32 Ұлттық құндылық - ... А) Жеке халықтың ұлттық бет-болмысын, ерекшелігін көрсететін мәдениеті, өнері, тілі; В) Белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік орта мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы; С) Педагогикалық процеске қатысушы оқушылардың адамдық қасиеттерін қалыптастыру құралы; D) Көшпелі тайпалар мәдениеті әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген өнердің түрі; Е) Әдет-ғұрыптың бөлшектері.
33 Халық педагогикасының мақсаты: А) Кемел адам тәрбиелеу; В) Қайырымды адам тәрбиелеу; С) Оқу мен тәрбиенің бірлігін сақтау; D) Жан мен тәннің саулығын ескеру; Е) Ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу.
34 Халық педагогикасы әдістерінің бірі: А) Үлгі көрсету; В) Мінез-құлық қалыптастыру; С) Дағды қалыптастыру; D) Іскерлікке баулу; Е) Зейінді дамыту.
35 Халықтық тәрбиенің құралы: А) Ертегі-аңыздар; В) Тойлар; С) Кітаптар; D) Сауық кештер; Е) Мерекелер.
36 Үйлену мен үй болуға байланысты салт-дәстүрге жатпайды:А) Құда түсу; В) Беташар; С) Жар-жар; D) Жұбату; Е) Неке қию.
37 Ш.Уәлихановтың еңбегі: А) Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары; В) Мұсылмандық тұтқасы; С) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол; D) Қырық мысал; Е) Самоучитель русской грамоты для казахов.
38 «Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып-тәрбиелеу ісінен артық ешнәрсе жоқ» деген пікір кімдікі? А) А.Құнанбаев; В) Ы.Алтынсарин; С) М.Әуезов; D) М.Жұмабаев; Е) Ш.Уәлиханов.
39 «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деген Абай пікірінде қандай қасиетке баулу көзделген? А) Гуманистік; В) Имандылық; С) Іскерлік; D) Ұжымдық; Е) Ағартушылық.
40 Эстетикалық тәрбие құралына жатады: А) Музыка; В) Ойындар; С)Ертегілер; D) Жаңылтпаштар; Е) Санамақтар.
41 Қазақ халқының үйлену тойына байланысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары: A) Беташар; B) Тасаттық; C) Бесік тойы; D) Шілдехана; E) Жоқтау.