1 Объектіге бағытталған тіл, онда тиімді объектілі модель құрылған;
2 С/С++ синтаксисін қолдайды;
3 Internet ортасында да пайдалануға бағытталған, мұнда желілік қосымшаларды құруға да болады;
4 динамикалық: жаңа мүмкіндіктерді қосу және дамыту мүмкіндігі бар;
5 үйрену үшін қарапайым тіл деп саналады.
Алғашқы программа
Java тілінің алғашқы файлы – кластардың бір немесе бірнеше сипаттамаларынан тұратын мәтіндік файл. Программа файлы java кеңейтілуі бар файлдарда сақталады (Hello.java). Файл аты мен класс аты бірдей болуы тиіс. Сонымен, алғашқы Java-программа мәтіні:
class HelloWorld
class HelloWorld
{ public static void main (String args [ ])
{ System. out. println ("Hello World"); } }
Программаны трансляциядан өткізгенде, class типіндегі аралық файл пайда болады. Содан кейін ол орындалып, программа нәтижесі шығады. Жоғарыдағы файлды Hello.java орындағанда, оның нәтижесі мынадай сөз болады: Hello World!
Программа жолдарын талдап барып, тілдің төмендегі негізгі элементтерін қарастырамыз, олар: бос орын, комментарий, түйінді сөздер, идентификаторлар, литералдар, операторлар және айыру таңбалары.
Программа жолдарын талдап барып, тілдің төмендегі негізгі элементтерін қарастырамыз, олар: бос орын, комментарий, түйінді сөздер, идентификаторлар, литералдар, операторлар және айыру таңбалары.
Енді әрбір жолға тоқталып өтейік: class Hello World
{ … }
Мұнда class түйінді сөзі қолданылады. Ол трансляторға жаңа класты сипаттайтынымызды хабарлайды.
public static void main (String args [ ]) { … }
public static void main (String args [ ]) { … }
public түйінді сөзі— қатынасу модификаторы, ол кез келген айнымалы мен тәсілдің қолданылу (көріну) мүмкіндігін басқарады. Мұнда public модификаторы main тәсілінің кез келген класпен қатынаса алатынын көрсетеді;