Жазба коммуникациядағы орфографиялық ұстанымдардың түрлері мен типтері



бет7/10
Дата28.11.2023
өлшемі32,34 Kb.
#130894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 12

Қарабай Сарыбай мен аңға шыққан
Екеуінің дәуірі даңқа шыққан
Екі бай қосылған соң келе йатса
Алдұндан бұуаз марал тұра қачқан
(Қозы Көрпеш Баян сұлу, 1876).
Бойы бұлғаң
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем мен сонан
Бетді басдым
Қатды сасдым
Тұра қачдым жалма жан (А.Құнанбайұлы)
5) л дыбысын қыстырып жазу: олтұрдұ. Мысалы: Елек бойында олтұрған кішілеріміз (Хан-би жарлықтары).
Аяласып олтырып,
Асылдан саба толтырып (Едіге жыры).
Бұл тұлға оғыз тілдері тобына тән ерекшелік. Ортатүркі жаба ескерткіштерінде өте молынан кездеседі.
6) у және и келетін орындарда ғ дыбысының таңбалануы да дәстүрлі-тарихи принципті басшылыққа алғандықтан. Мысалы: Бізден хал сұрасаңыз алхамдиллах сағ саламатмызлар (Ш.Уәлихановтың баласы Шоқанға жазған хаты), Сапарымыздан сағ саламат қайтып келуге (М.Өтемісұлының хаты), Иылқы ту сығыр (сиыр) қойының хисабы иоқ (С.Датұлының хаты), Алған малдары төрт ат, төрт сығыр (Қарабай ұлының генерал Минске жазған хаты). Сөз ортасында айтылған ғ дыбысы қазақ тілінде у-ға айналғанымен де қазақ қаламгерлері өз жазбаларында әріден келе жатқан дәстүрлі-тарихи принципке сүйенген.
7) Жазуда жалғау, жұрнақтардың бір ғана вариантын қолдану да дәстүрлі-тарихи принципке негізделген. Яғни жалғау, жұрнақтардың инвариант деп танылған тұлғасын ғана таңбалау. Бұл үрдіс те латын графикасын қабылдағанға дейінгі қазақ жазуында басым түрде қолданыста болды. Мәселен, көптік жалғауының -лар түрі инвариант деп алынып -дар, -тар нұсқалары жазуда ескерілмейді: қаламлар, кітаплар, халықлар, т.б. Ілік септігінің ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің нұсқаларының ішінде -ның түрін ғана таңбалау: тауның, үйнің, т.б. Сын есімнің барлықты білдіретін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет