Жазылу жалғасуда Гагарин бульвары, 24 Байл телефоны: 78-24-61 ж а р


«Қазақстанның тәуелсіздігі  деген өте  қасиетті



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі17,11 Mb.
#7322
1   2   3   4   5   6   7   8
«Қазақстанның тәуелсіздігі  деген өте  қасиетті 

ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның 

бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің парызымыз. 

Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты 

құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол 

кезден бастау алады.

Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге 

осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі 

мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. 

Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мем-

лекеттер туралы да айтуға болады.

Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, 

біз – бабаларымыздың ұлы істерінің 

жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз 

барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық 

және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. 

Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз 

жөн.»

Нұрсұлтан  Назарбаев,   

Қазақстан Республикасының Президенті


8

Өскемен


№6 (269)

05.02.2015

КЕЗДЕСУ

Назерке Ахметова



Ж

ылдағы дәстүр бойын-

ша әкімдер өткен жыл-

да атқарылған жұмыстар мен 

алда тұрған міндеттер турасын-

да халық алдына шығып, есеп 

беруді жалғастыруда. 3 ақпан 

күні қала басшысы Темірбек 

Қасымжанов қаланың сол жағалау 

бөлігіне қарасты аудандардың 

тұрғындарымен жүздесіп, олардың 

бірқатар сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында қала 

әкімі 2014 жылы атқарылған 

бірқатар жұмыстарға тоқталды. 

Өткен жылы өнеркәсіптік өнім 

шығару  686 млрд. теңгені 

құрап, 9,5 %-ға өскен. Қала 

бойынша жалпы сомасы 243 

млрд. теңгені құрайтын 16 

инвестициялық жоба жүзеге 

асырылуда. 

Шағын және орта бизнестің 

ел экономикасында алар орны 

айрықша. 2014 жылы шағын 

және орта бизнестің белсен-

ді субъектілерінің саны 3,5 

%-ға ұлғайған. Сол жылдың 

сәуір айынан бастап 1,8 млрд. 

теңгені құрайтын 22 жоба-

ны қаржыландырған «Даму 

Өндіріс-2» бағдарламасы ба-

стау алған. Бизнестің 

жол картасы-2020 

бағдарламасы аясында 

жалпы сомасы 43 млрд. 

теңгені құрайтын 215 

жоба жүзеге асуда. 

Тұрғын үй құрылысына 

келер болсақ, өткен 

жылы мемлекеттік 

бағдарлама аясында бюд-

жет қаржысына салынған 

582 пәтерлі 8 көпқабатты 

тұрғын үй пайдалануға 

берілсе, 2015 жылы 1446 

пәтерлі 14 көпқабатты үй 

аяқталады деп жоспарла-

нуда. 

Әлеуметтік инфраструкту-



ра қарқынды дамуда

Өткен жылы білім сала-

сына бюджеттен 9,1 млрд. 

теңге бөлініп,  2013 жыл-

мен салыстырғанда 11 %-ға 

өскен. Қаржыландыру 

үлесі ұлғайғандықтан 

көптеген білім нысандары 

бой көтерді. 

2014 жылдың желтоқсан 

айында 110 орынға арналған 2 

жеке меншік балабақша және 

«Азамат» балабақшасында 120 

орынға есептелген қосымша 

4 топ ашылған. Биылғы жылы 

Тәуелсіздік даңғылында 420 

орынды құрайтын балабақша 

ашу жоспарлануда. Сонымен 

қатар Қазақстан көшесі 122 

а мекенжайында орналасқан 

160 орынға арналған бұрынғы 

балабақша мекемесін қайтару 

мәселесі қарастырылуда. 

Бала санының өсуіне орай 

2020 жылға дейін мектепке 

дейінгі мекемелер жүйесін да-

мыту жоспары құрылған. Соған 

сәйкес 880 орынды құрайтын 4 

балабақша мекемесін қайтару 

және  мемлекеттік жекемен-

шік серіктестік аясында 1890 

орынға арналған 6 балабақша 

салу көзделіп отыр. 

Мектеп оқушыларының 100 

%-ы ыстық тамақпен, қосымша 

2014-2015 оқу жылынан ба-

стап 1-4 сынып оқушылары 

бал және сүтпен қамтамасыз 

етілген. 

Ағымдағы жылдың тамыз 

айында 1000 орынға арналған 

қазақ мектебінің құрылысы 

аяқталады деп жоспарлану-

да. Өткен жылы қаладағы 37 

мектепке толықтай жөндеу 

жұмыстары жүргізілген.

Қала көлемінде денсаулық 

сақтау жүйесі де оңды динами-

ка көрсетуде. Туу көрсеткіші 

4,4 %-ға өскен. Жалпы және 

сәби өлімі төмендеген, сондай-

ақ, туберкулезбен, қатерлі ісік-

пен ауыратындар саны азайған. 

Медицина саласын-

да дәрігерлер тапшылығы 

да байқалады. Осы мәселені 

шешу үшін 1-ші қалалық ау-

рухана аумағында 70 орындық 

жатақхана құрылысы басталған. 

Ал Күленов кентінде жаңадан 

ашылған «Сапа» медициналық 

орталығы тұрғындарға қызмет 

көрсетуде.

Әкім баяндамасында атап 

өткендей қалада салауат-

ты өмір салты мен спорт-

ты дамытуға ерекше көңіл 

бөлінуде. Бүгінде бұқаралық 

спортпен айналысатындардың 

үлесі 30,4 %-ды құрайды. 

2014 жылы қаланың сол 

жағалау бөлігінде жүзу бассей-

ні, жеңіл атлетика манежі мен 

дарынды балаларға арналған 

спорттық мектеп интер-

наты ашылып, спортқа 

бейімі бар балалардың 

қабілетін ашуға зор 

мүмкіндік туғызды. 

Әлеуметтік қорғау және 

тұрғындарды жұмыспен 

қамту маңызды 

бағыттардың бірі

Қала бойынша 

«Жұмыспен қамту 2020 

жол картасы» мемле-

кеттік бағдарламасы 

қарқынды жүзеге асы-

рылуда. Жұмысқа орна-

ласу мәселесі бойынша 

ниет білдіргендер саны 

6612-ні құраса, олардың  

4485-і тұрақты және 

уақытша жұмыс орында-

рына орналсқан. Мемле-

кеттік бағдарламаларды 

дамыту аясында өткен 

жылы экономиканың 

барлық секторы бойын-

ша 6170 жұмыс орны құрылған. 

Жұмыстар жалғаса береді

Күленов және Жыланды кент-

тері мен ЖМК шағын ауданы 

орналасқан Өскеменнің сол 

жағалау бөлігі қарқынды дамып 

келеді. Стратегиялық маңызды 

әкімшілік ғимараттар мен жаңа 

үйлер бой көтеруде. Биылғы 

жылы қан тапсыру орталығы 

пайдалануға 

беріледі. 

Шағын аудан-

ды абаттандыру 

және санитарлық 

тазалық 

жұмыстарына 

да ерекше көңіл 

бөлінуде. Сәтпаев 

даңғылында 

орналасқан 18, 

20 үйлерін бой-

лай көше қиылысы 

мен аялдама ке-

шеніне дейін 

қала жақ бөлігіне 

жаяу жүргінші 

жолы салынып, 

бағдаршамдар 

орналастырылған. 

Жібек жолы, Ба-

стау, Базовая, 

Зайсанская, Риж-

ская, Энтузиаст 

көшелеріне ас-

фальт төселген. 

11 көшеге 

орталықтандырылған сумен 

жабдықтау жүйесі жүргізілсе, 

Карл Маркс даңғылына көше 

шамдары орнатылды. 

Есебін қорытындылаған 

шаһар басшысы Темірбек 

Қасымжанов биылғы жылы 

да қаланың сол жағалау бөлігі 

бойынша көшелерді жарықпен 

қамтамасыз ету, асфальт төсеу, 

ойын алаңдарын салу, апаттық 

жағдайдағы ағаштарды 

кесу жұмыстары жалғасын 

табатындығын жеткізді. 

Көкейде жүрген сауалдарын 

тікелей қала басшысына жеткі-

зу мүмкіндігі туындағандықтан 

жиналған жұртшылықтың 

саны көп болды. Жаңадан бой 

көтерген үйлер орналасқан 

аудандарға жарық шамдарын 

орналастыру мен көшелерге 

жөндеу жұмыстарын жүргізу 

тұрғындарды жиі мазалайтын 

сұрақтардың бірі болды. 

Зейнеткер Нина Ивановна 

ЖМК ауданына кіре берісте бой 

көтерген бірқатар спорттық 

нысандарға барар жолда жаяу 

жүргіншілер жолының болмауы 

қолайсыз екенін айтса, ал Жы-

ланды кентінен келген 

Зоя Хасенова мүлдем 

балалардың ойын 

алаңы жоқ, сондықтан 

осы мәселені шешіп 

берсеңіздер деген 

өтінішін жеткізді. 

Сонымен қатар 

тұрғындар ауырғанда 

ем іздейтін ЖМК 

шағын ауданын-

да орналасқан Бола-

тов клиникасының 

тіркеу бөлімінің 

қызметкерлерінің 

қызметтеріне 

көңілдерінің 

толмайтындықтарын 

айтты. Себебі, ауы-

рып хабарласқанда 

телефон тұтқасын 

көтермеген және тек-

серілу үшін алдын 

ала тіркелген талон 

қағаздары жоғалып 

кеткен жағдайлар 

орын алған көрінеді. 

Тұрғындардың 

арыз-шағымын тыңдаған Те-

мірбек Қасымжанов бұл 

жұмыстардың барлығын жіті 

назарда ұстап, алдағы уақытта 

міндетті түрде шешімін 

табатындығын жеткізді. 

Қала әкімі халық алдында есеп берді

ҚОҒАМ


Өскемен

9

№6 (269)



05.02.2015

Ә

р айдың соңғы бейсенбі күндері № 12 филиалында 



учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 

құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы 

өткізіліп тұрады. 

2015 жылғы 29 қаңтарда сағат 16.00-де мені 

Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде № 12 

филиалына Құқықбұзушылықтың алдын алу 

кеңесінің отырысына қатысуға шақырды. 

Отырысқа қалалық прокуратураның, 

қалалық Құқықбұзушылықтың алдын алу 

кеңесінің, Шығыс Қазақстан облыстық 

наркологиялық диспансерінің бекітілген 

 

мамандары, Құқықбұзушылықтың алдын алу 



 

кеңесінің мүшелері, Өзін өзі басқару кеңесінің 

төрағасы және жергілікті белсенді тұрғындар 

қатысты.


Бұл кезекті отырыста қоғамдық тәртіпті бұзушы 

тұлғалар және маскүнемдер мен бұзақылар 

ретінде учаскелік полиция пункттерінде есепте 

тұрған азаматтардың істері қаралды.

Отырыстың соңына таман № 21 УПП учаскелік 

инспекторы бөлмеге А.В. Гречухинді шақырды. 

Қатысушылардың барлығы кезекті құқықбұзушы 

немесе маскүнемнің ісін қараймыз деп тосып 

отыр еді.  Бірақ оның орнына ұқыпты киінген, 

сымбатты жас жігіт күлімсірей кірді.

Бұл азаматты біз бірден таныдық. Ол 1977 

жылы туған Жыланды кентінің тұрғыны Вла-

димир Анатольевич Гречухин. 2014 жылы 

қарашадағы өткен кеңестің кезекті отырысын-

да ол учаскелік полиция бөлімінде есепте тұрған 

маскүнем ретінде қаралған. Тұрақты жұмысы 

болмаған, анасының қаражатымен өмір сүрген 

адам болатын.

Бірақ бүгін біз оны дұрыс жолған түскен, 

мүлдем басқа адам кейпінде көрдік. Ұқыпты киін-

ген. Құрылысшы болып жұмыс істейді. Жұмыстан 

тыс уақытта пәтерлерді еврожөндеумен айналы-

сады. Анасына көмектеседі. Ең бастысы ішімдік 

ішуді доғарған, қалыпты өмір сүре бастаған.

Ол осы Құқықбұзушылықтың алдын алу 

кеңесінің отырысына оны дұрыс жолға қойған 

адамдарға алғыс айту үшін арнайы келген екен. Ол 

өз сөзінде «Мен Құқықбұзушылықтың алдын алу 

кеңесінің мүшелеріне, № 12 КМС қызметкерлеріне 

және учаскелік полиция инспекторы С.Б. 

Қыстаубаевқа үлкен алғысымды айтамын. 

Өздеріңіздің маған берген ақыл-кеңестеріңізбен 

сіздер мені жағымсыз өмірден құтқардыңыздар, 

ішімдік ішуді тастауға ерік-жігер бердіңіздер 

және дұрыс жолға түсуге ықпал еттіңіздер. 

Менің дер кезінде ойланып, өмірді жаңадан 

 

бастауыма көмектескен-деріңіз үшін шексіз ри-



замын» деді.

Кеңестің отырысынан кейін үйге қайтар жолда 

мен Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің 

отырыстары тектен тек өткізілмейді деп ойла-

дым. Адам тек өзіне сеніп, бұрыс жолға түскен 

адамдардың өміріне немқұрайлы қарамайтын 

адамдардың ақыл-кеңестерін зер қойып тыңдау 

керек.


Біз Құқықбұзушылықтың алдын алу 

кеңесінің мақсаты жазалау емес, керісінше 

құқықбұзушылықтың алдын алу, адамдарды 

дұрыс жолға қою екендігін жақсы білеміз. Егер 

он адамнан бір адам В.А. Гречухин сияқты дұрыс 

жолға түссе,  Кеңестің жұмысының нәтижесі 

көрінген болар еді.

Жақсықан Ибраев,  

ардагерлер кеңесінің  

төрағасы.

ҮНДЕУ

КЕҢЕС


АКЦИЯ

Әр істің нәтижесі бар

Е

лбасы Н.Ә.Назарбаевтың 



халыққа жариялаған  «Нұрлы 

жол» бағдарламасының бүкіл 

қазақстандықтар үшін маңызы өте 

зор. Себебі, онда өте үлкен жоспар-

лар белгіленіп, халыққа мемлекет 

тарапынан зор көмектер жасалмақ.

Жаңа экономикалық са-

ясат еліміздің реформала-

рын одан әрі жүзеге асыруға 

бағытталады. Елбасы Үкіметке 

халық алдындағы әлеуметтік 

міндеттерін орындауды тап-

сырды. Сонымен қатар, ел 

экономикасының өсіміне әсер 

ететін салаларды қолдау ке-

ректігін баса айтып, елімізді 

экономика  лық 

дағдарыстан 

қиындықтарға ұрындыр-

май алып шығудың жол-

дарын 

айқын  дап, 



басым 

бағыттарын белгілеп берді. 

Қазіргі жаһандану жағдайында 

Қазақстанды әлемнен бөліп 

алып қарай алмаймыз. Деген-

мен, Қазақстан өзін-өзі қорғау 

менталитеті деңгейіне жеткен 

ел ретінде танылып келеді. 

Еліміздегі тұрақтылық пен 

тыныштық Отанымыздағы осы 

жаңғыртулардың бәрінің іске 

асуына басты  негіз болып  та-

былады. «Бір күн ұрыс-жанжал 

болған үйден қырық күн несібе 

кемиді» дегендей аталған Жол-

дауда ел тыныштығы мен бір-

лігі де назардан тыс қалмаған. 

Елбасының «Мәң 

гілік Ел» 

жалпыұлттық идеясы да еліміз-

ге деген әр қазақстандықтың 

патриотизмінен бастау ала-

ды. Ендеше, жолдауды жүзеге 

асыруға барлық қазақстандық 

бір кісідей жұмыла кірісуі ке-

рек деп білемін. Отанымыздың 

игілігі үшін, өсіп-өркендеуіне 

әрбір азаматтың, оның ішінде 

мемлекеттік қызметкерлердің 

де қосар үлесі зор. 

Мемлекеттің гүлденуі және 

әлемдік деңгейдегі орнының 

жоғары тұруына бар күш-

жігерімізді салып, жұмыс жа-

сауымыз керек.   Олай болса, 

«Бірлігі бар елдің белін ешкім 

сындырмас» демекші жарқын 

болашаққа бастар «Нұрлы 

жол» бағдарламасын жүзеге 

асыруға біріге ат салысайық! 

Н.Р.Нұгұманов, ШҚО Әділет 

департаментінің атқару өндірісін 

есепке алу және бақылау 

бөлімінің басшысы

«Нұрлы жол» - болашаққа  

бастар жол

Елжан Қайырханов

 



ақпан күні Шығыс 

Қазақстан облысы ішкі 

істер департаментінің 

ұйымдастыруымен, облысы-

мызда «Бала – басты жолау-

шы» атты акция өткізілуде. 

Аталған акция аясында де-

партамент қызметкерлері 

ең жас өскемендік тұрғынға 

автокресло табыс етті. 

Естеріңізде болса, 

Қазақстан Республикасы 

Президенті әкімшілігінің 

басшысы Нұрлан Нигма-

туллин тұрғындар арасын-

да баланы тасымалдау ба-

рысында автокреслоның 

маңызы жайлы түсіндіру 

жұмысын жүргізу 

қажеттігін тапсырған 

еді. Осы орайда, Шығыс 

Қазақстан облысын-

да «Бала – басты жола-

ушы» атты акция бастау 

алып, кеңінен етек жайған. 

Аталған акция аясында 3 

ақпан күні облыстық ішкі 

істер департаментінің 

қызметкерлері және сала-

уатты өмір салтын сақтау 

орталығы бірлесе от-

ырып, қалалық №2 пер-

зентханада нәресте Надир 

Кұмырбектің ата-анасына 

жаңа автокреслоны табыс 

етті. 


– Біздің болашағымыз, 

жасөспірімдердің, бала-

лардың аман болуы, сау 

болуы қоғам және ішкі 

істер органы үшін ең ба-

сты мақсат. Осы мақсатты 

жүзеге асыру мақсатында 

Ішкі істер министрлігі 

оның ішінде Ішкі істер 

департаменті ауқымды 

түсіндіру-насихаттау 

жұмысын жүргізуде. 

Өкінішке орай, тек өткен 

жылы ғана көлікте жола-

ушы ретінде келе жатқан 

баланың қатысуымен 

1  700 жол апаты орын 

алған. Соның ішінде ша-

мамен 89 бала апаттар-

дан қаза тапқан. Ең бірін-

ші мақсат, осындай жол 

апатында жарақат ала-

тын немесе қаза табатын 

балалардың санын азайту 

болып табылады, – деді 

Шығыс Қазақстан облысы 

ішкі істер департаменті-

нің баспасөз-хатшысы 

Бақытжан Торғаев. 

Сондай-ақ, Бақытжан 

Торғаев айтып өткендей, 

бүгінгі күні мектептерде 

және тәрбие беру орын-

дарында автокреслоның 

маңызы жайлы түсіндіру 

жұмыстары жүргізілуде. 

– Соңғы зерт-

теу жұмыстары 

көрсеткендей, орындыққа 

бекітілмей, анасының 

қолында отырған бала 

үшін көлік қақтығысы өте 

қауіпті болып келеді. Мы-

салы, салмағы 10 кг. бо-

латын нәресте анасының 

қолында отырып, 50 км/

сағ жылдамдықпен келе 

жатқан автокөлік бір-

ден тежегішке басып, 

тоқтаған сәтте, баланың 

салмағы 30 есе артады. 

Әрине, осындай соққы 

кезінде бала анасының 

қолынан шығып кетіп, 

көліктің жақтауларына 

соғылып, күрделі жарақат 

алуы мүмкін, – деді 

Бақытжан Торғаев.

Автокреслоға ие болған 

Надир Кұмырбектің ата-

анасы нәрестені бір-

ден жаңа автокреслоға 

отырғызып, үйіне 

алып кетті. Табыс 

етілген автокреслоның 

бағасы 19700 теңгені 

құрағанымен, салмағы 

18 кг. дейінгі балаларға 

арналған. 

Жол сақшыларының нәрестеге сыйлығы

ҚОҒАМ

ДЕНСАУЛЫҚ



Назерке Ахметова

ақпан  дүниежүзілік қатерлі 



ісікке қарсы күн. Осы орайда 

облыстық салауатты өмір салтын 

қалыптастыру орталығы «Бұл 

қолжетімді» ұранымен баспасөз 

мәжілісін өткізді.

«Әлеуметтік маңызды ау-

руларды төмендету және 

онкологиялық аурулардың 

алдын алу бойынша 2011-

2015 жылдарға арналған «Са-

ламатты Қазақстан» мемле-

кеттік бағдарламасын жүзеге 

асыру» тақырыбы аясында 

ұйымдастырылған баспасөз 

мәжілісіне ШҚОСӨСҚО 

директорының орынбаса-

ры Альмира Тургумбаева, 

ШҚО ОД бас дәрігері Жомарт 

Кенжалин, дәрігер-онколог-

гинеколог Инна Чертыщева, 

дәрігер-онколог-уролог Хусан 

Умурзаков қатысты. 

Онкологиялық аурулардан 

өлім-жітімді төмендету атал-

мыш бағдарламаның басым 

бағытының бірі болып табы-

лады. Алайда әлем бойынша 

онкологиялық аурулардың өсу 

қарқыны байқалады. ҚР Ста-

тистика агенттігінің мәліметі 

бойынша, 2013 жылы рес- 

публикада қатерлі ісік-

пен аурушаңдылық 100 мың 

халыққа шаққанда 193,9-ды, ал 

қатерлі ісіктің салдарынан бо-

латын өлім 100 мың халыққа 

шаққанда 99,49-ды құраған. 

Мамандардың сөзіне 

сүйенсек, 2012 жылы об-

лыс көлемінде қатерлі ісік-

ке шалдыққандар саны 3851 

адамды құраса, 2013 жылы 

бұл көрсеткіш 3980-ге жет-

кен. Онкологиялық аурулардың 

салдарынан 2012 жылы 2159 

адам, 2013 жылы 2093 адам 

өмірмен қош айтысқан. 

Онкологтардың айтуынша, 

тұрғындар жиі скринингтік тек-

серуден өтіп тұрулары қажет. 

Өткен жылы тұрғындардың 

70%-ы өз бетімен скринингтік 

тексеруден өтсе, қалған 30%-

на екі-үш рет ескерту жасауға 

тура келген. Бұл дегеніміз 

тұрғындардың әлі де болса 

скринингтік тексеруге бей-жай 

қарайтындықтарын көрсетіп 

отыр дейді мамандар. 

– 2013 жылмен салыстыр-

ғанда 2014 жылы облыста 

онкологиялық аурулар саны 

188-ге өскен. Онкологиялық 

аурулармен көбінесе өндіріс 

орындары шоғырланған 

Өскемен, Зырян, Шемона-

иха қалалары мен Глубокое 

кентінің тұрғындары ауыраты-

ны анықталған. Канцероген-

ді фактор, яғни экологияның 

үлесі басым деген ШҚО ОД бас 

дәрігері Жомарт Кенжалин ауру 

санын азайту үшін көптеген 

шаралар өткізу қажет, - деді 

баспасөз мәжілісі барысында. 

Айта кету керек, өткен жылы 

облыс көлемінде 700-ден астам 

профилактикалық шаралар 

өткізілген. Сондай-ақ, әлемдік 

статистика көрсеткендей, 

қатерлі ісіктің дамуына  эколо-

гия 5 % әсер етеді.

Кездесу барысында 

ШҚОСӨСҚО директорының 

орынбасары Альмира Тур-

гумбаева онкологиялық 

аурулардың қалай алдын алуға 

болатындығына тоқталды.  

- Шылым шегіп, арақ ішетін, 

жеміс-жидек жемейтін адамдар 

үшін 85 % қатерлі ісік ауруына 

шалдығуы мүмкін. Ал салауатты 

өмір салтын ұстанып, спортпен 

шұғылданатын жандар үшін 

қатерлі ісік ауруына шалдығу 

қаупі 60 %-ға төмендейді. 

Сондықтан адамдар күн сай-

ын 30 минут уақытын тұрақты 

түрде ырғақты жүріске 

 

арнаулары керек. Қатерлі 



ісіктің алдын алудың тағы 

бір шарты дұрыс тамақтану. 

Адамдар тәулігіне 500 гр А, С, 

В витаминдері бар жеміс-жи-

дек жеу керек, - дейді Альмира 

Тургумбаева.

Бүгінде он күндік аясында 

облыстың барлық қалалары мен 

аудандарында тұрғындарды 

ақпараттандыру мақсатында 

ашық есік күндері өтуде. 

Өткен жылы онкологиялық 

диспансерге құны 110 млн. 

теңгені құрайтын зама-

науи цифрлық рентгендік 

мамографиялық құрылғы 

орнатылған. 

Жас дәрігерлер Израиль, 

Оңтүстік Корея, Франция сын-

ды бірқатар мемлекеттерге ба-

рып, біліктіліктерін арттырып 

қайтқан. 

Онкологиялық аурулардың 

алдын алу мен ерте анықтау 

мәселелері бойынша 

тұрғындарды ақпараттандыру 

мақсатында ұйымдастырылған 

баспасөз мәжілісі арқылы ма-

мандар халық скринингтік тек-

серуден уақтылы өтуі қажет 

екендігін айтты. 

Аурудың алдын алу өз қолыңда



10

Өскемен


№6 (269)

05.02.2015

ҚОҒАМ

КИНО ӘЛЕМІ



Бір күнде түсірілген «Бастау» 

фильмі жоғары бағалануда

«Кенже» фильмі прокатқа 

көктемде шығады

– Қысқаметражды «Бастау» фильмі 19 бен 23 қаңтар 

аралығында Иранда өткен VIII халықаралық Varesh 

Int’l Filmfestival кинофестивалінде «Үздік эксперимент-

тік кино» атанды.

Картинаның режиссеры Т.Жүргенов атындағы 

Өнер академиясының докторонтура студенті 

Шәрипа Оразбаева. Аталмыш қысқаметражды 

фильмнің тұсаукесері 66-шы халықаралық Канн 

кинофестивалінде өткендігін айта кеткен жөн. 

Одан кейін «Бастау» фильмі Башқұртстанда 

өткен «Акбузат» халықаралық ұлттық және 

этникалық кинофестивалінің бағдарламасына 

енген. Сонымен қатар Арменияда өткен «Бұл 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет