бірақ  мұның  барлығын  ол 

өзінше  атап,  өзінше  сөйлейді.  Мəселен, 

атом  Лұхман  Хəкімнің  тілінше - əлжам, 

молекула – нəкіс, зат алмасу – м а х б ұ р л 



а с у (Т.Сұлтанбеков, Лұхмант Хакім, 51). 

МАХРАБ // МАХЫРАП з а т. д і н и. 

Мешіт ішіндегі намаз оқитын жер. 

МАШАҚ..? Артынша Мұқыр өзенінің 

жағасындағы  м  а  ш  а  қ  т  а  сабантой 

өткізілді (Ə.Асқаров, Өр Алтай., 438).

МАШИНА:  Машина  жол.  Машина 

жүре алатын жол. 

МАШИНКАЛЫҚ  с  ы  н.  Машинкаға 

бастырылған.  Тағатым  қалмай  бүктеуді 

аштым. М а ш и н к а л ы қ үш бет қағаз 

(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 239).

МАШИНКАШЫ з а т. Жазылғандар-

ды жазу машинкасында басатын (теретін) 

адам.  Бүгінде  атауы  архаизмге  айналған 

осы бір мамандық иелері – м а ш и н к а ш ы

қыздарға арналған жөні түзу жалғыз жыр 

сол  ғана  болар  (Б.Омарұлы, 11-ші  қала-

мұш, 156).

МАШЫН з а т. к ө н е. Өңделген қой 

терісінен  жасалған  қызыл,  қара  тері 

былғары (Ана тілі, 07.08.1997, 7).

МАЯ  з  а  т.  Америка  жерінде  көне 

дəуірде  өмір  сүрген  халықтардың  бірі. 

Көне  дəуірде  Америка  жерінде  тұрған 

астек,  м  а  й  я  халықтарының  өмірін, 

олардың  əдет-ғұрпын,  мəдениетін  жыр 

еткен (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 98).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет