Жббп мк. Кредит саны: 5 Дәріс тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы Философияның пәні мен әдісі



бет4/5
Дата17.02.2023
өлшемі1,32 Mb.
#68808
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 тақырып презентациясы 2

Материализм
  • Стихиялық (Милет мектебінің өкілдері, Гераклит)
  • Метафизикалық (Ф. Бэкон, Дж. Локк,
  • Б. Спиноза)
  • Диалектикалық (К.Маркс. Ф.Энгельс)

Материализмнің түрлері:
Идеализм (грек. idea – идея, сана, рух) - материя мен сананың арақатынасы мәселесінде сананы (идея, рух) алғашқы орынға қоятын философиялық бағыт.
Идеализм өз ішінде екі бағытқа бөлінеді:
объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель және т.б.)
субъективті идеализм (Беркли, Юм).

Идеализм
Объективті идеализм концепциясы бойынша, дүниені жаратушы күш бар, ол біздің санамыздан тыс әрекет ететін – идея.
Материалды әлем өз бетімен тіршілік ете алмайды, ол бар болғаны, «идеялар әлемінің» көрінісі, нақты жүзеге асуы.
Субъективті идеализм концепциясы бойынша, барлығы тек таным субъектісінің санасында тіршілік етеді.
Идеялар тек қана адам санасында болады, жеке адамның санасынан тыс материяның да, идеяның да өмір сүруі мүмкін емес.
Объективті әлем адам санасына тәуелді өмір сүреді. Дүниенің діңгегі – мен және менің санам, мен жоқ болсам дүние де жоқ.
Дуализм (лат. Dualis – екіжақты) – материя мен сана, физикалық пен психологиялық сияқты бір – біріне қарама – қарсы екі түпнегіздің теңділігін жариялайтын философиялық ілім.
  • бір бірінен тәуелсіз екі субстанция (материя мен сана) тіршілік етеді;
  • Әлемдегі тіршілік екеуінен бірдей жаралған (материядан заттар, ал санадан идея және руханилық),
  • Материя мен сана біртұтас болмыстың қарама – қайшылықты және өзарабайланысты екі жағы;
  • материя мен сана ұдайы бірін – бірі толықтырып отырады.

Дуализм
Әлемді толық танып – білуге болады ма?
Гносеология бойынша:
Гностицизм
Агностицизм
Скептицизм
Гностицизм материализм бағытын қолдайды
  • әлемді толықтай танып – білуге болады;
  • танымның мүмкіндіктері шексіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет