(религия - латын тілінен “біріктіру, байлау, қайта оралу” )
Дін – адамды Абсолютпен, яғни тек қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құбылыстармен байланыстыратын сенім түрі.
Діни дүниетаным адамнан қоршаған ортаны рационалды тұрғыда емес,сезімдік-эмоционалдық тұрғыда қабылдауды талап етеді.
Мысалы: «мен құдайға сенемін» - деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы қажет.
Діннің негізгі талабы – дәлелдеуді қажет етпей, сену. Философия дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі. «Философия» термині грек тілінен аударғанда
«филео»- құштарлық және «софия» - даналық, яғни даналыққа құштарлық.
«Философия»терминін алғаш рет қолданған грек
математигі
Пифагор. Философия бірдей уақытта, яғни, б.з.д.2-3 мыңжылдықта әлемнің 3 географиялық аймағында: Ежелгі Грецияда, ежелгі Қытайда, ежелгі Үндістанда пайда болды. Пифагор Самосский (б.з.д. 570-490 жж.) — ежелгі грек философы, математигі, пифагоршілдер діни-философиялық мектебінің негізін салушы.
Философиялық дүниетаным ерекшелігі Әлемді рационалды, яғни ақыл-ой арқылы танып-білуге негізделген Логикалық ойлауға, жүйелілікке негізделген Әр заманның объективті білімі мен құндылықтарының, өнегелілік идеалының жиынтығы Пифагор: философияның негізгі мақсаты –дүниенің ақиқатын іздеп табуда;
Платон:философияның мақсатын мәңгілік және абсолютті ақиқатты тануда;
Аристотель: философияның негізгі мақсаты бүкіл әлемнің мәнін түсіну, ол үшін алдымен болмыстың түпкі мәні мен алғашқы себептерін табу керек;
Философия- дүниені ақыл-ой арқылы танып-білуге бағытталған дүниегекөзқарастың ең жетілген ғылыми-теоретикалық формасы Философия деген не? 2 сұрақ: Философияның негізгі бөлімдері ОНТОЛОГИЯ (грек тілінен онтос - болмыс туралы ілім) - болмыстың жалпы теориясы: дүниеден бұрын болған және бұдан кейін де бола беретін, ешқашан жойылмайтын, мәңгі және өзгермейтін, барлық нақты болмыстың қайнар көзі мен негізі;