Байланысты: ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
§ Барлық
жазулар қара сиялы қаламмен толтырылуы тиіс.
§ Корректор
мен қарындашты қолдануға тиым салынады.
§ Бағаны
бір тор көзге бөлшек сызығы арқылы қоюға тиым салынады.
§ Сабақтың
өткізілген күнін тек араб сандарымен жазу керек, мысалы: 03.09; 23.12.
§ Журналдың
ашылған бетінің оң жағында күнтізбелік жоспарға сай сабақтың тақырыбы мен
үйге берілген тапсырма жазылады.
§ Өткізілген
сабақтардың саны және өткізілген күні сәйкес болу керек.
§ Журналды
оқу бөліміне талап етуіне қарай және
әр тоқсан сайын тексеруге тапсыру қажет.
Правила заполнения
журнала § Записи должны вестись чётко и
аккуратно без исправлений на языке обучения учащегося по всем учебным
предметам.
§ Все
записи должны вестись ручкой чёрного цвета.
§ Не
допускается никаких пометок карандашом или точек, постановка минусов и
плюсов.
§ Не
допускается выставление в одной клетке отметок со знаком дробной черты.
§ Дату
проведения урока следует фиксировать только арабскими цифрами, например:
03.09; 23.12.
§ На
правой стороне развернутой страницы журнала учитель обязан записывать тему урока и задание на
дом.
§ Количество
проведенных уроков и соответствующие им даты должны совпадать.
§ Предоставлять
журнал на проверку по первому требованию и в конце каждой четверти в учебную
часть.
(Жалғасы).
Журналдың жүргізілуі
туралы ескертулер
Замечания по ведению
журнала
Үйде жеке
тегін оқытуға арналған үлгерім журналы
Үйде жеке тегін оқытуға арналған үлгерім журналы мектептің әдістемелік кеңесінде қаралды
және талқыланды. Енгізілген
түзетулерді ескере отырып, ____ жылдың «___» № _____ әдістемелік кеңес шешімімен осы
құжатты _______оқу жылынан бастап
қолдану ұсынылды.
Журнал успеваемости для индивидуального бесплатного обучения на дому
Журнал
успеваемости для обучения на домурассмотрен и обсужден на методическом
совете школы. С учетом внесенных изменений,
решением методсовета № ____от «___»
_______ ______г. рекомендовано внедрение данной документации с __________
учебного года.
1.4 Үйде білім беру процесіне қатысушылардың қызметі мен
міндеттері
Баланы үйде оқытуды ұйымдастыру мектеп педагогтары мен
оқушы атаанасының (немесе заңды өкілдердің) қатысуын ғана емес, сонымен қоса
территориялық ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, арнайы
білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қорғау органдарының және сол сияқты басқа да
білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуын талап ететін күрделі және көп
еңбекті процесс. Дегенмен, жалпы білім беру бағдарламасымен баланы үйде оқытуды
ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыс білім беру ұйымымен, оның ішінде бала
тіркелген жалпы білім беру мектебімен жүзеге асырылады.
Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беруге
қажеттілігі бар бала оқығаннан бастап мектеп басшыларының, мамандары мен
педагогтарының арнайы білім беру саласында, соның ішінде балаларды үйде оқыту
бойынша қосымша кәсіптік құзыреттерді игеруі міндетті болып табылады.
Мектеп басшылығы мен мамандардың (болған жағдайда
педагог - психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагогтар) ойластырылған өзара
әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқуы мен
дамуындағы қиындықтарды еңсеруде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мен іске асыруға,
олардың отбасына, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылармен жұмыс істейтін
мұғалімге көмекті ұйымдастыруға бағытталады. Осындай жағдайда команда
мүшелерінің өзара әрекеттестігінің негізгі ережелері өзара сыйластық, команданың
барлық мүшелерінің өзара көмекке дайын болуы, нақты педагогикалық міндеттерді
шешуде қызметтерді анық бөлу, түзету және білім беру процесінде барлық команда
мүшелерінің тең дәрежеде қатысуы, өзінің және ортақ жұмыстың нәтижесіне
жауапкешілік болып табылады.
Тәжірибеде үйде оқыту бойынша оқу-тәрбие жұмысын
үйлестіру үшін білім беру ұйымымен жергілікті актілер, мысалы, «Үйде жеке тегін
оқытуды ұйымдастыру туралы Ереже» (бұдан әрі - Ереже) әзірленеді. Ереже үйде
оқыту процесін ұйымдастыру тәртібін, процесс қатысушыларының қызметтері мен
міндеттерін және оқыту үшін басқа да жағдайларды анықтайды.
Үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру,
сондай-ақ білім беру процесіне мектептің психологиялық-педагогикалық
консилиумның, балаларды үйде оқытатын мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің
қатысуын қарастырады.
Мұғалім тұлғасы, оның адамгершілік қасиеттері және
оқушыға қарымқатынасы баланың табысты бейімделуі мен оқуының негізгі факторы
болып табылатыны белгілі.
Мұғалім оқушы
үшін жақын адам мәртебесіне ие болады. Себебі, кейде ата-ана мен туыстарға
қарағанда артық көретін тұлға болып табылады. «Оқушы-мұғалім» жүйесі бала
өмірінде басымдыққа ие болады. Тұлғаны дамытудағы оның мәні мұғалім өз
әрекетінде қоғамның талаптарын іске асыратындықтан балаларды «бала - қоғам»
қарым-қатынасын шынайы түрде қосады. Сабақ өткізу кезінде жағымды
қарым-қатынасты қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін баланың қуаныштары мен
өкініштеріне ортақтасып, сеніміне ие болу керек.
Мұғалім әрекетінің негізгі нәтижесі, ең алдымен,
табысты жағдайды жасау және оны бекіту, оқушыда жағымды өзін өзі бағалауын
қалыптастыру. Себебі, тіпті бір рет қана сезілген қуаныш, жетістікке жету
сезімі бала өмірінің ырғағы мен салтын өзгертіп, оны мән-мағынаға толтыруы мүмкін.
Үйде жеке оқыту мұғалімі өз оқушысын мектептегі
іс-шараларға қатыстырып, мерекелерге алып барады. Балалар қалауы бойынша және
атаанасының келісімімен қызығушылығына байланысты қосымша сабақтарға, арнайы
емдік-сауықтыру сабақтарына, мектеп оқушылары шығармашылық жұмыстарының
көрмелері мен сайыстарына қатыса алады.
Баланы бірінші рет үйде оқыта бастаған
мұғалім-педагогтар ұзақ уақыт бойы көзге көрінерлік нәтиже ала алмағандықтан
еңсесі түседі. Алайда бұндай балаға ерекше мұқият қарап, төзімді болған жөн.
Баланың оқуға деген аз болса да ынтасын мадақтап, мақтау үшін кез келген
болмашы себептерді жібермей, оқуға деген қызығушылығымен қоса, бұдан да жақсы
жасауға ұмтылысын ынталандыру қажет. Тапсырмаға жағымды қарым-қатынастың бір
түйірін де көзден таса қылмай, баланың аз, елеусіз болса да жетістіктерін атап,
жағымды бағалаған дұрыс [7].
Тәжірибе көрсеткендей, шешімі баланы үйде оқытатын
мұғалімпедагогтан тәрбиелеу мен оқытудың ерекше әдістерін, оның ішінде
мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық
білімдері, іскерліктер мен дағдыларын меңгеру және белгілі бір дайындық
деңгейін талап ететін міндеттер туындайды.
Жалпы білім беру бағдарламалары бойынша балаларды
үйде оқытатын мұғалімдерді оқу жоспарына кіретін пәндерден сағат сандары да
толғандыратын мәселе. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үйде оқытылатын
бала колледж, тіпті ЖОО-ға түсу керек болса, бірақ ата-анасының репетитор
жалдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған білім алуды жалғастыру бойынша
жоспарларын жүзеге асыру қиын болады. Мұғалімдер ҮОЖ-да пәндер бойынша бөлінген
сағаттар кәсіптік оқу мекемелеріне түсуге дайындық үшін жеткіліксіз болады деп
есептейді [8].
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» барлық орта білім беру ұйымдарында
педагог-психолог лауазымын қарастырады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарындағы педагогпсихолог
оқушылардың психологиялық және әлеуметтік қолайлы жағдайды сақтауға бағытталған
әрекетті іске асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда
психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Педагогикалық ұжымның, сонымен
қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары мақсатында
зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік
даму мәселелеріне психологиялықпедагогикалық қорытындылар жасайды. Оқушылардың
даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму
бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету
жұмыстарын жүргізеді.
Мектептегі педагог-психологтың негізгі міндеттері
мұғалімдерге, сынып жетекшілерге, мектеп әкімшілігіне үйде оқытылатын бала
мінез-құлқының қандай да бір ерекшеліктерін, оның себептерін түсіндіру; баламен
өзара әрекеттесудің белгілі бір тәсілдерін таңдауда көмек көрсету; баланың
қоғамда бейімделу динамикасын қадағалау; балада және оның ата-анасындағы,
сондайақ мұғалім мен сынып оқушыларындағы қандай да бір қиындықтарды ерте
анықтау болып табылады. Педагог-психолог мектептің психологиялықпедагогикалық
консилиум мамандарымен бірігіп өзінің психологиялық зерттеулерінің
негізінде:
− бала
дамуының белсенді деңгейін, жақын даму аймағын анықтайды;
− ерік-жігер
саласының ерекшеліктерін, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін, құрдастарымен,
ата-аналармен және басқа да ересектермен өзара әрекеттесу сипатын анықтай
ды;
− баламен
түзете-дамыту жұмысының бағытын, сипатын және мерзімін айқындайды;
− бала
оқытылатын микроортаны ізгілендіру міндеттерін қояды және шешеді;
− мұғалімге
және басқа мамандарға үйде оқытылатын баланың атаанасымен, сондай-ақ сыныптың
басқа да білім алушыларының ата-аналарымен сындарлы өзара әрекеттестікті
орнатуға көмек көрсетеді;
− мұғалімдер
мен педагогтардың, басқа да мамандардың, сондай-ақ атааналардың психологиялық
біліктілігін арттыруға ықпал етеді;
− мұғалімдер
мен педагогтарға, оқушылардың ата-аналарына және т.с.с.
консультация береді.
Біліктілік талаптары бойынша бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогы білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін
және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді, мүдделілігі мен
қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды,
уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік педагог мектептегі кез келген баланың, оның
ішінде үйде оқытылатын білім алушылардың құқықтарын сақтауды қадағалауды жүзеге
асырады, білім алушылар,
тәрбиеленушілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі
әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында
байланыс орнатады. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін
білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің)
білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар
кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен
мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат
бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын
үйлестіреді.Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және дене
мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік педагог әрекетінің маңызды
саласы – ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың ата-анасына мектеп
қауымдастығында, басқа атааналар ортасында бейімделуге көмек беру.
Сондай-ақ әлеуметтік педагог үй және
отбасы жағдайында қолайлы және кедергісіз орта жасауда, бала туралы керек
ақпаратты іздеуде мұғалімдерге, мектептің басқа мамандарына көмек бере
алады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім
беретін мектептер тәжірибесі білім беру ұйымында мұғалім-дефектолог,
мұғалім-логопед секілді арнайы
педагогтардың болуы түзете-дамыта оқыту сапасының артуына елеулі ықпал
ететінін дәлелдейді. Үйде оқытатын педагогтар командасында
мұғалімдефектологтың, логопедтің, ЕДШ нұсқаушысының болуы үйде көрсетілетін
білім беру қызметінің сапасын арттырып, баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Олар оқушылардың психикалық, дене және физиологиялық бұзылыстарын тексеруді
жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Мұғалімдермен
және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру
және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке
жұмыстарды жүзеге асырады.
Педагог қызметкерлерге, оқушылардың
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар
балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес
береді.
Үйде оқытуды ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері:
− баланы
оқытатын мұғалімдермен, ата-анасымен (заңды өкілдерімен) сабақ кестесін
келісу;
− білім
алушылармен және олардың ата-аналарымен байланысты
қамтамасыз ету;
− үлгерім
журналы мен табельді жүргізуді қадағалау;
− ата-аналарды
(заңды өкілдерді) білім беру процесіндегі барлық өзгерістер туралы уақытында
ақпараттандыру;
− білім
беру процесі үшін салдары бар қиындықтар туралы мектеп әкімшілігін уақытында
ақпараттандыру.
Мектеп
әкімшілігі келесі мәселелерді шешеді:
− білім
беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер негізінде үйде жеке тегін
оқыту туралы ереже, жеке оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жұмыс бағдарламалары
және басқа жергілікті актілерді дайындау;
− оқу
жоспары мен бағдарламаларын, жеке оқыту әдістемесін орындауды, білім
алушылардың аттестациясын, құжаттарды жүргізу және рәсімдеуді тоқсанда,
жартыжылдықта бір реттен кем емес қадағалау;
− үйдегі
сабақтардың уақытында өткізілуін, үйде оқытылатын балаларды есепке алу журналын
жүргізуді қадағалау;
− үйдегі
оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер мен мамандарды уақытылы
таңдау;
− үйде
оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдерді уақытында қабылдау.
Баланы үйде оқыту – отбасыдағы психологиялық ахуал,
ата-аналардың педагогпен әрекеттесуге құлшынысы өте маңызды болып табылатын
көпаспектілі процесс. Отбасының тәрбиелік рөлі ерекше зор, себебі бұл топтағы
балалардың байланыс орнату мүмкіндіктері біршама шектелген. Балаларды оқыту мен
оңалту процесіне отбасы мүшелерін қосу үшін оларға психологиялық-педагогикалық
біліктілігін арттыруда көмек көрсету қажет. Отбасыға барып жүрген педагог
ондағы тәрбиенің басым түрін анықтай алуы керек. Отбасылық психология мен
педагогика саласындағы мамандар отбасылық тәрбиенің келесі түрлерін бөледі [9]:
− құптаушылық
гиперпротекция, отбасының бар назары балада болады. отбасы мүшелері оның барлық
қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ұмтылады. Шектен тыс қамқорлықтан
ата-анасы баланың бастамашылдығын шектейді. Сонымен қоса олар баланың болмашы
жетістіктеріне, табысына қуанады. Сол кезде бала да өз өзін жоғары бағалай
бастайды. Балада ересектердің назарына, олардың құптауына жоғары құштарлық
пайда болады. Сондай-ақ назардың жоғары болғанының салдарынан баланың өзін өзі
бағалауы тым артып, ол ары қарай әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында
расталмайды. Балаға қарым-қатынастың бұлай өзгеруін дұрыс бағалай алмайды және
жаңа жағдайға агрессиямен немесе апатиямен, бірнәрсені жасаудан бастарту немесе
невротикалық реакциялармен жауап береді.
− басымдық
гиперпротекция, ата-анасы балаға көп күш пен уақытты жұмсағанымен оған көптеген
шектеулер мен тыйымдар қояды. Нәтижесінде баланың бағыныштылық, тәуелділік,
дербестіктің болмауы сияқты тұлғалық қасиеттері дамиды;
− эмоционалдық
шеттету ата-анасы баланың тағдырына немқұрайлы қарағанда болады. Немқұрайлық
немесе антипатия үнемі тікелей қатыгездік түрінде болмайды, бірақ ол балада
эмоционалдық жетілмеушілік пен агрессияны туындатып психикасына зиянды әсер
етеді. Бала мен ата-ана арасындағы махаббат, өз қадірін сезіну сияқты
құндылықтарға ата-анасының немқұрайлы қарауы баланың жекелігін, мінезінің
өзіндік ерекшеліктерін қабылдамауын күшейте түседі. Бұндай ата-аналар өз
баласының жетілмегендігінен ұялып, адамдардан жасырады, баламен бірге қоғамдық
орындарға бармайды. Ол бала дамуының қайтадан тежелуі мен бұзылуына соқтырады
және бала мен қоғам арасында еңсерілмейтін алшақтық пайда болады;
− ата-ананың
жоғары моральды жауапкершілігі баланың эмоционалды қажеттіліктеріне назар аудармай,
балаға жоғары талаптар қоюда көрініс табады. Баланың жетілмегендігін
қабылдамай, ата-анасы оның кемістіктерін байқамай, мүмкіндіктерін асыра
бағалайды. Бұндай жағдай балада невротикалық, үрейлікүмәнданғыш күйлердің пайда
болуына әкеледі;
− гипопротекция
(гипоқамқорлық) бала өз бетімен қалып, ата-анасы онымен қызықпаған,
қадағаламаған жағдайда болады. ата-анасы баланың қажеттіліктерін, ең алдымен
көңіл бөлуге, жетекшілік, қорғаудағы мұқтаждығын дұрыс бағалай алмайды.
Осылайша, гипоқамқорлық жағдайында тәрбиеленіп жатқан балаға отбасы тарапынан
уақытында көмек пен қолдау көрсетілмегендіктен, оның қоршаған ортамен өзара
әрекеттестігі бұрмаланады. Ал бұндай жағдай дамуында бұзылыстары бар балаларда
дамудың одан сайын артта қалып, сәйкес емес реакциялардың туындауына әкеліп
соқтырады. Соған қарамастан ата-аналар балаларының барлық қиындықтарын мектеп
шешу керек деп ойлайды.
Мектепте жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірінше,
мүмкіндігі шектеулі (оның ішінде зерде дамуында бұзылыстары бар) балаларды тәрбиелейтін
отбасылардың көбісінде белгілі бір сипаттамалар бар [7]:
− ата-аналар
жүйке-психикалық және дене жүктемесін, шаршау, күш түсу, үрей мен бала
болашағына қатысты сенімсіздікті сезінеді;
− бала
дамуының нәтижесі, мінез-құлқы ата-аналары күткендей болмағандықтан, олар
ашушаңдық, күйініш, қанағатсыздықты сезінеді;
− отбасы
ішіндегі қарым-қатынастар (ерлі зайыптылар, басқа балалар арасындағы
қарым-қатынас) бұзылалады және өзгереді;
− отбасыдан
тыс қызметтер (таныстар қатарының шектелуі, үйреншікті өмір салтының өзгеруі,
бір отбасы мүшесінің жұмыстан шығуға мәжбүр болуы) бұзылуының салдарынан
отбасының әлеуметтік мәртебесі төмендейді;
− дамуында
бұзылыстары бар баланы, оны тәрбиелеу мен емдеудегі отбасының күш-жігерін теріс бағалайтын
қоғамдық пікір отбасылық ахуалға «залалды» әсер етеді.
Сол мезетте ата-аналар өз балаларының дамуына
арналған қолайлы жағдайлар жасау үшін көп күш жұмсайды. Дегенмен, көбінесе
олардың нәтижелі оқыту әдістері туралы білімі аз, кейде тіпті өз баласының
психологиялық-физиологиялық жағдайын түсінбейді, оған қалай көмектесерін,
ересек өмірге қалай дайындайтынын білмейді. Сондықтан педагог баланы оқытумен
қатар, оның ата-аналарын да түзету тәсілдеріне үйретеді, даму ерекшеліктері
туралы айтады, өз оқушысының аз да болса жетістіктеріне назарын аударады.
Психологиялық жарақаттық жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарға өте әдепті
және ұқыпты қарап, өз тарапынан отбасыдағы татулықты нығайтуға тырысу керек.
Осындай «жылы» қарым-қатынас отбасындағы қалыпты психологиялық ахуалға ықпал
етеді. Ал ата-аналардың хал-жағдайындағы кез келген ауытқушылықтар міндетті
түрде баланың мінезқұлқынан көрініс табады.
Тәжірибеде жұмыс істейтіндер үйде
оқыту мен тәрбиелеу процесіне қосылу үшін баланың ата-анасы мен туыстарына
дефектолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы мен психологтың білікті консультациясы
талап етіледі деп санайды. Логопед тыныс алуды, ұсақ моториканы, артикуляциялық
аппаратты дамытуға ойын жаттығуларын көрсетеді; ЕДШ нұсқаушысы буындарды қалай
дамыту, бұлшықеттерді нығайту керектігін, дұрыс отыру, тұру, ата-аналар үйде
қолдана алатын емдік уқалау жасау мен бейінді дене шынықтыру тәсілдерін
үйретеді. Мысалы, ата-аналарды ерін мен тілді өзіндік уқалау техникасымен
таныстырған логопед сөйлеу тілін меңгеруде баланың жетістіктері, көбінесе, оның
туғандарының білім беру процесіне қаншалықты қосылғанына, мектеп командасының
толыққанды мүшесі ретінде сезінгеніне байланысты деп есептейді. Маман тек
дыбыстарды қояды, ал оны үнемі бекіту керек. Егер анасы шыдамдылық танытып үйде
сабақтарды бекітуге уақыт тапса, демалыстан оқуға шыққан бала өз үйренгенін
ұмытпайды және педагогқа бәрін басынан бастаудың қажеті жоқ болады.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық
біліктілігін арттыру мақсатында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналар үшін тақырыптық лекторийлерді
өткізу ұсынылады. Мысалы, олар: «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда
ата-ананың рөлі», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас және баланың адамгершілік
тәрбиесі», «үйде оқытылатын баланы оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»,
«Баланың тілін дамыту және бос уақытын ұйымдастыру»,
«Бала өмірінің қауіпсіздік негіздері»
және т.с.с.
1.5 Үйде оқытуды ұйымдастыру
ерекшеліктері
Ғалымдар, әлеуметтік педагогтар, балалар психологы,
балаларды үйде оқытатын пән мұғалімдері баланың ұзақ уақыт бойы үйде оқытылуы
оның қоғамнан шеттетілуіне, депривациясына, баланың патологиялық тұйықталуына,
басқа адамдармен сөйлесуден қашу мен қорқуға алып келеді деп пайымдайды
[10,11].
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру оларда
тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтармен, ондай
қарымқатынастың аз нәтижелілігімен, сәйкес емес өзін өзі бағалаумен байланысты
үнемі табысты болмайды. Егер бала үйде оқытылатын болса, құрдастар ортасынан
айырылған балада әлеуметтік маңызды білім, іскерлік, қасиеттерді игеру үшін
қолайлы жағдайлар азырақ болады. Үйде оқытылатын балалармен жұмыс жасайтын
жалпы білім беру мектебінің мұғалім педагогтарының айтуы бойынша «… біз үйде
оқыту формасындағы мүгедек балаларда танымдық қажеттілік қаншалықты жоғары,
олар үшін кейде, аптасына бір рет болса да сынып, сабақ жағдайында болу
қаншалықты маңызды екенін, оны қаншалықты бағалайтынын көреміз. Алдында
балаларға деген қызығушылығы бар ересек адам болып, басқа балалармен оқу
жағдайының өзінде үлкен терапиялық әлеует бар ...» [10]. Үйде оқитын балалардың
ата-аналары да педагогтардың пікіріне қосылып отыр. Олар сабақтарды тек қана
үйде өткізген жағдайда, балаларда әлеуметтік мүгедектікті қоздыру сияқты кері
салдары болады деп алаңдаушылық білдіруде. Ата-аналардың айтуынша «мектеп бізге
бәрін береді: сөйлесу дағдыларын, тәртіп, ереже, міндеттер нормаларын және
т.с.с. Біз үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналары кейде болса да мектепке
баруға рұқсат беруін сұраймыз!!!». Р. Валленберг атындағы арнайы педагогика мен
психология институты (Санкт-Петербург) ғалымдарының сал ауруы бар балалар мен
жасөспірімдерді үйде қашықтықтан оқытуда өзіне және айналадағыларға
қарым-қатынасын зерттеу қоршаған адамдармен қажетті және жеткілікті мөлшерде
қарым-қатынасқа түскен балаларда мектепке және сыныпқа жағымды көзқарасы басым
болатынын көрсетті. 4-кестеде «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша эмпирикалық
зерттеудің нәтижелері берілген [11]:
4-кесте.
Пікірдің мысалдары.Негізгі (НТ 1) және бақылау (БТ 1) топтарындағы бастауыш
мектеп жасындағы балалардың «Құрдастарға қарым-қатынас» және «Мұғалімдер мен
мектепке қарым-қатынас» шкаласы
Зерттелетін топтар
НТ1
БТ1
Құрдастарға қарым-қатынас
Мұғалімдер мен мектепке қарымқатынас
Бастауыш
сынып оқушыларының пікірі
Мектептегі
балалар арасында және хорда боламыз. Санаториядағы балалар арасында боламыз.
Мен ойнайтын балалар мейірімді. Мен ойнайтын балалар да менімен қашықтан
оқиды. Менің достарым маған телефонмен жиі хабарласады.
Менің
достарым мені мектепте жиі күтеді. Анаммен балалар арасында сирек боламыз.
Менімен
ойнайтын балалар кейде қонаққа келеді. Ауруханада, санаторияда балалар
арасында боламыз.
Мен
ойнайтын балалар нашар сөйлейді, олармен қиын. Менің достарым менімен бірге
болғылары келмейді, түсінбейді. Мен мектепке қайтып барғанда менің достарым
болады.
Менің
мұғалімім мені мақтайды. Мектеп болмаса мен оқу мен санауды үйрене алмайтын
едім. Мен мектепті ойлағанда, сонда барғым келеді. Мектеп туралы ойлаған
кезде, тезірек сонда барғым келеді. Мектеп туралы ойлағанда менің досым келе
ма немесе тағы да ауырып қала ма деп уайымдаймын. Менің мұғалімім мені жақсы
оқытады. Мұғалімім менің басқа балалармен сабаққа барғанымды қалайды.
Менің
мұғалімім маған жиі келмей қалады. Мұғалімім мейірімді, бағалар үшін ешкім
көңілін түсірмегенін қалайды. Менің мұғалімім мені үйде оқытады. Мектеп
болмаса маған ешкім келмейтін еді. Егер мектеп болмаса, мен қуанатын едім.
Мектеп туралы ойласам, онда баруға қорқамын. Мектеп туралы ойлаған кезде,
онда не істейтінін білмеймін. Мектеп туралы ойлаған кезде, онда көп әр түрлі
балалар бар екенін білемін.
Бұндай мысалдар көп, «... Полина анасы
Анастасиямен үйде оқытылып жатқанына бес жыл болды. 12 жастағы қыз жүру
арбасымен қозғалады және сүйемелдеуді қажет етеді. Бірақ ол көшеде, аулада,
қонақта құрдастармен сөйлесетін мүмкіндікті жібермеуге тырысады. Сондықтан
тезірек сауығып мектепке баруды армандайтыны сөзсіз...» [8].
Қарағанды қаласы ТҚАЗ балаларға арналған облыстық
мектеп-интернат директорының орынбасары Наукенова Қарлығаның айтуынша,
құрдастарымен қарым-қатынас бала өмірінің өте маңызды бөлігі. Сөйлесу, достық,
өзара көмек және коммуникацияның басқа да түрлері сияқты бала өміріндегі
негізгі дүниелерді мектептен басқа қай жерде тани алады? Үйде оқитын балаларда
бұл мүмкіндік жоқ болғандықтан, кейде мамандар оларды сыныптағы сабақтарға
қатыстырады. Бұл кезде ата-аналар өз балаларын қолдайтын тұлғалар және
тьюторлар ретінде жүреді. Мектеп те баланы оқуға ынталандырады. Себебі, өз
жетістігін құрдастарының жетістігімен салыстыру мүмкіндігінен айырылғандықтан
бала жетістікке деген ұмтылысын жоғалтады [8]
.
Баланың жалпы дамуында әлеуметтік бейімделудің
маңызын ескере отырып, үйде оқытылатын балалар мен олардың ата-аналарын
қатыстырып әр түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылады.
Осылайша, үйде оқыту мәселесі бойынша шетелдік және
отандық ғылыми зерттеулерді, денсаулық сақтау мен білім, халықты әлеуметтік
қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау, сондай-ақ үйде
оқытылатын білім алушылары бар жалпы білім беретін және арнайы мектептердің
педагогикалық ұжымының тәжірибесін зерделеу үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша
бірқатар әдістемелік ұсынымдарды бөлуге мүмкіндік берді.
1.6 Үйде оқытуды ұйымдастыру
бойынша жалпы
әдістемелік
ұсынымдар
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде
оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін ұсынылады:
1)
үйде оқыту процесін ұйымдастыруды нормативті
құжаттармен, сондайақ жергілікті қолдану үшін әзірлеу мен енгізуді қарастыратын
ішкі актілермен қолдау. Кеңінен қолданылатын ішкі актілер:
−
үйде
жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы ереже;
−
үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары;
−
жеке оқу жұмыс бағдарламалары;
−
жеке оқыту кестесі;
−
жеке оқытудың үлгерім
журналы және басқалары.
2)
үйде оқыту бойынша мектеп командасының әрбір
мүшесінің, оның ішінде ұйым басшысы мен оның орынбасарлары, мектептің
психологиялықпедагогикалық консилиум төрағасы мен мүшелері, пән мұғалімдері,
әлеуметтік және арнайы педагогтар, педагог-психолог, мектеп ата-аналары
комитетінің өкілі мен басқа да жұмыскерлердің қызметін нақты айқындау;
3)
білім алушыларды үйде оқытатын пән мұғалімдері
мен педагогтардың әдістемелік бірлестігін құру. Педагогтардың әдістемелік
бірлестігі үйде оқыту бойынша оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіріп қана қоймай,
сондай-ақ үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуде
және талқылауда, үйде оқытылатын білім алушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін есепке ала отырып оқу бағадарламаларын жекелендіру,
мұғалімдердің тәжірибесін жинақтап таратуда тиімді механизм болып табылады;
4)
сабақтарда оқытудың аралас әдістерін қолдану.
Сабақтағы білім беру процесін негізгі дидактикалық қағидаларды, оның ішінде
бала дамуының қажетті жағдайы ретіндегі оқытудың түзетуге бағыттылығы қағидасын
сақтай отырып көрнекі-әрекеттік негізде ұйымдастыру керек. Әр сабақта баланың
қабылдауы, сөйлеу тілі мен қарым-қатынасы, ойлау, есте сақтау, эмоциялар, ынта
және басқа да психологиялық-физиологиялық дамуына ықпал ететін
заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру қажет.
5)
оқу материалын бөлшектеп, кезеңмен оқыту және
оны талдамалысинтетикалық жолдармен көрсету, әрбір элементті талдау және біртұтас
қабылдауды қамтамасыз ету; оқушылардың бұрын меңгерген практикалық тәжірибесіне
сүйену; сақталған шынайы байланыстарды тұрақты пайдалану; себеп-салдарлық
байланыстар мен заңдылықтарды анықтауға аса назар аудару; қысқа, әрі қарапайым
ережелер мен тұжырымдарды шығаруда бастысын бөле білу; оқу материалын меңгеру
мен қайталау үшін практикалық жаттығулардың жеткілікті саны; материалды оқу мен
бекітуде заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру; оқытылатын материалды әр
түрлі жаттығуларға қосу; көрнекілік материалдарды тиімді пайдалану; өзіндік
орындауға арналған күрделілігі әр түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды қосу;
6)
мектеп кітапханасы, мерзімдік басылымдар,
лабороториялар мен оқу құрал-жабдықтары сияқты мектептің білім беру қорларына
қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7)
үйдегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жүйелі
түрде бақылау;
8)
арнайы педагогтар, ата-анасы немесе жақындарының
қолдауымен қолайлы оқу-тәрбиелік ортаны жасай отырып оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың әр түрлі жағдайларын үйлестіру мектеп жасындағы оқушылардың
танымдық әрекетін белсендіруде сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстың рөлі жоғары
екендігі белгілі. Сондықтан үйде оқытылатын білім алушыларды сыныптан тыс,
үйірмелік және басқа жұмыстарға тарту, мектептегі іс-шараларға қатысудың
мүмкіндігі баланың жалпы дамуында, сонымен қоса қоғамда әлеуметтенуінде жағымды
динамиканың бастамасы бола алады;
9)
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
(бұдан әрі - АКТ) заманауи мүмкіндіктерін пайдалану. Көптеген елдерде ұзақ
уақыт бойы білім беру ұйымына бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытудың тиімді және қолжетімді түрі қашықтықтан үйде оқыту болып табылады.
Ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың, сонымен қоса смартфондар,
программаланатын және механикалық lego- құрылымдардың заманауи мүмкіндіктерін
сауатты және мақсатты-практикалық қолдану оқыту процесін, оның ішінде үй
жағдайындағы оқуды тек арнайы лабороторияларда мүмкін болатын оқу-зерттеушілік
процеске айналдырады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқытудың
АКТ-құралдарын қолданудың эргономикалық және денсаулық сақтау нормаларын қатаң
қадағалау талап етіледі. Үйде оқытуда АКТ қолдану балаларда өзіндік оқу мен
зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыруға елеулі ықпал етеді. Соңғы жылдары
жүргізілген үйде оқытылатын балалардың әлеуметтену мәселесін зерттейтін арнайы
ғылыми зерттеулердің нәтижесі қашықтықтан үйде оқытудың дәстүрлі үйде оқытумен
салыстырғанда өзіне және айналадағыларға жағымды қарымқатынасты қалыптастыруда
тиімді болатынын көрсетті. Үйде оқытылатын балалар интернет-сайыстарға қатысып,
мысалы экологиялық мәселелер бойынша, жеңіп жатқан мысалдар тәжірибеде бар
[12]. Мүмкін виртуалды сөйлесу құрдастармен шынайы сөйлесуден кем түсетін
шығар, бірақ мүгедек балалардағы әлеуметтік құзыреттерді қиындықсыз дамытуға
елеулі ықпал ететіні айғақ;
10)
үйде оқытылатын балалардың ата-аналарымен (заңды
өкілдермен, жақындармен) мақсатты ағартушылық жұмыс жүргізу. Мектеп педагогпсихологы,
әлеуметтік педагогы оқыту семинарлары, тренингтер, ата-аналар клубы,
ата-аналарға арналған мектеп және басқа да алдын алу, ағартушылық ісшараларды
ұйымдастыра алады;
11)
тәжірибені зерделеу, яғни үйде оқытуды жүзеге
асыратын басқа білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу, арнайы білім беру
ұйымдарына бару, арнайы педагогтардың тәжірибесін зерделеу. ҚР БҒМ Түзеу
педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығымен ұйымдастырылған ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды оқыту бойынша қысқамерзімді курстар, тағылымдамалар да жалпы білім
беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін арттыруға ықпал ете
алады.
2.«Тіл және әдебиет»
білім саласының оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері
Түсінік хат
Білім беру іс-әрекетінің негізгі
бағыттары:
1)
балалардың денсаулығын қорғауға қолдау жасау;
2)
білім алушылардың салауатты өмір салтының
негізін жасау;
3)
білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктерін
ескере отырып жалпы білім беруді қамтамасыз ету ;
4)оқушылардың біліктілігін көтеру.
Білім беру бағдарламасында баланың жеке басы бойынша
мақсатты бағыттар:
1)
балаға әлеуметтік-педагогикалық қиындықтарды
жеңуге көмек беру;
2)
дамуы мен тәртібінде орын алған ауытқушылықты
түзету;
3)
баланың жеке басының оң адамгершілік бастамаларына қолдау жасау;
4)
ұжымда сыныптастарымен әлеуметтік және ұжымдық
қарым-
қатынасқа бейімдеу;
5)әлеуметтік сауықтыру, ортамен қарым-қатынасын орнату.
Баланың дамуы және жеке
тұлға болып қалыптасуы үлкендермен
қарымқатынаста ғана емес негізгі іс-әрекет процесі білім алу барысында қалыптасады. Балаға
арнайы жасалған жағдайда оның дамуына зор мүмкіндіктер туады. Оқу -
тәрбие процесін ұйымдастырудың
негізгі формасы түзете-дамыту
қағидатына сәйкес құрылған сабақ болып
табылады. Сабақтың дәстүрлі емес формалары кең қолданылады: рольдік ойындар, кестемен жұмыс, дидактикалық
ойындар және өзіндік пәндік-практикалық жұмыстар,
тапсырмалар т.б.
Түзету-дамыту жұмыстарын табысты жүзеге асыру үшін:
1. Әр баланың жүрегіне оптимистік болжам бойынша жол таба білу (балаға сенім арту): Әр балаға барлығын
да үйретуге болады. Әрине, ол үшін
белгілі бір уақыт және мұғалім тарапынан да оқушы тарапынан да күш-жігер қажет,
бірақ педагог әр оқушының нәтижеге жету
мүмкіндігіне еш күмән келтірмеуі қажет.
2.Оң нәтижеге «табыстан
табысқа» жолы арқылы жетуге болады.
Бала өзінің табысын үнемі сезініп отыруы үлкен табыс болып саналады. Бұл баланың мүмкіндік деңгейіне қарай мұғалім
ұсынатын тапсырмалар сәйкес келгенде ғана болады. Білім алу процесінде осыны
ескерген мұғалім олардың табысты болуына мүмкіндік жасай алады. Оқушы жұмысын
бағалау барысында тағы да бір ескеретін жайт баланың қолы жеткен жұмысына назар
аударып , содан кейін жұмысты нақты жетілдіру жағына ұсыныстар беру керек.
3.Сабақта тілектестік
қарым-қатынас ортасын құру. Оң эмоционалдық жағдайда ғана даму болатыны
психологтермен дәлелденген. Бала өз күшіне сенсе және мұғалімнің сөзіндегі оған
деген сенімділік жылдам табысқа жеткізеді.
Педагог баланың әрбір берген дұрыс
жауабын, шамалы табыстарын мақтауға сараң болмауы қажет.
4.Әр оқушының
жұмыс жасау қарқыны оның жеке мүмкіндігіне байланысты болады. Егер оқушы үнемі
«тез, жылдам, сен тағы соңында қалдың» деген сөздерді ести берсе оқушы жұмысты
одан сайын жай жасайды немесе жылдам жасаймын деп сапасыз жасайтын болады.
Бәрінен дұрысы "аз болса да жақсы болсын» ұстанымды іске асыру.
6.Әр оқушының алға жылуын қадағалап отыру қажет.
Қазіргі уақытта қай «нүктеде» тұр, болашақтағы дамуы қалай болады соны білу
қажет. Ол үшін мұғалім оқушының нені өз бетімен, нені мұғалімнің көмегімен
орындай алатынын нақты білуі қажет.
7.Білім беруде диагностикалау процесінде шығарылған
оқушы дамуының «мықты» жағына сүйеніп отыру қажет.
Жалпы білім беретін бейімделген бағдарлама бойынша
денсаулығына байланысты уақытша
немесе үнемі білім беру ұйымдарына
бара алмайтын білім алушыларды үйде оқыту ерекшеліктеріне арналған оқу бағдарламасы анықтайды:
1)
оқу бағдарламасында 5-11 сыныптардағы апталық
саны 5-сыныпта – 32 сағат, 6-сыныпта – 33 сағат, 7-сыныпта – 34 сағат,
8-сыныпта – 36 сағат, 9сыныпта – 38
сағат, 10-сыныпта – 39 сағат, 11-сыныпта – 39 сағат көлеміндегі сағат есебіне
сәйкес саралап оқыту қағидатына орай оқу жүктемесін қайтадан бөліп, оқу
бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді (5-кесте):
5-кесте
Сынып
Сағат саны
5 -сынып
16
6 -сынып
16,5
7 -сынып
17
8 -сынып
18
9 -сынып
19
2)
үйде оқыту барысында мемлекеттік стандартты
орындау үшін жекелеген модульдерді, оқу бағдарламасының бөлімдері мен
тақырыптарын оқуға бөлінген сағат сандарын азайтып, мектептің мүмкіндігіне
қарай , мақсатты түрде білім алушының
жеке психофизикалық ерекшеліктері, білім алуға деген сұраныстары мен медициналық көрсеткіштері және дайындық
деңгейлері ескеріле отырып білім ұйымдары өздері бекіткен оқу курстары
әзірленеді;.
-
әрбір оқу пәнінің мазмұнын іске асыру мен оған
бөлінген оқу уақытының көлемі қолданыстағы білім мазмұны бойынша жасалған
бағдарламаға сәйкес анықталады;
-оқу пәндері көлемі қысқарған, оқуға
бейімделген қолданыстағы, қолданыстағы
бағдарламаларға сәйкес оқытылады;
-оқу материалын қысқарту оқу пәнінің бағдарламасымен
тәртіптеледі;
-
оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында
бірізділік жүйесі, сабақтастық принципі сақталып жасалған.
Негізгі орта білім беретін үйде оқудың бейімделген бағдарламалары
6-кесте.
«Қазақ тілі» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау үлгісі, 5-сынып, апталық жүктемесі 0,5 сағат
№
Бөлімдері
Ұсынылатын базалық білім мазмұны
Сағат саны
1
«Сөздің тура және ауыспалы
мағынасы».
Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы.
Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты
болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы
мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары
болып табылатындығы
1
2
Сөздердің мағыналық топтары.
Омонимдер.Синонимдер.
Антонимдер.
Омоним
сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Синонимдердің
тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар,
ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай
талғап, саралап қолданудың мәні. Антонимдердің жұпталған қарсы мәндес
сөздерден тұратындығы. Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің
оңтайлы құралы екендігі.
2
3
Фразеологизмдер
(тұрақты тіркестер)
Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі не
одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы
сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің
бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы
2
4
5
6
Сөздік қор және сөздік
құрам
Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік қор және сөздік
құрам жөнінде түсінік. Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, өзгеріп
отыратындығы. Қазақ тілінің сөздік құрамы байырғы сөздер, кірме сөздер, жаңа
сөздер, термин сөздер, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздерден
тұратындығы.
2
Көнерген сөздер мен жаңа
сөздер. Жаңа сөздердің жасалуы.
Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер
болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік атауларға, ал
архаизмдердің халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға қатыстылығы. Жаңа
сөздердің тууының себептері. Қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай
жаңа сөздердің пайда болуы.
1
Диалект сөздер. Кәсіби
Диалектінің аймақтық ерекшеліктермен
2
7
сөздер және терминдер.
Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы.
байланысы.. Диалект сөздердің қолданылу өрісі.
Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке байланысты
қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Терминнің
қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі. Терминдердің жасалу
жолдары.
Фонетика. Қазақ әліпбиі
Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Тіл дыбыстары
туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары; Қазақ әліпбиінің құрамы
және әріптер ретін білудің мәні. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, емлесі.
2
8
Үндестік заңы.
Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингармонизм
заңының қазақ тілінің халықтық сипатын танытатындығы.
2
9
Ілгерінді ықпал. Кейінді
ықпал. Тоғыспалы ықпал.
Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары.
1
10
Сөзжасам
Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен
жасалатындығы. Жұрнақ арқылы, мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы
жасалуы.
1
7-кесте.
«Қазақ тілі» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау үлгісі, 6-сынып, апталық жүктемесі 0,5 сағат
№
Бөлімдері
Ұсынылатын базалық білім мазмұны
Сағат саны
1
Сөз
құрамы
Түбір мен
қосымша. Сөз тұлғасы. Дара және күрделі сөздер. Күрделі сөздердің түрлері.
Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер: анықтамасы, жасалу жолдары.
Негізгі түбір және туынды түбір. Бірігетін сөз
таптары және олардың жазылуы, емлесі. Қос сөздердің қайталама қос сөздер және
қосарлама қос сөздер болып бөлінуі.
2
2
Сөздің топтары.
Атауыш сөздер. Көмекші
сөздер, Одағай сөздер
Қазақ тіліндегі
сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі жағынан негізгі (атауыш)
сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке бөлінетіндігі;
2
3
Зат есім.
Зат есімдердің түрлері. Дара және күрделі зат
есімдер. Зат есімнің сұрақтары, зат есім болатын сөздердің мағыналары.
2
4
Сын есім.
Сапалық сын есімдер
Қатыстық сын есімдер.
Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің
сұраулары; Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық қасиеттер (түсі, дәмі,
көркі, көлемі және т.б.). Олардың негізінен түбір сын есім болатындығы;
Қатыстық сын есімдердің басқа сөз таптарының қатысуымен
2
5
6
7
жұрнақтар арқылы жасалуы.
Сан есім.
Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін
сөз табы екендігі. Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер.
2
Есімдік.
Сөз табының есімдік деп аталу себебі. Есімдіктің зат,
сын, сан есімдердің орнына жүретіндігі, қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөз
табының сұрағына жауап беретіндігі.
Есімдіктердің кейде орынбасар сөздер аталуы;
2
Етістік. Болымды және болымсыз етістіктер. Салт және
сабақты етістіктер.
Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер
етістік деп аталатындығы. Етістіктің тұлғасына қарай негізгі, туынды етістік
болып бөлінетіндігі. Көмекші етістік. Етістіктің сұраулары. Болымсыз,
сабақты, салт етістіктердің жасалу
жолдары.
1
8
Етістер. Көсемше.
Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшелейтін
сипаттары. Көсемше етістіктің ерекше түрі екендігі.
Көсемшенің жасалу жолдары.
1
9
Үстеудің емлесі.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
1
10
Еліктеуіш сөздің түрлері.
Шылау. Одағай.
Еліктеу
сөздер және бейнелеуіш сөздер. Бұл екеуінің арасындағы мағыналық жақындықтар
мен айырмашылықтар; Шылаудың өз алдында сөз табы екендігі. Шылаудың
көмекшілік сипаты және басқа көмекші сөздерден айырмашылығы мен ұқсастығы,
жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру.
Шылаудың түрлері: Жалғаулық шылау.
Септеулік шылау. Демеулік шылау. Одағайлардың басқа
сөз таптары сияқты мағына жағынан ешбір ұғымды
1,5
8-кесте. «Қазақ әдебиеті»
пәнінен білім мазмұнын жоспарлау үлгісі,
5-сынып,
апталық жүктемесі 0,5 сағат
№
Бөлімдері
Ұсынылатын
базалық білім мазмұны
Сағат саны
1
Халық ауыз әдебиеті.
Тұрмыс-салт жырлары
Олардың түрлері, ерекшелігі. Жанжануарларға және Наурызға
байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы малшылық кәсіпке ықылас пен
сүйіспеншілік, еңбекті дәріптеу, төрт түлік туралы.
1)
2
2
Мақал-мәтелдер.
Қанатты, нақыл сөздер
Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері.
Адамгершілік, ерлік, өнер, білім
2
тақырыбындағы мақал-мәтелдер. Қанатты, нақыл
сөздердіңел аузынан, жазба әдеби шығармалардан және баспасөз беттерінен
жиналуы.
3
Жұмбақтар мен жаңылтпаштар
Олардың мәні.
Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін өзіндік ерекшеліктері. Жұмбақтардың
жеке үлгілерімен таныстыру.
2
4
Ертегілер
«Ер
Төстік» ертегісі Ертегінің жанрлық ерекшелігі. Ертегілерден
көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы.
1
5
А.Байтұрсынұлы Мысал
өлеңдер «Өгіз бен бақа»,
«Егіннің бастары»
Мысал жанрының ерекшелігі, тәрбиелік мәні.
1
6
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі.
«Өзен» өлеңі
қазақ әдебиетіндегі пейзаждық лириканың алғашқыларының бірі екендігі.
Өлеңдегі сөзбен салынған өзен суреті.
1
1
7
Абай
Құнанбайұлы «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба»
Абайдың өмірі мен
шығармашылығы туралы. «Қыс» өлеңіндегі
табиғат көріністерінің адам кейпінде бейнеленуі. «Ғылым таппай мақтанба»
өлеңінің тағылымдық-тәрбиелік мәні, дидактикалық сипаты.
1)
1
8
«Мағжан Жұмабаев.
«Сағындым»,
Өлеңінің мәні мен мазмұны. «Сағындым» өлеңін
мәнерлеп оқу. Ақынның туған жерге, еліне деген сағынышын ауызша мазмұндап
айту.
Ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілік
сезімі. Өлең мазмұнындағы отаншылдық рух. «Сен құрметте оны, қарағым»өлеңі
арқылы ақынның кейінгі ұрпақты соғысардагеріне құрмет көрсетуге шақыруы.
1
10
Бауыржан Момышұлы.
«Жауынгердің
тұлғасы» («Қанмен жазылған кітаптан» үзінді)»
Жазушының
өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Үзіндіде суреттелген
соғыс кезіндегі жауынгерлердің табандылығы, батырлығы
Ақынның
оқу-ағарту, ғылым, әдебиет саласындағы орны. «Ақын ініме» өлеңіндегі ақынға
қойылатын талап пен оның халық алдындағы парызы жөнінде айтылуы. Өлеңде
айтылған ақынның өзекті ойы.
Әңгіменің кейіпкер
атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі
1
(әңгіме)»
11-кесте.
«Қазақ тілі» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау,
оқыту орыс тілінде 5-сынып , аптасына -0,5 сағат
№
Бөлімдері
Ұсынылатын базалық білім мазмұны
Сағат саны
1
«Біз үйде бір-бірімізге
көмектесеміз»
оқылым: отбасы мүшелеріне қатысты мәтіндегі сөздерді
лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; айтылым:
өз отбасы мүшелері туралы баяндау;
2
2
«Абай бол!»
1)тілдік
бөлім: Дауысты дыбыстар. Лексика:
аралайды, жол апаты, тұрады, жүк машинасы, Не керегі бар? рөлге отыру;
2
3
«Жексенбі: қайда
және
қалай?»
1) тілдік бөлім: Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар.
Лексика: кеш тұрамын, асықпай, себеп, кейде,
кездесу, өнерлі,
шаршау/шаршамау;
2
4
«Мен киімдерді реттеймін»»
тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда
мұғалімнің
тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;
оқылым: киім атауларына қатысты мәтіндегі сөздерді
лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;
2
5
«Ас дәмді болсын!»
айтылым: өзінің сүйікті асы туралы айту;
жазылым: өзі ұнататын тағам туралы жазу;
2
6
«Денсаулыққа зиянды»
1)тілдік
бөлім: Тасымал. Лексика: жартылай дайын өнімдер, сақталу мерзімі, мерзімі
өткен, тез бұзылады, ескерту, жиі, сапа, қазы-қарта, артық салмақ;
2
7
«Біз мектепте жаңа жыл
тойлаймыз»
1)
тілдік бөлім: Сөздің мағыналық топтары. Синоним.
Лексика: шырша, сақалы, шапаны, ұзын, аппақ, сұлу, әдемі, көйлегі, шашы,
таяғы, дорбасы, сыйлықтар;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: тақырыпқа
байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің
1
2
(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну.
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді дауыс
ырғағын, сөздердің екпінін дұрыс қойып оқу;
8
«Досыма СМС
жіберемін»
1) тілдік
бөлім: Орфография.
Лексика: ұялы телефон, сыпайы сөздер. 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
оқылым: ұялы телефон, хабарлама жазу, ғаламторды пайдалану туралы мәтіндерді
оқып түсіну. жазылым: хабарлама
мәтіндерін жазу;
2
9
«Демалысты асыға
күтеміз»
1)
тілдік бөлім: Жіктік жалғауларының жекеше түрі. Лексика:
сәттілік тілеймін, сәт сапар!
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: тақырыпқа
байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің
(тапсырмасын),
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп
оқиды; айтылым: Мектеп демалыстары туралы баяндау.
1
12-кесте. «Қазақ тілі» пәнінен білім мазмұнын
жоспарлау, оқыту орыс тілінде 6-сынып ,
аптасына -0,5 сағат
№
Бөлімдері
Ұсынылатын базалық білім мазмұны
Сағат саны
1
«Менің отбасым», «Менің
анам – ең сұлу адам»
Әлеуметтік-тұрмыстық ая. 1) тілдік бөлім: Жіктік
жалғауы: жекеше, көпше түрі. Лексика: орта бойлы, қыр мұрынды, бұйра. 2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу
кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді
түсіну. өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді
түсіну;
айтылым: қарапайым жағдаяттарда отбасы мүшелері,
олардың сыртқы келбеті жөнінде қысқаша айта алу;
2
2
«Менің досым»
1)
тілдік бөлім: Септік жалғаулары. Атау септік.
Лексика: ауру, өрмелеп шығу;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: Жай сөйлем
түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну; оқылым:
қысқа, нақты, қарапайым
2
мәтіндерді түсіну. айтылым: қарапайым жағдаяттарда
достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері жөнінде қысқаша баяндау;
жазылым: қысқаша сөйлемдер жазу.
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда достары, олардың мінезі мен жақсы
қасиеттері жөнінде қысқаша сөйлесу.
3
«Мен мектептемін»
Оқу-еңбек аясы
1)
тілдік бөлім: Жатыс септікті қайталау. Лексика:
кезекшілік, қосымша сабақ, ханшайым, таңдау.
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: жеке сөз
тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді
түсіну (мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын ісәрекеттер, кезекшілік,
мектеп формасы туралы).
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну.
жазылым: қысқаша сөйлемдер жазу. Мектептегі шаралар туралы жазу;
тілдесім: мектептегі шаралар жөнінде қысқаша
сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатысып, өз ойын
жеткізе білу. Диалог-әңгіме,;
2
4
«Менің сүйікті ісім»
1)
тілдік бөлім: Шығыс септік. Лексика: шектеулі,
топтама.
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: жеке сөз
тіркестерін және өзі
сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы сөйлесу кезінде
өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. оқылым: Өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі
бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; айтылым: синтаксистік
құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, өзі сүйіп істейтін
ісі, хоббиі туралы пікірін айту;
жазылым: өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы жазу;
2
5
«Құстар – біздің досымыз»
Әлеуметтік-мәдени ая:
1)
тілдік бөлім: Көптік жалғауы.
Лексика: қағу, дөңгелектеп, орнату, қону.
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: жеке сөз
тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді
түсіну. айтылым:
2
синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды
пайдаланып, құстар туралы өз ойларын білдіру;
жазылым: Құстар туралы өз ойын жазу;
6
«Жақсыдан үйрен»
1)
тілдік бөлім: Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер.
Лексика: әдет, әрекеттер (әдет), өтірік айту, ағашты күту.
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым:. Әдептілік
туралы мәтінді тыңдап, түсінгенін айту; оқылым: қысқа, нақты, қарапайым
мәтіндерді түсіну. айтылым: әдептілік,
қазақтың ұлы тұлғалары туралы өз ойларын білдіру; жазылым: қысқаша сөйлемдер
жазу. тілдесім: қарапайым жағдаяттарда
қазақтың ұлы тұлғалары туралы қысқаша сұхбат-диалог.
2
7
«Спортпен айналысамыз»
1)
тілдік бөлім: Күрделі сөздердің емлесі. Лексика:
Халықаралық, жылдамдық, қатал;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде спорт түрлері мен еліміздегі әйгілі спорттық кешендерге
қатысты жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі
қолданылған сөздерді түсіну. оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді
түсіну. айтылым:
синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым
конструкция-ларды пайдаланып, спорт түрлері мен өздеріне таныс спорт
кешендері туралы айту; жазылым: қысқаша сөйлемдер жазу. тілдесім: қарапайым жағдаяттарда спорт
түрлері мен өздеріне таныс спорт кешендері жөнінде қысқаша сөйлесу.
1
2
8
«Теледидар көремін»
1) тілдік бөлім: Біріккен сөздер. Лексика: тұрақты,
ерінбе, қарапайым; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мәтінді тыңдау
кезінде балаларға арналған теледидар бағдарламаларына қатысты жеке сөз тіркестерін, жиі
қолданылған сөздерді түсіну. оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді
түсіну. айтылым:
синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды
2
пайдаланып, балаларға арналған теледидар
бағдарламалары туралы айту; жазылым: қысқаша хабарландырулар жазу.
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда балаларға арналған
теледидар бағдарламалары жөнінде қысқаша сөйлесу.
9
«Сен білесің бе?»
1)
тілдік бөлім: Қысқарған сөздер.
Лексика: шың, сайыскер,;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мәтінді
тыңдау кезінде Гиннес рекордтар
кітабына енгендер туралы жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде
өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. оқылым: қысқа, нақты,
қарапайым мәтіндерді түсіну;
айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым
конструкцияларды пайдаланып, Гиннес рекордтар кітабына енгендер туралы айту;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу; тілдесім: қарапайым
жағдаяттарда Гиннес рекордтар кітабына енгендер жөнінде қысқаша сөйлесу.
1
13-кесте.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау, оқыту орыс тілінде 5-сынып аптасына -0,5
сағат
№
Бөлімдері
Ұсынылатын базалық білім мазмұны
Сағат саны
1
«Тұрмыс-салт жырлары»
Олардың түрлері, ерекшелігі. Жанжануарларға
және Наурызға байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы малшылық кәсіпке ықылас
пен сүйіспеншілік, еңбекті дәріптеу, төрт түлік туралы.
2
2
«Мақал-мәтелдер»
Олардың ерекшеліктері.
Онда қазақ халқының тыныс-тіршілігінің көрініс табуы. Адамгершілік, ерлік,
өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер
2
3
«Жұмбақтар»
Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін
ерекшеліктері.
2
4
«Ертегілер. «Қаңбақ шал», «Түлкі мен ешкі»,
«Мақта қыз бен мысық» ертегілері»
(4 сағат). Ертегінің ұлттық, жанрлық
ерекшелігі, түрлері. Ертегілерден көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы
2
5
«Ыбырай Алтынсарин «Әке
мен бала» әңгімесі»
Өмірі мен шығармашылығына
шолу. «Әке мен бала» әңгімесіндегі адамгершілік тақырыбы, еңбекке үндеу,
жақсы мінезге баулу мәселесі.
1
6
«Абай
Құнанбайұлы.«Қыс»,«
Жазғытұры» өлеңдері»
Абайдың өмірі мен
шығармашылығы туралы. «Қыс» өлеңіндегі табиғат көріністерінің адам кейпінде
бейнеленуі, «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жанжануарға, айналаға әсері
туралы.
2
7
«Ахмет
Байтұрсынұлы. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі»
А.Байтұрсынұлы – ақын, тіл
және әдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам қайраткері. «Балаларды оқуға шақыру»
өлеңі арқылы балаларды оқу-білімге, еңбекке үндеуі.
1
1
8
«Мағжан
Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін» өлеңі»
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. «Мен
жастарға сенемін» өлеңіндегі ақынның жастарға сенімі
Ұлы тұлғаның өмірі мен
шығармашылығы туралы. Қарлығаштың адамзатқа
ізгілікті қарым-қатынасы, оның ерлігі. Қарлығаштың қасиеті, жыланның әрекетін
суреттеуі
Шығарманың кейіпкері Қожа
қиялшыл, сезімтал, зейінді бала
2
14-кесте. «Қазақ
әдебиеті» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау, оқыту орыс тілінде 6-сынып аптасына -0,5 сағат
№
Бөлімдері
Ұсынылатын базалық білім мазмұны
Сағат саны
1
«Алтын сақа» ертегісі
Ертегінің кейіпкерлері
және олардың ісәрекеттері туралы
2
2
Әбділда
Тәжібаев.«Толағай»
(ерлік туралы аңыз)»
Әдеби ертегілердің халық
ертегілерінен айырмашылығы
1
3
«Жұмбақтар» «Мақалмәтелдер» «Аңыз әңгімелер»
Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін
ерекшеліктері. Мақалмәтелдің мағыналары. Аңыз әңгімелердің тарихта болған
адамның іс-әрекетіне байланысты туындауы.
1
4
«Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт»,
«Дерсеханұлы
Бұқашжан туралы жыр»
Аңызға айналған Қорқыттың бейнесі. Қорқыт айтқан
нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Жырдың тарихы. Ерлік істері.
2
5
Шоқан
Уәлиханов. «Ғылымға бастаған жол», «Абай
Құнанбайұлы. «Ғылым таппай
мақтанба» өлеңі»
Ұлы ғалым туралы мәлімет, өмірбаяны мен
балалық шағы, достарының берген бағасы. Өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні.
2
6
«Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың»
өлеңі, Ахмет
Байтұрсынұлы «Аққу,
Тіл дамыту: мәнерлеп оқу,
түсінгенін әңгімелеу, елі мен ата-ана алдындағы міндет пен борыш туралы
пікірлесу.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана
тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы.
2
10
Мұхтар Әуезов.
«Көксерек» әңгімесі
(үзінді)»
Жазушының өмірі мен
шығармашылығы
туралы.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы.
1
11
«Ғабит Мүсірепов.
«Автобиографиялық
әңгіме»
Жазушының өмірі мен
шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет.
1
Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде) негізіндегі үйден оқыту
5-сынып
1)
Түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың
фабуласы мен сюжеттік дамуы;кейіпкерлер портреті мен образы; шағын көлемді
үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы.
2)
Анализ және интерпретация:салыстыра суреттеулер
мен қарама-қарсы суреттеулерді табу; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу,
эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы; эпикалық шығармадағы
автор бейнесі; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
3)
Бағалау және салыстыру:шығарманың тарихи
құндылығын бағалау; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау; әдеби
эссе; сыни хабарлама жазу.
1. Оқытылатын көркем шығармалар
тізімі:
1)
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі;
2)
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
өлеңі;
3)
Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай
етсең
табылады?» әңгімелері;
4)
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты; 7-сынып:
1)
Түсіну және жауап беру:әдеби шығарма сюжетінің
құрамдас бөлшектерін талдау; әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік
тұрғыдан талдау; кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау;
көркем шығармадағы кейіпкер бейнесі, үзінділерді жатқа айту.
2)
Анализ және интерпретация:шығармадағы эпизодтар
мен бейнелерді салғастыру; эпикалық,поэзиялық,
драмалық шығармадағы автор бейнесі; шығармадағы көркемдегіш құралдары: символ, синекдоха, эпифора,
анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ қолданысы;шығармадағы оқиға
желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.
3)
Бағалау және салыстыру:кейіпкерлердің іс-әрекеті
мен автор берген портреттік
мінездемесі,тарихи және көркемдік құндылығын; әдеби жанр түрлерінің даму
барысы, жаңашылдығы; шығарманы ұлттық құндылығы, әдеби эссе жазу; әдеби
шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жазу.
15. Оқытылатын көркем шығармалар
тізімі:
1) Қазтуған
жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»;
2) Жиембет
жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»;
3) М.Әуезов
«Көксерек»;
4) С.Сарғасқаев
«Тәмпіш қара»; 5) Т.Әбдіков «Қонақтар»; 6) А.С.Пушкин «Ескерткіш». Оқу
мақсаттарының жүйесі
20.
Бағдарламада «оқу мақсаттары» сан мен әріптен
тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты,
әріппен берілген белгі дағдыны (түсіну және жауап беру, анализ және
интерпретация, бағалау және салыстыру), әріппен қоса берілетін сандар
бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы,
5.Т/Ж 1 кодында «5» - сынып, «Т/Ж» - түсіну және жауап беру дағдысы, «1»
- оқу мақсатының реттік саны.
21.
Бағдарламада «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша
жылдық жүктеме көрсетілген. Мұғалімдер бөлімдерді үйрету тәртібін немесе бөлім
аясындағы оқу мақсаттарын және тиісті тоқсанды өз бетімен анықтауға құқылы.
Мұғалімдер тақырыпты үйрену және оқу мақсаттарына жету үшін қажет уақыт санын
өз бетімен анықтауға құқылы. Мұғалімдер біреуден артық оқу мақсатына жетуге
бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге құқылы. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге
сабақ/сабақтардың бірнеше мақсатына оқыту мақсатын қайта өзгерту мүмкіндігін
береді, оларды орындау жиынтығында оқу бағдарламасынан оқу мақсатына жетуге
алып келеді.
23. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта
білім беру деңгейінің 5-9сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына
сәйкес жүзеге асырылады.
16-кесте.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
5-сынып:
Оқу жоспарында
ғы ұзақ
мерзімді жоспардың
бөлімдері
Тақырыптар/Ұзақ
мерзімді жоспардың
мазмұны
Оқу мақсаттары. Білім
алушылар
білуге тиісті
Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді
жоспардың бөлімдері
I тоқсан
Таза, мінсіз асыл сөз
«Керқұла атты Кендебай»
ертегісі,
Түсіну және жауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1; 2; 3; 4;
Бағалау және
салыстыру
1; 2;
II тоқсан
«Тәрбиенің қайнар
бұлағы»
Ыбырай Алтынсарин,
«Атымтай Жомарт», «Дүние қалай
етсең
табылады?»
Түсіну және жауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1; 2; 3; 4.
Бағалау және
салыстыру
3.3.
III тоқсан
Адамгершілік - асыл қасиет
Б.Соқпақбаев «Менің
атым Қожа» хикаяты,
Түсіну және жауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1;2; 3; 4;
Бағалау және
салыстыру
2; 3; 4.
IV тоқсан
Отбасы құндылықтар ы
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз
әже қайда?" әңгімесі
Түсінужәнежауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1;2; 3; 4;
Бағалау және
салыстыру
3
17-кесте.«Қазақ
әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 7-сынып:
Оқу жоспарындағ
ы ұзақ
мерзімді жоспардың
бөлімдері
Тақырыптар/Ұзақ
мерзімді жоспардың
мазмұны
Оқу мақсаттары. Білім
алушылар
білуге тиісті
Оқу жоспарындағы ұзақ
мерзімді
жоспардың бөлімдері
I тоқсан
Көне күндерден жеткен
жәдігерлер
Қазтуған жырау
«Қазтуғанның қонысымен
қоштасуы»
Түсіну және жауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1;2; 3; 4;
Бағалау және
салыстыру
1; 4;
IIтоқсан
Толғауы тоқсан қызыл
тіл
Жамбыл Жабаев «Июнь
жарлығы»
Түсіну және жауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1;2; 3; 4;
Бағалау және
салыстыру
2; 3;
III тоқсан
Балалар мен үлкендер
М.Әуезов «Көксерек»,
Түсіну және жауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1;2; 3; 4;
Бағалау және
салыстыру
2; 3; 4;
IV тоқсан
Ұрпақ тәрбиесі
Медетбек Темірхан
«Тәуелсізбін» өлеңі,
Түсінужәнежауап беру
1; 2; 3; 4.
Анализ және
интерпретация
1; 2; 3; 4;
Бағалау және
салыстыру
3; 4;
«Шет тілі» оқу пәні (Ағылшын тілі)
Тіл қарым-қатынастың маңызды
құралы болып табылады. Тілсіз қоғамның өмір сүруі мен дамуы мүмкін болмайтын
еді. Қазіргі таңда қоғамдық қарым-қатынаста, коммуникация құралдарындағы (жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану) өзгерістер оқушылардың коммуникативтік
құзыреттілігін арттыруды талап етеді. Осының барлығы жалпы білім беретін оқу
пәні ретіндегі «шет тілінің» мәртебесін арттырады. Шет тілінің негізгі бағдары
коммуникативтік құзыретті қалыптастыру, яғни, адамдармен шет тілінде базалық
деңгейде тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілеттілік және
дайын болу.
Жоғарыда айтылғандарға, сондай-ақ
«Шет тілі» пәнінің ерекшелігіне байланысты ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды үйде оқыту мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан ерекше білім беруге
қажеттілігі бар балаларды оқытатын мұғалімге басынан бастап оқу әрекетін
барынша жеңілдететін оқытудың дұрыс әдістерін таңдап алған жөн.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып келесі әдістемелік
қағидаларды сақтау керек:
− балалардың
қозғалмалы әрекетін қамтамасыз ету;
− әрекет
түрлерін жиі ауыстыру;
− тілдік
ортаға қосу;
− енгізіліп
жатқан құрылымдарды көп рет тыңдау; − материалды
сабақтастыру және тұрақты қайталау;
− шет
тілі арқылы баланы жалпы дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін ашу.
Психикалық дамуы тежелген оқушылар репродуктивті
қабылдау деңгейінде жұмыс істейді. Оларды оқытудағы негіз материалды пассивті
механикалық есте сақтау болып табылдаы. Бұл балаларға ақыл-ой әрекетінің жеке
тәсілдері, зияткерлік іскерліктерді меңгеру қиындық туғызады. Алайда мүмкіндігі
шектеулі балаларға ағылшын тілінен сапалы білім алуға мүмкіндік беретін қажетті
білім ортасы мен жағдайларды жасау, коммуникативтік, тілдік және мәдени
құзыреттері бар жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау алған білімді табысты әлеуметтену,
ары қарай білім алу еңбектену үшін қолдануға ықпал етеді. Бағдарламаны бейімдеу
күрделі терминдер мен түсініктерді қысқарту арқылы жүзеге асады; бағдарламадағы
негізгі мағлұматтар сараланып беріледі. Кейбір тілдік дәйектерді оқыту білім
алушылар оларды негізгі белгілеріне сүйене отырып танитындай жүргізіледі. Басқа
тақырыптар бойынша оқушылар тек жалпы түсінік алады. Тіл туралы бірқатар
мәліметтерді білім алушылар тәжірибелік әрекет нәтижесінде біледі. Сондай-ақ,
бұл балаларда жаңа қарапайым дағдылар
баяу қалыптасады. Оларды бекіту үшін нұсқау мен жаттығуларды көп рет қайталау
талап етіледі. Әдетте, алдымен олардағы машықтандырылған дағдылары бар базалық
іскерліктер қайталанады, содан соң дайындалған негізге оқушылар өзіндік
тәжірибелік әрекет кезінде түсінетін қажетті теория меңгеріледі.
Сондықтан үйде оқыту бойынша жеке бағдарлама
оқушыларда ағылшын тілінен мықты білім мен дағдыларды қалыптастыруды ескере
отырып құрылады. Ұсынылатын үйде оқыту бойынша жеке бағдарламаның
ерекшелігі:
− үйде
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделген оқу материалын
құру логикасы;
− балалардың психофизикалық ерекшеліктеріне
байланысты
қолданылатын дидактикалық материалды
таңдау;
− материалды берік меңгеру үшін сабақтарды
жүйелеу. Ұсынылатын бағдарламаның
маңызы:
− лингвистикалық
білімді меңгеру;
− ерекше
білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың базалық деңгейде ауызша және жазбаша
тілінің шетелдік мәдениетін меңгеру;
− алған
білімді тәжірибеде қолдана алуды қалыптастыру;
− материалды
саналы түрде меңгеруді қамтамасыз ету; − оқушыларда белсенді тілдік дағдылардың
дамуы.
Ағылшын тілін оқуға аптасына 1 сағат беріледі.
Берілген уақытта оқушылар ағылшын тілінде мәтіндерді оқу дағдысын игеру, шет
тіліндегі сөздік қорды толықтыру, шет тілінде қарапайым сөйлемдерді құру және
айтуын қалыптастыру керек.
Шет тілінен оқу бағдарламасының мазмұнын жоспарлау 5
және 6 сыныптарға арналған «Шет тілі (ағылшын тілі)» оқу пәнінің мысалында
берілген.
18-кесте. Шет тілінен оқу бағдарламасының мазмұнын
жоспарлау (5-сынып, апталық жүктемесі 1 сағат)
№
Бөлімдер
Оқуға арналған ұсынылған тақырыптар
Сағат
саны
1
«Мен және
менің отбасым» «Мен туралы (келбеті,
мінезі, қызығушылығы)»
Салауатты
өмір салтын насихаттау (біздің және оқытылыпжатқан тілдің елінде), салауатты
өмір салтын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
4
2
«Менің достарым»
«менің жақын досым, менің
шетелдік досым
(келбеті, мінезі,
қызығушылығы және т.с.с.)»;
4
3
«Менің пәтерім,менің үйім»
«Үйде көмек беру»;
2
4
«Салауатты өмір салты»
«Тамақтану
азық-түліктері», «Дұрыс диета»,
2
«Спорт»;
5
«Мен және
менің мектебім»
«Сүйікті пәнім», «Мектеп
әдебі», «Менің жұмыс күнім»;
5
«Тамақ»,
«Киім», «Сатып алынған заттар»
«Қазақстанның
және оқытылып жатқан тілдің елі/елдерінің ұлттық асханасы», дастархан
басындағы тәртіп ережелері, жағымды әдеттер
4
5
«Мен және мені қоршаған әлем»
«Менің Отаным –
Қазақстан», «Астана және
оның көрікті жерлері»;
4
6
«Қазақстанның және басқа
елдердің жанурлар мен
өсімдіктер әлемі» (8 сағат)
«Қазақстан мен
Ұлыбританияның географиялық орны»
4
7
«Оқылып жатқан тілдің елі
– Ұлыбритания»
«Лондон және оның
көрікті жерлері»,
«Ұлыбританияның мерекелері мен
салтдәстүрлері»;
5
19-кесте. Шет
тілінен оқу бағдарламасының мазмұнын жоспарлау (6-сынып, апталық жүктемесі 1
сағат)
№
Бөлімдер
Оқуға арналған ұсынылған тақырыптар
Сағат
саны
1
«Денсаулық»
Салауатты
өмір салтын насихаттау (біздің және оқытылыпжатқан тілдің елінде), салауатты
өмір салтын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
5
2
«Тамақ»
«Қазақстанның
және оқытылып жатқан тілдің елі/елдерінің ұлттық асханасы», дастархан
басындағы тәртіп ережелері, жағымды әдеттер
5
3
«Білім»
Мектеп
(мектеп түрлері), Қазақстандағы және оқытылып жатқан тілдің елдеріндегі білім
беру жүйесі
6
4
«Саяхат»
Демалыс
түрлері, көрікті жерлер, тұрғын үй түрлері, атақты саяхатшылар және олардың
ұлы жаңалықтары
9
5
«Оқытылып жатқан тілдің елдері»
Америка
құрама штаттары, Вашингтон және оның көрікті жерлері, АҚШ қалалары, мерекелер
мен салт-дәстүрлер, АҚШ-тың атақты адамдары және олардың әлем мәдениетіндегі
үлесі
9
Түзете оқытудың іскерліктер мен дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар үлгісі
1. Оқытушының нұсқауларын тыңдау
және
Оқытушы: Ореn thе dооr, shut thе window, tаkе thе bооk
және т.с.с.
Оқушы әрекетті орындайды
2. Сөз тіркесін немесе сөйлемді
қайталау
Оқытушы сөз тіркесін айтқанда оқушы оны анық,
қатесіз және жылдам қайталау керек. I like this white house.
3.
Жаңалықтар енгізіле отырып түзету жаттығуларының қайталануы
Kate has a cat . Kate has a cat and a
car and a hare.
4. Алмастырусыз түрлендірулер
Сұраулы түрлері жаттығады.
Стимул. I study in the morning.
Реакция. Dо уоu study in the
morning?
Ргеsеnt Indefinite жекеше түрдегі
үшінші жаққа түрлендіру. Стимул. I study in the morning.
Реакция. Не studies in the
morning.
Кейде бұл жаттығулар әңгімелесу
формасында болады. Стимул. The students аге busy.
Реакция. Аге the students busy? Yеs,
they are.
5. Қандай да бір өзгерістері
бар ауызша алмастырулар
Мысалы, сөздің формасында өзгерістері бар. Зат есімнің
көпше түрін жасау жаттықтырылады.
Мұғалім.The boys are coming.( girls,
children сөздеріне алмастырылады) Оқушылар қайталайды. The boys are
coming.
Бұндай түзету сабақтары оқушыларда тілдік үлгілерді
еркін және тез қолдана алуға үйретеді. Түзету жұмысының ерекшелігі тілдік
материалды мұқият дозалау болып табылады. Сондай-ақ шаршауды, тежелуге
бейімділікті ескеріп әрекет түрлерін ауыстыруды жиі жүргізу қажет.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды шет тіліне оқыту ерекшеліктері
Шет тілін оқыту – бұл оқу материалын жүйелі түрде
қайталау нәтижесінде алған білім мен тәжірибені белсенді меңгеру және алған
білімді қолдану әдістерін меңгеру процесі. Жоғарыда аталған ағылшын тілі
сабағындағы әдістер мен тәсілдер балаға аса жүктеме түсірмейді, керісінше өзін
оқу процесінің толыққанды тұлғасы ретінде жүзеге асырудың үлкен мүмкіндігін
қамтамасыз ететін оңалту ортасын жасайды. Үй жағдайында білім алатын оқушылар
бірден оқытудың шынайы субъектілері болмауы мүмкін, бірақ біраз уақыттан соң
олар өздері үшін, өздерінің дамуы үшін оқып жатқанын түсінеді және сезінеді. Ал
мұғалім данагөйлік шыдамдылық, қайырымдылық, үнемі қамқорлық танытып, балаларды
сол күйінде жақсы көріп, әрбірінің жетістіктеріне қуана білуі керек.
Үйде оқытылатын білім алушылар үшін барлық пәндер
бойынша оқу сағаттарын қысқарту жағдайында қашықтан білім беру бағдарламасы
ерекше өзекті болады. үйде ағылшын тілін оқыту үшін аптасына тек бір сағат
беріледі. Бұл өте аз екені белгілі. Онлайн-сабақтар мүгедек балалар мен әр
түрлі сырқаттары бар балалар үшін оқу бағдарламасын өтуге толық мүмкіндік
береді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ағылшын тілі сабағының түзету
бағыттылығы бұзылысты түзету мақсатымен ағылшын тілі сабағында белгілі бір жұмыс
технологияларын, әдістер мен тәсілдерді таңдау қажеттілігі болып табылады.
қашықтан оқыту технологияларын қолданған ағылшын тілі сабағының мақсаты – бала
әрекетіне қолайлы жағдайлар жасау арқылы оны дамыту, балаларды дербес өмірге,
еңбекке тәжірибелік дайындау, әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін білім мен
іскерліктерді қалыптастыру. Ағылшын тілі сабақтарында зейінді түзету әр түрлі
жаттығуларды орындау арқылы, ауызша байланыстырып сөйлеу тілін түзету және
дамыту мәтінмен жұмыс (оқу, тыңдалым) арқылы, жазбаша байланыстырып сөйлеу
тілін түзету және дамыту жазбаша жаттығулармен жұмыс барысында, есте сақтауды,
түрлі ойлау операцияларын түзету мен дамыту жүзеге асырылады.
Мұғалімнің міндеті балаларды оқу процесіне бірден
араластыру болып табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушы оған таныс емес тілде
сөйлеседі. Тілдік сергіту мен фонетикалық жаттығулар оқушыны қызықтыруға, оны
сөйлесуге ынталандыруға бағытталған. «How are you?» («Қалың қалай?»), How is
your mother? What is the weather like today? Және басқа сұрақтар күнделікті
сөйлесуге жақындатылған және әдетте қиындықтар туғызбайды. Оқушылар тілдік
ортаға енгізіледі. Оқушы сұраққа жауап беруге қиналса, оған тірек суреттер
немесе тірек сөздер беру керек. Оларды экранға шығаруға немесе сөздері бар
карточкаларды дайындауға болады. ауызша сөйлесу кезеңінде өткен материалды
қайталау қажет.
Сабақтың келесі – негізгі кезеңі. Бұл кезеңде жаңа
лексикалық, грамматикалық, тілдік материалды енгізу іске асырылады. Бұл
кезеңдегі басты мәселе – оқушының назарын ұстап тұру.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда әр түрлі
сырқаттар болады. Қалай ойлайсыздар, сабақты баланың сырқатына байланысты
жоспарлау керекпіз бе?
Шағын тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылардың
ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды таңдап көрейік.
Бұзылыс түрлері: есту қабілеті бұзылған балалар, көру
қабілеті бұзылған балалар, балалардың сал ауруы (БСА) бар балалар, сөйлеу
тілінде бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген балалар.
Оқытуға
арналған құралдар: көрнекті суреттер, презентациялар, электронды
тапсырмалар, шағын сызбалар, тірек кестелер, комикс түріндегі мәтіндер,
аудиомәтіндер, өлеңдер, санамақтар, ағылшын тіліндегі ұйқастар, хормен жұмыс,
жаңа сөздерді суреттегі заттармен сәйкестендіру, жазбаша тапсырмаларды
компьютер қолданып орындау.
Қорытындылау:
Есту қабілеті бұзылған және зейіні мен сөйлеу тілінде
бұзылысы бар балаларға жаңа материалды көрнекі құралдарды, яғни көрнекті
суреттер, презентациялар, электронды тапсырмалар, шағын сызбалар, тірек
кестелер, комикс түріндегі мәтіндерді қолдана отырып үйреткен жөн. Жаңа
лексиканы бекітуде әріптерден сөздерді құрастыру, сөздерде тастап кеткен
әріптерді, сөйлемдерде сөздерді қою сияқты әр түрлі жаттығуларды қолдануға
болады. үй тапсырмасы ретінде сөздері бар карточкаларды және сабақта үйренген
лексиканы қайталау үшін презентацияларды беруге болады. әр түрлі видео сабақтар
үлкен табысқа ие. Тек бірнеше рет қайталау жолымен жаңа лексикалық материалды
ішінара меңгертуге болады.
Power Point интерактивті презентацияларды қолдану
барлық оқу тақырыптарын көрнекі және әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ әр түрлі стратегиялары бар тыңдалым, оқылымды дамыту және бақылау,
лексикограмматикалық материалды оқу, бекіту және жетілдіру, баяу және анық емес
жазатын БСА балалар үшін маңызды болатын өзін өзі тексеру және қателерді
түзету. Білім алушылар өздерінің нәтижелерін бірден тексере алады: дұрыс
жауаптар тесттен кейінгі келесі бетте немесе гиперсілтеме бойынша берілген.
Microsoft Office Word и Microsoft Office Excel арқылы жасалған үлестірмелі материалмен қоса берілген
PowerPoint презентациясы — бұл мұғалімге де, білім алушыға да ыңғайлы.
Көру қабілеті бұзылған балаларға жаңа материалды есту
арқылы енгізген жөн. Сөз тіркестерін бірнеше рет қайталау қажет. Бұл хормен
жұмыс (мұғаліммен бірге), содан соң мұғалім артынан қайталау болуы мүмкін.
Бұндай балалармен жұмыс істеуде ағылшын тіліндегі аудиомәтіндер, өлеңдер,
санамақтар және ұйқастарды қолдануға болады.
Тәжірибеде бекіту кезеңінде тілдік әрекеттердің барлық
түрлерінің дағдылары мен іскерліктері бекітіледі: айтылым, тыңдалым, оқылым
және жазылым. Бұнда да оқушының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Жаттығулар әрбір
білім алушының ерекшелігін есепке ала отырып таңдалады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс
кезіне жетістік жағдайын жасау, баланың әрбір дұрыс жауабын мадақтау маңызды.
сабақты жоспарлауда қарапайым жаттығулардан күрделірек жаттығуларды орындауға
көшу керек. Егер оқушы қандай да бір жаттығуды орындауда қиналса, онда оның
қызығушылығы тез басылады. Сабақта әрекет түрлерін үнемі ауыстырып, баланың
деңгейіне сәйкес келетін жаттығуларды таңдау маңызды.
БСА диагнозы бар оқушымен сабақтың бір бөлігі
БСА диагнозы бар балаларда, әдетте, жақсы есте сақтау
қабілеті болады, ережелерді табысты меңгереді. Алайда, олардың көбісі жаза
алмайды. Бұл жағдайда компьютер қолданылады. Балалар баса алатындай арнайы
пернетақта болады. Қашықтықтан оқыту сабағында компьютер алдындағы жұмыстың
негізгі қиындығы көп уақыт алатындығы. Компьютермен жұмыстан кейін арқа, қол
және көз бұлшықеттерін босаңсытуға арналған жаттығулар жасау қажет. Бұл
жағдайда видеоқатармен және видеоқатарсыз музыкалық параққа қолжетімділікті
қолданған дұрыс. Осындай жеңілдегеннен кейін, кез келген оқушы сабақта әрекетін
жалғастыра алады. Фонограммамен ән айту немесе «караоке» аудитивтік, дұрыс айту
және грамматикалық дағдыларды дамытуға, сөздік қорды толықтыруға, тілдік
дағдыларды жаттықтыруға, сондай-ақ оқытылып жатқан тілдің елі туралы мәдениет
элементтерімен танысуға ықпал етеді және сабаққа эмоционалды реңк береді.
1. «Сөмкеңде не бар екенін
айтып бер» жаттығуы
Жаңа сөздер түсінікті және тиімді әдістермен
енгізіледі. Сөйлеу және тілдік құзыреттерді дамыту жаңа сөздер мен суреттегі
заттарды сәйкестендіру, содан соң оқылған лексикалық бірліктер (сөздер, сөз
тіркестері, тілдік қалыптар) мен грамматикалық құбылыстарды тану және қолдануды
қарастырады. «I havegot a...» үлгісін қолдана отырып, мұғалім мектеп құралдарын
ағылшынша атайды, заттарды немесе суреттерін көрсетеді, ал оқушы қайталайды.
Содан соң балаға мұғалімнің атаған заттарын көрсету ұсынылады. Сөйлемдердің
үлгісін қолдану «ерекше» баланың ойлауын, зейінін, есте сақтауын, қабылдау мен
қиялын біртіндеп дамыту үшін өте маңызды:
− I
have got a bag.
− I
have got a textbook.
− I
have got a pen.
− I
have got a pencil.
2. «Маймылдың мектепке сөмкесін жинауға
көмектес» жаттығуы Оған не алу керектігін айт:
− Chuckles,
take a pen, please!
− Chuckles,
take a pencil, please!
− Chuckles,
take a bag, please!
− Chuckles,
take a textbook, please!
Бұл жаттығуда бала «Мектеп» тақырыбы бойынша
лексикалық білімін бекіте отырып өз қалауын айтуға, нұсқау немесе кеңес беруге
үйренеді.
3. «Ағылшын алфавитінің әріптерін ата»жаттығуы
Ағылшын тілінің алфавит әріптерін
қайталаймыз. «ABC» кестесі қолданылады. Бұндай тапсырманы орындау барысында
оқушылардың тілдік, зияткерлік және шығармашылық қабілеттері дамиды.
Егер балаға берілген тапсырманы орындау қиын болса,
алфавиттің көрнекті карточкаларымен жұмыс істеуге болады. Мұғалім:
‒
«Take the letter «B», please! Show me the letter!»
Ерекше бала зейінін ұзақ уақыт бойы біртекті
жаттығуларды орындауға шоғырландыра алмаса, көңілін аудару үшін компьютерде
оқытатын бағдарламалар арқылы ойын жағдаяттары мен қызықты сюжеттерді қолдануға
болады.
Ағылшын алфавитімен және жаңа сөздермен танысу ойын
түрінде болады. Бұнда әрбір әріп пен сөзге көптеген көрнекті суреттер мен
қызықты анимациялар, үздік 3Д-графика, таныс кейіпкерлер мен қиял-ғажайып
атмосфера, иллюстрациялы ағылшын сөздігі, ең керек және пайдалы лексика,
дауыстық және анимациялық көмектер, көптеген шағын ойындар бар.
Сабақ соңында балаға түрлі-түсті қарындаштарды немесе
«Соlours» қарындаштардың суреттерін көрсете отырып түстерді еске түсіруді
ұсынуға болады.
Сабақтағы айтылымда тілдік іскерліктерді қалыптастыру
және дамытуға арналған осы жаттығулар коммуникативті болып табылады, яғни,
оларды орындауда коммуникативті мағына бар, әлеуметтік мәдени құзырет
қалыптасады. Демек, сонан соң шынайы әңгімелесуге шығу және шет тілдік
мәдениетте біртіндеп әлеуметтену жүреді. Ерекше балалармен жұмыс істеуде 3 «ж»
қағидасын қолданған жөн: жұмылу, жанашу және жәрдемдесу.
3.«Математика және информатика» білім саласының оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері«Математика және информатика» білім саласы
Республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде 5-9
сыныптарда математиканы оқыту «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61
бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік
оқу жоспарлары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013
жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде
жүзеге асырылады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беретін жергілікті ұйымдарының көрсететін, мемлекеттік қызметі ретінде
тегін үйде жеке оқытуы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті атқарушы ұйымдар
көрсететін, арнайы білім беру саласының мемлекеттік қызмет көрсету
стандартымен» (бұдан әрі стандарт) реттеледі. Қарастырылып отырған стандарт
«үйде тегін жеке оқыту» қызметінің көрсетілуін анықтайды және бірнеше дәйекті
кезеңдерді болжайды.
Үйде оқытудың типтік жоспары бойынша
математика пәнін игерудің апталық жүктемесі
5-6 сыныптарда аптасына 4 сағат (оқу жылына 136 сағат), 79 сыныптарда 3
сағат (оқу жылына 102 сағат) бөлінген. Яғни әр сыныпта апталық жүктеме 2
сағатқа кеміген. Үйде жеке оқыту үлгілік оқу жоспарында «Информатика» пәнін
оқыту қарастырылмаған.
Осыған байланысты типтік базистік
жоспарға сәйкес 5-9 сыныптарда математика курсын оқытудың, ал типтік базистік
жоспар бойынша қарастырылмаса да «Информатика» пәнінен аптасына 0,5 сағат оқу
жүктемесіне (оқу жылына 17 сағат) арналған келесі тақырыптық үлгілік
жоспарларын ұсынамыз.
5-сынып, Математика
5-сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны
«Натурал сандар және нөл саны», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай
бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Ондық бөлшектер және оларға амалдар
қолдану», «Пайыз» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен
қатар базалық мазмұнға оқу жылының соңында 5-сыныптағы математика курсын
қайталау кіреді.
5-сыныпта оқытудың міндеттері - жаңа мазмұнның
элементтерін кіріктіре отырып, оқушылардың бастауыш білім деңгейінде (бастауыш
сыныптарда) игерген математикалық білімдерін естеріне түсіру, қайталау,
тиянақтау және жүйелеу; координаталық
сәуле, қостеңсіздік, натурал сандар жиыны, ондық санау жүйесі, бөлгіш, еселік,
жай сан, құрама сан, жұп сан, тақ сан, жай бөлшек, жай бөлшекті қысқарту, ондық
бөлшек, ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыз, диаграмма ұғымдарын игеру; жай
және ондық бөлшектермен арифметикалық амалдар орындауда есептеу білігі мен
дағдыларын қалыптастыру; арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара
байланысын қолдана отырып, теңдеулерді шығару біліктігін дамыту; санның пайызын
және пайызы бойынша санды табу біліктігін қалыптастыру; формулалар арқылы
есептеумен таныстыру; мәтінді есептерді шығару.
20-кесте. 5-сынып
математика курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 4 сағат
Ондық бөлшекті 10, 100,
1000, ... және 0,1; 0,01; 0,001 ... санына көбейту
2
және бөлу
31.
Ондық және жай бөлшектерге
амалдар қолдану
6
32.
Ондық бөлшекті дөңгелектеу
2
33.
Арифметикалық орта. Мода,
ауытқу, медиана
1
Бақылау жұмысы
1
V тарау. Пайыз
13
34.
Пайыз
3
35.
Санның пайызын және пайызы
бойынша санды табу
4
36.
Статистикалық мәліметтерді
беру тәсілдері. Диаграмма
2
37.
Формула. Формула бойынша
есептеу
3
Бақылау жұмысы
1
5-сыныптағы математика курсын
қайталау
13
Барлығы
136
5-сынып, Информатика
Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру, информатика, ақпарат,
ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері; ақпарат саны,
ақпарат өлшем бірлігі.
Компьютер– ақпаратты өңдеу құралы (5 сағат): компьютер,
компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері, пернетақта;
программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық
жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері,
файлдар, бумалар және белгішелер; бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту;
объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою; ақпаратты
жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат):
қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың
сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен
жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау),
баспаға дайындау, баспадан шығару; қарапайым мәтіндік редакторы, редактор
интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін
ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және
мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот;
дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
6-сынып, Математика
6-сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Қатынас және
пропорция», «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану», «Өрнектер және
тепе-теңдіктер», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер», «Бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Координаталық жазықтық»,
«Функция. Сызықтық функция», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және
олардың жүйелері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен
қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-сыныптағы және соңында 6-сыныптағы
математика курсын қайталау кіреді.
6-сыныпта оқытудың міндеттері -
қатынас, пропорция, тура
пропорионалдық тәуелділік, кері пропорионалдық тәуелділік; оң сан, теріс сан,
санның модулі (абсолют шамасы), берілген санға қарама-қарсы сан, бүтін сан,
рационал сан, коэффициент, ұқсас қосылғыштар, перпендикуляр кесінділер,
параллель кесінділер, координаталық түзу, координаталық жазықтық, координаталық
ширек, тікбұрышты координаталар жүйесі, координаталық түзу нүктелерінің
арақашықтығы, нүкте мен түзудің арақашықтығы, центрлік симметрия, осьтік
симметрия, масштаб ұғымдарын игеру; теріс және оң сандармен арифметикалық амалдарды
орындауда есептеу біліктігі мен дағдысын қалыптастыру; пропорцияны қолданып,
мәтінді есептерді шығарумен таныстыру; қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан
екінші жағына көшіру, ұқсас қосылғыштарды біріктіру және жақшаларды ашу
ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді шешу біліктігін қалыптастыру; бір
айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шығару біліктігін
қалыптастыру; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін қалыптастыру;
координаталық түзуде берілген нүктенің координатасын табу, координатасы бойынша
нүктені координаталық түзуде салу, координаталық жазықтықта берілген нүктенің
координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені координаталық жазықтықта
кескіндеу біліктігін қалыптастыру; «функция» ұғымымен және оның қасиеттерімен
(анықталу облысы, функцияның өсуі және кемуі), функцияның берілу тәсілдерімен,
сызықтық функция ұғымымен, оның қасиеттері және графигімен таныстыру; сызықтық
функцияның графигін салу біліктігін қалыптастыру; екі айнымалысы бар сызықтық
теңдеулер жүйелерін шығару біліктілігін қалыптастыру; жазықтық, шар және сфера туралы түсініктерін
қалыптастыру.
21-кесте. 6-сынып
математика курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 4 сағат
№
Тақырыптың
атауы
Сағат саны
5-сыныптағы математика курсын
қайталау
4
І тарау. Қатынас және пропорция
15
1.
Қатынас. Пропорция.
Пропорцияның негізгі қасиеті
3
2.
Шамалардың тура және кері
пропорционалдығы
3
3.
Мәтінді есептерді
пропорцияның көмегімен шығару
3
4.
Санның пайызын және пайызы
бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару
Рационал сандарды көбейту.
Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
3
15.
Рационал сандарды бөлу
3
16.
Рационал сандарға амалдар
қолдану
5
Бақылау жұмысы
1
ІІІ тарау. Өрнектер және тепе-теңдіктер
12
17.
Айнымалы. Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік
қасиеті.Жақшаны ашу
3
18.
Коэффициент. Ұқсас
қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
4
19.
Өрнектерді тепе-тең
түрлендіру
4
Бақылау жұмысы
1
ІV тарау. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
11
20.
Санды теңдіктер және
олардың қасиеттері
2
21.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Теңдеудің көмегімен
мәтінді есептерді шығару
5
22.
Айнымалысы модуль
таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
3
Бақылау жұмысы
1
V тарау. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері
18
23.
Санды теңсіздіктер және
олардың қасиеттері
2
24.
Сан аралықтары. Сан
аралықтарының бірігуі мен қиылысуы
4
25.
Бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздіктер
4
26.
Бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздіктер жүйесі
4
27.
Айнымалысы модуль
таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
3
Бақылау жұмысы
1
VІ тарау. Координаталық жазықтық
9
28.
Жазықтық. Перпендикуляр
түзулер мен кесінділер. Параллель түзулер мен кесінділер
2
29.
Координаталық жазықтық.
Тікбұрышты координаталар жүйесі
4
30.
Осьтік және центрлік
симметрия
2
Бақылау жұмысы
1
VІІ тарау. Функция. Сызықтық функция
9
31.
Функция. Функцияны формула арқылы беру. Функцияны
кесте арқылы беру. Функцияны графиктік тәсілмен беру
3
32.
Сызықтық функция және оның
графигі
3
33.
Сызықтық функциялар
графиктерінің өзара орналасуы
2
Бақылау жұмысы
1
VІІІ тарау. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері
15
34.
Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеу және оның графигі
1
35.
Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер жүйесі
1
36.
Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару
3
37.
Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығару
3
13-бақылау жұмысы
3
38.
Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шығару
3
39.
Мәтінді есептерді екі
айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі арқылы шығару
3
Бақылау жұмысы
1
6-сыныптағы математика курсын қайталау
8
Барлығы
136
6-сынып, Информатика
Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру; әлемнің ақпараттық бейнесі,
ақпарат қасиеті, ақпаратты қорғау, вирусқа қарсы программалар, ақпаратты сығу,
мұрағаттау программалары.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (1
сағат): есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың
кезеңдері, компьютерлік техниканың даму үрдісі.
Алгоритмдеу және модельдеу (4 сағат): алгоритм және
оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар, алгоритм типтері
(сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер); модель, нақты объектің
қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді, модельдер түрлері.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (7 сағат):
мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру
және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері; қаріп, абзацтар,
шегіністер мен аралықтар; нөмірленген және маркерлеген тізімдер; бағандар,
беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;
кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу
және пішімдеу; графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру,
суреттер мен жазуларды пішімдеу; программа интерфейсімен танысу,
презентациялар; мультимедиялық презентациялардың конструкторы; презентацияларды
құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және
дыбысты кірістіру; анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.
Телекоммуникациялар (1 сағат): компьютерлік байланыстың
негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты
іздеу, электрондық пошта.
Жобалық іс-әрекет (1 сағат).
7-сынып, Алгебра
7-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Натурал және
бүтін көрсеткіштік дәреже», «Бірмүше мен көпмүше», «Қысқаша көбейту формулалары»,
«Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Жуықтап есептеу элементтері»
тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық
мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсын және соңында
7-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.
7-сыныпта оқытудың міндеттері: рационал сандарға
арифметикалық амалдарды қолдану біліктігі мен дағдысын пысықтау, координаталық
түзу мен координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын табу, координаталары
бойынша нүктелерді салу біліктерін пысықтау; қосылғыштарды теңдеудің бір
жағынан екінші жағына көшіру, жақшаны ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді
шешу біліктігін пысықтау, бір айнымалысы бар теңсіздіктерді және олардың
жүйелерін; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту, сызықтық
функцияның графигін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау
біліктілігін жетілдіру, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару
біліктілігін жетілдіру, мәтінді есептерді шығару біліктілігін жетілдіру;
натурал көрсеткішті дәреже, көрсеткіші нөлге тең дәреже ұғымын қалыптастыру,
бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын қалыптастыру, рационал бөлшек, бөлшек-рационал
өрнек ұғымдарын қалыптастыру; «бірмүше» және «көпмүше» ұғымдарымен, олардың
дәрежелері және стандарт түрлерімен таныстыру, жуықтап есептеулермен таныстыру;
натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін, бүтін көрсеткішті дәреженің
қасиеттерін, қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектің негізгі қасиетін
игеру; көпмүшелерге арифметикалық амалдарды қолдану, көпмүшені көбейткіштерге
жіктеу, қысқаша көбейту формулаларын қолдану, рационал бөлшектерге амалдар
қолдану, бөлшек-рационал өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау,
тепе-теңдіктерді дәлелдеу, абсолют және салыстырмалы қателіктерді табу
біліктігін қалыптастыру.
22-кесте.7-сынып
алгебра курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 2 сағат
№
Тақырыптың
атауы
Сағат саны
5-6-сыныптардағы математика
курсын қайталау
2
І тарау. Натурал көрсеткішіті және бүтін көрсеткішіті дәреже
10
1.
Натурал көрсеткішті дәреже
және оның қасиеттері.
3
2.
Бүтін көрсеткішті дәреже
және оның қасиеттері.
3
3.
k
y = ax2 және y = ax3 түріндегі
функциялар. y = функциясы және оның x
графигі
3
Бақылау жұмысы
1
ІІ тарау. Бірмүше және көпмүше
10
4.
Бірмүше. Бірмүшенің
стандарт түр.
2
5.
Көпмүше және көпмүшелерге
амалдар қолдану.
3
6.
Көпмүшелерді
көбейткіштерге жіктеу.
4
Бақылау жұмысы
1
ІІІ тарау. Қысқаша көбейту формулалары
17
7.
Екі өрнектің
квадраттарының айырымының формулалары
3
8.
Екі өрнектің қосындысының
квадраты және айырымының квадратының формулалары.
3
9.
Екі өрнектің қосындысының
кубы және айырымының кубы формулалары.
3
10.
Екі өрнектің кубтардың
қосындысы және кубтардың айырымының формулалары.
3
11.
Өрнектерді тепе-тең
түрлендіру
4
Бақылау жұмысы
1
ІV тарау. Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдану
18
12.
Рационал бөлшек және оның
негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту.
3
13.
Рационал бөлшектерді қосу
және азайту.
5
14.
Рационал бөлшектерді
көбейту, бөлу және дәрежеге шығару.
4
15.
Бөлшек-рационал өрнектерді
тепе-тең түрлендіру.
5
Бақылау жұмысы
1
V тарау. Жуықтап есептеу
элементтері
3
16.
Жуық сандардың шығу
тарихы. Абсолюттік қателік. Жуық шаманың салыстырмалы қателігі. Жуық сандарға
амалдар қолдану.
3
7-сыныптағы алгебра курсын
қайталау
8
Барлығы
68
7-сынып, Геометрия
7-сынып геометрия курсында оқушыларгеометриялық
фигуралармен, олардың қасиеттерімен (нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш,
жазықтық, үшбұрыш, шеңбер); геометриялық қатынастармен (тиістілік, қиылысу,
параллельдік, перпендикулярлық, теңдік); геометриялық шамалармен (кесіндінің
ұзындығы, бұрыштың өлшемі) танысады.
7-сыныпта геометрияны оқытуда сызбалар кеңінен
пайдаланылады, оқушылар геометриялық фигуралар мен қатынастардың қасиеттерін
оқып біледі, есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, циркуль және сызғыштың
көмегімен негізгі салуларды орындайды, сызбаларды орындау дағдылары
геометриялық түсініктерді қалыптастырумен қатар дамиды.
23-кесте. 7-сынып
геометрия курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 1 сағат
№
Оқу материалының мазмұны
Сағат саны
1.
Геометрияның алғашқы ұғымдары
7
1
Геометрияның негізгі
ұғымдары. Геометриялық фигура ұғымы. Нүкте, түзу, сәуле (жартытүзу), кесінді,
жазықтық және олардың өзара орналасуы.
7-сынып, Информатика
Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық
үдерістер (2 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру,
компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері; сандық, мәтіндік және графиктік
ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (2
сағат): компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің
жіктелуі және функциялары.
Алгоритмдеу және программалау (5 сағат): программалау
– алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі;
айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді
программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.
Ақпараттық модельдеу (1 сағат): модельдерді сипаттау
әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді
зерттеу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (6 сағат):
компьютерлік графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және
өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика,
векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу,
векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін,
мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша
программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен
жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу,
ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.
Жобалық іс-әрекет (1 сағат).
8-сынып, Алгебра
8-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат
түбір», «Квадрат теңдеулер», «Квадраттық функция», «Теңсіздіктер»,
«Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық
статистика» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар
базалық мазмұнға
оқу жылының басында
5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы алгебра курсын және соңында
8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.
8-сыныпта
оқытудың міндеттері рационал сандармен арифметикалық амалдар орындауда есептеу
біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәреженің
қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал бөлшектерге арифметикалық
амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді
орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді шығару біліктілігін пысықтау; бір
айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру; сызықтық функцияның графигін салу біліктігін
жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру;
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; айнымалысы
модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді
шешу біліктігін бекіту; өрнектерді түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу
біліктігін бекіту; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде
қысқаша көбейту формулаларын қолдану біліктігін бекіту; иррационал және нақты
сандар, квадрат түбір ұғымдарын қалыптастыру; y=x функциясымен, квадраттық функциямен,
олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру; интервалдар әдісімен
таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру; құрамында квадрат
түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру; квадрат және
рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат теңсіздіктерді
квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін қалыптастыру; рационал
теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін қалыптастыру.
24-кесте. 8-сынып
алгебра курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 2 сағат
№
Тақырыптың
атауы
Сағат
саны
5-6-сыныптардағы математика
курсын және 7-сыныптағы алгебра курсын қайталау
2
І тарау. Квадрат түбір
15
1.
Нақты сандар туралы ұғым
Квадрат түбір. Квадрат түбірдің жуық мәні.
2
2.
Арифметикалық квадрат
түбірінің қасиеттері.
4
3.
Құрамында квадрат түбірі
бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру.
5
4.
у = x функциясы, оның қасиеттері және
графигі.
2
Бақылау жұмысы
1
ІІ тарау. Квадрат теңдеулер
22
5.
Квадрат теңдеу. Квадрат
теңдеудің түрлері.
2
6.
Квадрат теңдеу
түбірлерінің формулалары.
5
7.
Виет теоремасы.
3
8.
Рационал теңдеу.
4
9.
Квадрат теңдеуге
келтірілетін теңдеулер.
3
10.
Мәтінді есептерді квадрат
теңдеулер арқылы шығару.
Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған
есептерді шешу
1
Бақылау жұмысы
1
6.
Қайталау. Есептер шығару
5
Барлығы
68
8-сынып, Информатика
Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру, санау жүйелері (екілік,
сегіздік, ондық, он алтылық), сандарды бір санау жүйесінен екінші санау
жүйесіне аудару; екілік арифметика; логика және логикалық операциялар, ақиқат
кестелері; компьютердің логикалық негіздері.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (1 сағат): қазіргі
заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі; компьютердің қосымша
құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер.
Алгоритмдеу және программалау (5 сағат): тармақталу
операторлары; күрделі шарттар; циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді
программалау, тура және кері есепшоты бар циклдер; циклдің алғы шарты, циклдің
ілесу шарты.
Ақпараттық модельдеу (1 сағат): компьютерде
модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (4 сағат):
электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық
кестелердің негізгі ұғымдары; деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу,
толтыру маркері, формулаларды енгізу; абсолюттік, салыстырмалы және аралас
сілтемелер; функциялар, стандартты функцияларды пайдалану, диаграммаларды құру,
кестені баспаға дайындау.
Телекоммуникациялар (1 сағат): компьютерлік
байланыстың міндеті, компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары, жергілікті желі,
ауқымды компьютерлік желі, Интернет ресурстарына қол жетімдік, Интернет
қызметтері.
Жобалық іс-әрекет (1 сағат).
9-сынып, Алгебра
9-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны
«Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Сандар тізбегі»,
«Тригонометрия элементтері», «Ықтималдықтар теориясы және математикалық
статистиканың элементтері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады.
Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-8-сыныптардағы алгебра
курсын және соңында 5-9-сыныптардағы математика курсын қайталау кіреді.
9-сыныпта оқытудың міндеттері: нақты сандармен
амалдарды орындау біліктігін жетілдіру; бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін
қолдану біліктігін жетілдіру; көпмүшені көбейткіштерге жіктеу және жіктеу
кезінде қысқаша көбейту формулаларын да қолдану біліктігін жетілдіру; рационал
өрнектерді түрлендіру; тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін жетілдіру; бір айнымалысы
бар сызықтық теңдеулерді, оның ішінде
айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық
теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; бір айнымалысы бар теңсіздіктерді және
олардың жүйелерін шығару біліктігін жетілдіру; айнымалысы модуль таңбасының
ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шығару біліктігін
жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару біліктігін
жетілдіру; квадрат теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; рационал
теңдеулерді шығару
біліктігін
жетілдіру; у=kх+b, у =aх2 +bx+c(а≠0), у =aх3, у =
k (k≠0), у=x
x
түріндегі функциялардың графигін салу
және графиктері бойынша функциялардың қасиеттерін атау біліктігін жетілдіру;
квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы және интервалдар
әдісімен шығару біліктігін жетілдіру; интервалдар әдісімен рационал
теңсіздіктерді шығару біліктігін жетілдіру; мәтінді есептерді шығару біліктігін
жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және
олардың жүйелері ұғымдарын қалыптастыру; тізбек пен арифметикалық және
геометриялық прогрессиялар; шексіз кемімелі геометриялық прогрессия; бұрыш пен
доғаның радиандық өлшемдері ұғымдарын қалыптастыру; кез келген бұрыштың
тригонометриялық функциялары (у = sinх, у
= cosх, у = tgх, у = ctgх) ұғымдарын қалыптастыру; статистикалық, классикалық және геометриялық
ықтималдықтар ұғымдарын қалыптастыру; сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер
жүйелерімен таныстыру; сандар тізбегі және оның берілу тәсілдерімен таныстыру;
арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың п-ші мүшесінің формулаларымен таныстыру; арифметикалық және
геометриялық прогрессиялардың алғашқы п мүшесінің
қосындысының мәнін есептеу формулаларымен таныстыру; шексіз кемімелі
геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін табу формуласымен
таныстыру; математикалық индукция әдісімен таныстыру; негізгі тригонометриялық
тепе-теңдіктермен таныстыру; келтіру формулаларымен таныстыру; екі бұрыштың
қосындысы мен айырымының синусы, косинусы, тангенсы және котангенсының
формулаларымен таныстыру; тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және тригонометриялық
функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формулаларымен
таныстыру; қосбұрыш пен жартыбұрыштардың формулаларымен таныстыру;
ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың элементтерімен
таныстыру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың п-ші мүшесінің формулаларын игеру;
арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы п мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формулаларын игеру; шексіз
кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін табу
формуласын игеру; тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттерін игеру;
негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді игеру; келтіру формулаларын игеру;
синустың, косинустың, тангенстің және котангенстің екі бұрышының қосындысы мен
айырымының формулаларын игеру; тригонометриялық функциялардың қосындысы мен
айырымын көбейтіндіге және тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды
немесе айырымға түрлендіру формулаларын игеру; қосбұрыш пен жартыбұрыштың
формулаларын игеру.
26-кесте. 9-сынып
алгебра курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 2 сағат
№
Тақырыптың
атауы
Сағат саны
7-8сыныптардағы алгебра курсын
қайталау
2
І тарау. Теңдеулер, теңсіздіктер
және олардың жүйелері
12
1.
Екі
айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу
2
2.
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі. Теңдеулер
жүйесі арқылы мәтінді есептерді шығару.
3
3.
Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер
жүйесі.
3
4.
Екі айнымалысы бар теңсіздік. Екі айнымалысы бар
сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі.
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия мүшелерінің
қосындысының формуласы.
2
Бақылау
жұмысы
1
ІІІ тарау.Тригонометрия
элементтері
28
9.
Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері
2
10.
Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары.
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
3
11.
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Өрнектерді
түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
4
12.
Келтіру формулалары
4
13.
Қосу формулалары
3
14.
Тригонометриялық функциялардың қосбұрышы және
жартыбұрышының формулалары.
4
15.
Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын
көбейтіндіге түрлендіру формулалары. Тригонометриялық функциялардың
көбейтіндісін қосындысы немесе айрымға түрлендіру формулалары
3
16.
Құрамында тригонометриялық функциялары бар
өрнектерді түрлендіру
4
Бақылау
жұмысы
1
ІV тарау. Ықтималдықтар теориясының элементтері және математикалық статистика
2
17.
Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары және
математикалық статистика. Ықтималдықтың түрлері. Ықтималдықтарды табудың
тәсілдері
1
18.
Статистикалық мәліметтерді кескіндеу. Статистикалық
мәліметтердің сандық сипаттамалары
1
5-9-сыныптардағы математика курсын қайталау
11
Барлығы
68
9-сынып, Геометрия
9-сынып геометрия курсы оқылатын материалдың теориялық
маңыздылығының, дедукциялық рөлінің және қарастырылатын объектілердің
абстракциялық дәрежесінің артуымен сипатталады.
9-сынып оқушылардың білім қоры
векторлық-координаталық әдіс және түрлендірулер (қозғалыс және ұқсастық) әдісі
сияқты геометриялық фигуралардың қасиеттерін игерудің жаңа әдістерімен
толықтырылады, сонымен қатар стереометрия элементтерімен танысады.
Практикалық мазмұнды мысалдарды қарастыру оқушылардың
геометриялық формалар мен қоршаған әлемдегі қатынастарды айыра білу және оларды
геометрия тілімен суреттей білу біліктігін дамытады.
Геометрияны оқыту үдерісінде
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдегі оқу пәндерімен
пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
27-кесте. 9-сынып
геометрия курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 1 сағат
№
Оқу материалының мазмұны
Сағат саны
1.
8-сынып геометрия курсын қайталау
2
2.
Жазықтықтағы векторлар
9
1
Вектор ұғымы. Коллинеар
векторлар. Вектордың ұзындығы (модулі) және бағыты. Векторлардың теңдігі.
1
2
Векторларды қосу және оның
қасиеттері. Векторларды азайту.
Дөңгелектің және оның
бөліктерінің (сегменттің және сектордың) ауданы.
1
Бақылау жұмысы..
1
7.
Қайталау. Есептер шығару
3
Барлығы
34
9-сынып, Информатика
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (1 сағат):
компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасы.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (1 сағат): қазіргі
заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік
программалар.
Алгоритмдеу және программалау (8 сағат): файл және оны
баптау, құрылымдық мәліметтер; салынған циклдер; массив туралы түсінік, массивтерді
өңдейтін стандартты алгоритмдер; символдық жолдар, символдар бойынша жолдарды
өндеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
Ақпараттық модельдеу (2 сағат): компьютерлік
модельдеу, есептеу эксперименті, программалау тілі арқылы модельдер жасау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (4 сағат):
деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі; жазулар,
жиектер, деректер типі; кестелік процессор құралдарымен деректер қорының
кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару; видео
ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша
программалары, программа интерфейсі; жобаны құру, ашу, сақтау; видео монтажы,
анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару;
фильмді көрсету.
Жобалық іс-әрекет (1 сағат).
4. «Жаратылыстану»
білім саласының оқу бағдарламалары
бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері
Білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын,
жоғары адамгершілік қасиеттерін және тәжірибелік дайындықтарын қалыптастыруда
«Жаратылыстану» білім саласы пәндеріне ерекше орын беріледі. Аталған
міндеттерді шешу тәсілдерінің бірі – білім алушылардың өзіндік жұмысын
белсендендіруді тәжірибеге енгізу, себебі бұл балалардың оқу жұмысындағы ойлау
және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды,
Қазіргі кезде денсаулық мүмкіндігінің шектеулігіне
байланысты үйде оқитын балалар барлық дерлік мектепте бар. Үйде оқудың бір
себебі – баланың түрлі себептермен шағын жарақат алуы, бұндай жағдайда бала
біраз уақыттан кейін оқуын мектепте жалғастырады. Ерекше диагнозы бар, сонымен
қатар мүгедек балалар үйде оқуға мәжбүр, бұл жағдайда олардың сыртқы ортамен байланыс
жасауын қамтамасыз ету ата-аналары және мұғалімдер арқылы жүреді.
Білім алушының психологиялық-дене қызметі дамуының
және мүмкіндіктерінің ерекшеліктеріне байланысты, үйде білім беру процесін
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері:
-
баланың жеке ерекшелігіне бейімделген оқыту
жүйесі (уақыты, екпіні, сипаты);
-
мұғалім мен білім алушының психологиялық
деңгейдегі байланысын құру;
-
білім алушымен өткізілетін сабақтардың
көпнұсқалы болуын ұйымдастыру, яғни сабақтардың білім беру ұйымында, үйде және
құрамдастырылып (мектепте-үйде)
өткізілуі;
-
оқу жоспарының икемділігі, яғни оқу жоспарын
таңдау психологиялық-медициналық-педагогикалық ұсыныстар негізінде атааналармен
бірлесе отырып жүзеге асырылады;
-
білім берудің заманауи құралдарын қолдану
(компьютер).
Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру әр білім алушының
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін зерделеуге дайындығына, сонымен қатар
оның үйрену/оқу деңгейіне тікелей байланысты. Білім алушылар жаңа материалды
меңгеруге және тиімді оқуға әр түрлі дайындалған. Олардың дайындық деңгейінің
тұлғалық ерекшеліктерін келесі көрсеткіштер арқылы қадағалауға болады:
-
оқу біліктері;
-
оның үйренушілік немесе білім алушылық – ақыл
қабілеті (сонымен қатар креативтілігі);
-
танымдық қызығушылығы;
-
үйренушілік немесе білім алушылық қабілеті –
бағдарламалық, сонымен қатар бағдарламадан тыс білім мен біліктерден құралады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу
бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді
қамтиды. Пәндердің мазмұнын анықтау барасында мұғалім үйде оқитын білім
алушының жас және психологиялық ерекшелігін және келесі жағдайларды:
-
негізгі орта білім деңгейіндегі білім алушының
пәнге қызығушылығы көріне бастайды. Пән мұғалімі сабақтарда бұл ерекшелікті
есепке ала отырып, курстың мазмұнын айқын, көрнекі, қызықты ұсыну үшін
табиғаттың, қоршаған ортаның құбылыстарын, саяхатшылар мен ғалымдардың ашқан
жаңалықтары мен зерттеулерінің нәтижелерін;
-
мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, эвристикалық
әңгімелеу әдістерін, оқытудың көрнекілік және практикалық тәсілдерін;
-
жас ерекшелігіне қарай ойын, саяхат технологиясы
элементтерін;
-
проблемалық оқыту
технологиясын, жобалау технологиясын,
интерактивті оқыту технологиясы
әдістерін;
-
оқулықтың мәтіндік және мәтінен тыс
компоненттерін, карталарды, пәнге қатысты түрлі жиынтықтарды қолдануды және
білім алушының денсаулық жағдайына байланысты танымдық қызығушылығын
төмендетпеу үшін тапсырмалар мөлшерін есепке алуы тиіс.
Жеке оқыту технологиясының теориясы педагогикалық
негізге сүйенеді, осыған байланысты білім алушының үйренушілік деңгейі бойынша
ақыл-ой ерекшелігі, оқу материалының белгілі көлемін меңгеру үшін қажетті
уақытқа сәйкестендіріледі. Егер әр білім алушының жеке мүмкіндіктері мен
қабілетіне сәйкес материалды тиімді меңгеруі үшін қажетті уақыт берілетін
болса, бұндай жағдайда мектеп бағдарламасымен қарастырылған базалық білімді
меңгеру мүмкіндігі артады. Жеке оқыту барысындағы мектеп бағдарламасын
меңгеруді бірнеше деңгейге бөлуге болады, мысалы:
-
бірінші деңгей – ең төмен немесе минималды білім
мазмұны;
-
екінші деңгей – базалық мазмұн;
-
үшінші деңгей – вариативті немесе шығармашыл.
Оқыту процесі барысында мазмұн деңгейі өзгеруі мүмкін.
Пән мұғалімдері білім алушы оқудың нақты кезеңінде өзінің интеллектуалдық
қабілеттері мен мүмкіндіктерін барынша қолдана алуын жүзеге асыруына жағдай
жасауы, сонымен бірге қолжетімділік принципін сақтауы тиіс. Аталған
педагогикалық технологияның негізгі принциптері ретінде келесі шарттарды атауға
болады: артықшылық (мысалы, бір тапсырманы орындау қиындық тудырса, басқа
тапсырманы орындау жеңілірек болуы мүмкін, яғни баланың қызығушылығын тудыратын
тапсырма беру); дарындылық (барлық бала дарынды, яғни баланың бойындағы дарынды
анықтау қажет).
Осылайша, «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің
мұғалімдері білім алушының оқу материалының мазмұнын ажырату және есте сақтау,
оны меңгеруге қойылатын талаптар көлемінде суреттеу, талдаудың бастапқы
(қарапайым) дағдысын меңгеру, пайымдау ретін құрастыру білігін анықтайды. Алдын
ала қойылған мақсат қарапайым және қолжетімді болуы тиіс. Қолжетімділік негізгі
принциптердің бірі ретінде, неғұрлым жоғары деңгейге сүйенуі тиіс, ол танымдық
міндеттердің шешімін іздеуде қажетті білім қорын, барлық интеллектуалдық мүмкіндіктер
мен қабілеттерді қолдануды қажет етеді.
Екінші деңгей – білім алушы оқу материалын есте
сақтауы, оның мағынасын түсінуі және оқу жағдаяттарында орынды қолдана білуі
тиіс. Бұл деңгейдегі білім алушы мақсатқа жетуге бағытталғандығымен және
интеллектуалдық іс-әрекетінің жинақылығымен, жинақтау және талдау жасау
дағдысының дамығандығымен ерекшеленеді.
Үшінші деңгей – білім алушы қойылған мақсатты
шығармашылықпен орындайды. Ол оқу материалын түсінуі, оны түсіндіруі, таныс
және өзгертілген оқу жағдаяттарында қолдана алуы, шығармашылық сипаттағы өздік
жұмыстар орындауы тиіс. Бұл деңгейдегі білім алушы аса белсенді, түрлі
міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздейді, сонымен қатар бірінші және екінші
деңгейдегі білім алушыларға қарағанда материалды тереңірек зерттеуге
қабілетті.
Үйде оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар «Жаратылыстану» білім саласы
пәндерінен үйде оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастыру барысында
пән мұғалімдері негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптарына арналған
типтік оқу бағдарламалары негізге алулары тиіс.
География пәнін оқытудыңмақсатыоқушылардың бойында
ғылыми- жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі
байланысы жайлы, саналы бірлестігі бар
ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту.
Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері
туралы білімдерін қалыптастыру,
функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы
дамыту.
Пәнге оқытудың міндеттері:
1)
география ғылымы және Жер туралы серіктес
ғылымдардың негізін меңгеру, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және
экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуы;
2)
табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға
және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен
болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгеру;
3)
қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі
бағыттарымен, экономиканың және қоғамның дамуы барысында туындайтын жеке бір
аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын проблемаларды және сұрақтарды
оқып-білу;
4)
оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды
қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық
ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау,
аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық
тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға,
дамытуға талпынушылықты қалыптастыру;
5)
географиялық, саяси, экономикалық, басқа да
ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын,
ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту;
6)
өз өмірі және әрекеті барысында географиялық
білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгеру;
7)
жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан
Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас
қалыптастыру.
4. Бағдарламада берілген барлық практикалық
іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып
табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар бөліп
көрсетілген.
Төмендегі кестелерде қозғалыс қызметі мен дене
қалпының бұзылуына байланысты білім алушыны үйде оқытуға арналған
жаратылыстану, география, биология, физика және химия пәндерінің үлгілік
күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын ұсынамыз. Мысалы, «География» оқу пәнінен
6-сыныпта 0,5 сағат апталық жүктеме берілген жағдайда (оқу жылында 17 сағат),
пәннің базалық білім мазмұнын қамтуды ұйымдастыру жолы үлгі ретінде төменде
көрсетілген.
28-кесте.Оқу
материалын тақырыптық жоспарлау жобасы
(6-сынып)
№
Тақырыптың
атауы
Сағат саны
Кіріспе(1
сағат)
1
Физикалық география нені
оқытады, Жер туралы географиялық білімнің дамуы. Саяхатшылар, зерттеушілер
1
Жер
бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және карта (5 сағат)
1-тақырып.
Жергілікті жердің планы (2 сағат)
2
Масштаб, қашықтықты өлшеу
1
3
Азимут туралы түсінік,
жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау
1
2-тақырып.
Географиялық карта (3 сағат)
4
Глобус – Жердің моделі.
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
1
5
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы,
географиялық ендік
1
6
Географиялық бойлық,
географиялықкоординаталар ұғымы және координатты анықтау. №2 практикалық
жұмыс«Бағыттарды,
географиялық
координаталарды анықтау»
1
Жердің
қабықтары ( сағат )
1-тақырып.
Литосфера және жер қыртысы(3 сағат)
7
Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар.
Тау жыныстары және
минералдардың жіктелуі
1
8
Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым. Жанартаулар,
ыстық бұлақтар, гейзерлер
1
9
Құрлықтағы таулар және
жазықтар, олардың жіктелуі
1
2-тақырып.
Гидросфера (3 сағат)
10
Гидросфера, су айналымы
жайлы ұғым
1
11
Дүниежүзілік мұхит және
оның бөліктері
1
12
Өзендер. Көлдер, жер асты
сулары, мұздықтар
1
3-тақырып.
Атмосфера (2 сағат)
13
Атмосфера, оның құрылысы,
ауаның құрамы. Ауа температурасы
1
14
Ауа райы, климат. Климат
құрушы факторлар
1
4-тақырып.
Биосфера (1 сағат)
15
Биосфера ұғымы,
биосфераның шекаралары. Топырақ, топырақтың
түрлері
1
Географиялық
қабық (1 сағат)
16
Табиғат кешені, географиялық қабық – Жердің ерекше
кешенді қабығы 1
Курсты
қорытындылау (1 сағат)
17
Туған өлкенің табиғат кешеніне саяхат 1
Мектеп оқушыларының білімді меңгеруі үшін мәтіндік,
картографиялық, статистикалық және басқа да географиялық ақпарат көздерін:
қолдана білу біліктерінің болуы «География» оқу пәнінің ерекшелігінің бірі
болып саналады. Аталған біліктерді меңгеру практикалық жұмыстарды орындау
барысында жүзеге асады.
Бағдарламалық практикалық жұмыстар келесі біліктерді
қалыптастыруға бағытталған: географиялық түрлі нысандарды атау және картадан
көрсету; нысандарды, құбылыстарды, аумақтарды, табиғат компоненттеру арасындағы
өзара байланыстарды және тағы басқаларды сипаттау; бағытты, географиялық
координаттарды анықтау; қашықтықты, азимутты өлшеу; жергілікті жердегі
құбылыстарды, құбылыстарды бақылау; табиғат компоненттері арасындағы
байланысты, географиялық, экологиялық және басқа да түрлі жағдаяттарды
түсіндіру және бағалау; түрлі құбылыстардың және процестердің өзара байланысын,
өзгерісін, даму бағытын болжау.
Бағдарламада қарастырылған практикалық жұмыстар
жүйесін орындау білім алушылардың картографиялық, геоэкологиялық, геожүйелік
тәсілдер мен әдістерді меңгерулеріне ықпал етеді. География пәнінен орындалатын
практикалық жұмыстар мазмұны және оларды орындау үшін қолданылатын географиялық
ақпарат көздерінің, нәтижелерді белгілеу формасының алуан түрлілігімен
ерекшеленеді. Аталған алуан түрлілік ең алдымен зерделенетін материалдың
мазмұнының, қолданылатын географиялық ақпарат көздерінің, білім алушының
дайындық деңгейінің ерекшеліктерімен анықталады. Бағдарламаның «Оқушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімі практикалық жұмыстардың
мазмұнымен және сипатымен тығыз байланысты.
Негізгі орта білім деңгейіндегі «Биология» оқу пәні
«Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология
негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы
биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып,
шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен
экологиялық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік
пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді
оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен
құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге
дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағы өзара байланыстылықты тірі
жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы
процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.
Оқытудың мақсаты:
1)
органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік
әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;
2)
органикалық дүниенің
көптүрлілігін орта жағдайларына
бейімделушіліктің нәтижесі деп түсіну;
3)
эволюциялық теорияның негіздері туралы ұғым
қалыптастыру;
4)
экологиялық ойлауды қалыптастыру, тірі
организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын түсіну;
5)
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және адамның
табиғаттағы рөлін түсіну;
6)
өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдер
патшалықтарының өзіндік ерекшеліктері және жалпы алғанда тіршіліктің аса жоғары
мәні туралы білімнің құндылығын түсіну;
7)
нәтижелі практикалық іс-әрекет жүргізу
мүмкіндігіне қолжеткізу;
8)
тірі организмдердің жасушалық құрылысы, туралы,
сонымен қатар организм және биоценоз тіршілік құрылымының ерекше формалары
ретінде және биологиялық алуантүрлілік Жер табиғатындағы тұрақты дамудың
бейнесі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру;
9)
оқушыларда тірі организмдердің жасушаға дейінгі
құрылысы,тіршіліктің құрылым деңгейлері және биологиялық әртүрлілігі. Жер
табиғатындағы түрақты дамудың бейнесі екендігі туралы, негізге алынатын түсінік
қалыптастыру;
10)
тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның
нәтижесі екендігін оқушылардың түсінуі;
11)
оқушыларда эволюцияның негіздері:өсімдіктер мен
жануарлардың Бөлімдері, Кластары, Тұқымдастары, түрлері туралы пікір
қалыптастыру;
12)
«Өсімдіктердің жіктелуі», «Жануарлардың
жіктелуі» ұғымдарын қалыптастыру;
13)
түрлі таксондық бірліктердің: түр, туыс, тағы
басқа шығу тегін білу;
14)
мәдени өсімдіктердің
және үй
жануарларының кейбір
тұқымдастарының адам өміріндегі рөлін
ашып көрсету;
15)
мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының
кейбір тұқымдастары, түрлері мен іріктемелері, қол тұқымдары бойынша теориялық
материалды оқыту барысында практикалық іс-әрекеттерге оқушылардың қатысуы.
Оқытудың міндеттері:
1)
оқушыларда органикалық дүниені оқып білуге
танымдық қызығушылықты дамыту;
2)
тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі
табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі
дамыту;
3)
оқушыларда география,химия, физика,математика
және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын
түсініктер мен тіректік білімдерді
қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;
4)
оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі
туралы көзқарас қалыптстыру,
5)
оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын
оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;
6)
тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында
алған білімдерін одан әрі дамыту;
7)
оқушыларда география, химия, физика,математика
және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын
түсініктер мен тіректік білімдерді
қалыптастыру;
8)
оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас
табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру.
Биология пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі:
1) 6-сыныпта – аптасына 1 сағат
барлығы 34 сағат.
Төмендегі кестеде 6-сыныпқа арналған
«Биология» оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары берілген
(2-кесте)
29-кесте. 6-сыныпқа арналған «Биология» оқу пәнінің үлгілік
күнтізбеліктақырыптық жоспары
№
Тақырыптың
атауы
Сағат саны
Кіріспе.
І тарау. Өсімдіктермен жалпы танысу
2
1
Мәдени
және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің мүшелері.
Тұқымды және споралы өсімдікте
2
2
Өсімдіктердің тіршілік
жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдіктердің
тіршілік орталары
ІІ бөлім.
Өсімдік жасушасының құрылысы
3
3
Жасуша - өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі.
Жасушалардың тіршілік әрекеттері
3
4
Жасуша
құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және
бейорганикалық заттар: су, тұз ерітінділері. Қоректік заттардың қорға
жинақталуы
5
Ұлпалар туралы түсінік.
Өсімдік ұлпаларының түрлері
ІІІ
бөлім. Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар
7
I тарау.
Тұқым
6
Тұқымның
сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері. №1 зертханалық жұмыс.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс
дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу
1
II тарау.
Тамыр
7
Өсімдіктің
вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы. Тамыр
аймақтары: бөліну, созылу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы.
Тамырдың өсуі. №2 зертханалық жұмыс.
Тамырдың түрөзгерістері
1
Ш тарау.
Өркен
8
Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік –
өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік
бүршіктер.
3
9
Жапырақөркеннің бүйірлік
жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. №3 зертханалық жұмыс.
Жапырақтың сыртқы құрылысы.
Жапырақтағы лептесіктерді
табу
10
Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды
өткізу мүшесі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар
IV тарау.
Гүл, жеміс
11
Гүл, оның
құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері:
аналығы және аталығы. Гүлшоғырлары. Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы
2
12
Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және
таралуы. Жемістің түрлері
ІV бөлім.
Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері
4
13
Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Фотосинтез,
күннің жарығы мен хлорофиллдің осы процестегі рөлі
4
14
Өсімдіктердің тыныс алуы. Олардың оттекті сіңіріп,
көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаруы. Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі
15
Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша
өсімдіктердің экологиялық топтары
16
Өсімдіктердің
жынысты және жыныссыз көбейуі. Вегетативтік көбею, оның түрлері және
табиғаттағы биологиялық рөлі, өсімдік шаруашылығында пайдалану.
Өсімдікттердің өсуі және дамуы. №4 зертханалық жұмыс. Бөлме өсімдіктерін
қалемшелеу
V бөлім.
Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері
10
17
Өсімдіктер систематикасы
туралы түсінік. Оның дүние тармақтарына бөлінуі: Дүние тармағы, Бөлімдер,
Класстар, Тұқымдастар, Туыстар,
Түрлер. Түр — өсімдіктер
систематикасының негізгі бірлігі
1
V тарау.
Балдырлар бөлімі
18
Балдырлардың
бөлімдері. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы. Тұщы
су және теңіз балдырларының көптүрлілігі
1
VI тарау.
Мүктәрізділер бөлімі
19
Мүктердің әртүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
ретінде жасыл мүктердің жалпы сипаттамасы. Шымтезек мүгі
1
VII
тарау. Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі
20
Қырықжапырақтардың,
қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде
жалпы сипаттамасы.
Қырықбуындардың құрылысы,
көбейуі және дамуы
2
21
Плаундардың құрылысы,
көбейуі және дамуы
VIII
тарау. Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі
22
Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың
жалпы сипаттамасы және
көптүрлілігі
2
23
Кәдімгі қарағайдың мысалында
қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі. №5 зертханалық жұмыс.
Қылқанжапырақты
өсімдіктердің бүрлері мен
тұқымдарының құрылысын зерттеп білу
IХ тарау.
Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі
24
Олардың жалпы сипаттамасы.
Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. Қосжарнақты өсімдіктердің
тұқымдастары
Бұршақ тұқымдастар. Күрделігүлділер тұқымдасы. Лалагүл
тұқымдастар. Жуа тұқымдастар. Астық тұқымдастар
VI бөлім.
Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи дамуы
2
27
Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі
ретінде эволюция туралы түсінік
2
28
Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі. №1
практикалық жұмыс. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемгі жұмыстары
VІI
бөлім. Вирустар дүниесі
1
29
Тіршіліктің
қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылысындағы ерекшеліктер.
Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы
1
VІІI
бөлім. Бактериялар дүниесі
1
30
Бактериялар
тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Пішіндері, қоректенуі, тыныс алуы
бойынша бактериялардың әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Бактериялардың
табиғаттағы және адам өміріндегі (экологиялық, ауру тудырғыш,
биотехнологиялық) маңызы
1
ІХ бөлім. Саңырауқұлақтар дүниесі. Қыналар – ерекше, симбиоздық
организмдер
2
31
Саңырауқұлақтардың жалпы
сипаттамасы. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Зең
саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқы
саңырауқұлағы
2
32
Қыналар, олардың құрылысы, қоректенуі және көбейу
ерекшеліктері. Қыналардың көптүрлілігі
Х Бөлім.
Табиғи бірлестіктер
2
33
Биологиялық
жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері (биоценоз – фитоценоз) туралы түсінік. Биожүйе
ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктерінің сипаттамасы
2
34
Өсімдіктердің табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге
бейімділіктері. Биогеоценоз туралы түсінік. Экожүйелер туралы түсінік
Денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру
ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін:
1.
Биологиядан қарастырылатын әрбір бөлім, тақырып
білім алушының тірі табиғаттың заңдылықтары туралы логикалық ойлауын дамытуға
ықпал етуі қажет.
2.
Білім аушының оқудағы өздігінен ізденуін
қалыптастыруда биологиялық ақпараттар көздерімен жұмыс істеу мен талдай білуге
баулудың маңызы зор.
3.
Білім аушының тәжірибелік дағдылары мен білім
деңгейін арттыру үшін бағдарламаға типтік оқу бағдарламасында
қарастырылған, аралас сабақ кезеңдері
болып табылатын, кейбір зертханалық және тәжірибелік жұмыстар енгізілген.
4.
Үйде оқыту жағдайында қажетті құрал-жабдықтары
пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, зертханалық жұмыстарды көрсетілімдермен
немесе электрондық нұсқамен алмастыруға болады.
«Химия» оқу пәнін оқытудың мақсатықоршаған әлем
туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін
қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды
сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге
және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып
табылады. Оқыту міндеттері:
1)
әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі
туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген,
түсіндірмелі, болжау) қолдану;
2)
заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен
қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
3)
химиялық терминологияны, химиялық элементтердің
таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін
қалыптастыру;
4)
заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
5)
заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда
және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс
жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық
тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
6)
өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде
алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
7)
мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын
қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық
біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;.
«Химия» оқу пәнінен:
8-сыныпта - 0,5 сағат апталық жүктеме берілген жағдайда (оқу
жылында
17 сағат);
9-сыныпта - 0,5 сағат апталық жүктеме берілген
жағдайда (оқу жылында 17 сағат). Пәннің базалық білім мазмұнын қамтуды
ұйымдастыру жолы үлгі ретінде 3-кестеде көрсетілген.
30-кесте.8-сыныпқа
арналған «Химия» оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
Бөлімдер,
оқуға ұсынылатын тақырыптар/базалық білім мазмұны
Сағат саны
Кіріспе
Алғашқы химиялық ұғымдар
1
Химия – заттар
туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химия ғылымының пайда болуы,
дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер
4
2
Атомдар және молекулалар, атом-молекулалық ілім және оның
маңызы. Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары
3
Металдар және бейметалдар туралы түсінік (химиялық
элементер және жай заттар)
4
Химиялық
реакциялар, олардың жүру белгілері және жағдайлары. Химиялық реакциялардың
теңдеулері, зат массасының сақталу заңы, химиялық реакциялардың
типтері:қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу
Атомның құрылысы. Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық
заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс
5
Атомның құрамы және құрылысы,
химиялық элементтердің жіктелуі, Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, атомдық
құрылыс теориясы тұрғысынан
Д.И.Менделеев жасаған
химиялық элементтердің периодтық жүйесі
3
6
Химиялық элементтердің
электртерістілігі, атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының
бірлігі
7
Коваленттік
байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар, иондық байланыс,металдық
байланыс. Заттың аморфты және кристалдық күйлері, кристалл торларының түрлері
Ауа.
Оттегі. Жану
8
Химиялық
элемент және жай зат, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы; жану және
баяу тотығу, оксидтер Атмосфералық ауа – газдар қоспасы, заттардың ауада
жануы
2
9
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, реакциялардың
жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер
Сутегі
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары»
10
Сутек – химиялық элемент және жай зат, сутектің қасиеттері,
қолданылуы және алынуы
2
11
Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, формулалары
бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау
Су.
Ерітінділер
12
Судың
құрамы, қасиеттері және қолданылуы, табиғаттағы су, су – табиғи әмбебап
еріткіш. Ерітінділер концентрацияларының түрлері, еріген заттың массалық
үлесі және мольдік концентрация, қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың
суда ерігіштігі, кристаллогидраттар
2
14
Судың тірі организмдер үшін маңызы, су және ерітінділердің
табиғаттағы, өндірістің түрлі салаларындағы маңызы
Бейорганикалық
заттардың негізгі кластары
15
Жай және
күрделі бейорганикалық заттардың жіктелуі, металдар және бейметалдар,
сілтілік металдар және галогендер, химиялық элементтер және жай затта
3
16
Натрий
және оның маңызды қосылыстары, қасиеттері, алынуы және қолданылуы. Хлор және
оның маңызды қосылыстары, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
17
Сілтілік металдар, галогендер және олардың қосылыстарының
биологиялық рөлдері. Оксидтер. Қышқылдар Негіздер. Тұздар
Денсаулығына байланысты жалпы білім беру мекемелеріне
бара алмайтын балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыруға арналғанорта білім беру
деңгейінің «Физика» пәнінің оқу бағдарламасы 7-9-сыныптарда оқытылады.
«Физика» курсын 7-9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың
ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан
ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi
заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және
білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді
шешу қамтамасыз етедi:
1)
қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің
негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық
қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы
білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау
және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;
2)
физикалық экспериментті орындау дағдысын,
зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін
игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын,
зияткерлік және
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3)
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен
қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану,
қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, базалық білім негізінде
экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына
тәрбиелеу.
Физика» оқу пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі:
1) 7
сыныпта – аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты;
2) 8
сыныпта – аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты;
3) 9
сыныпта – аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты құрайды.
7-9 сыныптарға арналған «Физика» оқулығының базалық
оқу материалының мазмұны толық сақталды, яғни физиканың барлық бөлімдерін
қамтиды, оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға
бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді.
Осыған байланысты оқытылатын тақырыптардың уақыты азайды.
Төмендегі кестелерде «Физика» оқу пәнінің үлгілік
күнтізбелік тақырыптық жоспарлары берілген.
31-кесте. «Физика»
оқу пәнінің 7-сыныпқа арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары
№
Бөлімдердің, тақырыптардың атаулары
Сағат саны
Физика – табиғат
туралы ғылым
1
1
Табиғат және адам. Физикалық терминдар мен ұғымдар.
Физикалық эксперимент. Физикалық шама
Заттың
құрылысы
2
2
Атомдар және молекулалар. Заттың молекулалық
құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия құбылысы
3
Дене температурасының оның молекулаларының
жылдамдығына тәуелділігі. Масса және заттың тығыздығы
Қозғалыс
3
1
Механикалық
қозғалыс. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
2
Планеталардың қозғалысы. Коперниктің гелиоцентрлік
жүйесі
3
Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.
Жылдамдық. Бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық. Бiрқалыпты
түзу сызықты қозғалыстың графигi
Денелердің
өзара әрекеттесуі
3
1
Инерция. Күш – денелердiң
өзара әрекеттесуiн сипаттайтын шама.
әлемдiк тартылыс заңы. Ауырлық
күші. Дененің салмағы.
Салмақсыздық
Бүкiл
2
Деформация. Гук заңы. Динамометр.
3
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Тербелiстердiң
серпімді ортада таралуы.
Толқындық қозғалыс. Көлденең және қума толқындар. Толқынның ұзындығы.
Толқынның таралу жылдамдығы. Механикалық толқынның қасиеті.
Ауыр ядролардың бөлінуі.
Тізбекті реакция. Ядролық реактордың жұмыс принципі. Атом электр станциялары.
Термоядролық
реакциялар
1
Балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру барысында
ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың,
фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің
материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексика
қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым
жүргізіп отыру қажет. Білім алушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын
қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Балалардың
білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына
көңіл аудару қажет.
Денсаулығына байланысты жалпы білім беретін ұйымдарға
бара алмайтын үйде оқитын оқушылар үшін білім беру ұйымдары түрлі интерактивті
форматты қолданады. Білім алушылар «Алақандағы АЭС» қосымшасының көмегімен атом
энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның
ядерлік қоғамы» қоғамдастығының ісшараларымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи
тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru;
aqua-rmnt.com/otoplenie/alt;
http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша
алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық
географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану
ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен
қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы
алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо; http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері бойынша балаларды
үйде жеке оқытуды ұйымдастыру барысында тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау
арқылы дәлелдеуге үйретуді қарастырады. Сондықтан білім алушылардың аталған
дағдыларының қалыптастырылуына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім алушыларды:
–
пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және
жинақтауға;
–
олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және
сәйкес сұрақтар қоюға;
–
тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда
негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;
–
жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің
көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді
алдын-ала қарастыру барысында білім алушылардың өздерінің оқу процесін
жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және
тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:
–
ақпаратпен танысыңыз.
Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар
немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың
немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін;
–
дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді
құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді
немесе болжамдарды анықтаңыз;
–
апараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу
және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз;
–
жеке компоненттер
арасындағы ұқсастықтарды және
айырмашылықтарды салыстырыңыз
және зерттеңіз;
–
түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе
идеяларды біріктіру арқылы білімді
жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз;
–
дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін,
сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе
қарсы келетінін бағалаңыз;
–
сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде
алынған білімді қолданыңыз;
–
тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында
пайдалануға ұсынылатын ресурстар:
1) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
http://www.kazatomprom.kz/
2)Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:
http://energo.gov.kz/
3) «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы
http://gharysh.kz/news/
4) «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық
эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп
ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru 5) Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар
және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік
каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогы да қолжетімді, яғни
кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.
6)EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) –
өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен
берілген көптеген энциклопедияларға қарағанда EOLSS білімінің ауқымы
тақырыптармен ұйымдастырылған. Пәндердің ішінде: математика, физика,
энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология,
азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары
туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.
7)Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.
8) Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең
ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды
кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады.
Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында
оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары
саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге
арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады,
бұл жерде мұғалім өз «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдер құрастырған
«Жоспарды» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен
қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті
ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).
9) «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері».
Интерактивті анықтамалықтарда дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын
статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.
10) Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым
белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар
берілген: http://www.rubricon.com.
11)Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ
қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес
келесі веб-ресурстар ұсынылады: