Логикалық тұрақтылар. Логикалық айнымалының тек екі ғана мәні болуы мүмкін: true(ақиқат) және false (жалған).
Логикалық тұрақтылар. Логикалық айнымалының тек екі ғана мәні болуы мүмкін: true(ақиқат) және false (жалған).
Символдар. Java-дағы символдар–UNICODEсимволдар кестесіндегі индекстер. Символдық тұрақтылар (' ') ішінде орналасады, мысалы, ASCII-код символдары: 'a', 'z', '@'. Символдар түрінде басқару тізбектері де қолданылады.
Символдарды басқару тізбегі
Операторлар
Операторлар
Оператор бір немесе екі аргумент арқылы белгілі бір әрекет орындап, нәтиже беретін амалдардан тұрады.
Синтаксистік тұрғыдан алғанда, операторлар идентификаторлар мен литералдар арасында орналасады. Операторлар тізбегі келесі кестеде көрсетілген.
Айнымалылар
Айнымалы — Java программасындағы ақпаратты сақтаудың негізгі элементі. Айнымалылар идентификаторлармен, типтермен және солардың әсер ету аймағымен сипатталады. Айнымалылар сипатталу орнына қарай жергілікті және ауқымды болуы мүмкін. Жергілікті айнымалылар көбінесе жүйелі жақшалармен қоршалған аймақта орналасады.
Типтер: примитивті (primitive types) және сілтемелі (reference types). Сілтемелі типтер жиым (arrays), кластар (classes) және интерфейстер (interfaces) болып бөлінеді. Примитивті типтердің 8 түрі бар, олар логикалық (boolean) және сандық типтер болып бөлінеді. Бүтін типтер: byte, short, int, long, char. Нақты типтер: float и double. Java тілінің типтері төмендегі суретте келтірілген: