Жазба коммуникациядағы орфографиялық ұстанымдардың түрлері мен типтері



бет4/10
Дата28.11.2023
өлшемі32,34 Kb.
#130894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 12

Түпнұсқа принципі. Түпнұсқа принципінде шеттілдік сөздер түп төркін тілінің (донор тілдің) орфографиясы бойынша жазылады. Аталған принцип түрі қазақ жазуында 1938 жылдан бастап қолданыла бастады. 1938 жылдан бастап қазақ әліпбиіне х, в, ф әріптерінің енуіне байланысты қалқоз сөзі колхоз, қыймыйа сөзі химия, қылор сөзі хлор деп жазылды. Сондай-ақ аталған жылы орфографияға мынадай емле баптары енді: сөздің аяғында келетін в, д, г дауыссыз дыбыстарын өзгертпей жазу (Ленинград – Ленинграт емес, актив – әктіп емес, педагог – педагок емес), кірме сөздерде келетін екі дауысты дыбыс қатар жазу (зоологиазологиа емес, театртыйатыр емес т.б.), орыс тіліндегі -ист қосымшасының тұрпатын өзгертпей жазу (коммуни ст). Осыған байланысты Н.Әміржанова былай дейді: «1938 жылғы ережеден кейін орыс тілінен енген сөздер фонетикалық принциппен емес, түпнұсқалыққа жақындық принципі бойынша жазыла бастады» .
Ал 1940 жылдан бастап қазақ әліпбиі сандық жағынан толықтырылып, әліпбиге в, и, ф, х, ц, щ, ч, э, ю, я, ь, ъ тәрізді әріптер енеді. Осы жылдан бастап қазақ орфографиясында кірме сөздерді жазуда негізгі басшылыққа алынатын принцип түрі – түпнұсқалық болды. Яғни кірме сөздер қазіргі кезде орыс тілі орфографиясы бойынша жазылады. Мысалы, драйвер, культуризм, бодибилдинг, стайер, спринтер, велосипед, геймер, хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, ламер, гамер, майло сайт, файл, байт, мегабайт, ноутбук, пентиум, лаптоп, кэш, принтер, декомпилятор, джойстик, факс-модем т.б.
Кирилшеге негізделген қазіргі қазақ жазуы орыс тілі арқылы енген сөздерді сол күйінде, яғни тілге икемделмеген күйде қабылдауға лайықталып жасалды. Қазіргі кезде кірме сөздер жазу тәжірибесіне түпнұсқасынша еніп, қолданысқа еркін еніп, тілдің дыбыстық жүйесін бұзып, тілдегі креолдану құбылысы етек алып келе жатқаны айқын байқалады. Осымен байланысты орыс тілінен енген сөздерді қазақыландырып жазу қолданысқа еніп, әдеби сөздіктер қатарынан орын алғанда, 42 әріптің бірқатары қазақ сөздерін таңбалауға мүлде қатыспайтыны, қазақы ұғымдар мен атаулар үшін жат екені аңғарылады. Мәселен, орыс тілі арқылы енген роль, ноль сөздерін рөл, нөл деп жазу тез қалыптанып, жіңішкелік белгісінің (ь таңбасының) артық екені өзінен-өзі белгілі болды [12].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет