Жазылу жалғасуда Гагарин бульвары, 24 Байл телефоны: 78-24-61 ж а р



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.03.2017
өлшемі17,11 Mb.
#7322
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақ поэзиясына 

өзіндік жаңа ырғақ

тегеурінді екпін 

әкелген ақынның 

бірі – Төлеген 

 

Айбергенов. Оның 

поэтикалық жыр 

кітаптары: «Арман 

сапары», «Өмірге 

саяхат», «Құмдағы 

мұнаралар», «Мен 

саған ғашық едім», 

«Аманат».

Адамдар

О, адамдар, біргемін мен сендермен,

Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.

Сендер менің бақытымның бұлағы,

Сендер менің дарыныма жел берген.

Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,

Жарты құртты бөліп жедім, сырластым.

Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,

Рақатын ойлау үшін бір бастың.

Гүлстанға айналдырған тақырды,

Болат қолдар, алғыр милар ақылды,

Сүйемін мен, сүйемін мен сендерді

Алар демім қалғанынша ақырғы.

Менің үшін бірдей тілің, жынысың,

Көбің ана, көбің аға-інісің.

Достық өскен, ерлік өскен ортаңа

Енген сайын кеңи түсер тынысым.

Не кездессе өздеріңмен көрмекпін

Қарапайым адамдары еңбектің!

Барлығын да бағыштар ем сендерге

Махаббатын маған берсе жер-көктің.

Қолыңнан қала тұрса тас қаланып,

Құдіретіңе табынса аспан алып.

Сен жасаған бақытты көріп тұрып,

Сені сүймеу не деген масқаралық.

Алдымнан көрген емес жол кесіліп,

Келемін демеуіңмен өрге шығып.

О, адамдар, ғапу ет, шалыс бассам,

Кешіріңдер,

Менікі пендешілік.

 Сағыныш

Сағындым, жаным, мен сені!

Көркіңді жүрген қуаныш 

Қылып, мендей ме екен бар ағаң,

Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным,  

 

  өсек-ғайбатқа 



бораған.

Қажет жерінде қатыгездік пен   

 

 

 



қаталдық керек десек те,

Адамның заңғар ұлылығын, 

 

 

 



           сен, сағынышымен есепте.  

Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң,  

 

 

 



қосыла алмайсың қатарға,

Әуелі әбден сағынып алмай,    

 

 

 



шығушы болма сапарға.

Сағынбай барсаң, теңіз де сенің  

 

 

          тебіренбес жастық шағыңдай,



Бұлбұлдың даусын есіте алмайсың,  

 

 



 

бауларға кірсең сағынбай.

Сағынбай барсаң таулар да сенің  

 

 



            алдыңнан шықпас асқақтап,

Ойлауың мүмкін, дүниені мынау  

 

 

 



кеткен екен деп тас қаптап.

Үмітке толы, арманға толы,  

 

 

 



 

әр жерде бр түп қарағай,

Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін,  

 

  жамырасуға 



жарамай.

Биікте тұрған таулар да мынау   

 

 

 



нұрына таңның боялған

Сені мен менің ғасырлап  

 

 

 



      күткен сағынышымнан оянған.

Бабалар бізді сағынған, жаным,  

 

 

 



арманның аңсап биігін,

Әжелер бізді сағынған, жаным,  

 

 

 



    талдырып асқар иығын.

Көкірегіңде сағыныш барда,    

 

 

 



мұрат та сенде бар жаным,

Алдыңда тұрған қыраттың саған көрінбей  

   жатқан 

ар 


жағын.

Жазира белдер қуанышыңды болмасын  

   мәңгі 

шектемек,

Алыңнан орман кес-кестеп шықса,  

 

 



 

сағынышыңмен көктеп өт.

Мен бұны саған жазып отырмын,  

 

 



 

арманымды орап сезімге,

Жан-жақтан түскен шұғыланың  

 

 



        бәрін сағынып жүрген кезімде.

Бейсен – қала ішіндегі бір 

нан шығаратын зауыттың 

жұмысшысы. Жұмысын 

тиянақты әрі ұқыпты істей-

тін ол қашанда өз ісіне үлкен 

жауапкершілікпен қарап, 

неде болса, табысының ада-

лынан болғанын қалайтын. 

Зауыттан ең кеш шығатын 

да сол. Зауыттағы нан сала-

тын үлкен пештің іші ара-

кідік тазаланып тұрушы 

еді. Оны да көбіне Бейсен 

атқаратын.

Айт мерекесінің соңғы 

күні. Ертесі күні нан 

шығарылуы керек. Бей-

сен тазалық жасап қайту 

үшін зауытқа барды. Ішке 

кіріп, сыртқы есікті жапты. 

Жарықты қосты да, пештің 

қақпағын ашып, ішке кір-

ді. Әдет бойынша таңғы 

төртке жақын бірді-екілі 

жұмысшылар да келе бас-

тайтын, келе сала тоқпен 

істейтін пештің түймелерін 

басатын, сөйтіп, олар 

қамырды илеп әзірлегенше, 

пеш те қызып дап-дайын 

тұрушы еді.

Бейсен тазалыққа беріліп 

кетті. Дәл сол кезде зауыттың 

жас жұмысшыларының 

бірі Шыңғыс зауытқа 

қайта соқты. Сыртқы есік-

ті ашқанда, таңғалды. «Ой, 

сұмдық, іштегі жарықты 

сөндіруді біреу ұмытып кет-

кен-ау шамасы» деп ойлаған 

ол барып, ашық тұрған 

пештің есігін қолымен сәл 

итере салды. Шығып бара 

жатып, жарықты сөндіріп 

кетуді де ұмытқан жоқ. 

Жарық сөнгенде, Бей-

сен бірден пештің есігі-

не ұмтылды. Бірақ қайдан! 

Пештің қақпағы сырттан 

кілттеніп қалған болатын. 

Бар күшін сала айғайға ба-

сты. Пештің есігін ұрғылады. 

Бірақ, қанша тепкілеп, 

тоқпақтағанымен даусының 

сыртқа естілуі мүмкін емес 

еді. Сырттан да тырс еткен 

пенде болмады. Төбе шашы 

тік тұрды. Жүрегі аузына 

тығылып, аласұра бастады.

Біршама уақыт өз-өзіне 

келе алмады. Демі аз-

дап басылғанда, сағатына 

қарады. Сағат түнгі 11-ден 

бес минут кетіпті. Шама-

мен пешті қыздыруға бес 

сағаттай уақыт қалыпты. 

Жағы қусырылып, бір 

демде-ақ өліммен бетпе-

бет келгендей болды. Қатты 

үрейге берілгені сонша, көз 

алдына қорқынышты елес- 

тер келді. Алдымен де-

несін тер басады, артын-

ша қиналып, демі жиілей 

береді, пеш қызуымен 

қоса дене қызуы да бір-

те-бірте арта түскен сай-

ын арта түседі, денесін-

дегі майлардың барлығы 

ағып, еттері де тұрған бойы 

қызара бастамақ… Мүмкін, 

бұлардың бәрі басталмай 

жатып-ақ жүрегі тоқтап 

қалар, мүмкін, сол сәтте 

жынданып кетер, жында-

нып тұрып есі кете айғайлап 

күлетін шығар… Әй, кім 

біледі, мүмкін, соның өзі 

де тәуір шығар! Жынданып 

кетсе, мынадай жанын же-

ген азапты ойлардан бірден 

арылар еді-ау.

Ойына пештен күнделікті 

пісіп шығатын ып-ыстық 

нандар оралды. Сондағы 

ыстықты айтсайшы?! Ыстық 

өтпей жатып, қолын тартып 

ала қоятын. Осы жолы сол 

нандардың орнында енді өзі 

пісетін болды.

Бірнеше күн бұрын 

жұмысшылардың қарны 

ашып, кішкене ғана қазанға 

тамақ жасаған еді. Бір 

уақытта байқамай, әлгі 

қазанның қып-қызыл түбіне 

жалаң қолының тиіп кетпесі 

бар ма?! Қарақошқылданып, 

бірден ісіп, ішіне су то-

лып шыға келгені. Сонда 

бар болғаны екі-ақ саусағы 

күйіпті. Соның өзіне  шы-

дай алмай, ойбайлаған күйі 

қолын суық суға малып еді. 

Ал, енді ше?..

Енді екі саусағы ғана 

емес, бүкіл денесі тырысып-

бырысып, күйіп-жанбақ. 

Көз алдына кинолардағы 

жанған адамдар елестеді. 

Өз жайы олардан да қиын-

ды. Өйткені, бұл бірден жа-

нып кету емес. Бірте-бірте, 

сезіне-сезіне… Терлеп-теп-

шіп, жындана айғайлап… 

Пештің іші ыси бастағандай 

дегбірі қашты. Құйқа тамы-

ры шымырлап кетті. Жоқ, 

әлде есікті жапқан кісі пешті 

де қосып кетті ме екен?!.. 

Мына ыстықтың бара-ба-

ра артқаны несі?.. Ой, тоба! 

Күткен сәт  қалай тез кел-

ді. Сағатына қарады. Сағат 

түнгі 1.00. Ой, сұмдық, екі 

сағат қалай тез өтті?! Уақыт 

тура су секілді. Өмірің де 

бір су екен ғой деді іштей. 

Қолымен қабырғаларды 

ұстап көрді. Жо-ғә, денесінің 

ысығаны болмаса, пеш әлі 

суық екен.

Біраз ес жиды. Үйін ойла-

ды. Әйелі есіне түсті. Әйелі 

мен баласы елегізіп, уай-

ымдай бастаған болуы ке-

рек. Үйден шығып бара жа-

тып, неге ғана шеке-басы 

тырысып әйеліне ұрысты 

екен?! Өмірлік жолдасын 

сыйлап, кішкене сыпайы-

лау боп жүрсе қайтер еді?! 

Баласы ше? Оны да ұрғаны 

жөн болмады… О дүниеге 

барғанда, олар үшін де 

Аллаһ алдында өзі жау-

ап береді емес пе?! Шіркін, 

ана бір жылдары әйелінің 

 

айтқанын тыңдай салуы ке-



рек еді. Әйелі оған: «Кел-

сейші, екеуміз бірге намазға 

бастайық» деген еді. Бейсен 

оған: «Біраз қартаяйық та» 

деп қиқарлана жүре жау-

ап қатқан. Кейін бүкіл бір 

өмірдің емес, қарттықтың 

ғана есебін беретіндей.

Пеш тазалауға келе жа-

тып неге ғана мешітке бас 

сұқпады?! Азаншы жүрек 

түкпірінен шыққан әуезді 

даусымен жұртты түнгі 

намазға шақырып, Аллаһ 

тағаланың ұлылығына 

бас июге, соның ал-

дында құлшылық етуге 

шақырып жатпап па еді?! 

Тіпті болмағанда, өлер 

алдындағы соңғы намазын 

оқып кетер еді. Мүмкін, сол 

соңғы намазын Аллаһ қабыл 

алып, басқа намаздарының 

есебін кешер ме еді?! «Қап, 

қап, ақымақ басым-ай!» деп 

басын төмпештеді.

Әйтпесе, намаз оқыған 

адам қандай жақсы десей-

ші?! Қай намазын оқыса да, 

оның соңғы оқыған намазы 

болып есептелмей ме? 

(Жалғасы келесі санда)


22

Өскемен


№6 (269)

05.02.2015

БІЛІМ

ТІЛ


ТӘРБИЕ

«Дармасива Индонезия» 

бағдарламасы қабылданды

И

ндонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі 2015-2016 оқу 



жылдарына «Дармасива Индонезия» стипендиялық бағдарламасы 

бойынша қазақстандық студенттер арасынан үміткерлерді қабылдайды. 

Аталған бағдарлама Индонезияның жоғары оқу орындарында 

жергілікті тілді, өнер, ән және қол өнері туралы білім алуға, екі 

ел арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік 

бермек.


Бағдарлама шығындары (барып қайту жол ақысы, жатақхана, 

стипендия) индонезиялық тарап есебінен өтелетін болады.

Стипендиялық бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 

үміткерлер үстіміздегі жылдың 26 ақпанына дейін Индоне-

зия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне мына мекен-

жай бойынша хабарласуы қажет: 010000, Астана қ., Сарайшық 

көшесі, 26/1, дипломатиялық қалашық.

Толық ақпаратты 8(7172)79-06-70 байланыс нөмірі арқылы 

алуға болады.

ҚЫСҚАША


Қатты аяз салдарынан мек-

тептерде сабақ болмауда 

Ш

ығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өңірдің бірқатар 



елді мекендерінде мектептерде сабақ болмайтыны туралы хабарлады.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Зы-

рян қаласында 1-ші, 2-ші ауысымдарда оқитын 1-11 сынып 

оқушылары, колледждер мен лицейлердің І, ІІ курстың студент-

тері үшін сабақ болмайды (қаладағы ауа температурасы -34 гра-

дус). 


Сондай-ақ Қатонқарағай ауданында 1-ші ауысымдағы 1-4 сы-

нып оқушылары (-30 градус), Күршім ауданында - 1-ші және 

2-ші ауысымдарда оқитын 1-9 сынып оқушылары (-34), Семей 

қаласында 1-ші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары, кол-

ледждер мен лицейлердің І, ІІ курс студенттері (-30), Тарбағатай 

ауданында 1-ші, 2-ші ауысымдарда білім алатын 1-9 сынып 

оқушылары (-32), Бородулиха ауданында 1-ші ауысымдағы 1-4 

сынып оқушылары үшін (-28) сабақ тоқтатылды.

71 білім беру нысаны 

қолданысқа берілген 

2

012-2014 жылдар аралығында 71 білім беру нысаны қолданысқа 



берілді. Бұл туралы ШҚО білім беру басқармасының басшысы Асқар 

Нұрғазиев коллегия отырысында айтты.

Асқар Нұрғазиев екі жылда құрылысқа 25 млрд теңге, соның 

ішінде 2014 жылы  11,2 млрд теңге бағытталғанын атап өтті.

«Осылайша, 2012-2014 жылдар аралығында ШҚО-да 43 мек-

теп, 9 балабақша, 8 жанама ғимарат пен 10 қалпына келтірілген 

мекеме қолданысқа берілді», - деді ведомство басшысы.

Коллегияда ҰБТ бойынша аймақ жетістігі жарияланды. «2014 

жылы облыс республикалық рейтингте   13 орыннан 8 орынға 

көтерілді. Орташа ұпайдың өсімі 5,64 ұпайды құрап, 78,04-ке 

жетті. Өңірдің 6 мектебі «Республиканың 100 мектебі» рейтингіне 

енді», - деді А.Нұрғазиев.

О

рталық коммуникациялар 



қызметіндегі брифингте ҚР 

Мәдениет және спорт министрі 

Арыстанбек Мұхамедиұлы ла-

тын әліпбиіне көшуге асықпау 

қажеттігін айтты. 

Латын қарпіне көшу - бұл 

ұзақмерзімді бағдарлама 

екеніне тоқталған ми-

нистр, осы бағытта негізгі 

қадамдар 2025 жылдары іске 

асырылатындығын жеткізді. 

Ведомство басшысының ай-

туынша, бүгінде ғалымдар осы 

мәселені тыңғылықты зерттеп 

жатыр. Бұл тұрғыда компьютер 

клавиатурасына интеграция-

лауда проблема бар көрінеді.

Сонымен бірге А. Мұхамеди-

ұлы латын әліпбиіне көшу ал-

дында оқу бағдарламаларын 

сауатты түрде даярлап алу ке-

ректігін атап өтті. Оның пайы-

мынша, асығыстық салдары-

нан оқулықтар мен білім беру 

бағдарламаларында кемшілік-

тер көп болуы мүмкін.

«Сондықтан да осы бағыттағы 

үдеріс қатты жылдамдатылған 

түрде жүріп жатқан жоқ. 

Менің ойымша, бұл үдерісті 

жылдамдатудың қажеттілгі 

жоқ. Себебі, ол ең алдымен 

білім беру мәселесіне келіп 

тіреледі. Сондай-ақ осы үдеріс 

біздің қызметімізге кері әсерін 

тигізбеуі тиіс»,-деді ол.

Сөз соңында министр 

латынға көшу бойынша 

бағдарлама қабылданғанын 

және оны жүзеге асыру тиісті 

кесте бойынша жүретіндігін 

 

айтты.



Латын әліпбиіне көшуге 

асықпау қажет

Англияның атақты 

оқымыстысы Лекки «Баланың 

ақылы да, жаны да туғанда 

ақ қағаздай болып туады. Ақ 

қағазға қандай жазу жазса да 

жазушының өз еркінде. Сол 

сықылды балаға қандай тәрбие 

беру тәрбиешіден. Бала қалай 

тәрбиеленсе, соған көне береді» 

- деген болатын     Сондықтан 

да ақ қағаз бетін қайта өшіре 

алмайтындай шимай-шатпақ 

түспесін десек нәресте шыр 

етіп дүние есігін ашқаннан 

бастап оның тәрбиесіне аса 

ыждағаттылықпен  кіріскеніміз 

жөн.

Қай заманда болсын әр 



халық өзінің ұрпағын жан-

жақты жетілген, адамгершілік 

жағынан жағымды, еңбекшіл, 

үлкенді құрметтейтін азамат 

болып өссін деп армандаған. 

Қазақ халқында келешек жас 

ұрпақты тәрбиелеу, өмірге 

дайындау, сол халықтың арман-

мүддесінен, тәрбие дәстүрімен 

байланысты туып, өсіп-

өркендеп, дамып, ұрпақтан-

ұрпаққа жетіп отырған.

«Ең ұзақ жол алғашқы адым-

нан басталады»  деген қағидаға 

сүйенсек, ең мықты білім 

алғашқа сабақтан басталады 

деуге болады. Бірінші сыныпта 

жақсы оқыған бала одан кейінгі 

сыныптарда да білімге құштар 

болып өседі. Сондықтан да 

бірінші сынып пен алғашқы 

өткізілетін сабақтың маңызы 

өте зор деп білемін,   өйткені 

алғашқы айтылған сөздер, 

алғашқы көрген дүниелер, жал-

пы алғашқы әсерлер баланың 

санасына түбегейлі жатталып 

қалады. Тәлім-тәрбие беріп 

жатқан бүлдіршіндеріміз  елін  

жанындай сүйетін, ұлттық 

тарихы мен мәдениетін 

қастерлейтін, рухани кемел-

денген азамат болып өсіп 

жетілуі қажет. 

Білім бастауы –бастауыш 

мектепте берілетіні айқын. 

Осыдан да  бастауыш мектеп-

те әртүрлі пәндер тоғысып, 

оқушы білімін дамытып, кел-

бетін сомдауға үлес қосады. 

Әсіресе, баланың эстетикалық-

көркемдік  талғамын ұштап, 

ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана  

сүтімен бала бойына дарып, 

мектеп атты ұяда жетіледі. Он-

сыз бала мәңгүрт болып өсіп, 

елін-жерін сүймейді. Сусыз 

құрғақ жерге  дән тастағанмен 

өнбейтіні сияқты, жас баланы 

біліммен сусындатып, бағып-

күтпесек, көкірегін ашатын-

дай тәрбие бермесек, өсіп 

дамымайды. Ал мектеп жа-

сына дейінгі баланың бүкіл 

өмірін ұйымдастыру, оның 

денсаулығын нығайту, ақыл-

ой, адамгершілік тәрбиесін 

жетілдіріп, түптеп келген-

де мектепке даярлау, тікелей 

ата-ана үлесіне тиеді. Ата-ана-

лар баланы мектепке даярлау 

барысында оның танымдық 

процестерінің 

қалыптасуына  

көп көңіл бөліп, жеке адамдық 

қалыптасуына назар аудара 

қоймайды. Бұл баланың ке-

лесі даму кезеңі, яғни, бас-

тауыш мектеп  жасындағы 

қалыптасатын  психологиялық 

ерекшеліктеріне әсер етеді. 

Баланың мектепке дайындығы-

баланың жан-жақты да-

муын қамтамасыз етеді. Мек-

теп жасына дейінгі кезеңнің 

аяқталуы психологиялық да-

муын тоқтатпайды, оның бас-

тамасы мектеп жасындағы 

кезеңде өз  жалғасын табады. 

Адамның дұрыс қалыптасуы 

осы мектеп жасына дейін-

гі кезде психологиялық, 

интеллектуалдық дамуы-

на байланысты болғандықтан 

баланың мектеп жасына 

дейінгі дамуына балабақша 

тәрбиешілері, мұғалімдер, ата-

аналар үлкен жауапкершілік-

пен қарау керек.

Қорыта айтарым, 

жоғарыдағы ой-пікір әр 

ата-ананың құлағына ал-

тын сырға болса екен дей-

мін. Еліміздің ертеңі-бүгінгі 

балабақшадағы, даярлық 

топтағы бүлдіршіндерге тікелей 

байланысты екенін ұмытпайық 

ағайын!


 Ельбисиснова Сымбат Кокошқызы,

1-сынып мұғалімі,

«№6 орта мектебі» КММ

Қазіргі заманғы бірінші сынып 

оқушысы қандай болу керек?


Өскемен

23

№6 (269)



05.02.2015

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

САЛАУАТ


К

өбіміз қыста ауруға бейім ке-

леміз. Себебі, салқын мезгілде 

адам ағзасына қажетті дәрумендер 

мен аминқышқылдары жетіспейді. 

Ал біздің ұйқылы-ояу, тұнжырап, 

маужырап жүруіміздің себебі – күн 

шуағының аздығы.

Осындай мезгілде жақсы 

көңіл-күй мен сергектік-

ті сақтау үшін көк шайдың 

көмегіне жүгінуіміз керек.

Бұл сусынның емдік қасиеті 

ежелгі Қытайда анықталған 

еді. Тіпті, қытайлықтардың жүз 

жыл жасауының себебі көк шай 

ішуінде деп саналған екен.

Көк шай – жұмсақ, ауыз 

қуыратын әсері, мол пайда-

сы бар сусын. Ол ағзадан зәрді 

шығарып, асқазанды, ішек пен 

бүйректі тазартады.

Сонымен қатар, көк шай 

ағзаны жасартады екен. 

Күніне 2-3 кесе көк шай 

ішсеңіз, 



қартаю үдерісін 

бәсеңдетесіз.

Көк шайдың құрамында ли-

мон мен апельсинге қарағанда 

дәрумендер 4 есе көп. Яғни көк 

шайдың иммунитетті нығайтуға 

көмегі мол.

Бұл сусынның басты 

қасиеттерінің бірі –  сер-



гіту. Көк шай – мидың қан ай-

налымын жақсартатын, оны 

ауамен қамтамасыз ететін 

және күйзелістен арылуға 

көмектесетін ерекше су-

сын. Сондай-ақ есте сақтау 

қабілетін де қалыпқа келтіруге 

көмектесетін қасиеті бар.

Демек, көк шай суық мез-

гілде қорғануға, көңіл-күйді 

көтеруге, тез шаршамауға 

көмектесетін сусын.

Көк шайдың пайдасы бар ма?

KFC тауық етімен бірге сыра 

сатуы мүмкін

П

олковник Сандерстің бизнесі әлемнің кез келген елінде жүріп жатыр. 



Ал KFCфранчайзингінің Аустралиядағы өкілдері ыстық ауа райына 

байланысты мәзірдегі сусындардың қатарын толықтыруды ұсыныпты. 

Нақтырақ айтсақ, олар салқын сыраны сатуға рұқсат сұрап отыр.

Сидней қаласындағы қуырылған тауық етін дайындайтын 

 

ресторан сыра сатуға лицензия алуға талаптаныпты, деп жаза-



ды The Age. Бұл KFC тарихында алғаш рет болып отыр. Себебі, 

бұған дейін компанияның әлемдегі өкілдерінен спиртті ішімдік-

терге қатысты өтініш түспеген. Егер KFC-дің Аустралиядағы 

өкілдігі рұқсат беретін болса, Сиднейдің Парраматта ауданындағы 

KFC рестораны сыра сататын алғашқы орталық болады.

Дегенмен, бұған келіспейтіндер де табылды. Мысалы, Кур-

тин университетінің профессоры Майк Дабл. Ол жылдам тағам 

дайындаумен айналысатын ресторанның алкогольді ішімдік са-

туы ақылға қонымсыз дейді. «KFC  сыра сатумен айналысуды 

ұйғарса, айналыссын. Бірақ балалардың көп баратын жерінде 

алкогольді сусындардың болуы біздің  KFC  туралы ойымызды 

өзгертеді», – дейді профессор.

Айта кетелік,  KFC-дің Аустралиядағы франчайзерлері кон-

тиненттегі ыстық климатты сылтауратып рұқсат сұраған. 

Құрлықтағы Grill'dGuzmanGomez және Nandos дейтін фаст фуд 

орталықтары сыра бизнесіне бет бұрып қойған.

Мұрынды бөкебаймен орап 

жүру – суық тиюден қорғайды

Қ

ыстың қақаған аязды күндерінде мұрынды бөкебаймен орап жүру – 



суық тиюден қорғайды. Мұны Йель университетінің зерттеу жүргізген 

ғалымдары растап отыр.

Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) - мұрын 

мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителий-

лі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустардың көптеген түрлері 

бар, ең көп таралғаны – тұмау, ал «бейтанымал» түрлері – параг-

рипп, аденовирус, риновирус, реовирус және басқалары. Йель 

университетінің ғалымдары әрбір бесінші адамда риновирус 

кездесетінін дәлелдеген. Яғни, риновирус – мұрынның шырыш-

ты қабатында орналасады. Иммунитет одан адамды оңай қорғай 

алады. Бірақ, Цельсий бағамымен 5 градус суықта мұрынның 

салқындауы – иммунитеттің риновируспен күресуін қиындатады 

екен. Сондықтан олар мұрынды да бөкебаймен орап жүру - суық 

тиюден қорғайтынын осылай дәлелдеп отыр.



Қызанақ.  Оның құрамында 

ағзаға керекті органикалық 

қышқылдар В1, В3, В6, 

В9, Е дәрумендері бар. С 

дәруменіне де өте бай.

Жаңғақтар.  Күніне 100 

грамм жаңғақ жеп тұрсаңыз, 

қанның құрамындағы 

холестериннің деңгейі 

төмендейді. Кедр жаңғағының 

құрамында холестеринді 

май бар. Жүрекке пайдалы 

жаңғақтардың бірі – бадам.



Кептірілген өрік.  Калий, 

магний, темір және фосфор 

балғын өрікке қарағанда кеп-

тірілген өріктің құрамында 

өте көп болады. Кептірілген 

өрікті қаназдықта, көздің 

көру қабілеті нашарлағанда, 

жүрек ауруларына нығайтушы 

құрал ретінде қолданады. Ол 

қантамырларының бекітіліп 

қалуын болдырмайды және 

қатты ісіктерді жұмсартады, 

терінің жұмысын жақсартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет