Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет14/48
Дата25.11.2023
өлшемі229,23 Kb.
#127577
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары-emirsaba.org

Жетістік критерийі:
  • Берілген мәтінге сәйкес сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар.



1-топ Берілген тірек сөздер арқылы әңгіме құрастырыңдар.
2-топ Ш Уалиханов мәтініндегі деректерді пайдаланып, «Хронологиялық жылдар» тезисін толтырыңдар.
3-топ Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар.

7 сынып Қазақ тілі
1. Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика 1-тоқсан


Оқу мақсаты: 7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

Жетістік критерийі:



Тапсырма: Берілген мәтінге сәйкес сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар.

Жаңа сөздермен жұмыс:
Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.
Нөсер – төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр.
Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші.
Сіркіреме – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.
Сел – қар мен мұздың еруінен нөмесе қатты нөсер салдарынан болатын су тасқыны.
Бұлт – судың жылу әсерінен аспанға көтеріліп, буға айналған түрі. Атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің жиынтығы.
Ақша бұлт – ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдек-түйдек ақ бұлт.
Қара бұлт – түнерген қараңғы бұлт.
Көшпелі бұлт – көкжиектен саумалай көтеріліп, тез көшетін бұлт.
Сұр бұлт – аспанды жаппай торлап, төрт-бес шақырым биіктікте жүретін тұнжыр бұлт.
Мәтін түрлеріне ереже шығару:

1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?

2.Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?

3.Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет