Геометриялық материалдарды оқытуда мынадай қағидалар басшылыққа алынады:
Геометриялық материалдарды оқыту барысында оқушылардың мектепке дейінгі және күнделікті өмірден алынған білімдеріне арқа сүйеледі .
Геометриялық фигурулар тек оқытудың мақсатын ғана емес, оқытудың кұралы да
Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қаблетін дамыту үшін де пайдаланылады;
Геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмір байланысын түсінуге септігін тигізеді;
Нүктемен танысу әдістемесі.
1 сыныпта қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетінде қалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Термин енгізіледі.Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзуге қоюды, берілген 1, 2, 3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге, оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді.
3 сыныптың ІІІ тоқсанында оқушылар нүктенің латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мұғалім сызбада нүктелерді айыру үшін оларды латынның бас әріптерімен белгілеу қабылданған. Мысалы, D, K, M, O, E, A және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. (үлгісі тақтаға жазылады). Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.

Сызықпен таныстыру әдістемесі.
Бірінші сыныпта түзу сызық туралы түсініктері әртүрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы, жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды қағазды сызық бойынша қияды - әрбіреуінде сызық - қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып отырады.
Жаттығуларды орындау барысында балалар түзудің кейбір қасиеттерімен танысады. Мысалы, нүкте арқылы түзу жүргізуге жаттығуда балалар бір нүкте арқылы бірнеше түзу немесе қисықты, ал екі нүкте тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды.

Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу болады. Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық-сынық деп аталады.
Сәулемен таныстыру әдістемесі.
Сәулемен танысу машықтық жұмысты орындау процесінде өтеді:
Нүкте саламыз.
Нүктеден оңға қарай түзу сызық жүргіземіз.(мұғалім бұл сәуле екенін айтады. Нүкте –сәуленің басы, сәуле оңға бағытталған).
Латын әрпімен сәленің басын белгілейміз.
Әртүрлі бағытта сәулелер салу.
Сәуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесімен немесе жарық түсіргішті еске түсіреді. Солар сияқты математикалық сәуле де басы да, соңы да жоқ болады. Сәуле латынның екі бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі- сәуленің кез келген ішкі нүктесін белгілейді.

Сәуле MN. M-сәуле басы.
Бұрышпен таныстыру әдістемесі.
Бұрыш үш нүктемен белгіленеді: біреуі – бір қабытғасында, екіншісі – төбесінде, үшіншісі – екінші қабырғасында. Бас нүкте ортақ екі сәуле жазықтықты екіге бөледі. Осының кішісі бұрыш деп аталады.