Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата07.02.2017
өлшемі16,38 Mb.
#3607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Хамит ЕСАМАН

Мемлекетіміздің  экономикасының  қарқынды  дамуына  байланысты  білім, 

ғылым,  денсаулық  жəне  тағы  басқа  салаларға  жыл  сайын  көптеген  қаржы  бөлініп, 

əсіресе,  мектептер  соңғы  үлгідегі  үздік  техникалық  құралдарымен  жабдықталуда. 

Ұстаздардың  жалақысы  жақсы  жолға  қойылған.  Мектеп  оқушылары,  жоғары  оқу 

орындарының  студенттері  дүниежүзілік  олимпиадалардан  жүлделі  орын  алып, 

алтын, күміс медальдармен оралуда. Олардың көбісі дарынды, «Назарбаев зияткерлік 

мектептерінің»,  қазақ-түрік  колледждерінің,  лицейлерінің  оқушылары,  студенттері. 

Дегенмен, еліміздің оқушыларының, студенттерінің білім деңгейін əлемдік стандартқа 

сай  деп  айтуға  болмайды.  Ол  туралы  газет,  журнал  беттерінде,  түрлі  жиындарда 

айтылып жүр.

Қазақ тілі

Математика

Геометрия

Əдебиет

Биология


Дене шынықтыру

19 маусым,

№25 (453)

8

АУДИТОРИЯ

АУДИТОРИЯ

Біз де студент болғанбыз...

«ШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫМЕН КІТАП ОҚИТЫНБЫЗ»

«ШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫМЕН КІТАП ОҚИТЫНБЫЗ»



Жақан БӨСТЕКОВ, облыс əкімдігі табиғи ресурстар 

жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 

«Орманды қорғау жедел қызметі» мекемесінің 

директоры:

Дайындаған Есет  ДОСАЛЫ.

«ƏДЕМІ ИІСКЕ ТӨРТ ЖЫЛ БОЙЫ ТАМСАНДЫҚ»

«ƏДЕМІ ИІСКЕ ТӨРТ ЖЫЛ БОЙЫ ТАМСАНДЫҚ»

Бақыт ЖАҚСЫЛЫҚОВА, облыс əкімі жанындағы 

кəмелетке жасы толмағандардың ісі жəне олардың 

құқықтарын қорғау комиссиясының жауапты 

хатшысы:

– 1971 жылдары 

сол  кездегі    «Қаратау» 

өндірістік 

бірлестігі 

жанындағы  В.  Ленин 

атындағы 

қазақ 


п о л и т е х н и к а л ы қ 

институты филиалының 

кешкі  бөлімінде  құрылыс  мамандығы  бойынша 

оқыдық. Қазір  басшылық қызметте жүрген Батырбек 

Құлекеев,  аудандық  мəслихатының  депутаты 

Темірхан Сəрсенов бəріміз бірге студенттік күндердің 

куəсі  болдық.  І  курстың    бел  ортасында    Жуалы 

ауданына  картоп  жинауға  жіберді  бəрімізді.  Теріс  

өзенінің  бойынан  картоп  тердік. «Балығы  тайдай 

тулаған,  бақасы    қойдай  шулаған»  Талас  өзеніне 

балықша  жүзіп  өскен  жігіттерміз  ғой,  бізге  өзен 

таңсық  емес,  тек  теріс  аққанына  таңданып  жүрдік. 

Оқытушы  ағайлар  неше  түрлі  аңыз  айтатын. «Бұл 

Теріс өзені бір күн теріс, бір күн оң ағады» дейді. Енді 

бірінде  «Ертеректе  бір  жігітке  өкпелеген  қыз  «Мына 

өзен теріс ақсын депті, содан теріс ағып кетіпті» деп 

əңгімелейді.  Сөйтіп,  Теріс  өзенінің  теріс  ағып  келіп, 

«Теріс Ащы бұлақ» су қоймасына құятынын да білдік.

Ол кездің жастары кітапты, əсіресе əдеби кітапты 

көп  оқитын.  Біздің  замандастарымызда  қазіргідей 

мол  мүмкіндік,  жарқырап  жанып  тұрған  жарық, 

бірнеше кітапхана залдары болған жоқ. Жаз күндері  

ауылымызда жарық деген күнара өшетін,  қараңғыда 

қалатынбыз.  Сонда  кітапқа  деген  құмарлықты 

қойсаңшы,  шамның  жарығымен  көзіміз  қызарғанша 

кітап  оқитынбыз.  Уəзипа  деген  мінезі    жібектей, 

түсінігі  мол  жеңгем  болды.  Мені  «Молдажан»  деп 

атайтын.  Студент  күнімде  сығырайған  шамның 

жарығымен кітап оқып отырсам, ойнаған болып талай 

рет əлгі шамды көйлегінің  ұзын етегі жер сызып келіп, 

сырғышпен    желпіп  өшіріп  кететін.  Мені  уақтылы 

демалсын  дегені. «Қалада  жыл  бойы  кітап  кеміріп 

оқып  жүрсің.  Ауылға  келгенде  алаңсыз  демалсаң 

қайтеді,  Молдажан-ау!»  дейтін  қайран  жеңгем. 

Қазір  сол  сығырайған  шаммен  кітап  оқыған  түндер, 

Теріс  өзеніне  таңданған  таза  көңілге  толы,  кіршіксіз 

сезімдерге толы студенттік күндер сағындырады. 

– 80-ші  жылдардың  басында 

бұрынғы Жамбыл педагогикалық 

институтында  орыс  тілі  мен 

əдебиеті 

пəнінің 


мұғалімі 

мамандығы 

бойынша 

білім 


алдым.  Біздің  студент  кезімізде 

студенттерге  қойылатын  талап 

басқа еді, жастардың бір-бірімен 

қарым-қатынасы  мүлдем  бөлек 

болатын.  Орыс  тілі  мамандығын 

таңдағанымды  айттым  ғой.  Бұл 

пəнге  оқуға  түсіп  кету  мүмкіндігі 

өте  жоғары  болған  соң  бардым. 

Шəкіртақы 

алып 


оқыдым. 

Менімен    бірге  белгілі  кəсіпкер 

Сəуле  Рысбаева,  басшылық 

қызметте 

жүрген 

Мүбəрак 


Жинақбаевалар оқыды. Біз білім 

алатын  оқу  корпусының  дəл 

қасында    үлкен  нан  комбинаты 

бар  еді.  Таңертеңгі  сағат  он 

шамасында аудиторияны  əдемі, 

ыстық  нанның  иісі  жайлайтын. 

Студент  күніңде    күнделікті 

тойып  ішетін  тамақ  қайда? 

Сондықтан, бізге осынау ғаламат 

иіс  қатты  əсер  беретін.  Ондай 

буы  бұрқыраған  ыстық  ас  атасы 

институттың 

асханасында 

болмайтын, 

жақын 

маңдағы 


дүкендерден 

де 


кездестіре 

алмайтынбыз. 

Дүкендерден 

сол  күні  түскен,  жұмсақ,  жылы  

нандарды  кездестіруге  болатын, 

бірақ,  ол  бізді  тамсандырған 

күлше  иісіне    жетпеуші  еді.  

Комбинаттың  ыстық  күлшесі 

тапсырыс 

бойынша 


арнайы 

сауда    орындарына  түсетін. 

Сондықтан  біз  сол  əдемі  иіске 

төрт жыл бойы тамсандық. 

Институтта 

филология 

кафедрасының 

меңгерушісі 

Сивкова  деген  апай  «Ежелгі 

славян  тілі»  деген  пəннен  сабақ 

беретін.  Ол  кісіні    бүкіл  студент 

жақсы  көруші    едік.  Себебі, 

сабағы  өте  қызықты  өтетін  жəне 

бағаны  əділ  қоятын.  Бір  жолы 

сол кісі шамалы кешікті де, соңғы 

сабақ болған соң бес минут күттік 

те бүкіл тобымызбен үйге қайтып 

кеттік.  Ертеңіне    куратор  келіп, 

«Кеше  Сивкованың  сабағынан 

неге  кетіп  қалдыңдар?»  деді. 

«Жоқ,  жоқ,  біз 20 минуттай 

күттік» – деп өтірік айттық жапа-

тармағай.  Сол  кезде  Сивкова 

апай  кіріп  келгені. «Студенттер, 

кеше  мен  он  минут  кешігіп 

келіп  едім,  сендер  аудиторияда 

жоқ  екенсіңдер» – дегені  бар 

емес  пе.  Негізі  апайдың  айтып 

тұрғаны  дұрыс.  Біз  куратордың 

айқайынан  құтылу  үшін  жалған 

сөйлегенбіз. Сол жолы өзіміз өте 

жақсы  көретін  Сивкова  апайдың   

жəне  куратор  ұстазымыздың  

алдында  қатты  ұялып,  кешірім 

сұрағанымыз бар. 

– 

ТарМУ-дың  



жанынан 

ашылып, 


кейін 

жабылып 


қалған    көпсалалы 

колледжінде  «Жерге 

о р н а л а с т ы р у » 

мамандығы бойынша 

білім  ала  жүріп,  жастардың  қоғамдық  өміріне 

де  белсене  араласып  кеттім. 2008  жылы  сəуір 

айында  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Сарыағаш 

ауданын су алғанда біздің облыс жастары тосын 

жағдайға  тап  болған  көршілерімізге  көмегін 

ұсынған.  Жүздеген  студентпен  бірге  тасқыннан 

зардап  шеккен  ауданды  қалпына  келтіру 

жұмыстарына  мен  де  қатыстым.  Сонда  есімде 

ерекше қалғаны палау мен кірпіш. 

Облыстан    «Сетра»  автобусымен 40 адам 

барғанбыз.  Ол  кезде  «Жас  Отан»  Жастар 

қанатының  белсенді  əрі  жас  мүшесі  едім. 

Сарыағаштықтар  тайқазанға  толтырып  палау 

басады,  сол  палауды  күніне  үш  мəрте  жейміз. 

Уақыт өте келе өзімізге жеңсік болған астан шыға 

бастадық. Үш -төрт күн сайын асылған ет тағамына 

қолымыз жетеді.

Кірпішті  отыз-қырық  студент  қатар  тұрып, 

(арамыз  сəл  алшақ)  бір-бірімізге  лақтырамыз. 

Оның  да  өз  тəсілі  бар,  дұрыс  лақтыруға  тиіссің. 

Кірпішті  осылай  қатар  тұрып  лақтыру,  өзге 

жақтың  студенттерімен  де,  өз  облысымыздың 

жастарымен де өте жақындата түсті.  Осы жұмыс 

бізді 


ауызбіршілікке, 

татулыққа, 

ынтымаққа 

үйретті.  Қатар  тұрып  бір-бірімізге  кірпіш  қана 

емес,  достық қолымызды ұсынған екенбіз. Қазіргі 

таңда  өзге облыстарда сол Сарыағаш сапарынан  

тапқан жақсы достарымыз бар, үнемі хабарласып 

тұрамыз.  Қазір    Сарыағаштағы  тəулігіне  үш  рет 

жеген  палауды  сағынып  жүрмін.  Сөйтіп,  талай  

жаңа  үйлердің  кірпішін    өз  қолымызбен  қалап, 

жастықтың  жақсы  күндерін,  студенттік  дəуреннің 

қайталанбас  сəттерін  қайырымдылық  жұмысқа 

арнағанымыз бар. Осылайша, Сарыағаштың суы 

шығатын Сарыағашқа қол ұшын созып, көмегімізді 

көрсеткенбіз.  Студенттік  күндердегі  оқиғалардың 

шоқтығы биігі осы.  

«САРЫАҒАШ САПАРЫ ЖАҚСЫ ДОСТАРМЕН ТАБЫСТЫРДЫ»

«САРЫАҒАШ САПАРЫ ЖАҚСЫ ДОСТАРМЕН ТАБЫСТЫРДЫ»



Исламбек ДАСТАНҰЛЫ,  «Жамбыл облысы Жастар 

ұйымдары Қауымдастығы» заңды тұлғалар 

бірлестігінің   президенті:

«Мен жастарға сенемін!»

Келешек

Бүгінде  жастар  қоғамның  қозғаушы  күші 



ретінде  озық  идеялармен  қаруланып,  еліміздің 

дамып,  өркендеуіне  үлес  қосып  келеді.  Осы  ретте 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың    «Мен, 

сіздер,  бүгінгі  жастар  ерекше  ұрпақ  екендеріңізді 

қайталаудан 

жалықпаймын. 

Сіздер 

тəуелсіз 



Қазақстанда өмірге келдіңіздер жəне сонда ержетіп 

келесіздер.  Сіздердің  жастық  шақтарыңыздың 

уақыты – біздің  еліміздің  көтерілу  жəне  гүлдену 

уақыты.  Сіздер  осы  жетістіктер  рухын  жəне 

табысқа  деген  ұмтылушылықты  бойларыңызға 

сіңірдіңіздер», – деген  сөзі  мемлекет  пен  ұлт 

болашағы жастар келешегімен тікелей байланысты 

екендігін айқындайды.

Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани 

тəуелсіздігінің биік тұғыры.Əрбір жаңа ұрпақ өмірге 

өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса əкеледі. 

Қазақтың  ғажап  ақыны  Мағжан  Жұмабаев  «Мен 

жастарға  сенемін!»  деп,  жастардың  бойындағы 

жалын мен жігерді жырға  қосты. Сондай жаңалыққа 

құмар,  жасампаз  еңбекке  ынталы,  жігерлі  жастар 

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің 

қабырғасында білім алуда. Университет əкімшілігінің 

қолдауымен  университет,  қала,  облыс  деңгейінде 

пікірсайыс  турнирлері,  конференциялар  мен  түрлі 

тақырыптағы  кездесулер  ұйымдастырылып,  оқу 

орнының  белсенді  студенттері  үнемі  жүлделі 

орындарды иеленіп келеді.

Жастар  ісі  комитеті  студент  жастардың 

қызығушылықтары  мен  құқықтарын  қорғау,  білімді 

жастардың  ғылыммен  айналысуына      жол  ашу, 

сөйлеу 


қабілетін 

дамытатын 

пікір-сайыстар 

ұйымдастыра  отырып,  жан-жақты  талқылауға 

үйрету, 

студент 


жастардың 

интеллектуалды 

қарқынын дамыту, студенттер арасында салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыруды  өз  міндеттері 

санайды.

Мемлекеттің  болашағы,  үміті  мен  сенімі – жас 

ұрпақ  тəрбиесіне  үлкен  жауапкершілікпен  қарау, 

заман  талабына  лайықты  педагогтың  қызмет  етуі 

қоғам  дамуын  алға  бастайды.  Ендеше,  ұлы  Абай 

айтқан  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден 

балаға» деген ой иірімі өзімізбен бірге  қызмет етуі 

тиіс.


С.ТАҒАЕВА, Жамбыл гуманитарлық- 

техникалық университеті, «Педагогика 

жəне психология» кафедрасының                                                              

аға оқытушысы. 

ЖІГЕРЛЕНДІРУДЕН ЖАЛЫҚПАЙТЫН «ЖІГЕР» 

Елбасымыз  жастардың  тəрбиесіне,  білім  алуына 

ерекше  көңіл  бөліп,  көптеген  маңызы  терең  жобаларды 

солардың  игілігіне  арнады.  Жыл  сайын  халыққа 

арнайтын  Жолдауларында  да  жастардың  жайын 

ұмыт  қалдырмайды.  Сондай  қолдаумен  облыстық 

«Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру»  орталығынан 

жастарға  арналған  денсаулық  орталығы  ашылды.  Ол 

жас тұлғаларды қанаттандырардай «Жігер» деп аталды. 

Орталық негізінен 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 

мен 18-29 жас  аралығындағы  жастардың  денсаулығын 

сақтауға,  күтуді  мақсат  тұтқан.  Орталықта  жастарға 

медициналық,  əлеуметтік,  психологиялық  кеңес  беретін 

заңгер, психолог, гинеколог, дерматовенеролог, андролог, 

əлеуметтік  педагог  қызмет  көрсетеді.  Олардың  көздегені 

–  жастармен  емен-жарқын  сырласа  отырып  мұңын, 

проблемасын тыңдау. Мəселесін шешуге маман ретіндегі 

көмегін  ұсыну.  Ең  бастысы – жеткіншек  ой  жетегінде 

келеңсіздікке  ұрынбай,  дұрыс  жол  табуына  бағыт  беру. 

Жəне бұл қызметтің бəрі мұнда тегін жасалады. 

«Жігер»  жергілікті  əкімшілік  пен  денсаулық  сақтау, 

білім беру мекемелері жəне құқық қорғау органдарымен, 

сонымен  қатар  жастар  мен  балалар  шығармашылығы 

орталығымен,  аула  клубтарымен  тығыз  байланыста 

жұмыс істейді. 

Жақында  «Жігер»  жастар  денсаулық  орталығы  тек 

жастармен  емес,  жалпы  қоғаммен  тығыз  жұмыс  жасау 

мақсатымен акция ұйымдастырды. 

Тұрғындар  көп  жиналатын  Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығында «Жігердің» барлық мамандары келушілерді 

қабылдады.  Тұлғалардың  бойы  мен  салмағын  өлшеп, 

сəйкестігін  тексеріп,  артық  салмақтан  сақтануға  кеңес 

берді. Акцияға келген кісілерден жеке психологиялық тест 

алынып, қаралушылардың мінезіндегі ауытқушылықтарды 

анықтады.  Гинеколог,  урологтар  шағымданғандарға  ем 

қонар жолдарын айтып, дəрігерлік кеңес берді. 

Қарапайым  халықтың  медициналық  қызметке 

қолжетімділігін  арттыру  үшін  орталық  мамандары 

жер-жерлерде  семинар-тренингтер,  акциялар  өткізуді 

дəстүрге  айналдырған.  Əрине,  көптің  алғысын  да  алып 

жүр. 


Қ.РАХМЕТУЛЛИНА.

Қолдау


Ата деген – асыл жыр,

Қаламмен тасқа жазылған.

Көңіліңе түйген сыр,

Онда көркем жатыр мəн.

Атам менің – асқар тау,

Жүрсін əр кез аман-сау.

Жапырағы жайқалған

Атам менің – жасыл бау.

Менің атам ақын адам,

Сөздің құнын білетін.

Маған айтып, сан жырлаған

Абай, Жамбыл құдіретін.

Бəріне де үлгереді.

Өлең де өзі, өрт те өзі.

Мен атамды піл дер едім

Еңбекқор жан, өйткені.

Атамның сыры əлі көп,

Мен білмейтін, əрине.

Жыр боп, бір-бір кітап боп,

Сақталады əр үйде.

Өлең-жырмен орта толсын,

Жыр жалғасы мен едім.

Атам менің аман болсын,

Асылға оны теңедім.

Əжемді де сүйемін,

Алақанында аялар.

Алдында бас иемін,

Саям да сол саялар.

Əжем менің – ардақты,

Жаcыл бағым жайнаған.

Ақылды һəм салмақты ,

Əлі ажары таймаған.

Оның  да əн өнбойы,

Атамның ол сыңары.

Бір-біріне елу жыл бойы

Əн-жыр арнап жүр əлі.

Қарт та бала тəрізді,

Ескінің көне көзі ғой.

Əр кезде де жаны ізгі,

Асылдардың өзі ғой.

Мəртебем  һəм дəрежем,

Мені демеп, сүйеген,

«Раббым Алла» – деп, əжем

Тəңірден тілек тілеген.

Қартаймасын жүрегі,

Оларға осы тілегім,

Жұбы «ажырамасын» – деп,

Ұзақ ғұмыр, бақ тіледім.

Қауырсын қалам

ТОЛҒАУ

ҰБТ: БІРЕУГЕ БАҚ, БІРЕУГЕ СОР

ТӨРЕХАН Жанель

ГАМЛЕТҚЫЗЫ.

ТАРМУ СТУДЕНТТЕРІ ЖАРАДЫ

Бәрекелді!

Кейінгі жылдары пəндік олимпиада жарыстарында жамбылдық 

өрендер биік тұғырдан көрініп келеді. Бұл сөз жоқ, білім ордаларының 

білім деңгейінің жоғарылығын айқындап тұр. Осындай білім ордасының 

бірегейі  ТарМУ-дың   Заң факультетінің студенттері жуырда «Құқықтану» 

пəні бойынша республикалық доданың жеңімпазы атанып келді.

Астана қаласында өткен бəсекеге облыс атынан бес бірдей студент қатысып, 

командалық есепте жүлделі ІІ орынды жеңіп отыр. Ал, жекелеген сында Балнұр 

Қажығалиева ІІІ орыннан көрініп, «Бизнес кеңесші» номинациясын иеленіп келді. 

Сондай-ақ,  Гүлназ  Керімтаева, Нұрдана Əбілқасым, Күнімжан Исақұлова мен 

Көркем Қарабекова да өз өнерлерімен ерекше танылған.Жеңімпаздарымызды  

Заң  факультетінің  аға  оқытушылары  Г.  Тұрғынбек  жəне  А.  Бауберікова 

дайындаған.

Жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

С. ЖАПАРҰЛЫ.

Облыс 


əкімі 

аппаратының 

кезекті 

селекторлық 

кеңесінде 

«2014  жылғы  Ұлттық  бірыңғай 

тестілеудің  қорытындысы  туралы» 

мəселе  күн  тəртібінде  Кеңінен 

қаралды.  Мазмұнды  мəселе  тезге 

салынып, 

сараланған 

басқосу 


барысында алдымен облыс əкімдігі 

білім  басқармасының  басшысы 

Сұлушаш Құрманбекова баяндама 

жасады.


Машақатқа 

толы 


болған 

ҰБТ-ның  мехнатын  да,  жемісін 

де  газетіміздің  өткен  санында 

таразылап  жазған  болатынбыз. 

Қайталауға  ұрынбас  үшін  кейбір 

мəселелерді 

кері 

шегеріп, 



негізгілеріне тоқтала кетейік. 

Басқарма  басшысының  сөзіне 

сүйенсек, «Алтын  белгі»  алу  үшін 

24  үміткерге  бір, 28 үміткерге  екі-

үш  балдан  жетпей  қалғанын,  бір 

балл  жетпей  қалған 24 үміткердің 

жұмыстары  Білім  жəне  ғылым 

министрлігінде  қаралып  жатқанын 

аңғарамыз. «Үздік 

аттестатқа» 

үміткер 114 бітірушінің 18-і өздерін 

оған  лайық  екендерін  дəлелдеп 

шықса, 12 үміткерге  бір  балл, 20 

үміткерге екі-үш балл жетпей, олар 

да  «Бір  кем  дүние»  деп  аһ  ұрды. 

100-ден  жоғары  балл  алғандар 

саны – 810 бітірушіні құрап отыр. 

Жоғары  көрсеткіш  саналатын 

120-123  балды 18 мектеп  бітіруші 

қанжығасына  байлаған.  Олардың 

кім 

екенін, 


қай 

мектептерде 

оқығанын 

өткен 


санымызда 

жаздық та. Дегенмен, 1016 мектеп 

бітіруші  шекті  деңгейден  өте 

алмай  қалды.  Химия,  биология, 

физика,  география,  орыс  тілі, 

дүниежүзі 

тарихы, 

ағылшын 


тілі  жəне  орыс  мектептеріндегі 

қазақ 


тілі 

пəндері 


бойынша 

былтырғы 

ҰБТ-ға 

қарағанда 



білім 

сапасы 


жоғарылағанын 

Сұлушаш  Сəтбекқызы  тілге  тиек 

етті  де.  Басқарма  басшысының 

баяндамасына 

көңіл 

аударған 



облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев 

бірқатар мəселеге зейін қойды.

Кəрім  Нəсбекұлы  мемлекет, 

Үкімет 


тарапынан 

білім 


сапасының  жоғарылауына    баса 

назар 


аударылғанына 

қажетті 


жабдықтармен  қамтамасыз  етіліп, 

мұғалімдердің  жалақысы  жылдан-

жылға  көтеріліп  жатқанын  атап 

көрсете  келе,  ҰБТ  көрсеткішіне 

көңілі  толмайтынын  сөз  етті. 

Бұдан  бөлек  қалалық,  аудандық 

білім  бөлімдерінің  басшыларының 

басын  қосып,  бұл  мəселені  дер 

кезінде  ескерткенімен,  нəтиженің 

көңілге қонымды болуы алдын ала 

айтылғанымен,  одан  мардымды 

көрсеткіш  көрсетілмегені  де  сөз 

болып, бұл мəселе қатаң сыналды. 

– 

Білімді 

білім 

алушы 

өзінің  деңгейін  қандай  жағдай 

болмасын,  айқындай  алады.  Бұл 

тұрғыдан  келгенде  сан  қилы 

сылтауды  айтудың  еш  негізі 

жоқ. 

Асарын 

асап, 

жасарын 

жасаған  мектеп  директорлары 

зейнет  демалысына  шыққан  соң, 

неге  ұзақ  жылдар  орынтақта 

отырады?  Қажет  болса,  өз  ісін 

кəсіби тұрғыда атқара алмайтын 

білім 

бөлімінің 

басшылары 

орынтағын  босатсын.  Оларға 

ешкім  желімдей  жабысып  қалған 

жоқ, –  деді  Кəрім  Нəсбекұлы 

көрсеткіштің  төмендігіне  көңілі 

толмай.

Өңірлердегі 



бірқатар 

мектептердің  ҰБТ-да  мардымды 

нəтиже  көрсете  алмағанын  сөз 

еткен облыс əкімі аудан əкімдерінің 

мектеп  есігін  ашпайтынын  да 

ашына  жеткізді.  Нəтиже  үшін 

аудан  əкімінен  бастап,  оның 

идеология  жөніндегі  орынбасары, 

білім  бөлімдерінің  басшысы  да 

бір  қатарда  жауапты  екенін  қадап 

айтты.

Ұлттық  бірыңғай  тестілеудің 



көрсеткіштері 

төмен 


бірқатар 

аудандардың 

əкімдері, 

салаға 


жауапты орынбасарлары мен білім 

бөлімдерінің  басшылары  облыс 

басшысының  алдында  түсініктеме 

беріп, кібіртіктеп қалды. Облыс əкімі 

тарапынан мұндай сын  Меркі жəне 

Шу,  Т.  Рысқұлов  аудандарының 

əкімдері 

мен 


білім 

бөлімінің 

басшыларына 

бағытталды. 

Қордай,  Байзақ  жəне  Жамбыл 

аудандарында да жағдай мəз емес.

Облыс 

əкімі 


ҰБТ-да 

көш 


бастаған 

Жуалы 


ауданының 

əкімі  Батырбек  Құлекеевке,  білім 

бөлімінің 

басшысы 


Сағындық 

Əбілдаевқа  жəне  Г.Орджоникидзе 

атындағы  мектеп-гимназиясының 

директоры  Валентина  Писмакқа 

алғыс айтты.

Облыс  əкімінің  орынбасары 

Ерқанат  Манжуов  пен  облыстық 

əкімдіктің  білім  басқармасының 

басшысы 

Сұлушаш 


Құрманбековаға 

тест 


нəтижесі 

туралы анықтама беруді, қала жəне 

аудан  əкімдеріне  ҰБТ  нəтижесін 

əкімдіктің 

алқа 

мəжілістерінде 



талқылауды  міндеттеді.  Кейбір 

аудандардың  əкімдеріне  салаға 

жауапты 

маман 


саналатын 

білім  бөлімінің  басшылары  мен 

аудан  əкімінің  орынбасарлары  өз 

қызметтеріне  лайық  па,  əлде  жоқ 

па  соны  анықтауды  табыстады. 

Басқосу  барысында  ветеринария 

мəселесі, 

өрттің 


алдын 

алу 


мəселелері  де  сөз  болып,  тиісті 

басшыларға 

нақты 

міндеттер 



белгіленді.

Осылайша  біреуге  бақ,  біреуге 

сор болып жабысқан ҰБТ нəтижесі 

бірқатар 

басшылардың 

бас 


ауруына айналды. 

е 

 



 

 

а 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет