26
3. етістіктен кейін тұрса. Мысалы: They regretted having told about him – Олар
оған бұл туралы айтқандары үшін өкінді.
Герундий
бастаманы, жалғасатын немесе аяқталған іс әрекетті білдіретін
етістіктерден кейін ғана тұра алады: start, begin, continue, do on, finish, stop.
Өздеріне тән предлогтары бар және олардан кейін
герундий
қолданылатын етістіктер тізімін жаттап алу қажет,
өйткені сол
етістіктердің орыс немесе қазақ тілдерінде ағылшын
ағылшын
тіліндегідей предлогтары жоқ, сондықтан аудармашы шатасып кетуі
мүмкін:
account for - түсіндіру, differ in - ерекшелену, be interested–
қызығушылық таныту, keep from – кедергі ету, result from – нәтиже болу,
succeed in– қол жеткізу.
4. тәуелдік жалғауында тұрған етістіктен кейін немесе ілік септігінде тұрған
зат есімнен кейін тұрса. Мысалы: Do you mind my opening the window? –
Менің терезені ашып қоюыма қарсы емессіз бе?; His coming late was not a
surprise to anyone –оның тым кеш
келгені ешкімді таң қалдырмады; My
friend’s becoming the prize winner pf the contest a good news for all of us -
менің досымның байқау лауреаты атануы баршамызға тамаша жаңалық
болған – ды.
5. келесі сөз тіркестерден кейін қолданылады:
cannot help –бір нәрсені жасай алмау, I cannot
help thinking about it- Мен
бұл жайында ойламай тұра алмаймын.
it is worth(it is worth while)- бір нәрсені жасау қажет, It is worth while
reading this book – Бұл кітапты оқып шығу қажет.
it is no use - пайдасы жоқ, нәтижесі жоқ, бостан босқа, It is no use waiting
for him – оны күтудің пайдасы жоқ.
Жоғарыда айтылған мысалдарға сәйкес қазақ тіліне аудару барысында
герундий зат есім, көсемше, құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі бола
алады.
Қазақ тіліне аударған кезде герундийдің сөйлем мүшелерінің қызметерін
атқаратынына назар аударыңыз:
1. Бастауыш – Implementing market reforms in a lengthy process –Нарық
реформаларының жүзеге асуы – бұл ұзақ мерзімді процесс.
Ескерту:
Есімшемен шатастырып алмаңыз - Implementing market reforms it is
necessary to keep in mind social needs of the population - Нарықтық
реформаларды жүзеге асыра отырып, халықтың әлеуметтік
қажеттіліктерін ұмытпау қажет.
2. Тура толықтауыш – Would you mind showing us the whole process?-
Бізге процестің барлығын көрсетіңізші. Would you mind their showing
us the whole process?- Сіз олардың бізге процестің барлығын көрсетуге
қарсы емессіз бе?
Тура толықтауыш қызметінде герундий келесі етістіктерден кейін
қолданылады: avoid ( қашқақтау), engoy ( ұнату), excuse (кешіру),
intend ( ынталану), like ( жақсы көру), prefer ( қалау), revent (кедергі
ету), regret (өкіну), try ( талпыну), withstand ( қарсы тұру).
27
3. Предлогы бар толықтауыш - We have succeeded in maintaining
productivity level over the whole period- Біз барлық берілген уақыт
бойынша өнім өндіру деңгейін сақтай алдық.
4. Пысықтауыш – In establishing a refinance rate it is necessary to take into
account a monthly inflation rate- Қайта қаржыландыру талаптарын
бекіткен кезде айлық инфлияцияның деңгейін назардан тыс қалдырмау
қажет.
5. Анықтауыш - There is little probability of financial assistance being
provided this year- Биылғы жылы қаржылай көмек көрсететініне кәміл
сенім жоқ.
Герундиялық айналым екі формада болып зат есім ретінде және
құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі болып аударылады:
1. Тәуелдік есімшедегі зат есім (есімдік)+герундий. Мысалы: Professor
Johnson’s (His) presenting a paper at the conference was not announced
until
yesterday-Профессор
Джонсонның (оның)
конференцияда
баяндама қорғайтыны кеше ғана хабарландырылды. The outcome
depends on all of factors being used
together- Нәтиже барлық
факторлардың бірге қолданылуына байланысты болады.
2. Ағылшын сөйлемнің бастауышы (герундийдің субьектісі емес) +
герундий. Мысалы: All the former Soviet republics are alike in having their
poorly developed infrastructure- Бұрынғы совет республикалары
өздерінің нашар дамыған инфрақұрылымдарымен ұқсас болып келген.
Достарыңызбен бөлісу: