Жәбірленуші деп тану туралы қаулы



бет1/5
Дата13.06.2023
өлшемі32,22 Kb.
#101055
  1   2   3   4   5

ЖӘБІРЛЕНУШІ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ
Ақтау қ. 2022ж. 26қыркүйек

Ақтау қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Орынбасар Б..,аз Оразалы Аман Лепесұлынан сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне 2022ж. 26қыркүйек №224710032000710 тіркелген арызын қарап,




АНЫҚТАДЫМ:
2022ж. 13 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында ТОО «Ақжол» компания директоры өзінің бухгалтер қызметіндегі азамат Н.Д.Маратов пен оның орынбасары Ж.М.Темірханованың үстінен шағым түсірді. Ол өз шағымында ТОО «Ақжол» компаниясы бухгалтері және орынбасары өздеріне сеніп тапсырылған, тендрден түскен 5000000 млн тг-нің 1000000 млн тг-сін жымқырды деп айыптады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және ҚР КПК-нің 71-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Азамат Оразалы Аман Лепесұлын осы іс бойынша жәбірленуші болып танылсын;


2. Осы қаулының көшірмесі Ақтау қаласының прокуроры аға көмекшісіне жіберілсін;
3.Қабылданған шешім мүдделі тұлғаларға жіберілсін.

Тергеуші полиция


аға лейтенаты Ықылас Нұрсұлтан

Осы қаулы маған 2022 ж. 7 қазанда 16с 15мин жарияланды және сонымен бірге ҚР КПК-нің 71-бабының 6-бөлімінде бекітілген жәбірленушінің құқықтары түсіндірілді.


Жәбірленуші құқылы:
1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге;
2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
3) дәлелдемелерді ұсынуға;
4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
6) өкілінің болуына;
7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға;
8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;
8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға;
12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
13) өзін жәбірленуші деп тану немесе одан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;
14) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;
17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы;
18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге;
19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;
20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға;
21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге;
23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға құқығы бар.

Жәбірленуші Оразалы А.Л.


Қаулыны жариялап, құқықтарын түсіндірдім.


Тергеуші полиция
Аға лейтенанты Ықылас Нұрсұлтан

Қаулының көшірмесін 2022 ж. 7 қазанда алдым.


Жәбірленуші Оразалы А.Л.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет