9
19 маусым
№25 (453)
ПАРАСАТ
БАС ЖОСПАРҒА БАС ҚАТЫРМАЙТЫН АУЫЛ
Сортөбе
ауылдық
округінде 21 мың 500 халық
бар. Негізінен дүнген
ұлтының өкілдері тұрады.
16 жылдан бері округ
əкімі қызметінде жүрген
Талайбек
Абылдаевтың
да
ұлты – дүнген.
Біз
барғанда
округ
əкімшілік
ғимаратында
жөндеу жұмыстары жүріп
жатыр екен. Оның үстіне
ауыл
басшысы
бірқатар
тұрғындарды жұмылдырып,
көктемнің қолайлы күнінде
тал көшеттерін отырғызуды
жоспарлап
қойыпты.
Сондықтан болар округ əкімі
бізді галстукпен емес, еңбек
адамына тəн жұмыс киімімен
қарсы алды. Бұл округ
Сортөбе жəне Бұлар батыр
деген екі ауылдан тұрады.
Еңбеккеш дүнген ұлтының
өкілдері егін егумен жəне
мал өсірумен шұғылдануда.
Округте 3 мың гектар егістік
жер болса, тоғыз мыңға
жуық ірі қара жəне тоғыз
мыңға жуық уақ мал бар.
Өндіріс орындарына келетін
болсақ, Сортөбеде екі кірпіш
зауыты жəне бір наубайхана
жұмысын жылдан жылға
жандандырып
отыр.
Осында Бетқайнар кəсіптік-
техникалық
колледжінің
филиалы жұмыс істейді.
Мəдениет үйі мен кітапхана,
140 орындық балабақша
жұмысы да халық көңілінен
шығатындай. Округ
бойынша төрт орта, бір
негізгі
мектептер
бар.
Онда 4 мың 500 бала білім
алады.
Ауылдық
округ
əкімі
ауылды
аралатып
жүріп
осындай-осындай
мəселелерден хабардар етті.
Біз ауыл көшелерінен Мар
Хуров, Маденз Мансуров,
Шисеер
Динлосен,
Салима
Вансинвин,
Айша Джинбарова секілді
тұрғындарды
кездестірдік.
« А у ы л д а р ы ң ы з д ы ң
əкімі қандай?» – деген
сұрағымызға
ол
кісілер
Талайбектің
күндіз-түні
тыным таппай жүретінін,
Губар
Паншаров,
Харби
Удый, Мұхамед Дауров, Якуб
Гуйчир секілді имамдар бұл
ауылдың берекесі ұйып,
татулықтың бесігін тербетіп
отырғандарын
жеткізді.
Имам демекші, осынау бір
ғана округте 13 мешіт бар,
соның 11-і Сортөбеде. Дүнген
бауырлардың ислам дініне
деген
беріктігін
осыдан-
ақ байқауға болатындай.
Дегенмен, жетістік бар
жерден кемшілік те шығады.
Сортөбе
ауылының
бас
жоспары жоқ, осы округте
таза ауыз су мəселесі əлі
шешілмеген. Жақында ғана
тұщы судың қанша метр
тереңде
екенін
зерттеп,
зерделеп кетіпті. Мүмкін, көп
ұзамай бұл ауылға сылдырап
таза ауыз су келетін шығар.
21 мыңнан аса халқы бар
округте бір спорт кешені
жоқ. Бұлар батыр ауылының
тұрғындары
клуб
пен
балабақшаға зəру болып
отыр.
Міне,
осындай
олқылықтары
болмаса,
Талайбек Юсипұлының
жұмысы тұрғындар көңілінен
шығатын секілді. Сөзіміздің
дəлелі болар өткен жылғы
тамызда еліміз бойынша
ауылдық округ əкімдерін
сайлау
науқанында
бұл
ауыл Талайбек Абылдаевқа
тағы
да
сенім
артып,
əкімдік
қызметін
төрт
жылға
жалғастыруына
мүмкіндік
жасапты.
Ал,
талайдың
қолдауына
ие
болған Талайбектің алдағы
уақытта
да
жұмысын
ширатып,
жаңашылдыққа
ұмтылуына
тура
келеді.
Е.ЖАҢАБАЙҰЛЫ.
Қордай ауданы.
Ауылыңыздың әкімі қандай?
Ертеңіне енем Еркеш апама жəне
жолдасыма түсімді жорыттым. «Босанған соң
маған гауһар жүзік əпер деп отырасың-ау,
шамасы» деп əзілдеді Бекжігіт. Енем болса:
«Қой балам, күлме! Иншалла келінім жақсы
түс көріпті, бұл нəресте отбасына ғана емес,
елге де шуағын шашып, қуаныш сыйлайды
екен. Тек мұны ешкімге айтпа, түс те бақ
сияқты айнып, басқаға ауып кетеді» – деді.
Сөйтті де алақанын жайып «Уа, Раббым,
Жаратқан Ием! Ақ тілегімді қабыл ете гөр!»
– деп күбірлеп бата жасап, бетін сипады.
Ал мен қыз босанатыныма нық сенімді
болып, атын «Ақсəуле» қоямын деп мəзбін.
Босанған шағымда дəрігерлер «Ұл!» – деп
сүйіншілегенде «Неге қыз емес?!» деп əбден
ренжігенмін. Бекжігітке өкпемді жасырмай:
Бəрібір бөпемнің атын Ақсəуле қоямын» –
дегенімде, ол «Енең жүрегі жарыла қуануда.
Айшам мен Бекжігітімнің адал махаббатынан
жаралған тағы бір ұлдың есімі «Айбек»
болсын деп отыр», – деді. Туған анамнан
артық мəпелейтін қайырымды да қарапайым,
абзал жанның айтқанын екі ете алмай, туу
туралы куəлігіне «Айбек» деп жазғанымызбен,
жетіге шыққанша оны «Ақсəуле» дейтінбіз.
Қап-қара қою шашын дөңгелетіп, қыздардай
желкесіне түсіріп, қырқатынбыз. Құлыншақтай
құлдыраңдап, алдымыздан жүгіріп шыққанда
шашы желмен желбіреп, жарасып тұрушы
еді. Бірде Бекжігіт екеуміз жұмыстан оралсақ,
кенже баламыз ағыл-тегіл жылап отыр. Не
болғанын сұрасақ: – Маған неге Ақсəуле
деп ат қойдыңдар? Айдар да, Айдос та, тіпті
достарым да: «сен қызсың, атың – Ақсəуле,
біз қыздармен ойнамаймыз» – деп мазақтай
береді! – деді шыңғырып. Алты жаста болса
да ол əріп танушы еді. Əкесі туу туралы
куəлікте «Айбек» деп жазылғанын көрсетіп,
оқытып, баланы əрең жұбаттық», – деп
өткен жылдарды еске алады.
Ақын Айшаның үйіне кімдер қонақ
болмады
десеңізші!
Қазақтың
айтулы
ақын қыздары Рза Қунақова, Фариза
Оңғарсынова, Күлəш Ахметова қызметте
жүрген, уақыты тапшы кездерінің өзінде
осынау қонақжай үйдің дастарханынан
аттап кеткен емес. Сондықтан, Айбек
жасынан ақын болуды армандады. Тіпті,
мектеп оқушыларының қалалық айтысына
қатысып, екі-үш рет жүлдегер болған кезі
де бар. 2013 жылы сəуірде Астанада өткен
Айша Көпжасарованың кешінде баласы
Бүркіт анасының сөзіне жазылған өзінің бес-
алты əнін орындап, ана мерейін үстем етті.
Айбектің нағашы апасы жиенінің əнші атағы
шыға бастаған кезде:
– Қарағым, қазақта тіл мен көз деген
бар. Сенің сұлу, сұңғақ тұлғаңа, қасиетті
Қаратаудың қоңыр салқын самалындай жанға
жайлы дауысыңа құмартып, сүйсінген жұрт ду
қол шапалақтаған сайын мен үнемі қорқып,
тілеуіңді тілеп отырамын. Алтыным тілімді
алсаң, қосалқы ат, бүркеншік есім таңдашы,
егер саған бағытталған қара ниет, теріс пиғыл
болса, сол басқа лақаппен кетсін, – деп,
көзіне жас алыпты.
– Қойшы, апа, қорықпа! Сіз айтқан 101
қатер мен 1001 бəле қуса да жеткізбей, сұңқар
болып, самғап ұшып кетем, – деп Айбек
отбасының барлығын күлдіріпті. Көкірегіне
иман ұялаған ананың ақ тілегі қабыл болды
ма, осы əңгімеден кейін Айбекті отбасы,
аулы-аймағы түгел «Бүркіт» атап кетті.
Қазіргі таңда үш есімді иеленген əнші
Бүркіт елімізге кеңінен танымал өнер тарланы
болып, асыл жары Айша екеуі қазақтың
даласын əсем əнге бөлеп жүр. Жақында бұл
шаңырақта перзент өмірге келді. Ендеше,
Бүркіттей қазаққа ортақ ұлдың қуанышы көп
бола берсін, əманда.
Шырын МАМАСЕРІКОВА, ақын.
Белгілі есімнің белгісіз сыры
АЙБЕК. АҚСƏУЛЕ. БҮРКІТ
ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІН ҚОЛДАҒАН ШАРА
Көрме-жәрмеңке
Жуырда облыстық кəсіпкерлер палатасы қолөнер
шеберлігімен
жəне
бірегей
өнімдер
шығарумен
шұғылданатын кəсіпкер əйелдерге қолдау көрсету
мақсатында «Кəсіпкер əйел» атты облыстық бірінші көрме-
жəрмеңкесін ұйымдастырды.
Бұл шараға облысымыздың аудандарымен
қатар көршілес Оңтүстік Қазақстан облысынан да он
саусағынан өнер тамған отызға жуық қолөнер шебері
келіп қатысты. Ал, көрмеге қойылған туындылардың бəрі
экологиялық жағынан таза əрі қауіпсіз жəне олардың
сапалы материалдардан жасалғаны бірден көзге көрініп
тұрды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы бірқатар
колледждердің студенттері жасаған өнер туындылары да
көрменің көрнекті жерлерінен орын алды.
Қолөнер шеберлерін қолдауға арналған бұл шараға
облыстық кəсіпкерлер палатасының директоры Асан
Қошмамбетов келіп қатысып, шеберлерге шығармашылық
табыс, тілеп, алдағы уақытта да осы мақсаттағы жұмыстар
палатаның назарында болатынын жеткізді. Бір айта
кетерлігі мұндай шара біздің өңірде алғаш рет өткізіліп
отыр. Бұған дейін облыста кəсіптің аталмыш түрімен
айналысатын нəзік жандылар қауымы назардан тыс
қалып келген болатын. Олар жасаған тамаша туындылар
талайды таң қалдырғанымен, арнайы сауда орындарының
жоқтығынан сату мəселесіне келгенде үнемі кедергілерге
кезігіп жүргені жасырын емес. Əйтеуір, əркім өз тапқан
жолымен қолөнер туындыларын саудалауға машықтанып
алған. Сол кедергілермен күрес мақсатында Кəсіпкерлер
палатасы қолөнер шеберлерінің өз өнімдерін көпшілік
назарына ұсынып, саудалауларына мүмкіндік жасап
берді. Яғни, өңірлік палата орналасқан қаладағы орталық
саябақтың концерт қоятын шағын ашық сахнасына
шеберлер жайғасты. Бірі, кілең қағаз-картоннан қиюын
келістіріп, түрлі бұйым жасаса, енді бірі тастарға түрлі
суреттер салып, оған «жан бітіре» алған. Ал, Абай
атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің ұстаз-
шеберлері мен студенттері дүниеге əкелген, күміс, жезден
жасалған түрлі əшекей бұйымдар мен қолмен иленген таза
қайыстан жасалған көздің жауын алар əсем белдіктерін
ұсыныпты. Кəсіпкерлер палатасы тарапынан жасалған
мұндай қамқорлыққа көрме-жəрмеңкеге қатысушылар
үлкен рахметтерін айтып жатты. Мəселен, Валентина
Дубовенконың
қолөнер
шеберлігімен
шұғылданып
жүргеніне 4-5 жылдың жүзі болыпты.
– Мен саз балшық полимерінен түрлі əшекей бұйымдар
жасаймын. Алғашқыда өзіме жəне жақындарыма ғана
арнап жасайтынмын. Кейін көпшілік назарына ұсынып,
саудаға шығару туралы ой келді. Осылайша, шеберлігімді
шыңдай түстім. Бүгінгі көрме-жəрмеңке барысында
Тараз қаласындағы «Рысбаева жəне К» компаниясынан
шақырту алдым. Енді өз өнімдерімді аталмыш
компанияның сауда дүкенінде сатылымға шығаратын
боламын. Ең бастысы мен ғана емес, көрме-жəрмеңкеге
қатысушы өзге кəсіпкерлер де осындай мүмкіндіктерге ие
болғанын көріп қуанып жатырмыз. Қолөнер шеберлігімен
айналысатын кəсіпкерлерге осындай мүмкіндіктер
жасағаны үшін облыстық кəсіпкерлер палатасына айтар
алғысымыз шексіз, – дейді.
Көрмеге қатысқан өзге қонақтар да артынан сөз сөйлеп,
қолөнер шеберлерін түрлі грамоталармен марапаттады.
Ал, таңертең басталған жəрмеңке кешке дейін жалғасты.
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі қарсаңында
Ұлттық нақыш
БҮГІНГІ БАЛА НЕГЕ АСЫҚ ОЙНАМАЙДЫ?
Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылы қазаққа
белгілі балуандарымен жəне тоғызқұмалақ ойынының
жеңімпаздарымен белгілі. Осы ауылдағы Абай
атындағы орта мектепте 570 шəкірт білім алса, ауылдың
200-ге жуық баласы осы күндерде асық ойнайды.
Ұлттық спорттың жанашыры Бауыржан Əубəкірұлы
аталмыш орта мектепте дене тəрбиесі пəнінің жоғары
санатты мұғалімі. Қазіргі таңда Бауыржан Бейсенбиев
Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов саябағынан ұлттық
ойындарды өткізуге (оның ішінде асыққа басымдық
беріледі) арналған арнайы орталық ашылса деген
ұсынысын жүзеге асырмақшы. Бұл жөнінде аталған
саябақ басшысы, облыстық кəсіпкерлер палатасының
төрағасы Асан Қошмамбетовке ұсынысын айтқанда, ол
кісі қолдау білдіріп, арнайы сызба-жобасын дайындауға
кеңес берген екен. Алдағы айларда саябақта ұлттық
ойындар өткізу орыны ашылып қалатын секілді. Тіпті,
Асан Қошмамбетов бұл мəселеге арналған орталықтың
төбесін жауып беруге де уəде етіпті.
– Асық атудан оқушылар арасында жыл сайын
республикалық ашық турнирге қатысамыз. Биыл
да Елордада «Ханшатырдың» жанындағы алаңда
осынау дүбірлі жарыс өтті. Еліміздің əр аймағынан
жүзден астам талапкер қатысқан жарыста Дархан
Ахметəліп деген оқушымыз екінші орын алып,
100 мың теңге сыйақыға қол жеткізді. Бексұлтан
Ақылбек, Береке Айтбай деген ойыншыларымыз
жүлдеге жақын қалғанда мергендік таныта
алмағанымен, жақсы өнерлерін көрсетіп қайтты.
Таразда асық ойынын өткізу орталығы ашылса, нұр
үстіне нұр. Жақсы, нағыз мерген балаларды іріктеуге
мүмкіндік туар еді. Сосын асық ойынын өткізудің
(13 немесе 7 асықпен ойналатын) жаңа тəсілдерін,
заманауи тəсілдерін шығару қажет. Бұл жөнінде де өз
ұсыныстарым бар, - дейді спорт жанашыры.
Назарбек ІЗІМБЕТОВ, облыс əкімдігі дене
тəрбиесі жəне спорт басқармасының ұлттық
ойындар бөлімінің басшысы:
– Асықтың жанашырлары көбейгені жақсы.
Өкінішке орай, көптеген аудан, ауылдарда асық
үйрету үйірмелері жоқ. Асық ойынын, ұлттық
ойындар өткізетін орталық ашу ұсыныстарын
мүмкіндігіміз келгенше қолдаймыз. Мен де бала
күнімде асық ойнап өстім. Ол жасөспірімдерді
мергендікке, батылдыққа үйрететін нағыз спорт
түрі.
– Асан Əнуарұлы, Қазақстанның
бизнес қауымдастығы 25 маусымда
өтетін Ұлттық кəсіпкерлер палатасының
алғашқы съезіне қызу дайындық
үстінде. Құрылғанына əлі бір жыл тола
қоймаған бизнес-қауымдастық туралы
кəсіпкерлер көкейінде əлі де көптеген
сауалдар бар. Осы орайда, кəсіпкерлер
палатасының мақсат-міндеттері туралы
тағы бір мəрте нақтылап кетсеңіз.
– Əлемдік тəжірибе ел экономикасын
жаңа белеске көтерудің бір жолы – бизнесті
дамыту екендігін көрсетіп отыр. Бизнесі
дамыған елдер биіктерді бағындырған
елге айналды. Сол дамыған елдермен
тереземіз тең болу үшін бізге де бизнесті
дамыту міндеті тұр. Бүгінде еліміздің ішкі
жалпы өнімдегі шағын жəне орта бизнестің
үлесі 20 пайыздай ғана болса, енді ол 50
пайызға дейін жетуі тиіс. Сондай жағдайда
ғана біздің экономикасы тұрақты мемлекет
болатынымызды айтқан еді Президент.
Елбасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасын
құру туралы тапсырма беруі де осы
кəсіпкерлік саласындағы қордаланған көп
проблемаларға қатысты туындаған деп
ойлаймын.
Ал, Қазақстан Республикасының Ұлттық
кəсіпкерлер палатасы бұл коммерциялық
емес, өзін-өзі басқаратын ұйым, бизнес
пен биліктің тиімді əріптестігі негізінде даму
үшін жағымды жағдайлар құру мақсатында
кəсіпкерлік субъектілерін біріктіреді.
Ұлттық
кəсіпкерлік
палатасының
Жамбыл облысындағы өңірлік палатасы
жоғарыда айтылған мақсат-міндеттерді
басшылыққа алып жұмыс істейді. Бүгінгі
таңда облысымыздың барлық ауданында
палата филиалдары ашылып, жұмыс
істеуде.
– Ал, енді осы уақыт аралығында
Кəсіпкерлер палатасы өз жұмысының
тиімділігін қаншалықты дəлелдей алды.
Нендей нəтижеге қол жеткіздіңіздер?
Яғни, палата құрылғалы бергі мерзімде
атқарған жұмыстарыңыз туралы айтып
өтсеңіз.
– Қысқа мерзім арасында Өңірлік
палатаның құрылымы қалыптасып, бірқатар
жұмыс атқарылды. Облысымыздың əр
ауданындағы өкілдеріміз бизнес жағдайын
зерттеп, кəсіпкерлермен тығыз байланыс
орнатып, кеңес беріп, көмек көрсетуде.
Шалғай аудандарда мұндай көмек аса
қажет. Осы мақсатпен біз өз күшімізбен
«Кəсіпкерлер палатасы» атты газет
шығарып, онда бизнес үшін маңызды
мəселелер көтеріп, пікір алысып жатқан
жағдайымыз бар. Палатаның аудандық
филиалдары ашылғаны жəне арнайы газет
басылып шығарылғаны – бұл ауыл бизнес
субъектілерімен тұрақты байланыста
болудың бірден-бір кепілі. Сонымен қатар,
ашылған электрондық сайттар арқылы
кəсіпкерлер өз сауалдарына жауап табады,
«Рег трейд» виртуалды сауда орны арқылы
басқа облыстар мен мемлекеттердің нарық
алаңына шығуға жол ашылды.
Кəсіпкерлер
құқығын
қорғайтын
кеңес құрылып, оның отырыстарында 23
кəсіпкердің арыз-шағымдары қаралды.
Қолданылған
шаралар
нəтижесінде
шағымданушылар 50 млн. теңге көлемінде
негізсіз
тағайындалған
төлемдерден
құтқарылды,
Байзақ
ауданындағы
«Достық-99» шаруа қожалығынан заңсыз
алынған 756 гектар жер телімін кері
қайтару мəселесі шешілу үстінде.
Барлық аудандарға шығып, ауыл
кəсіпкерлерімен кездесулер жүргізілді,
көптеген
мəселелер
айқындалды.
Олардың біршамасы Өңірлік палатамен
ұйымдастырылған
семинарларда,
«дөңгелек
үстел»
отырыстарында
талқыланды.
Кəсіпкерлер
палатасы
«Бастауыш кəсіпкерге арналған 100
бизнес-жоспар», «Жамбыл облысының
Өңірлік бизнес картасы» анықтамаларымен
жұмыс атқаруда. Туризм саласын екінші
үдемелі
индустриалды-инновациялық
дамыту бағдарламасының басымдылық
білдірілетін секторларына енгізу туралы
ұсыныстар
жасалды. 176 кəсіпкер
кедендік, салықтық, сервистік мəселелер
бойынша кеңес алды, Тараз қаласы
колледждерінің 168 студенті «Бизнес
негіздері мектебі» атты үш күндік курстарға
қатысып, өз ісін бастаудың əліппесін
үйренді. Жастардың мамандық алып,
жұмысқа орналасу мəселесіне де Палата
басты назар аударуда. Осы мақсатпен 64
мекеменің еңбек қажеттілігі зерттеліп,
вакансиялардың жəне сертификаттары
бар салалық мамандардың бірыңғай
базасы дайындалды. Қазіргі таңда ол
базада 1047 азаматтың анықтамасы бар.
Біз өз қызметімізде жоғары оқу орындары
мен колледждердің түлектері таңдаған
мамандықтары
бойынша
жұмысқа
орналасып, ал жұмыс берушілер кəсіби
деңгейі заман талабына сай дайын
мамандар алуларын мақсат тұтамыз.
Кəсіпкерлер палатасы прокуратура
органдарымен қабылданған меморандум
аясында нəтижелі іс-шаралар атқаруда.
Прокуратура Кəсіпкерлер палатасының
əрбір өтінішіне шұғыл əрекеттер
арқылы қолдау көрсетіп отыр. Осындай
қарым-қатынас басқа да мемлекеттік
органдармен жүйеге қойылған, мұндай
жағдай бизнестің мəселелерін шешу үшін
жəне де тың жобаларды қолдауға өте
маңызды.
– Кəсіпкерліктің дамуына көлеңкелі
бизнестің тигізіп отырған зардабы
да аз емес. Осы тұрғыда облыс
экономикасына көлеңкелі экономика
қаншалықты əсер етуде. Кəсіпкерлер
палатасының бұл мəселеге көзқарасы
қандай?
– Кəсіпкерлер палатасы – көлеңкелі
бизнеске қарсы. Біз заң талаптарын
сақтап, ашық əрі жариялы түрде жұмыс
істейтін кəсіпкерлерді ғана қолдаймыз.
Көлеңкелі бизнестің облыс экономикасына
тигізіп жатқан зардабы туралы бір ғана
мысал айта кетейін. Жалпы облыста
тіркелген шағын жəне орта кəсіпкерлік
нысандары туралы нақты мəліметті айту
қиын. Себебі, статистика, əділет, салық
департаменттерінің берген мəліметтері
əр түрлі. Көп жағдайда бір-бірімен сəйкес
келе бермейді. Оның түрлі себептері де
бар. Ал, ірі кəсіпкерлік нысандары туралы
да осындай жағдай қалыптасып отыр.
Атап айтқанда, Қаржы министрлігі бізге
министрлікте ірі қаржы айналымдарымен
тіркелген 43 ірі компанияның тізімін
жіберді. Кəсіпкерлер палатасының жедел
тобы аталған тізім бойынша нақтылау
жұмыстарын жүргізген кезде оның 20-
сы ғана шын мəнісінде жұмыс істейтіні
белгілі болды. Ал, қалған 23 нысанның
бар-жоғын анықтау мүмкін болмады.
Алайда, ол компаниялар арқылы аталған
министрлікте ірі қаржы айналымдары
тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: