17
боламыз. Мысалы: The Tomes yesterday warned editorially…- кеше өзінің
кезекті мақаласында Таимс газеті ескертті... Аударма editorially үстеуі сын
есімді зат есім болып тұр.
Келесі мысалда зат есім етістік болып аударылады. Мысалы: You give
food and drink and I’ll tell you how to sail the ship - Сіз мені тамақтандырып,
шөлімді қандырасыз, ал мен есесіне кемені қалай жүргізетінін көрсетіп
берем.
Баяндауышты аудару кезінде де өте көп рет грамматикалық
өзгертулерге тап боламыз, өйткені ол үнемі сөз таптарын талап етеді.
Баяндауыштардың түрлері және қолданнылу жолдары екі тілде көп бірдей
бола бермейді: етістікті баяндауыш көбіне атаулы баяндауыш болып
аударылады. Мысалы: There was universal relief at the safe return of the three
U.S. astronauts from their epic voyage to the moon – Үш Американдық
ғарышкерлер өздерінің айға шеккен тарихи сапарынан аман есен оралғанда
барлығы рахаттана жеңіл күрсінді. Ағылшын тіліндегі атаулы баяндауыш
етістікті баяндауыш болып аударылып тұр. Мысал: Abstentions on, and even
votes against the coming anti – union Bill are certain in the commons –
Жалпылама палатысында шыққалы жатқан снтипрофодақ
заңына
байланысты сайлау басталған кезде адамдардың көбі еш күмәнсіз бас тартып
тіпті қарсы дауыстар береді. Бұл сөйлемді аударған бірнеше грамматикалық
өзгертулерге жүгіндік: Abstentions on, және votes against бастауыштары
етістіктен жасалған баяндауыштар болып өзгереді – бас тартып қарсы
дауыстар береді; are certain атаулы етістігі еш күмәнсіз үстеулі болып өзгеріп
және ағылшынның жай сөйлемі қазақ тіліне сабақтас құрмалас сөйлемі
ретінде аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: