Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет47/48
Дата25.11.2023
өлшемі229,23 Kb.
#127577
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары-emirsaba.org

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?
Әр оқушының жеткен жетістігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.
Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекеті бақыланады. «Басбармақ», «өзін-өзі бағалау» әдісі, мұғалімнің марапаттаулары бойынша оқу жетістіктері айқындалады.


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланысты.
Қауіпсіздік техникасы ережелері












ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен «жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге жеткізу үшін сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ оқыту қазіргі білім талабы.

Оқушының жазылым жұмысы дұрыс шығуы үшін оның сөздік қоры да мол болуын қажет етеді. Мектептегі оқу үдерісінде оқушы бағдарламаға сай лексикалық сөздік қорлары мен академиялық тілде сөйлеуге де жаттығады. Мұғалім жаңартылған бағдарламаның жазылым дағдысымен жұмыс жүргізуде кәсіби шеберліктерінің жетіспеушіліктері кедергі келтіріп жатады. Біз бұл көмекші құралда болашақ жастарымыздың жазылым дағдысын қалыптастырып дамытуда өз нәтижелерін көрсетіп жүрген бірнеше сындарлы оқытудың териясы мен әдістемелеріне нақты мысалдармен тоқталдық. Бұл құрал оқушының лексикалардың танымдық қабілетін дамытуда тілге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда, болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін іске асыруда мұғалім үшін маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз. Ол пәнді оқыту барысында оқушы бойына қажетті құндылықтарды қалыптастырып дамыту көрсеткішінің нәтижесі болмақ.


Жалпы жазылым дағдысы көп еңбектенуді, ізденісті қажет ететін дағды. Сондықтан да айтылған ойды сауатты, қысқа, нақты, белгілі қалыптасқан жүйеде және шығармашылықты түрде жеткізуде әлі де көптеген жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Бұл жұмыс өз жалғасын тауып, жетілдіре береді.
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның өркендеген ғасыры болса, әр шәкірт сол ғасырдың тұлғасы. Қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруда оқу үрдісінің тиімділігін арттыру, мұғалімнің сабақты дұрыс ұйымдастыруы, ұтымды түрін таңдай алуына тікелей байланысты.
Қорыта айтқанда, сауатты ұрпақ дайындауда тілдік дағдыларды меңгерту жолын түрлендіріп, жетілдіре түссек, оқытуда да, тіл дамытуда да қазақ тілі және қазақ әдебиетіне деген құрмет пен қызығушылығы жоғары, ойы ұшқыр, тілі шешен ұрпақты жеткіземіз. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет