Жазылым тапсырмасы. Жеке жұмыс.
Тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептерін көрсетініңіздер, өз көзқарасыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жазыңдар.
Әдеби –талдау эссе
Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автордың батыр мінезін танытуын талдап жазыңыз.
Батыр-ерен күш иесі, жүректі, жауға тік келетін айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі жағдаят үстінде танылады. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі кейіпкер –Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы. Әзілхан Нұршайықов туындыда аты аңызға айналған батырды оқырманына барынша жеткізуге тырысқан.Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адами құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.
Роман –диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән мінезімен көрінеді. Оны автор Серебряковтың Жоғары Президумға жазған хатындағы «....ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. Енді шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге көремін»- деп , ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты », -деген жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында жігерін қайрай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр жараланса да , ұрыс даласынан кетпеді. Мұндай батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды. Батырға тән қасиет алып қара күш иесі және қорықпайтын жаужүрек болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге , адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туынды да Бауыржан Момышұлын кемеңгерлігімен танытады.
Автордың «...не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым »- деген сөзіне : « сен сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!?... сегіз фашисті өлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың . Бұл, біле білсең кісіге, аз еңбек емес, қарағым! » - деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілділігн , кеңпейілділігін көрсетті.
Батыр Бауыржан «Сенің мұның менің батырлығым қасында түк те емес»- деген сияқты менмендік танытпай , өзі сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті, «Апырай , а! ... күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім» –деп қанатттанып қалды. Мұндай даналық батырлықпен пара –пар.
Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың әр сөзі, әрекеті- оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, отан, туған жер, абырой , парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл роман-диалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне аударылып, жалпы адамзаттық құндылықққа тәрбиелеудің көркем құралы ретінді таратылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |